kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?сімдік ?лпалары. ?ткізуші ж?не б?ліп шы?арушы ?лпалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?сімдік ?лпалары

Ма?саты: ?сімдіктерге т?н алты ?лпаны? т?рлерімен таныстыра отырып, ?р ?лпаны? ат?аратын ?ызметі мен бір-бірінен айырмашылы?ын т?сіндіру

Міндеттері: ?сімдіктерге т?н барлы? ?лпалар жайлы толы? ма?л?мат беру, жалпы ?орша?ан орта?а деген жанашырлы? сезімін ояту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?сімдік ?лпалары. ?ткізуші ж?не б?ліп шы?арушы ?лпалар»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: §5. Өсімдік ұлпалары  

Сабақтың мақсаты: өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдіктерге тән барлық ұлпалар жайлы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, дайын микропрепараттар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:


1 Блиц сұрақтар:

  1. Жасуша қабықшасының ерекшелігі және атқаратын қызметі

  2. Саңылау дегенді қалай түсінесің?

  3. Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді?

  4. Ядроның цитоплазмаға қарағанда айырмашылығы және жасушаға не үшін қажет?

  5. Өсімдіктердің түрлі түске боялуы жасушаның қандай бөлігіне байланысты?


2. Сәйкестендіру

Жасушаның құрылысы

Атқаратын қызметі

  1. Цитоплазма

А.Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды

  1. Вакуоль

Ә.Көбеюге қатысады

  1. Пластид

Б.Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді

  1. Ядро

В.Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады

  1. Қабықша

Г.Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды

3 Тест жұмысы

1.Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы

А)цитоплазма

В)ядро

С)пластидтер

Д)ұлпа

Е)вакуоль

2.Тірі ағзаның ең кіші құрылымдық бөлшегі

А)жасуша

В)мүше

С)қаңқа

Д)мүшелер жүйесі

Е)ұлпа

3.Пияз қабығының өңіндегі пластидтер

А)лейкопласт

В)кератин

С)хлоропласт

Д)хлорофилл

Е)хромопласт

4.Өсімдіктерге жасыл түс береді

А)вакуоль

В)цитоплазма

С)хромопласт

Д)хлоропласт

Е)лейкопласт

5.Вакуольдің атқаратын қызметі

А)жасуша ішіндегі сұйықтық қысымын реттейді

В)қорғаныш қызметін атқарады

С)тынысалу қызметін атқарады

Д)өсімдікке жасыл түс береді

Е)көбею қызметін атқарады

6.Алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған

А)Луи Пастер

В)К.А.Тимирязев

С)Б.М.Мусин

Д)Роберт Гук

Е)С.Г.Навашин

7.Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды

А)жасуша қабықшасы

В)вакуоль

С)ядро

Д)пластидтер

Е)цитоплазма

8.Көру түтігінің жоғары жағында орналасқан 2 линзасы бар микроскоп бөлігі

А)окуляр

В)айна

С)заттық үстелше

Д)тұтқа

Е)объектив

9.Өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер

А)хлоропластар

В)хромопластар

С)лейкопластар

Д)вакуоль

Е)ядро

10.Өсімдік жасушаларында ғана болатын органикалық заттарды түзуге қатысатын органоид

А)ядро

В)митохондрия

С)хромосома

Д)цитоплазма

Е)пластидтер

Жауабы: 1Д, 2А, 3А, 4Д, 5А, 6Д, 7А, 8А, 9С, 10Е


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа дейді. Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы. Түзуші ұлпа жасуша қабықшасы жұқа, бір-бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. Ол сабақтың, тамырдың ең ұшында болады. Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді. Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Өң өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануынан қорғайды. Тоз - көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Бұл - су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз қабат. Қыртыс – ең соңынан түзілетін қабат. Өсімдік сабақтары жуандаған сайын тозда жаңа қабаттар пайда болып, қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болады. Негізгі ұлпа өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі, тірі жасушалардан тұрады. Сабақта, пиязшықта, жапырақта, жемтамырда, тамырсабақта болатын қоректік ұлпалар қор жинауға қатысады. Зат алмасу нәтижесінде түзілген нәруыз, көмірсулар, майлар және т.б. артығы қорға жиналады. Фотосинтездеуші ұлпа хлоропластары бар тірі жасушалар тобынан тұрады.

Негізгі ұлпа сіңіру фотосинтездеуші қорға жинаушы газ алмасу қызметін атқарады.



Тірек ұлпасы – өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде орналасатын ұлпалар. Өсімдікте тірек қызметін атқарады.


ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру:

1 Биологиялық диктант:

  1. Көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат (тоз)

  2. Жасуша қабықшасы жұқа, бір-бірімен тығыз орналасатын ұсақ тірі жасушалардан тұрады (түзуші ұлпа)

  3. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы (ұлпа)

  4. Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы)

  5. Өсімдіктердің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде орналасатын ұлпалар (тірек ұлпасы)

2 Сұрақтың тұсына қай ұлпаға жататынын ұлпаның бас әрпін қою арқылы жауап қайтарыңдар:

«Т» - түзуші, «Ж»- жабын, «Қ»-қоректік, «Ф»-фотосинтездеуші, «ТК»-тірек

  1. Жасушалар арасындағы ауа кеңістіктері (Қ)

  2. Өрік, шие, шабдалы, жаңғақ сүйектері (ТК)

  3. Сабақ пен тамыр ұшында орналасады (Т)

  4. Жарақаттанған жердің қалпына келуі (Т)

  5. Хлоропластағы бар тірі жасушалар тобы (Ф)

  6. Судың артық булануынан сақтайды (Ж)

  7. Тін талшықтары (ТК)

  8. Бүршіктің жарылуы (Т)

  9. Жапырақ тақталарының керіліп, дауыл соқса да төтеп беруі (ТК)

  10. Көмірсулар, нәруыздардың қорға жиналуы (Қ)


3 Сөзжұмбақ шешу


Ж

А

Б

Ы

Н



В

А

К

У

О

Л

Ь

Қ

Ы

Р

Т

Ы

С



Г

У

К


Қ

А

Б

Ы

Қ

Ш

А



Ұ

Л

П

А



  1. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларын сақтайды

  2. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуыс

  3. Өсімдік сабақтары жуандаған сайын тозда жаңа қабаттар пайда болып, түзілетін қабат

  4. 1665 жылы алғаш рет жасушаны ашқан ағылшын ғалымы

  5. Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды

  6. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы


Ү.Бағалау


ҮІ.Үйге тапсырма: §5 , 6-7 суретті салу


ҮІІ. Қорытындылау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?сімдік ?лпалары. ?ткізуші ж?не б?ліп шы?арушы ?лпалар

Автор: Хасанова Динара Есенбулатовна

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 296951


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства