kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Организмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данном методическом материале представлена разработка урока биологии в 10 классе на тему «Жизненный цикл клетки. Митоз. Амитоз». Этот урок является первым уроком по теме «Размножение и индивидуальное развитие организмов». Материал этого урока требует от учащихся знания ранее изученного по темам «Строение клетки», «Нуклеиновые кислоты. ДНК. РНК». Урок посвящён изучению нового материала и его первичному закреплению.

Ведущей технологией, которая использовалась на этом уроке, была технология критического мышления, поэтому в структуре урока прослеживаются этапы:

-актуализация ранее изученного материала (этап «вызов»);

-изучение нового материала и его первичное закрепление (этап «осмысление»);

-систематизация знаний, подведение итогов урока (этап «рефлексия).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Организмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы.»

Сынып: 10 «А» Күн: 09.01.2017

Сабақтың тақырыбыОрганизмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы.

Сабақтың міндеттері:

А) Білімділік: Оқушыларға тірі ағзалардың көбею формалары жайында мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, кесте

Сабақтың көрнекілігі: тест, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Сұрақ –жауап арқылы

ІІІ. Жаңа сабақ: «Ой қозғау» Оқушыларға сұрақ :

Егер ағзалардың барлығы тек қана жыныссыз жолмен көбейетін болса,эволюциялық  үдерістің қалай өтетінін елестетіп көріңдер.Адамзат тіршілік етер ме еді және ол қалай болып көрінер еді.

Көбею – тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты көбею.

Жыныссыз көбею – көбеюдің ертеректегі жолы. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары – гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады.

Жыныстық көбею кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі – гаметалар қалыптастыру. Бұл арнаулы бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылк үдерісі – ұрықтану үшін жаралған. Ұрықтану үшін екі дарақтың болуы міндетті емес.

Жыныссыз жолмен көбею формалары және олардың сипаттамасы.

Қарапайым бөліну – біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі. Бактериялық жасушалардың прокариоттардан айырмашылығы бар.

Біржасушалылардағы митоз. Амебалар, жасыл эвглена және өзге эукариотты біржасушалы өсімдіктер мен жануарлардың орасан көп мөлшері осылай көбейеді.

Өсімді көбею – бұл жоғары сатыдағы өсімдіктерде кең дамыған үдеріс. Олар, мысалы, өсімдіктердің жапырақтарынан, қалемшелерінен, мұртшаларынан, тамырсабағынан көбеюі.

Бүршіктену – аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.

Бүрмелену (стробиляция) немесе үзбелену (фрагментация) – бұл ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы көбею жолы.

Спора түзу – ерекше бейімделген жасушалар – споралар түзу кезіндегі көбею жолы. Саңырауқұлақтар және өсімдіктердің көпшілігі спора арқылы көбейеді.

Жыныссыз көбеюдің тағы бір қолдан көбейту жолы - өсінді өскін арқылы көбейту.

Жынысты көбею формалары және олардың сипаттамасы

Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан дамиды.

Қосылу үдерісі (конъюгация). Бактериялар қосылу арқылы көбейеді.

Жынысты көбеюдің қалған жолдары гаметалардың қалыпты қосылуына байланысты. Бұл көбею жолын қызтекелік және өздігіненұрықтану деп екі топқа бөлсе де болады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Лездемелік сұрақтар:

Тірі ағзалрдың ортақ қасиетінің бірі.

Көбеюдің қандай жолдарын білесіңдер?

Ең алғашқы тірі ағзалар – біржасушалы прокариоттар қалай көбейді?

Біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі қалай аталады?

Амебалар, жасыл эвгленалар қалай көбейеді?

Аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.

Ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы арқылы көбею жолы қалай аталады?

Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшеліктері неде?

Бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары қалай көбейеді?

Жыныстық үдерісі дегеніміз не?

Тест.

1. Көбеюдің көне жолы деп саналады

А.Жынысты Ә.Ағзасыз Б. Жасушалы В. Жыныссыз Г. Спорлану

2.Тамырсабақпен көбейетін өсімдіктер.

А.құртқашаш Ә.терек Б. інжугүл В. Фикус Г. Гидра

3.Бактериялардың көбеюі

А.амитоз Ә.қынамаланып бөліну Б. бүрмелену В. үзбелену Г. Спорлану

4. Гидраға көбеюдің қай түрі тән

А.бүршіктену Ә.үзбелену Б. Споралы В. амитоз Г. Қынамалану

5.Ересек дарақтардың денесі жеке үзіктерге бөліну кезіндегі көбею жолы

............... деп аталады.

А. Споратүзу Ә.өсімді Б. Үзбелену В. қынамалану Г. Бүршіктену

6.Төменгі сатыдағы өсімдіктер мен кейбір саңырауқұлақтар қалай

көбееді

А.амитоз Ә.үзбелену Б. Споратүзу В. қынамаланып бөліну

Г. бүршіктену

Жауабы: 1В ,2 А,Б 3Ә , 4 А, 5Б, 6Б.

Терминмен жұмыс:

Конъюгация – Партеногенез – Апомиксис – Стробиляция – Фрагментация –

Деңгейлік сұрақтар:

А-1. Жынысты және жыныссыз көбею үрдістері арасындағы негізгі айырмашылық неде?

2. Жынысты және жыныссыз көбеюдің артықшылығы және кемшілігі неде?

В-1. Өздеріңе белгілі ағзалардың жыныссыз жолмен көбею жолдарын атаңдар.

2. Олардың қайсысы біржасушалыларға тән, қайсысы лған жатпайды?

С-1. Жынысты көбею түрлерін атап, оларды қысқаша сипаттаңдар.

2. Жынысты көбеюдің қай жолдарында әр түрлі дарақтар арасында генетикалық материалдардың алмасуы жүреді? Қай жолдарда тек өздігінен ұрықтанады?

Ү. Қорытынды: Жыныстық үдеріс – бұл ұрпақтарда ата-енелік ағзаларға ұқсамайтын екі қасиеттер сапасының үйлесімді жолы.

ҮІ. Бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма: §33 оқу




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Адильбек Талшын Талгатовна

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381381


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства