Компьютер, интерактивті тақта, флэш-карта, телефон, биологиялық диктант.
4. Сабақтың барысы:
Теориялық сабақ -90 мин.
I.Ұйымдастыру кезеңі -12 минут.
Көпір салу (Bridge in)
Оқытудың күтілу нәтижесі (Outcome)
II.Оқушылардың білімін тексеру -15 минут.
Алдын ала бағалау (Pre -Assessment)
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру -40 минут.
Белсенді оқыту (Partipatory Learning)
IV.Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
Бекіту барысында бағалау(Post -Assessment)
V.Сабақты қорытындылап, бағалау (Sammary) -5 минут.
VI. Сабақ бойынша рефлексия -5 минут
VII. Үйге тапсырма беру -3 минут.
І. Ұйымдастыру кезеңі -10 мин
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, жоқ оқушыларды түгелдейді.
Bridge in - Көпір салу
Білім алушылардың назарын жаңа сабаққа аудару үшін оларға гаметалар туралы видео материал көрсетіледі. Білім алушылар бейне роликті тамашалап болған соң сабақтың тақырыбы немен байланысты екенін айтып беруі тиісті. Видеоматериал көріп болған соң оқытушы білім алушыларға бірнеше сұрақ қоюы тиісті.
Ол сұрақтар:
Видеоматериалда не көрдік?
Видеоматериалда не жайлы айтылған?
Видеоматериалдан не түсіне алдық?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары »
Outcome - Оқытудың күтілу нәтижесі
Бұл кезеңде білім алушыларға оқытушы сабақ соңында қандай білім алып шығуын немесе қандай кәсіби дағдыларды қылыптастыратынын хабарлап өтуі тиіс. Өзіміздің дәстүрлі сабағымызда бұл кезең білім алушыларына хабарланбайды. Бірақта егерде білім алушылар сабақтың негізгі мақсаты қандай екенін біліп отырса сол мақсатқа жету үшін сабақ барысында максималды ақпарат жинауға тырысады. Соның арқасында сабақтың эфективтілігі өседі.
"Сабақтың соңында білім алушылар өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенезді және адам гаметогенезінің сатыларын біліп шығады"
Сабаққа психологиялық дайындық жасау және білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлықтарын дамыту үшін "Денсаулық" туралы мақал-мәтелдер айтады. Мақал - сөздің көркі. Бір ауыз сөздің бойында сан ғасыр бойы жинаған халықтың ілімі жатыр. Айтылған мақал-мәтелдер қайталанбау керек.
II.Оқушылардың білімін тексеру -15 минут.
Pre-Assesment Алдын ала бағалау
Білім алушылардың үй тапсырмасын бағалау ушін Quizizz сайтынан тест сұрақтары жіберіледі.https://qizuizz.com/admin/quiz/64167f71fc9218001dd84d89?source=quiz_share
Митоз.
Биологиялық диктант
1. ....................... - дене (соматикалық) жасушаларының бөлінуі.
2. Жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі - ............................. кезеңі.
3. Митоздық бөліну кезінде бір ........................... жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі.
4. .......................... ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды.
5. ........................... ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінен ажырап, жеке хромасаларға айналады.
6. ................................. хромасомалардың ширатылуы күшті жүреді және полюстердің бірдей қашықтықта орналасқан қысқарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады.
7. .................................... кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқталады, ядрошықтар пайда болады.
Биологиялық диктант жауабы:
1. Митоз
2. интерфаза
3. диплоидті
4. Профазада
5. Анафазада
6. Метафазада
7. Телофаза
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру -40 минут.
Participatory learning - Белсенді оқыту
Активті оқыту кезеңі. Бұл кезенде жаңа білімдер қалыптасады. Бұл кезеннің максималды эфективті өтуі үшін оқытушы нұсқау беруші ретінде ал білім алушылар сол нұсқаулардың орындаушы ретінде болуы керек.
1) Дәрістің негізгі бөліктерін презинтация арқылы түсіндіріледі.
2) Джигсо интерактивті оқыту әдісі арқылы кең көлемді дәрісті төртке бөліп береді. Білім алушыларды әртүрлі түсті жұлдызшалар арқылы 4 топқа бөледі. Дәрісті 5 минут оқып, плакатқа суреттер салып постер қорғайды.
Сперматогенез
Гаметогенез - жыныс жасушаларының түзілу процесі. Жыныс жасушаларының барлығын гамета деп атайды.
Аталық жыныс жасушаларының түзілу процесі "сперматогенез", ал аналық жыныс жасушаларының түзілу процесі "овогенез" деп аталады. Жыныс бездерінің түзілуі шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді. Көбею кезеңі. Бұл кезеңде жас жыныс жасушалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогонийлер (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі бірнеше есеге көбейеді. Сперматогонийлердің саны әртүрлі жануарларда түрліше болады. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді. Өсу кезеңі - митоз және мейоз аралығындағы интерфаза кезеңі, бұл кезеңде ДНҚ матрицалық жолмен екі еселенеді. Осы кезеңнің соңында әрбір диплоидті жасушаның құрамында 2 хроматидтен тұратын хромосома болады, яғни ол бөлінуге дайын тұрады, сперматогонийлер біріншілік сперматоциттерге айналады. Бұл кезеңде аталық сперматоциттердің көлемі шамамен төрт есеге үлғаяды. Пісіп-жетілу кезеңі - мейоз процесі жүреді, соның нәтижесінде жыныс безінің диплоидті аталық жасушасынан төрт гаплоидті жыныс жасушасы қалыптасады, яғни ядроларында хромосомалардың гаплоидті (тақ хромосомалар) жиынтығы болатын сперматоциттер пайда болады. Демек, сперматоциттер ізді-іздінен екі рет бөлінеді де, хромосомалар саны екі есе азаяды. Қалыптасу кезеңі - әрбір сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі. Сперматозоидтердің құйрығы қалыптасып, ядро жасушасының ұшына орнын ауыстырады. Жұмыртқа жасушасының қабығын еріту үшін ядроның алдына лизосомалар жинақталады. Құйрық негізіне митохондриялар жиналады, ал оның қозғалысын жеткілікті мөлшердегі АТФ қамтамасыз етеді. Сперматозоидтердің түрлері тірі организмдерге байланысты әртүрлі болып келеді. Жұмыртқа жасушаларының цитоплазмасында қоректік заттар қоры жинақталады. Екі сперматозоидтің бірден енуіне кедергі келтіру үшін оны "сәулелі тәж" түзетін қосалқы жасушалар тобы қаптайды. Сперматогенез (аталық жыныс жасушасының дамуы) және овогенез (жұмыртқа жасушасының дамуы) процестерінің арасында елеулі айырмашылықтар болады.
Овогенез
Овогенез процесінде овоциттердің дамуы да үш: көбею, өсу,пісіп-жетілу кезендерінен тұрады. Аталған кезеңдерде әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: көбею кезеңінде овогониялар (алғашқы аналық жасуша), өсу аймағында біріншілік овоциттер түзіледі. Мұнда овоцит жасушаларында рибонуклеин қышқылдары, рибосомалар, нәруыз т.б. заттар қарқынды түрде синтезделіп, жыныс жасушалары белгілі бір өздеріне тән мөлшерге дейін өседі. Пісіп-жетілу кезеңінде мейоздық бірінші бөліну процесі екіншілік овоциттер және пісіп-жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жұмыртқа жасушасы - өте ірі көлемді овоцит пісіп-жетіледі. Овоцитпен қатар кейіннен ыдырап кететін 3 бағыттаушы денешік пайда болады. Ұрықтану процесі гүлді өсімдіктермен салыстырғанда жануарларда қарапайым. Мұнда екі гамета: жұмыртқа жасушасы және сперматозоид қосылады. Жыныс жасушалары дайын болған кезде ұрықтану процесі жүреді. Жұмыртқа жасушаның ішіне тек сперматозоидтің ядросы енеді, ал жасушаның көп бөлігі: цитоплазма және сперматозоид құйрығы сыртта қалады. Ұрықтану соңында сперматозоидтің ядролық заты және жұмыртқа жасушасы зиготаның ортақ бір ядросына бірігеді. Кейде жануарларда бірден гаметалардың бірнеше жұптары қосылуы мүмкін Мысалы, балықтарда және қосмекенділерде осылай өтеді. Аталықтар шәует шашқаннан кейін сперматозоидтер көптеген уылдырықтарға кездеседі. Мұндай процестер іштей ұрықтану кезінде де болуы мүмкін. Жыландар және кесірткелер, әдетте, бірнеше жұмыртқа туады. Ірі қағанақты жануарларда бұл процесс сирек, ал ұсақ жануарларда жиірек кездеседі. Мысалы, пілдер ешқашан екіден тумайды, ал тышқан тектес кемірушілерде, әдетте, бірден көп болады.
