kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?сімдік ?ркендеріні? ??рылысы мен ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?сімдік ?ркендеріні? ??рылысы мен ма?ызы. Б?ршік – ?сімдікті? ?ры?ты? (бастап?ы) ?ркені. Вегетативтік ж?не генеративтік б?ршіктер. Б?ршіктен ?ркенні? дамуы. Жылды? ?ркен. ?сімдікті? б?та?тануы. Б?та?тануды к?бейтуді? т?сілдері.

Саба?ты? ма?саты: ?сімдікті? вегетативті м?шелері - ?ркен, б?ршік жайлы ма?л?мат беру.

Саба?ты? міндеттері:

  • Білімділігі – ?ркен, б?ршікті? ?зіндік ерекшеліктері, ат?аратын ?ызметі, оларды? т?рлері туралы ма?л?мат беру.
  • Т?рбиелілігі – адамны? т?л?а ретінде дамуын, ?ылыми д?нетанымын дамыту?а баулу;
  • Дамытушылы?ы – п?нге, та?ырып?а байланысты ?ызы?ушылы?тарын дамыту.

??рал-жабды?тар: электронды к?рсетілімдер

Саба?ты? т?рі: аралас

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру кезе?і

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?сімдік ?ркендеріні? ??рылысы мен ма?ызы »

6 сынып. Биология. Күні ______________

Тақырыбы: Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік – өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы. Бұтақтануды көбейтудің тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің вегетативті мүшелері - өркен, бүршік жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

  • Білімділігі – өркен, бүршіктің өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, олардың түрлері туралы мағлұмат беру.

  • Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүнетанымын дамытуға баулу;

  • Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Биологиялық тест

1. Тамырдың сабақтан қандай айрымашылығы бар? (буын және буынаралықтары болмайды, жапырағы жоқ)

2. Шығу тегіне қарай тамыр нешеге бөлінеді? (3-ке: негізгі, қосалқы, жанама)

3. Қосалқы тамырлар қай үлескіден өсіп шығады? (сабақ пен жапырақтан)

4. Негізгі тамыр қайдан пайда болады? (ұрық тамыршасынан)

5. Қосалқы тамырлар қандай қызмет атқарады, жақсы дамуы үшін қандай шаралар қолданылады? (берік орнығып, қоректенуін күшейтеді, тыңайтқыштар себу керек)

6. Тамыр жүйесі деген не, ол нешеге бөлінеді? (барлық тамырлардың жиынтығы, 2-ге бөлінеді: шашақ, кіндік)

7. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктерді ата. (астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы және т.б.)

8. Шашақ тамыр жүйесі деп неге аталған. Кіндік тамыр жүйесінен қандай айрмашылығы бар? Шашақ тамыр жүйесі бар өсімдіктерді мысалға келтір. (негізгі тамыр болмайды немесе өте нашар дамыған жуандығы жанама немесе қосалқы тамырлар сияқты шашаққа ұқсап топталып тұрады. Астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы, күріш және т.б )

9. Тамырда неше бөлік болады, әр бөлігін жеке-жеке атап көрсет. (4 бөлік: тамыр оймақшасы; 1) бөліну аймағы; 2)өсу аймағы; 3) сору; 4)өткізу аймағы)

10. Тамыр оймақшасы қай ұлпадан түзілген? (бөліп шығарушы ұлпа)

11. Бөліну бөлігі қай ұлпадан түзілген? (түзуші немесе меристема)

12. Сору бөлігі қай ұлпаға жатады? (жабын ұлпасы)

13. Тамырдың ұшынан өсуін қалай дәлелдейсің? (тамырдың ұшында түзуші ұлпа болады)

14. Тамыр өсімдікке не үшін қажет? (Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды; Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі; Вегетативтік көбеюге қатысады.)

15. Тыңайтқыштардың қандай түрлері бар, мысал келтір. (органикалық(құс саңғырығы, қи, қарашірік және т.б.) және минералды тыңайтқышар(Нитрагин, суперфосфат, азот силитрасы)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.

Дихотомиялы бұтақтану кезінде өсу конусы екі еселенеді де, екі өркен береді, әрі қарай оның әрбіреуі тағы да екі өркеннен береді және т.с.с. Бұл – бұтақтанудың ежелгі тәсілі (плауындар, мүктер)

Моноподиалды бұтақтану кезінде бірінші реттің негізі білігінен жоғары қарай өсуі шектеусіз ұзақ болады, одан екінші ретті және қалған реттегі қысқа жанама біліктер өседі (шырша, самырсын және т.б. жалаңаштұқымдылар).

Симподиалды бұтақтану кезінде негізгі білігі өзінің өсуін ерте тоқтатады, бірақ оның жоғарғы жағының үстінен жанама бүршіктер шыға бастайды.

Өркендерді жіктеу

Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды

Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.

Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.

Ұзарған өркеннің буанаралығы алыс орналасқан.

Қысқарған өреннің буанаралығы жақын орналасқан.

Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.

Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.

Өркендердің түр өзгерістері

Тамыр сабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады.

Столон – ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.

Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады.

Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т.б. жатады.

Түйнекті жуашық – сырттай қарағанда жуашыққа ұқсас өркен, бірақ қор заттары өсіп кеткен сабақ бөлігінеде жиналада, ал оның қабаршағы құрғақ (гладиолус, шафран).

Шөгір – түрі өзгерген өркен немесе оның бір бөлігі, төбесі (шырғанақ) немесе жапырағы (барбарис) қорғаныш қызметін атқарады.

Мұртшалар – түрі өзгерген өркендер (жүзім, қияр, асқабақ) немесе жапырақтар (бұршақ, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.

Бүршік. Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршік бастапқы өркен.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: вегетативті(өсу) және генеративті(көбею) бүршік.

Вегетативті бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады.

Бүршіктің ішкі құрылысы. Көктемде кез келеген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзыннан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабышақтар қаптайды. Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар. Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан тығыз ақшыл-сары түсті бастапқы сабақты көреміз. Оның жан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. Бастапқы сабақтың ұшы өсу нүктесімен бітеді. Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі және гүл бүршігі. Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады.

ІV. Бекіту. Кестені толтыра отырып сабақты бекіту.

Төбе

Қолтық

Қосалқы

Бұйыққан

2.Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік;

4.Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік.

3.Кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік;

1.Тыныштық күйге ауысқан бүршік;


V. Үй тапсырмасы. §15 оқып, мазмұндау. Кесте толтырып келу.

Өсімдік мүшесінің атауы

Бұл мүше қайда орналасады, және оның қызметі

Құрылысы

Ерекшелігі

Өркен




Бүршік




VI. Бағалау кезеңі.



























6 сынып. Биология. Күні

Тақырыбы: Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. Жапырақтың жұмсақ бөлігі және жабындық ұлпа. Лептесіктер. Жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. Жапырақ - өсімдіктің фотосинтез жүретін арнайы мүшесі, су булану және газ алмасу. Жапырақтың түр өзгерістері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін, түр өзгерістерімен танысу. Фотосинтез процесін тану.

Сабақтың міндеттері: өсімдіктің вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақтың ерекшеліктерін өзіндік білімдеріне сүйене отырып айыра білу; өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын танып білу. Фотосинтездің, жапырақтың түр өзгерісінің өсімдік үшін қандай маңызы бар екендігін білу.

Түрі: Түрлендірілген

Қолданылатын көрнекіліктер: жапырақтың суреттері, кеппешөптер

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасы тексеру: оқушыларға карточкалар таратылады. Карточкалар арқылы оқушылар жұптарын табады. Бір карточкада ұғым, ал екіншісінде – анықтама.

  1. Тамыр - өсімдіктің вегетативті, жер асты мүшесі

  2. Тамыр жүйесінің түрлері: шашақты, кіндік

  3. Бүршік – бастапқы өркен

  4. Сабақ - өсімдіктің жалғастырушы мүшесі

  5. Өркен – жапырағы мен сабағы бар жас сабақ

  6. Сабақтың ішкі бөлімдері: қабық, камбий, сүрек.

  1. Жаңа материалды өту кезеңі

І. Қызығушылықты ояту (Тірек суреттер, символдар)

Суреттер және анықтауыш сөздер арқылы өсімдіктің құрылысын құрау.

Сөздер: жер үсті, жер асты, жалғастырушы. Суреттер: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл.

Сол арқылы жапырақ тақырыбына түсу.

Жапырақ — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады. Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 — 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 — 5 м, ені 40 — 50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 — 20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әр түрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның  жапырағы — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі  жапырақ деп аталады. Бұлар да әр түрлі болады: үшқұлақты күрделі  жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі жапырақ (атбас талшын,қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ, ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақжүйкесінің құрамында әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену — негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — жүйкелер жапырақ тақтасының түбінен шығып, жапырақтың ұшына жеткен кезде доға тәрізді бір-бірімен соқтығысады (інжугүл, жолжелкен). Жүйкелену - деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.

Олардың қызметі:

  1. Жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізіледі ;

  2. Органикалық заттар басқа мүшелеріне таратылады;

  3. Жапыраққа беріктік қасиет береді.

Жүйкеленудің типтері:

  1. Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Майда жүйкелері торлап жатады.

  2. Саусақ салалы жүйкелену орталық жүйке бір жерден басталып жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді саланып таралады.

  3. Параллель жүйкеленуде жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады .

  4. Доғалы жүйкелену жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер , жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір -бірімен түйіседі .

Жапырақтың сабақта орналасуы 3 түрлі болады:

  1. Кезектесе орналасу. Сабақтың әр буынында 1 жапырақ болса - кезектесе орналасу деп аталады.

  2. Қарама қарсы орналасу. Бір буында екі жапырақ қарама-қарсы болса- қарама қарсы орналасу деп аталады

  3. Топтаса орналасу. Бір буында үш-төрт жапырақ болса - топтаса орналасу деп аталады. Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.

  4. Сабақты бекіту. Кестені оқушылармен біріге отырып толтыру.


Жапырақ мүшесінің атауы

Қызметі




  1. Үй тапсырмасы: §16 оқып, мазмұндау. Жазбаша тапсырма: фотосинтез процесін даптерге сурет ретінде түсіре отырып, сипаттап жазу.

  2. Бағалау кезеңі.

























6- сынып. Биология. Күні ______________

Тақырыбы: Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі. Сабақтың буындары мен буынаралықтары. Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар.

Сабақтың мақсаты: сабақтың атқаратын қызметін, оның жалпы құрылысын, ағаштың ішкі құрылысын мен бөлімдерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын, атқаратын функциясын түсіндіру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер. Кеппе шөптер.

Сабақтың типі: құрастырылған.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. §16 мазмұнын сұрау, қосымша тақырып соңындағы сұрақтар қою. Дәптерлеріне фотосинтез процесін сурет ретінде түсіре отырып, сипаттап жазғаның тексеріп, бағалау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Сабақ жоспары:

  1. Сабақ және оның түрлері.

  2. Сабақтың ішкі құрылысы.

  3. Сабақтың өсуі, камбий, ағаштың көлденен кесіндісі.

Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек.







Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы төрт қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.





Сабақ мынадай қызметтер атқарады:

1) қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;

2) сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;

3) көбеюге қатысады;

4) органикалық заттар қорға жиналады;

5) өсімдіктердің жоғары жағының аумағы бұтақтану арқылы артады;

6) вегетативтік көбею.

ІV. Бекіту.

Сабақ дегеніміз не? Оның қандай түрөзгерістері бар? Құрылысы қандай? Атқаратын қызметі ше?

V. Үй тапсырмасы. §17 оқып, мазмұндау. Сабақтың ішкі құрылысын дәптерге салып келу.

VI. Бағалау кезеңі.



















6-сынып.Биология. Күні_______________

Тақырыбы: §18. Өркеннің көптүрлілігі: вегетативтік және генеративтік, жерүстілік және жерастылық, қысқарған және ұзарған өркендер. Өркеннің түрөзгерістері.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдіктің вегетативті мүшесі – сабақтың түрөзгеріс түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: плакаттар.

Сабақтың типі: құрастырылған.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.

  1. Сабақ дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

  2. Сабақтың құрылысы қандай?

  3. Ағаштың көлденен кесіндісіне қарай отырып сипаттау.

  4. Камбийдың маңыздылығы неде?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі











Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы

Тамырсабақ

Тамыр

1. Тамырсабақтың ұшында бүршік болады.

1. Тамыр ұшындай оймақшасы бар.

2. Буын және буынаралығынан тұрады.

2. Буын және буынаралықтары болмайды.

3. Жапырақтары қабыршақты, қоңыр түсті.

3. Жапырақ болмайды.

4. Қабыршақ қолтығында бүршіктер орналасады.

4. Бүршіктері жоқ

5. Бүршіктен дамиды.

5. Ұрық тамыршасынан дамиды.

6. Тек көпжылдық өсімдіктерде болады.

6. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады.


Түйнек пен тамырдың айырмашылығы

Түйнек

Тамыр

1. Түйнектің сыртында жапырақ іздері (көзшелері) бар.

1. Тамыр ешқашақ жапырақ шығармайды.

2. Бүршіктері кезектесіп орналасады, одан өркен дамиды.

2. Бүршіктері болмайды.

3. Жарық түссе, түйнек дереу жасыл түске боялады.

3. Қанша жарық түссе де тамырдың түсі өзгермейді.

ІV. Бекіту.

Картоптың түйінінің суретіне қарай отырып сыртқы құрылысын атап өту. Тамыр мен тамырсабақтың ерекшелігін оқушылардан сұрай отырып, тақырыпты бекіту.

V. Үй тапсырмасы. Осы күнге дейін өтілген тақырыптардың барлығын қайталап келу, келесі сабақта топтық жұмыс жүргізіледі.

VI.Бағалау кезеңі.



 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?сімдік ?ркендеріні? ??рылысы мен ма?ызы

Автор: Рахимжанова Хадиша Мусаипкызы

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174825


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства