Мен, Байболекова Ляйля Какимхановна 2014 жылды? ?ырк?йек айынан бастап, С?йінбай атында?ы орта мектепке жас маман ретінде ?абылдандым. Осы бір жарым жыл ішінде бірнеше о?улар?а барып, сертификаттар?а ие болдым. ?зімні? ж?мысыма тияна?ты ?араймын. Семинарлар?а ?атысып, бірнеше мектептердегі жас мамандарды? басшысы ретінде та?айындады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?сімдіктерді? г?лдеуі ж?не тоза?дануы. Тоза?дану т?рлері.»
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңдану түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы, тозаңдану түрлерін, ұрықтану процесін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында жаңа технологияларды пайдалану. тез әрекет жасау, тез ойлау, нақты жауап беруге баулу.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, олады табиғатты аялауға, қорғауға баулу.
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.
Әдебиеттер:« Өсімдіктану» Р. Әлімқұлқызы, Б. Дүйсебайқызы, Е. Тұрбекқызы, 1997 ж; «Биология» Ж. Жүнісқызы, Р. Әлімқұлқызы, Қ. Жұмағұлова 2002 ж Алматы « Атамұра»; «Өсімдіктер әлемі» Р. Сәтімбеков 2011 ж.
АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып жұмыс жасау (флипчарт сабақтары)
ІІІ. Жаңа сабақты игеру кезеңі.
Флипчарт арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңдану түрлері.
Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз- өзіне ұқсас ұрпақ ағзаларының сан жағынан артуы. Барлық ағзалар ішінде өсімдіктер де көбейеді. Алайда жер бетінде өсімдіктер мен жануарлар құрып кетпейді. Көбеюдін нәтижесінде олар миллиондаған жылдар бойы өмір сүруде.
Көптеген өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Мұндай өсімдіктердің гүлдерінде арнайы жасушалар- аталық және аналық жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуын- жынысты көбею деп атаймыз.