kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Омырт?алы жануарларды? ?анайналым ж?йесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімдік: о?ушылар?а омырт?алы жануарларды? ?анайналым ж?йесіні? ??рылысы мен ?ызметін т?сіндіру;омырт?алы жануарларды? ?анайналым ж?йесіні? ерекшеліктерін т?сіндіре отырып, жануарларды? даму де?гейімен, тіршілік ететін ортасымен байланыстылы?ын ме?герту;
Т?рбиелік: о?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейту, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру, саба?та?ы белсенді ?рекеті ар?ылы жауапкершілікке, ?йымшылды??а т?рбиелеу;
Дамытушылы?: а?паратты? ??ралдармен ж?мыс жасау да?дыларын дамыту, есте са?тау, ойлау, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.
?ажетті ??ралдар мен жабды?тар:
Интерактивті та?та жабды?тары, омырт?асыздарды? суреттері, омырт?алы жануарларды? суреттері, ватман, маркерлер
Саба?ты? т?рі: аралас саба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Омырт?алы жануарларды? ?анайналым ж?йесі »

Биология. 7 – сынып.
Сабақтың тақырыбы: Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі

Сабақтың мақсаты: 
Білімдік:
оқушыларға омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы мен қызметін түсіндіру;омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, жануарлардың даму деңгейімен, тіршілік ететін ортасымен байланыстылығын меңгерту;
Тәрбиелік: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру, сабақтағы белсенді әрекеті арқылы жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: ақпараттық құралдармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар мен жабдықтар:
Интерактивті тақта жабдықтары, омыртқасыздардың суреттері, омыртқалы жануарлардың суреттері, ватман, маркерлер
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер.
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, тексеру. 
А
.Сынып оқушыларымен фронталдық әңгіме:
Биология қандай ғылым?
Тірі организмдердің денесі неден тұрады?
Атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы қалай аталады?
Ұлпалардан не құралады?
Б. Қорыту: Көпжасушалы жануарлардың мүшелер жүйесі.
- асқорыту
- тынысалу
- қайналым
- зәршығару
- жүйке жүйесі
- тірек-бұлшықет жүйесі
В.Үй тапсырмасын сұрау:
Омыртқасыздардың қанайналым жүйесі.
Қанайналым дегеніміз не?
Қанайналым жүйесі неден тұрады?
Қанайналым қандай қызмет атқарады?
Омыртқасыздардағы қанайналым жүйесінің қандай типтері бар?
Қорытынды:

Қанайналым – организмде қанның қанайналым мүшелері арқылы қозғалысы. Негізгі мәні: организм мен сыртқы орта арасында газ және зат алмасуды қамтамасыз ету.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі.

Жоспары:
1.Балықтардың қанайналым жүйесі
2.Қосмекенділердің қанайналым жүйесі
3.Бауырымен жорғалаушылардың қанайналым жүйесі
4.Құстар мен сүтқоректілердің қанайналым жүйесі
Жаңа терминдер мен негізгі ұғымдар:
Вена қаны – көмірқышқыл газына қаныққан қан, түсі қоңыр қызыл болады.
Артерия қаны – оттегіге қаныққан қан.Түсі қызыл түсті болады.
Жүрек камералары – құлақша, қарынша.
Қантамырлары – вена, артерия, капиллярлар.
Қанайналым шеңберлері – үлкен, кіші қанайналым 
Жаңа сабақтың презентациясы:
1.Балықтардың қанайналым жүйесі:
1.Жүрек құрылысы:
Балықтардың жүрегі 2 камералы: 1 құлақша мен 1 қарыншадан тұрады.
2.Балықтардың қанайналымы 1 шеңбер бойымен жүзеге асады.
Жүректің қарыншасынан шыққан вена қаны (яғни көмірқышқыл газына қаныққан) құрсақ қолқасы арқылы желбезекке өтіп, желбезектен оңға және солға қантамырлар арқылы таралады. Олар желбезекте ұсақ қылтамырларға тармақталып, оттегіне қанығады. Артерия қанына айналады. Артерия қаны хорданың астындағы арқа қолқасына құйылып, қолқадан барлық мүшелерге қылтамырлар тармақталады. Ұлпаларда артерия қаны оттегіні беріп, көмірқышқыл газын және түрлі қажетсіз өнімдерді сіңіреді де, вена қантамырымен ағып, жүректің құлақшасына келіп құйылады.Ол жиырылып, қарыншаға өтеді.
2.Қосмекенділердің қанайналым жүйесі:
1.Жүрек құрылысы:
Қосмекенділердің жүрегі 3 камералы: 2 құлақша – оң жақ құлақша мен сол жақ құлақша, 1 қарыншадан тұрады. Бақаның сол жақ құлақшасында артерия қаны, оң жақ құлақшасында вена қаны болады.Құлақшалар жиырылғанда қан қарыншаға өтеді. Қарыншада вена және артерия қаны араласады да қарыншада аралас қан болады. 
2.Қосмекенділердің қанайналымы 2 шеңбер бойымен жүзеге асады. 
Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерімен айналып шығады.
Жүректің қарыншасынан шыққан аралас қан артерия қантамыры арқылы дененің артқы бөлігіне таралып, барлық мүшелер мен ұлпаларға оттегіні, қоректік заттарды жеткізеді де, көмірқышқыл газы мен қажетсіз өнімдерді сіңіріп вена қанына айналып вена қантамырымен жүрекке оралады. Бұл үлкен қанайналым шеңбері. Қан өкпе мен теріге одан, оттегіне қанығып, жүрекке оралатын тармағы кіші қанайналым шеңбері болып табылады. 
3.Бауырымен жорғалаушылардың қанайналым жүйесі
Бауырымен жорғалаушылардың қанайналымы қосмекенділердікіне ұқсас.Жүрек 3 камералы, 2 шеңбер бойымен қозғалады. Айырмашылығы: 
Жүректің қарыншасында жартылай перде болады. Бірақ ол оны толық бөлмегендіктен вена қаны мен артерия қаны аз болса да араласады. Сондықтан қарыншада да аралас қан болады.
4.Құстар мен сүтқоректілердің қанайналым жүйесі
Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі 4 бөліктен тұрады. 2 құлақша мен 2 қарынша. Жүректің сол жақ бөлігінде артерия қаны, оң жақ бөлігінде вена қаны болады. Қарынша 2 бөлікке бөлінгендіктен қан араласпайды. Қанайналым 2 шеңбер бойымен жүзеге асады.
Қанайналым жүйесінің заталмасу мен жануарлардың
таралуына әсері қандай? 
Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар - салқынқанды жануарларға жатқызылады. Бұл жануарлар салқын аймақтарда сирек таралған, қыста ұйқыға кетеді.Өйткені дене температуралары тұрақсыз, қоршаған орта температурасына тәуелді екен. Ал оның себебі заталмасу баяу жүргендіктен болады. Заталмасу неге баяу жүреді? Себебі қарыншада аралас қан болады. 
Құстар мен сүтқоректілер – жылықанды жануарларға жатқызылады. Бұл жануарлар барлық аймақтарда таралған. Себебі: дене температуралары тұрақты, қоршаған орта температурасына тәуелсіз екен. Бұл заталмасудың қарқынды жүруіне әсер етеді. Заталмасудың қарқынды болуы қан араласпағандықтан.
ТҮЙІН:
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі жануарлардың даму деңгейі мен ерекшелігіне байланысты күрделене түседі.
ІV.Жаңа тақырыпты бекіту.
№1 тапсырма. № 2 қосымша бойынша жұмыс.
Сәйкесін тап:
Жануарлардың суреттерін кестеге сәйкес орналастыру.
1 шеңберлі 2 шеңберлі Ашық типті
1 камералы
2 камералы
3 камералы
4 камералы

№2 тапсырма
Сызбанұсқаны толтыру.

№3 тапсырма
Сурет бойынша ажырату.
Омыртқалы жануарлардың жүрегі берілген.Анықтаңдар.
№4 тапсырма
Сүтқоректілердің жүрек бөліктерін жаз.
№5 тапсырма
Омыртқалылардың қанайналым жүйесін кесте бойынша салыстыру.

№6 тапсырма
Шығармашылық жұмысты қорғау.
Қанайналым, тынысалу, асқорыту жүйелері арасында қандай байланыс бар?

№7 тапсырма. №1 қосымша бойынша тест.

V.Қорытындылау.
Білетінім. Нені білдім? Нені білгім келеді?
Оқушылардың қорытындылауы.

VІ.Үйге тапсырма. §41.Біліміңді тексер.137-139 бет.
Бағалау. Бағалау парағы бойынша.




Сабаққа қосымшалар.

1 қосымша.
5 дұрыс жауапқа – «5» 
4 дұрыс жауапқа – «4» 
3 дұрыс жауапқа – «3» 
2 дұрыс жауапқа – «2» 

Тест 
I Нұсқа 
1. Жүрегі 2 құлақшадан, бір қарыншадан тұрады: 
А) Сүйекті балықтар 
В) Шеміршекті балықтар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Сүтқоректілер 
2. Жорғалаушылардың кіші қанайналым шеңбері басталады: 
А) оң жақ қарыншадан 
В) сол жақ қарыншадан 
С) оң жақ құлақшадан 
Д) сол жақ құлақшадан 
Е) қарыншадан 
3. Вена және артерия қаны араласпайды. 
А) Сүйекті балықтар 
В) Жорғалаушылар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Шеміршекті балықтар 
4. Жылықанды жануар: 
А) Сүйекті балықтар 
В) Жорғалаушылар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Шеміршекті балықтар 
5. Қанайналым жүйесі біршеңберлі 
А) Балықтар 
В) Жорғалаушылар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Сүтқоректілер 

II. Нұсқа 
1. Жүрегі 2 құлақшадан, 2 қарыншадан тұрады: 
А) Сүйекті балықтар 
В) Шеміршекті балықтар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Жорғалаушылар 
2. Сүтқоретілердың үлкен қанайналым шеңбері басталады: 
А) оң жақ қарыншадан 
В) сол жақ құлақшадан 
С) сол жақ қарыншадан 
Д) оң жақ құлақшадан 
Е) қарыншадан 
3. Денесіне аралас қан тарайды 
А) Балықтар 
В) Жорғалаушылар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Сүтқоректілер 
4. Жүректің оң жақ бөлігіне түсетін қан: 
А) оттекке қанықпаған вена қаны 
В) оттекке қаныққан вена қаны 
С) оттекке қанықпаған артерия қаны 
Д) оттекке қаныққан артерия қаны 
Е) аралас қан 
5. Жылықанды жануар: 
А) Сүйекті балықтар 
В) Жорғалаушылар 
С) Сүтқоректілер 
Д) Қосмекенділер 
Е) Шеміршекті балықтар 
III. Нұсқа 
1.Жүрегі бір қарыншадан және бір құлақшадан тұрады: 
А) Балықтар 
В) Жорғалаушылар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Сүтқоректілер 
2. Құстардың кіші қанайналым шеңбері аяқталады: 
А) сол жақ құлақшада 
В) оң жақ қарыншада 
С) оң жақ құлақшада 
Д) сол жақ қарыншада 
Е) қарыншада 
3. Барлық мүшелерге артерия қаны мол аралас қан тарайды. 
А) Балықтар 
В) Жорғалаушылар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Сүтқоректілер 
4. Жүректің сол жақ бөлігіне түсетін қан: 
А) оттекке қанықпаған вена қаны 
В) оттекке қаныққан вена қаны 
С) оттекке қанықпаған артерия қаны 
Д) оттекке қаныққан артерия қаны 
Е) аралас қан 
5. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы: 
а) кіші қанайналым шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері 
IV. Нұсқа 
1.Жүрегі үш бөлімді, қарыншада жартылай перде бар 
А) Балықтар 
В) Жорғалаушылар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Сүтқоректілер 
2. Жорғалаушылардың үлкен қанайналым шеңбері аяқталады: 
А) сол жақ құлақшада 
В) оң жақ қарыншада 
С) оң жақ құлақшада 
Д) сол жақ қарыншада 
Е) қарыншада 
3. Жүрегінде үнемі вена қаны ағады: 
А) Балықтар 
В) Жорғалаушылар 
С) Құстар 
Д) Қосмекенділер 
Е) Сүтқоректілер 
4. Түсі қызыл - қоңыр, көмірқышқыл газына қаныққан қан: 
а) вена қаны ә) артерия қаны 
5. Құстардың кіші қанайналым шеңбері басталады: 
А) сол жақ құлақшада 
В) оң жақ қарыншада 
С) оң жақ құлақшада 
Д) сол жақ қарыншада 
Е) қарыншада 




Дұрыс жауаптары.


І нұсқа

ІІ нұсқа

ІІІ нұсқа

IV нұсқа

1

Д

С

А

В

2

Е

С

А

С

3

С

Д

В

А

4

С

А

Д

А

5

А

С

А

В






2 қосымша

Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесіне салыстырмалы сипаттама.

Балықтардың қанайналым жүйесі:

          • Бір қанайналым шеңбер

  • Екі қуысты жүрек         

Қосмекенділердің қанайналым жүйесі:


  • Екі қанайналым шеңбер

  • Үш қуысты жүрек

Бауырымен жорғалаушылар:


  • Екі қанайналым шеңбер

  • Үш қуысты, қуыс пердесі толығымен жабылмаған, аралас қан ағады

Құстардың қанайналым жүйесі:


  • Екі қанайналым шеңбері

  • Төрт қуысты жүрек

Сүтқоректілердің жүрегі:



  • Екі қанайналым шеңбері

  • Төрт қуысты жүрек


Балықтар: 
Жүрегі екі куысты, бір қарынша және бір құлақша 
Қанайналым жүйесі біршеңберлі 
Қанның жолы: 
Жүрек қарыншасы (вена қаны) 
құрсақ қолқасы 
желбезек (газ алмасу, артерия қаны) 
желбезек тамырлары 
арқа қолқасы 
артерия қан тамырлар 
қылтамырлар 
мүшелері (газ алмасу , вена қаны) 
вена қантамыры 
қарынша. 

Ерекшелігі: 
Жүректе үнемі вена қаны 
ағады. 
Қосмекенділер: Жүрегі үш бөлімді, екі құлақша, бір қарынша. 
Қанайналым жүйесі екішеңберлі. 
Қанның жолы: 
1.Қарынша (аралас қан) 
артерия қан 
тамырлары 
қылтамырлар 
мүшелері (газ алмасу , вена қаны) 
вена қантамыры 
оң жақ құлақша – үлкен қанайналым шеңбері 
2. Қарынша (вена қаны) 
өкпе артериясы 
өкпе мен тері (газ алмасу, артерия қаны) 
өкпе венасы 
сол жақ құлақша - 
кіші қанайналым шеңбері. 
Ерекшелігі: 
1.Денесіне аралас қан тарайды 
2.Өкпеге – вена қаны 
3.Басқа – артерия қаны 
Жорғалаушылар: 
Жүрегі үш бөлімді, екі құлақша, бір қарынша (қарыншада жартылай перде бар) 
Қанайналым жүйесі екішеңберлі. 
Қанның жолы: 
1.Қарынша (артерия қаны) 
артерия қан тамырлары 
қылтамырлар 
мүшелері (газ алмасу , вена қаны) 
вена қантамыры 
оң жақ құлақша - үлкен қанайналым шеңбері. 
2. Қарынша (вена қаны) 
өкпе артериясы 
өкпе (газ алмасу, артерия қаны) 
өкпе венасы 
сол жақ құлақша - кіші қанайналым шеңбері. 
Ерекшелігі: 
1.Жүрек қарыншасы жартылай пердемен екі бөлімге бөлінеді. 
2. Барлық мүшелерге артерия қаны мол аралас қан тарайды. 
3. Өкпеге – вена қаны 
3.Басқа – артерия қаны 
Құстар, сүтқоретілер: 
Жүрегі төрт бөлімнен тұрады, екі құлақша, екі қарынша. 
Қанайналым жүйесі екішеңберлі. 
Қанның жолы: 
1.Сол жақ қарынша (артерия қаны) 
қолқа артерия қан тамырлары 
қылтамырлар бас, аяқ, ішкі мүшелері (газ алмасу , вена қаны) вена қантамыры 
оң жақ құлақша - үлкен қанайналым шеңбері. 
2. Оң жақ қарынша (вена қаны) өкпе артериясы өкпе (газ алмасу, артерия қаны) өкпе венасы сол жақ құлақша - кіші қанайналым шеңбері. 
Ерекшелігі: 
1. Жүрек қарыншасының пердесі оны толық екі бөлімге бөледі. 
2. Вена және артерия қаны араласпайды.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Омырт?алы жануарларды? ?анайналым ж?йесі

Автор: Шопанов Аскарбек Жумагалиевич

Дата: 24.02.2015

Номер свидетельства: 178086


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства