kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамудағы қоршаған орта факторларының рөлі. 10-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні.14.02.18ж

10-Ә сынып

Сабақтың тақырыбы: Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамудағы қоршаған орта факторларының рөлі. Токсиндік заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдерінің барысына әсері (туа біткен кемтарлықтар)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қоршаған орта факторлары мен токсиндік заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдеріне әсері жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың организмнің эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдері туралы және туа біткен кемтарлықтар туралы білімдерін жетілдіру.

ТәрбиелікЖаңа тақырыпты бере отырып, тапсырмаларға талдау жасай отырып, жеке

дара жұмыс жасауға, шапшаңдыққа, бір – бірінің ойын сыйлауға, тыңдауға үйрету және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сызба-нұсқа, сұрақ-жауап, көрнекілік

Пәнаралық байланыстар: микробиология, география

Көрнекіліктер: плакаттар, слайдтар

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

- Сәлеметсіздер ме?

- Сабақта кім жоқ?

II Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма «Дамып келе жаткан ұрықтың дене бөліктерінің өзара әсері» болатын. Оқушылардан Венн диограммасы және тест арқылы сабақ сұралады. Тест тапсырмасын арнайы Перфокарта арқылы тексеріледі. Дұрыс әрі нақты жауап берген оқушыны бағалап, арнайы бағалау кестесіне жазып отырамыз.

Венн диаграммасын толтыру

Постэмбриондық                                                                                Эмбриондық

                 Ми                                                                             Жұлын

Тақырып соңындағы тест тапсырмасын орындаймыз. (слайд 1)

Сонымен оқушылар, біз өткен сабақтарымызда ұрықтың дамуы және даму кезеңдері туралы біраз мағлұматтар жинадық. Енді бүгінгі жаңа сабағымызға көшелік.

III Жаңа сабақ

Оқушылар бүгінгі жаңа тақырыбымыз алдынғы тақырыбымызбен тікелей байланысты. Откен сабақта эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдері туралы талдасақ, бүгін сол кезеңдерге қоршаған орта мен токсиндік заттардың әсері туралы қарастыратын боламыз. (слайд 2)

  • Қоршаған орта факторларының әсері
  • Токсиндік заттардың әсері
  • Туа біткен кемтарлықтар

Эмбриондық және постэмбриондық даму барысында, көптеген қорғаныш жүйелері

әлі қалыптаспаған кезде организм зақымдаушы факторлар әсеріне сезімтал келеді. Сондықтан өсімдіктерге де, жануарларда да ұрығы арнайы қабықшамен немесе аналық организмнің өзімен қорғалады. Ол арнайы қоректендіруші ұлпамен қамтамасыз етіледі немесе қоректік заттарды тікелей аналық органимнен алады.

Ұрықтың дамуына қоршаған ортаның түрлі химиялық заттармен, ауыр және түсті металдармен, радиоактивті заттармен ластануы да зор зиян келтіреді.

Зиянды заттардың – темекі түтіні, ауыр және түсті, радиоактивті металл элементтерінің әсерінен мүшелердің дамуы тоқтайды және жойылып кетеді. Мысалы, «қоян ерін», «қасқырдың аузы», дұрыс бұрылмау «транпозиция, кері орналасу», толық емес жетілу «жұмыртқалардың түспеуі», «үлкен ми сыңарлары бетінің тегіс болуы» т.б.

Адам эмбрионының дамуына ата – анасының алкоголь, есірткі заттар мен темекі тарту зиянды әсер етеді.

«Токсин»сөзі орысшадан аударғанда «уытты, улы, улағыш заттар» деген мағынаны береді.

Адам эмбрионының дамуына әсер ететін токсинді заттар

  • Алькогольдің әсері – жасушалардың сусыздануына және организмнің жалпы сусыздануына әкеліп соғады. Олар бауыр жасушаларын бұзады, жүйке жасушаларына улы әсерін тигізеді, асқазан – ішек жолдарының қызметіне зиян келтіреді. Ұйқы безі мен бүйректе қабыну процестерін тудырады. Ми және жүректің қан тамырларын зақымдап, олардың қалыпты жұмысын бұзады.
  • Никотиннің әсері – организмге ұзақ уақыт түсіп отырғанда ең алдымен, өкпе және тыныс жолдарын зақымдап, созылмалы қабыну процестері дамиды. Мысалы, бронхылар қабынып, тыныс алу және газ алмасу қиындайды. Көптеген қан тамырларына, соның ішінде, жүрекке зиян келтіреді. Ұзақ уақыт темекі тартқан кезде өкпе және тыныс алу жолдарында қатерлі ісік дамуы мүмкін. Себебі, темекі түтінінде млн – даған химиялық улы заттар бар.
  • Есірткінің әсері – есірткіні пайдалану да организмге зор зиян келтіреді. Анасы есірткілік заттарды пайдаланса, баласында сол заттарға тәуелділік қалыптасады. Соның салдарынан тыныс алу және жүйке жүйесінің қызметі бұзылады да, организм дамуында денесінде әртүрлі кемістіктер болуы мүмкін.

Сонымен оқушылар жаңа тақырыптан өзімізге керекті мағлұматтар алдық деп ойлаймын. Енді, осы білгендерімізді, бұрыннан білетінімізді ортаға салып, талдайық. Бекіту тапсырмаларына мән берелік.

IV Бекіту

Мен сіздерге сұрақ оқимын сол сұрақтарға қолымызды көтеріп, жауап беріп, өзімізге ұпай жинаймыз. (слайд 3)

1. Өсімдіктер мен жануарлардың ұрығы неліктен арнайы қабықшамен немесе аналық организммен қорғалады?

2. Қолайсыз, ұрықтың дамуына әсер ететін қоршаған орта факторларын ата

3. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан болатын қандай туа біткен кемтарлықтарды білесің?

4. Зиянды заттар әсеріне ұрпақта қандай кемістіктер қалыптасуы мүмкін?

5. Жаңа туылған нәресте қандай зиянды заттарман зардап шегуі мүмкін?

Енді, мына бір сөзжұмбақтың шешуін табайық. (слайд 4)

С

       

А

               

Қ

           

Т

                 

А

       

Н

           

 

1. XXIғасыр індеті (СПИД)

2. спирт ішімдігінің құрамындағы зат (алкоголь)

3. темекіні көп қолданған адамның өмірі қандай болады? (қысқа)

4. темекінің зардабынан болатын ауру (туберкулез)

5. Маскунемнің сусыны (арақ)

6. темекідегі улы зат (никотин)

Сонымен оқушылар, сөзжұмбақта «САҚТАН» сөзін көріп отырмыз. Бүгінгі сабағымызда токсинді заттардың басқа да қоршаған орта факторларының организмнің дамуына әсері туралы айттық. Осы заттардың болашағымызға әсерін білдік, өзіміздің ғана емес болашағымызға да ойласақ, осы айтылған заттардын бойымызды аулақ салып, сақтануымыз керек. Бүгінгі сабақ тусінікті болды деп ойлаймын.

V Бағалау

Кестедегі әр оқушының жинаған ұпайына байланысты бағалау

VI Үйге тапсырма беру

§40. (214 - 216 бет). Жаңа тақырыпты оқып түсініп келу. (слайд 5)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамудағы қоршаған орта факторларының рөлі. 10-сынып»


Күні .14.02.18ж

10-Ә сынып

Сабақтың тақырыбы: Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамудағы қоршаған орта факторларының рөлі. Токсиндік заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдерінің барысына әсері (туа біткен кемтарлықтар)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қоршаған орта факторлары мен токсиндік заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдеріне әсері жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың организмнің эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдері туралы және туа біткен кемтарлықтар туралы білімдерін жетілдіру.

ТәрбиелікЖаңа тақырыпты бере отырып, тапсырмаларға талдау жасай отырып, жеке

дара жұмыс жасауға, шапшаңдыққа, бір – бірінің ойын сыйлауға, тыңдауға үйрету және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сызба-нұсқа, сұрақ-жауап, көрнекілік

Пәнаралық байланыстар: микробиология, география

Көрнекіліктер: плакаттар, слайдтар

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

- Сәлеметсіздер ме?

- Сабақта кім жоқ?

II Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма «Дамып келе жаткан ұрықтың дене бөліктерінің өзара әсері» болатын. Оқушылардан Венн диограммасы және тест арқылы сабақ сұралады. Тест тапсырмасын арнайы Перфокарта арқылы тексеріледі. Дұрыс әрі нақты жауап берген оқушыны бағалап, арнайы бағалау кестесіне жазып отырамыз.

Венн диаграммасын толтыру

Постэмбриондық Эмбриондық




Ми Жұлын






Тақырып соңындағы тест тапсырмасын орындаймыз. (слайд 1)

Сонымен оқушылар, біз өткен сабақтарымызда ұрықтың дамуы және даму кезеңдері туралы біраз мағлұматтар жинадық. Енді бүгінгі жаңа сабағымызға көшелік.


III Жаңа сабақ

Оқушылар бүгінгі жаңа тақырыбымыз алдынғы тақырыбымызбен тікелей байланысты. Откен сабақта эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдері туралы талдасақ, бүгін сол кезеңдерге қоршаған орта мен токсиндік заттардың әсері туралы қарастыратын боламыз. (слайд 2)

  • Қоршаған орта факторларының әсері

  • Токсиндік заттардың әсері

  • Туа біткен кемтарлықтар

Эмбриондық және постэмбриондық даму барысында, көптеген қорғаныш жүйелері

әлі қалыптаспаған кезде организм зақымдаушы факторлар әсеріне сезімтал келеді. Сондықтан өсімдіктерге де, жануарларда да ұрығы арнайы қабықшамен немесе аналық организмнің өзімен қорғалады. Ол арнайы қоректендіруші ұлпамен қамтамасыз етіледі немесе қоректік заттарды тікелей аналық органимнен алады.

