Биология | Сабақ № 28 Күні: | Сынып – 6 «Б» |
Сабақтың тақырыбы: | Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі,оның биологиялық маңызы. |
Сабақтың мақсаты: | Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызын ұғындыру, өсімдіктердің ұрықтануы мен зиготаның түзілуін түсіндіру. Вегетативтік көбеюдің түрлерін және табиғаттағы биологиялық рөлін,өсімдік шаруашылығында пайдалануы жайында түсінік қалыптастыру. |
Сабақ. Әдіс-тәсілдері: | СТО стратегиялары ,топтық жұмыс, қорғау |
Күтілетін нәтиже: | Өсімдіктердің көбею жолдарымен танысады, өсімдіктерді вегетативті мүшелері арқылы көбейтуді үйренеді. |
Сабақ жоспары: Үйге тапсырма: | ІІ. Мақсат қою III.Сабақ барысы. СТО-дың 3 кезеңі. 1. Қызығушылығын ояту 2. Мағынаны тану 3. Ой толғаныс IV.Үйге тапсырма беру. §21,§25оқу,деңгейлік сұрақтарға жауап беру |
Сабақтың барысы |
Сабақтың көрнекілігі: Интерактиві тақта,слайдтар,гүл макеті,кеппешөптер |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының әрекеті |
1. Қызығушылығын ояту: А) Психологиялық ахуал туғызу Топқа бөлу. -
Ә)Үй тапсырмасын тексеру: «Су-тіршілік көзі» хабарлама Суға байланысты ырым- тыйымдар -
«Жалғастыр» - Сулы жер құрақсыз болмас, Таулы жер (бұлақсыз) болмас - Сумен ойнама – батарсың Отпен ойнама – (жанарсың) - Су бар жерде ырыс бар:ұстап балығын жейсің,ақ бидай егіп (нанын) жейсің «Артығын тап» Жапырақ тобына: қамыс,қоға,тұңғиық,жусан,күріш Тамыр тобына: сексеуіл,күріш,қылша,теріскен,жусан Сабақ тобына:қайың,алма,алоэ,алмұрт,өрік «Ребус шешу» Жауабы: Көбею | Жапырақ түрлерін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді: «Жапырақ», «Сабақ», «Тамыр» Оқушылар дайындап келген хабарламаларын,ырым –тыйым сөздерін оқиды Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу |
| Бейнекөрініске қарап сергіту сәтін орындайды |
2. Мағынаны тану: Өсімдіктердің көбею жолдары (презентация) «ЖИГСО»стратегиясы «Зерделеу» стратегиясы «Сәйкестендіру кестесі» |
Сабақ жоспары: Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі Өсімдіктердің ұрықтануы мен зиготаның түзілуін Вегетативтік көбеюдің түрлері және табиғаттағы биологиялық рөлі өсімдік шаруашылығында пайдалануы
Мәтінмен жұмыс: Әр топқа тапсырмалар беріледі.Вегетативті көбейту жолдарымен танысып, постерға салып қорғайды. (интерактивті тақтадағы көрсетілім)
1.топ –Өсу мүшелерінің бөліктерімен көбейту 2.топ- Телу арқылы көбейту 3.топ- Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбейту
№ 16 зертханалық жүмыс «Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу» Көрнекілігі: сынып гүлі,топырақ,құм,тастар,горшок,өткір ұстара. Өсімдіктің қандай көбейту тәсілдері? Интерактивті тақтадағы суреттерді ажырату
Түрін өзгерткен мүшелер арқылы көбейеді | Телу арқылы көбейеді | Өсу мүшелерінің бөліктері арқылы көбейеді | | | |
1.Бүршіктер 8.Тамыр 2.Жапырақ 9.Көзшелеп 3.Түйнек 10. Сабақ 4. Көзшелер 11.Тамырсабақ 5.Мұрша 12.Кескінділеп 6.Жанастыра 13.Жас өркендер 7.Пиязшық |
3. Ой толғаныс: Біз бүгін не үйрендік? Сіз үшін құнды жерлері болды ма? Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
Рефлексия «Баспалдақ» | Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгенін айтып қорытынды жасайды. Өз әсерлерін баспалдаққа смайликтерін жабыстыру арқылы білдіреді. |
Бағалау: | Сабақ бойы алып отырған формативті бағаларын қорытындылай келе, сумативті бағасын шығару.Бағалау парағына қояды бағаларын. |