Партеногенез (грек. партенос - қыз, генезис - туу) табиғатта кенінен таралган жынысты көбеюдің ерекше түр өзгерісі болып табылады.Партеногенез кезінде жұмыртқа жасуша сперматозоидтің қатысынсыз өздігінен бөліне бастайды да, ұрыққа бастама береді. Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан жаңа аналық организм дамиды. Бұл әрекет табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі. Мысалы, бақбақ осы жолмен пайда болады. Сондықтан да олардың гүлдері өзара ұқсас, өйткені оларға тек аналықтың генетикалық материалы беріледі. Қызылшаның, темекінің кейбір түрлері осылай көбейеді. Жануарлардан бітені және дафнияны атауға болады. Дафнияда және бітеде (көктем, жаз, күздің басында) ұрықтанбаған жұмыртқа жасушаларынан партеногенетикалық аналықтар дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар қыстап шығып, көктемде партеногенез жолымен көбейе алатын аналықтар қайтадан дамиды. Аталықтар күзде пайда болады. Бұл құбылыс баларада, жабайы арада т.б. кездеседі. Баларада партеногенез басқаша жүреді, ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аталықтар (трутеньдер), ал ұрықтанғандарынан аналықтар (аналық ара) мен жетілмеген аналықтар (жұмысшы аралар) дамиды. Жоғары және төменгі температурамен әсер ету арқылы жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушалардан жаңа организмдер дамитыны дәлелденді, бірақ өте сирек кездеседі. Мысалы, бақаның ұрықтанбаған жұмыртқасын температурада қыздырып, инемен түрткілеп отырғанда сол жұмыртқа жасушадан аналық қасиеттері бар ересек бақа дамыған. Атақты орыс генетигі Б.Л.Астауров жасанды партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жібек кұртын алды. Жоғары температурамен әсер еткенде жібек құртының аналығында мейоз процесі жүрмей, диплондті хромосома жинынтығы бар жұмыртқа жасушасы пайда болған. Осы жасушадан жұмыртқалары ірі болып келетін (полиплоидия) аналықтар партеногенез жолымен дамыған. Мұндай әдістерді пайдаланып партеногенездік жолмен жібек құртының аналықтарын алудың қазіргі кезде жібек өндіруде маңызы зор болып отыр.
Өсімдіктерде жыныс жасушаларының даму процесі
Өсімдіктерде жыныс жасушаларының даму процесі екі кезеңге бөлінеді:
1-кезең - спорогенез гаплоидті жасушалардың түзілуімен, яғни споралар түзілуімен аяқталады; екінші кезең - гаметогенез, онда жетілген гаметалар түзіледі.
Аналық жыныс жасушалары түйінде дамиды. Өсімдіктердегі аналық жыныс жасушаның даму процесі жануарларда өтетін процеске ұқсас болғанмен, біршама айырмашылығы болады. Өсімдіктерде ұрықтық жол, яғни жыныс жасушаларының оқшаулануы ерте жүрмейді. Мысал ретінде жабық тұқымды өсімдіктерді қарастырайық. Түйінде археспоралар деп аталатын жасушалар пайда болады, олардың әрқайсысы бірнеше рет бөлінуі нәтижесінде аналық жасушаларға айналады да, мейоз жолымен екі рет бөлінеді. Екі рет мейоздық бөліну нәтижесінде гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша түзіледі. Олар төрт-төрттен топтасатындықтан оларды аналық жасушалар тетраэдрі деп атайды. Тетраданың әр жасушасы гаплоидті болады. Пісіп-жетілу кезінде тетрадалар жеке жасушаларға бөлініп, олардың үшеуі жойылып, қалған жарамды біреуі ары қарай үш рет митоздық бөлінуден өтеді. Митоздық жолмен үш рет бөліну нәтижесінде ұрық қалтасында гаплоидті және бірдей сегіз ядро немесе жасуша түзіледі, солардың біреуі ғана жұмыртқа жасушасына айналады да, бесеуі ұрық қабығын түзеді. Ал қалған гаплоидті жиынтығы бар екеуі қосылып, диплоидті жиынтығы бар орталық жасушаға айналады. Нәтижесінде гаплоидті және диплоидті жиынтығы бар орталық жасуша ұрықтануға дайын болады.
Аталық жыныс жасушасының дамуы. Бұл процесс аталық тозаң түйінінде немесе тозаң түтігінде жүреді. Мейоз жолымен екі рет бөлінген жасушадан гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша пайда болады. Оның біреуі бірінші митоздық бөлінуден өтеді. Осының нәтижесінде вегетативті және генеративті жасушалар деп аталатын екі жасжасуша пайда болады. Осыдан кейін вегетативті жасуша бөлінбейді, онда қоректік заттар жиналады. Ол заттар кейіннен генеративті жасушалардың бөлініп, дамуына жағдай жасайды, ал генеративті жасуша тағы бөлінеді. Осының нәтижесінде қозғала алмайтын спермий деп аталатын аталық екі жыныс жасуша түзіледі. Сонымен гаплоидті хромосома жиынтығы бар бір спорадан митоз жолымен екі рет бөліну нөтижесінде үш жасуша түзіледі. Олардың екеуі спермий, біреуі - вегетативті жасуша. Түзілген спермийдің біреуі гаплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасын, екіншісі диплоидті жиынтығы бар орталық жасушаны ұрықтандырады. Нәтижесінде диплоидті жиынтығы бар зигота (ұрық) және триплоидті жиынтығы бар жасуша түзіледі. Триплоидті жиынтығы бар жасушадан дамып келе жатқан ұрықтың қоректік заты болатын эндосперм түзіледі. Эндоспермнің құрамында органикалық заттар: майлар, нәруыздар, көмірсулар болады. Осындай бір мезгілде екі спермийдің екі жасушаны ұрықтандыруын гүлді өсімдіктердің қосарлана ұрықтануы деп атайды. Жабық тұқымды өсімдіктерде өтетін бұл процесті алғаш рет орыс цитологі С.Г.Навашин 1898 жылы ашқан. 1915 жылы эндоспермнің триплоидті жиынтығы болатынын баласы М.С.Навашин ашты.
Ұрықтың дамуына кері әсерлер
Адамның ұрықтық дамуы немесе жүктілік, яғни әйелдің ағзасында өтетін физиологиялық процесс, ол баланың тууымен аяқталады, қалыпты ағымында орташа 280 тәулік (10 ай) жалғасады. Жүктіліктің 9-аптасынан бастап туғанға дейінгі даму кезеңі медициналық терминологияда фетальды деп аталады,ал құрсақта дамып келе жатқан организм ұрықты (fetus) деп атайды.
Зиянды әдеттердің болуы жүктілікке теріс әсер етуі мүмкін. Ананың темекі шегу мерзімі мен салмағы бойынша шала туған балалардың туу қаупін арттырады. Алкоголь ішу балалардың физикалық және психикалық дамуының тежелуіне, олардың бет пен аяқ-қолдың ақаулары, жүрек ақаулары болуына байланысты.
Ұрықтың туылуы салдарынан 28 апта өткенге дейін жүктілікті тоқтату түсік немесе уақтылы босану ретінде жіктелуі мүмкін. 16-дан 28 аптаға дейінгі мерзімде жүктіліктің тоқтауы, егер ұрық емдеу мекемесінен анасы шыққан сәтке дейін тірі болса, уақытында туылмады деп есептелді. Басқа жағдайлар (16 аптаға дейін туылған, ұрықтың шығу сәтіне дейін қайтыс болуы). Жасанды және өздігінен жүретін түсік тастауға жатқызылды, соңғылары да түсік тастау деп аталады.
Түсік тастаудың себептері:
жұқпалы аурулар, жіті (мысалы, тифтер, безгек, қызамық, крупозды пневмония, тұмау), сондай-ақ созылмалы (мысалы, мерез, туберкулез, токсоплазмоз);
жүрек-қан тамырлары аурулары (гипертониялық ауру, жүректің ауыр ақаулары), бүйрек аурулары, эндокриндік бұзылулар, психикалық жарақаттар;
ана мен ұрық қанының үйлесімсіздігі (ең алдымен, резус-фактор бойынша айырмашылық));
әйелдердің жыныс мүшелерінің аурулары (жыныс мүшелерінің ісіктері және қабыну процестері, инфантилизм және т. б.));
жүкті тағамда витаминдер тапшылығы (негізінен, А және Е);
хромосомдық бұзылулар.
Сергіту сәті: "Би терапиясы" жаттығуын жасайды. Білім алушылар орындарынан тұрады. Музыка ойнайды. Басқарушы биді орындайтын дене мүшелерін кезекпен айтып тұрады:
-қолдың саусақтарымен билеу;
-қолмен билеу;
-баспен билеу;
-иықпен билеу;
-ішпен билеу;
-аяқпен билеу
3 мин
IV.Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
Post-Assessment - Бекіту барысында бағалау
Білім алушылардың бағалау ушін "Гаметогенездің түрлері" (https://learningapps.org/view22555423) , "Сперматогенез"( https://learningapps.org/view22356051) Learning Apps.org сайтынан тапсырма орындайды.
Жаңа тақырып бойынша терминдік сөздер (үш тілде)
Гамета - гамета -gamete
Сперматозоид - сперматозоид - sperm
Овоцит - овоцит - ovocyte
Гаметогенез - гаметогенез - gametogenesis
Сперматогенез - сперматогенез-spermatogenesis
Овогенез - овогенез -oogenesis
Партеногенез - партеногенез -parthenogenesis
Спорогенез - спорогенез -sporogenesis
Вегетативті - вегетативный -vegetative
Генеративті- генеративный -generative
VII. Қорытындылап, бағалау (Sammary) - 5 мин
Summary - Қорытындылау
Өткен және жаңа тақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар білім алушыларға мәлімделеді.
Аты-жөні
1тапсырма
Quizizz тест
2тапсырма
Биологиялық
диктант
3тапсырма
Постер қорғау
4тапсырма
Learning Apps.org сайтынан тапсырма
Қорыт.
VI. Сабақ бойынша рефлексия - 5 мин
Рефлексия "Білім кемесі"
VII. Үй тапсырмасын беру - 2 мин
Е.Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық. 10 сынып, 2 бөлім 2019 ж. 9-16 беттер. Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология
Митоз.
Биологиялық диктант
1. ....................... - дене (соматикалық) жасушаларының бөлінуі.
2. Жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі - ............................. кезеңі.
3. Митоздық бөліну кезінде бір ........................... жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі.
4. .......................... ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды.
5. ........................... ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінен ажырап, жеке хромасаларға айналады.
6. ................................. хромасомалардың ширатылуы күшті жүреді және полюстердің бірдей қашықтықта орналасқан қысқарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады.
7. .................................... кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқталады, ядрошықтар пайда болады.