Ұрықтың дамуына қоршаған ортаның түрлі химиялық заттармен , ауыр және түсті металдармен, радиоактивті заттармен ластануы да зор зиян келтіреді.

Зиянды заттардың – темекі түтіні, ауыр және түсті, радиоактивті металл элементтерінің әсерінен мүшелердің дамуы тоқтайды және жойылып кетеді. Мысалы, «қоян ерін», «қасқырдың аузы», дұрыс бұрылмау «транпозиция, кері орналасу», толық емес жетілу «жұмыртқалардың түспеуі», «үлкен ми сыңарлары бетінің тегіс болуы» т.б.

Адам эмбрионының дамуына ата – анасының алкоголь, есірткі заттар мен темекі тарту зиянды әсер етеді.

«Токсин»сөзі орысшадан аударғанда «уытты, улы, улағыш заттар» деген мағынаны береді.

Адам эмбрионының дамуына әсер ететін токсинді заттар

  • Алькогольдің әсері – жасушалардың сусыздануына және организмнің жалпы сусыздануына әкеліп соғады. Олар бауыр жасушаларын бұзады, жүйке жасушаларына улы әсерін тигізеді, асқазан – ішек жолдарының қызметіне зиян келтіреді. Ұйқы безі мен бүйректе қабыну процестерін тудырады. Ми және жүректің қан тамырларын зақымдап, олардың қалыпты жұмысын бұзады.

  • Никотиннің әсері – организмге ұзақ уақыт түсіп отырғанда ең алдымен, өкпе және тыныс жолдарын зақымдап, созылмалы қабыну процестері дамиды. Мысалы, бронхылар қабынып, тыныс алу және газ алмасу қиындайды. Көптеген қан тамырларына, соның ішінде, жүрекке зиян келтіреді. Ұзақ уақыт темекі тартқан кезде өкпе және тыныс алу жолдарында қатерлі ісік дамуы мүмкін. Себебі, темекі түтінінде млн – даған химиялық улы заттар бар.

  • Есірткінің әсері – есірткіні пайдалану да организмге зор зиян келтіреді. Анасы есірткілік заттарды пайдаланса, баласында сол заттарға тәуелділік қалыптасады. Соның салдарынан тыныс алу және жүйке жүйесінің қызметі бұзылады да, организм дамуында денесінде әртүрлі кемістіктер болуы мүмкін.

Сонымен оқушылар жаңа тақырыптан өзімізге керекті мағлұматтар алдық деп ойлаймын. Енді, осы білгендерімізді, бұрыннан білетінімізді ортаға салып, талдайық. Бекіту тапсырмаларына мән берелік.

IV Бекіту

Мен сіздерге сұрақ оқимын сол сұрақтарға қолымызды көтеріп, жауап беріп, өзімізге ұпай жинаймыз. (слайд 3)

1. Өсімдіктер мен жануарлардың ұрығы неліктен арнайы қабықшамен немесе аналық организммен қорғалады?

2. Қолайсыз, ұрықтың дамуына әсер ететін қоршаған орта факторларын ата

3. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан болатын қандай туа біткен кемтарлықтарды білесің?

4. Зиянды заттар әсеріне ұрпақта қандай кемістіктер қалыптасуы мүмкін?

5. Жаңа туылған нәресте қандай зиянды заттарман зардап шегуі мүмкін?


Енді, мына бір сөзжұмбақтың шешуін табайық. (слайд 4)


С





А









Қ







Т










А





Н








1. XXIғасыр індеті (СПИД)

2. спирт ішімдігінің құрамындағы зат (алкоголь)

3. темекіні көп қолданған адамның өмірі қандай болады? (қысқа)

4. темекінің зардабынан болатын ауру (туберкулез)

5. Маскунемнің сусыны (арақ)

6. темекідегі улы зат (никотин)

Сонымен оқушылар, сөзжұмбақта «САҚТАН» сөзін көріп отырмыз. Бүгінгі сабағымызда токсинді заттардың басқа да қоршаған орта факторларының организмнің дамуына әсері туралы айттық. Осы заттардың болашағымызға әсерін білдік, өзіміздің ғана емес болашағымызға да ойласақ, осы айтылған заттардын бойымызды аулақ салып, сақтануымыз керек. Бүгінгі сабақ тусінікті болды деп ойлаймын.

V Бағалау

Кестедегі әр оқушының жинаған ұпайына байланысты бағалау

VI Үйге тапсырма беру

§40. (214 - 216 бет). Жаңа тақырыпты оқып түсініп келу. (слайд 5)





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Казакбаева Дилара Изатиллаевна

Дата: 15.02.2018

Номер свидетельства: 457593


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства