kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Органикалық заттар,ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология пәнінен 10 сыныпқа арналған "Органикалық заттар,ферменттер, олардың  тіршілік процестерін  реттеудегі  рөлі" тақырыбында ағазалық заттардың тіршіліктегі маңызы сипатталады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Органикалық заттар,ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.»

Тақырыбы: Органикалық заттар,ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі.Оқушыларға органикалық заттар, нәруыз Ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі оқушы тұлғасына жете түсіндіру;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер,З.ж.№1, №1сызбанұсқа,сынақ өтем сұрақтары.

Пәнаралық байланыс: биология, химия,география, тарих, математика, физика,әдебиет,генетика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

1.Органикалық заттар:

2.көмірсулар,

3.нәруыздар,

4.нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер,

ІІІ.Жаңа сабақ.

Нәруыздар – биологиялық полимерлер немесе биополимерлер. Полимерлер дегеніміз – бұл біркелкі немесе әр түрлі мономерлер буындарынан тұратын молекулалардың ұзын тізбегі. Нәруыздар моеомерлері – аминқышқылдар. Аминқышқылдар арасында түзілетін байланыс пептидті байланыс деп аталады. Ал аминықышқылдар саны көп қосылыстарды полмептидтер дейді.

Нәруыздардың қасиеттері және атқаратын қызметтері. Нәруыздардың көпшілі суда жақсы ериді, сондықтан биологиялық қасиеттерін сулы ертінділерде көрсетеді.

Нәруыздар тірі ағзада алуан түрлі қызмет атақарады.

Құрылымдылық қызмет. Өсімдіктер және кейбір бактериялар су, көмірқышқыл газы, азот тәрізді бейорганикалық заттардан барлық аминқышқылдарды синтездей алады. Адам және жануарлар эволюциясы барысында пуысытруға болмайтын деп аталатын аса күрделі он аминқышқылдарды синтездей алмайтын болып қалады.

Ферменттер — барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакциялардьі жеделдетеді. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа болінеді:

оксидоредуктазалар,

трансферазалар,

гидролазалар,

лиазалар,

изомеразалар,

лигазалар.

Ферменттер жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Фермент немесе энзим (лат. ферментұм – ашу; грек. ен – ішінде, зім – ашытқы; 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған) алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат. Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз байланысты. Ферменттердің қызметі туралы алғашқы ғылыми еңбекті Кирхгофф (1814) жариялады. Кейін ашу үдерісі ашытқы клеткаларында ғана өтеді деген ұйғарым жасаған Л. Пастерге (1871), Либих ферменттер клеткалардың өмір сүруіндегі пайда болған өнім, ол клеткада да, олардан бөлек те қызмет атқарады деген қарсы пікір білдірді. Либихтің ғылыми көзқарасы М. Манассейна (1871), Бухнер (1897) зерттеулерінде эксперимент жүзінде дәлелденді. Клеткаларда синтезделген ферменттер өзіне тән арнайы қызметтерін организмнің барлық мүшелерінде атқарады. Ферменттік қасиет, негізінен глобулалық құрылымдағы ақуыздарға тән екені белгілі. Бірақ, қазіргі кезде кейбір фибриллалық ақуыздар да (актин, миозин) катализдік белсенділік көрсететіні анықталды.

Фосфор — аралық зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен көмірсулардың фосфорлану процесі жүреді, қанның қышқыл-сілігілік тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі, бұлшық еттің жиырылуын қуаттандыратын биохимиялық процестер атқарылады.

4.Қорытынды.Ферментативтік қызмет. Иірі ағзалардың әрбір жасушасында күрделі биологиялық реакциялар жүріп жатады. Жасушада реакциялардың жоғары шапшаңдықта өтуін биологиялқы катализаторлар (өрштікілер) – ферменттер қамтамасыз етеді.Әрбір фермент бір, кейде бірнеше реакцияларды жүргізіеді.Мсыалы, адамның қарын сөлінің ферменті пепсин қорегі нәруыздарды ғана ыдыратады, майлар мен көмірсуларға әсер ете алмайды! Тек майлар мен көмірсуларды ғана ыдырататын да ферменттер бар.

5.Бекіту кезеңі.

- Фермент дегеніміз не? Мысал келтіріңдер

- Нәруыздар ағзада қандай қызметтер атқарады?

- Нәруыз биосинтезі қалай іске қосады?

- Нәруыз молекулаларының қандай құрылымдары бар?

- Аминқышқылдар қандай топтардан тұрады?

Үйге тапсырма §4 21-23 бетте оқу №1 сызбанұсқа 28 бет Баяндама «Нәруыздар,Фермент»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Органикалық заттар,ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.

Автор: Муканова Гульбану Мукашевна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383295


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства