Биология пәні. Сабақ тақырыбы: «Өсімдіктің ауа арқылы қоректенуі. Фотосинтез » | «Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ |
Күні 7.12.15 | Бекбатыр Самал Қарпыққызы |
Сынып 6 «А» | Қатысқандар саны- Қатыспағандар саны- |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары. | «Өсімдіктің ауа арқылы қоректенуі. Фотосинтез » ұғымымен таныса отырып, тәжірибе қою арқылы өздері қорытынды жасайды. |
Сабақ мақсаттары. | Барлық оқушылар: |
Фотосинтез анықтамасын білу Фотосинтездің жапырақта жүретіндігін біледі. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
Жапырақта жүретін фотосинтез процесі нәтижесінде түзілетін органикалық заттың глюкоза екендігін біліп, тәжірибеге қорытынды жасауға дағдыланады. |
Кейбір оқушылар: |
Тәжірибе жасау арқылы сабақтың негізгі ұғымын айтады. |
Тілдік мақсат. | Оқушылар: ( не істей алады?) |
Өсімдік жапырағының жасыл түсті болуының маңызын ұға отырып айта алады.Жапырақтың ішкі құрылысын суреттен көрсетіп, ерекшелігн айта алады.Фотосинтез нәтижесінде түзілетін заттарды\оттегі, қант\ненің қатысы негізінде жүретіндігін түсініп, айта алады.Тәжірибе қойып үйренеді. |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Фотосинтез: көмірқышқыл газы+ cу/күн сәулесі, жасыл өсімдіктің хлорофилі/= қант+оттегі. |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Талқылауға арналған тармақтар |
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Жапыраққа күн сәулесі түскенде ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді.Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып, алдымен қант түзіледі. Бөлінген оттегі жапырақтың өң қабатындағы жанаспалы жасушалар арқылы ауаға таралады. Фотосинтез дегеніміз-жасыл өсімдіктердің бейорганикалық заттардан /көмірқышқыл газы мен су/күн сәулесі энергиясын пайдаланып, органикалық заттар –көмірсулар /қант, фруктоза/ және ауа түзетін процесс |
Сіз неліктен.....екенін айта аласыз ба? |
Фотосинтездің қай мезгілде жүретіндігін Фотосинтез неліктен жасыл өсімдіктерде жүретіндігін Өсімдіктердің қай бөлімінде жүретінін |
Жазылым бойынша ұсыныстар. |
Оқушылар мұғалімнің тапсырмаларын орындай отырып, қорытынды жасайды.Фотосинтезге қатысатын негізгі ұғымдарды дәптерлеріне жаза отырып, түсінеді. |
Алдыңғы оқу. | Фотосинтез, хлорофил, глюкоза ұғымдарын қарастырады. Бұл тақырып алдағы сыныптарда тереңірек оқытылатындығы оқушыларға айтылады. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар. |
Басталуы | Ұйымдастыру кезеңі.Сынып оқушыларымен сәлемдесу. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Сынып оқушыларын тақтаның алдына шеңбер қылып тұрғызып,кезектесіп қасындағы досының атына сәйкес бастапқы әрпіне байланысты жағымды сөз айтқызу./Айзада-ақылды, Елжан-елгезек/ «Топтастыру» әдісі Оқушылар өз қалаулары бойынша алған пазлдар арқылы топқа бөлінеді.Өсімдіктің мүшелері «Тамыр», «Сабақ», «Жапырақ» топтарына бөлінеді. Топ басшысын тағайындап, топ мүшелерінің рөлдерін бөліп алады.Сабақтың жетістік критерийін бағалау парақтарына жазып, топ басшысына беріледі Сабақ бастамас бұрын топтарға өткен сабақпен байланыс орнату мақсатындағы сұрақтар аталған топтың атына сәйкес беріледі. Аталған мүшелердің қызыметі қандай? Өсімдік мүшелерінің /тамыр, сабақ, жапырақ/бір бірімен байланысын сипатта . Түрткі сұрақтар бере отырып өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру. Жапырақтың ішкі құрылысы көрсетілген суретті оқушылардың ортасына беріп, ой қозғау жүргізіледі./проблема тудырылады. / Оқушылар ойларын айтып, пікірлерін білдіреді. Оқы.Салыстыр әдісі арқылы кітаптағы суретпен мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Тәжірибе жасау үшін алдындағы сабақта қараңғыға, содан кейін жарыққа алдын ала қойылған гүлді қолданылады. | Пазлдар Бағалау парағы Слайд Компьютер Экран Суреттер Оқулық Слайд Қазтамақ гүлі. Су ваннасы,спирт сапты ине, иод, жайпақ ыдыс Традесканция бөлме гүлі Банк, шырпы |
Ортасы | Постер қорғау Үй тапсырмасын әр топ өсімдіктің топырақтан қоректенуіне минералды заттар «азот», «фосфор», «калий» элементтерінің әсері туралы айтып, қорғайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сынып оқушылары бір біріне сұрақтар қояды. | А4 бет, фломастарлер, смайликтер, . |
Аяқталуы | .Әр оқушының сабақтан алған әсерін кері байланыс арқылы білдіруі. Топ башыларының бағалауын ескере отырып мұғалімнің бағалауы жүргізіледі. | Стикерлер |
Қосымша ақпарат Фотосинтез кезінде оттегі бөлініеді.Ж.Шілдебаев «Қызықты экология» кітабынан «Биологиялық сағат» |
Саралау (сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?) | Бағалау (оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?) | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
Домино әдісі арқылы Қосымша тапсырмалар мен сұрақтар қою | Топ басшысының Оқушыларды топ басшысының бағалау парағын жүргізуі Мұғалімнің талдап бағалауы жүргізіледі бағалауы (смайликтердің санына қарай) | Химия пәнімен, экология. Электронды оқулық |
Рефлексия (Сабақ /оқу мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?) | Сабақта алға қойған мақсат Өсімдіктің ауа арқылы қоректенуі. Фотосинтез » ұғымымен таныса отырып, тәжірибе жасау арқылы өздері қорытынды жасауға дағдыланады, Фотосинтез анықтамасын білу,фотосинтездің жапырақта жүретіндігін біледі.Жапырақтың ішкі құрылысын суреттен қарай отырып, өткенге шолу жасаттым. Топқа бөлу кезінде де өткен сабақпен байланыстыра отырып, ой қозғау жұмыстарын жоспарлап жүргіздім. Сабақтың бөлімі; үй тапсырмасы кезінде оқушылар «Фосфор,Азот, Калий» туралы үш топ өз жұмыстарын постер қорғау арқылы сәтті орындап, дайындықтарын көрсетті. «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып үй тапсырмасын сұрауды жалғастырдым. Бұл әдіс сәтті болды. Сабаққа дейін алдын ала қойылған заттарды пайдаланып тәжірибе жасау оқушыларды қызықтырды.Кітаппен,дәптермен жұмыс жүргіздім. Топтағы оқушыларға «Домино» әдісін пайдаландым, нәтижесінде қабілетті оқушыларды шыңдадым. Сабақ жоспарға сай, ешқандай өзгеріс енгізбей,уақытты тиімді пайдаланып өткіздім. |
Қорытынды бағамдау. |
Қандай екі нәрсе табысты болды? 1 Топқа бөлу 2 Оқушылардың постер қорғауы Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта білді? 1 Тәжірибе көрсету, 2 Өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыру Cабақ барысында мен сынып немесе жеке оқушылардың жұмысын жандандыруда келесі сабақта көмектесетін не білдім? Топтағы оқушыларға тапсырма бере отырып, жекелеме жұмыс жасайтын оқушыларды анықтадым. Келесі сабақта жаңа тақырып өтемін. Ол сабақта да түрлі әдістер қолданамын, себебі оқушылардың кері байланысында жазылған ұсыныс тілектерін ескеремін. |