kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ытуды? ?ш?лшемді ?дістемелік ж?йесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ытуды?  ?ш?лшемді ?дістемелік ж?йесі

 

Досм?ханова Майра  ?уанды??ызы

№2мектеп – гимназиясыны? биология

п?ні м??алімі 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ытуды? ?ш?лшемді ?дістемелік ж?йесі »

Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі


Досмұханова Майра Қуандыққызы

№2мектеп – гимназиясының биология

пәні мұғалімі

Бүгінгі таңда оқушыларға сабақты жаңа технология әдістерімен өткізу заман талабы болып отыр. Осы бағытта «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы бойынша биологиядан 7-сыныпқа өткізілген «Ішекқуыстылар типі, негізгі ерекшеліктері» атты сабақ үлгісін ұсынып отырмын.




«Көпір» тапсырмалары

І – кезең

Ұйымдастыру кезеңі


  1. Көпжасушалы жануарларға қандай жануарлар жатады?

Жауабы: Губкалар, ішекқуыстылар, жалпақ және буылтық құрттар

  1. Типтің ішекқуыстылар деп аталу себебі:

Жауабы: Денесі екі қабаттан тұрады, денесінде бір ғана қуыстың болуы

  1. Ішекқуыстылар типі 3 класқа жіктеледі, атап шық?

Жауабы: 1. Гидротектестер (гидроидты)

2. Табақшатәрізділер (сцифоидты)

3. Көпаяқты маржандар (плоиптер)

4) Алғашқы көпжасушалы ағзалар типінің атауы?

Жауабы: Қарапайымдылар

5) Гидраның мекен ортасы қандай?

Жауабы: Тұщы суда тіршілік етеді

Теориясы: «Білу»

Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?

ІІ кезең

6) Гидраны ең алғаш туысқа жатқызған ғалым кім?

Жауабы:

К.Линней

7) Регенерация құбылысы дегеніміз не?

Жауабы:

Жойылған және зақымданған мүшелер мен ұлпалардың

қалпына келтіру қызметі

8) Қай жылы Ч.Дарвин риф түзілу теориясын жариялады?

Жауабы:

1842 жылы

9) Ішекқуыстылардың атпа жасушалары қайда орналасқан?

Жауабы:

Сыртқы қабаты – эктодермада орналасқан

10) Атпа жасушалы қандай қызмет атқарады

Жауабы:

Қорғаныш және қорегін аулау үшін қажет.

Теориясы «Түсіну» Неліктен? Себебі?

Не үшін? Неге ?


11) Неліктен ішекқуыстылар көпжасушалы жәндіктерге жатқызылады?

Жауабы: Себебі денесі өте көп жасушалардан тұратындықтан,

сонымен қатар денесі кем дегенде екі қабаттан құралуы қажет.

12) Көпаяқты маржандар аталуының себебі?

Жауабы:

Себебі бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік

етеді.

13) Не үшін медузаларды қолшатыр немесе қоңырау тәріздес

деп атайды?

Жауабы:

Себебі аузы мен қармалауыштары төмен қарай бағытталады да,

денесінің үстіңгі жағы ашылған қолшатырға ұқсайды.

14) Неге ішекқуыстыларда артқы тесігі болмайды?

Жауабы:

Дене қуысы қапшық тәрізді тұйық болғандықтан, артқы

тесігі болмайды, қорытылмаған ас ауыз арқылы сыртқа

шығарылады.

Теориясы «Талдау» (салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.с.с. және бастысын бөліп шығар)













«Жинақтау»

Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйелі, кесте, сызба сөзжұмбақ, ребус, т.б түріндегі тапсырмалар

Гидраның ішкі және сыртқы қабаттарындағы жасушаларының құрылысын ажырат.

Дене қабаты

Жасушаның түрі

Атқаратын қызметі

Эктодерма

Тері - бұлшықет

Жабын, қозғалу


Атпа

Қорғаныш, қорегін аулау


Аралық

Өсу, қайтадан қалпына келу


Жыныстық

Жыныстық көбею

Эктодерма



Ас қорыту сөлін құрып, ішек қуысына бөледі


Асқорыту, бұлшықет

Жасушаішілік ас қорыту қам.з етеді


ІШЕКҚУЫСТЫЛАР


1







2









3










4










5









6










7










8














  1. Гидраның мекен ортасы.

  2. Гидраның сыртқы және ішкі қабаттарының арасындағы қуысты толтырып тұратын желім тәрізді іркілдек зат.

  3. Гидра денесіндегі жиырылу қызметін атқаратын жасушалардың аты.

  4. Гидраның ас қорыту қуысын астарлап жатқан қабаты.

  5. Гидра денесінің сыртын қаптап жауып жататын қабат.

  6. Гидраның жыныссыз көбею жолы.

  7. Гидраның ауыз тесігінің айналасында орналасқан қорегін ұстауға қатысатын өсінділердің аты.

  8. Алғашқы көпжасушалы ағзалар типінің атауы.

Жауаптары:

  1. Тұщы су 5. Эктодерма

  2. Мезоглея 6. Бүршіктену

  3. Етталшықты 7. Қармалауыш

  4. Энтодерма 8. Ішекқуыстылар



Практика «Қолдану»

(қарапайым тапсырмалар берілу керек)







Топтастыру стратегиясы


Біржасушалы жәндіктер

Көпжасушалы жәндіктер









  1. Саркоталшықтар

  2. Табақшатәріздестер

  3. Споралылар

  4. Гидратәріздес

  5. Кірпікшелілер

  6. Көпқармалауышты маржандар

Практика «Баға беру»

(сен қалай ойлайсың? не істер едің? Сұрақтары қатыстырылған тапсырмалар болу керек)

Мысалы, гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар болады, неліктен бұл жасушалар тек гидрада кездеседі? Сен қалай ойлайсың?

Жауабы: бұл жасушалар аралық жасушалар деп аталады. Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі. Олардан тері – бұлшықет, жүйке және басқа жасушалар түзіліп, зақымданған жері тез қалпына келеді.

Теориясы

«Білу» Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?

ІІІ кезең

І – деңгей (5 балл)

  1. Гидраны алғаш тауып сипаттаған кім?

Жауабы: Трамбле

  1. Гидраның мекен ортасы не? (тұщы су)

Ішекқуыстылар жіктелуі.........................................

(гидроидтар, сцифоидтар, полиптер)

  1. Ең алғашқы көпжасушалы ағза..........................................

(гидра)

  1. Ішекқуыстылар типінің 9000 – ға жуық түрі қайда мекен етеді?

Жауабы: теңіздер мен мұхиттарда

  1. Асқорыту және қозғалыс қызметін ішекқуыстылардың қай қабаты атқарады?

Жауабы: Эктодерма

Практикасы: «Қолдану»

(ІІ кезеңдегі қолдану үлгісі бойынша)



Теориясы

«Түсіну»

Неліктен?

Себебі? Не үшін? Неге?



















Теориясы «Талдау»

Салыстыр ерекшелігі неде? т.б.с.с. және бастысын бөліп шығар






Практикасы: «Қолдану»

(жоғарыдағы қарапайым тапсырмалар үлгісінде болу керек)

  1. Құлақты медузадан қандай аспап жасалады, неліктен олай аталған?

Жауабы: Медузалардың дыбыс тербелісін сезгіштігі негізінде теңіз дауылын алдын – ала болжайтын «медуза құлағы» деген аспап жасалған.

ІІ – деңгей (5 балл + 4 балл =9 балл)

  1. Неліктен Цианея капиллата ғалымдардың зерттеуі бойынша ең ірі ішекқуысты жәндік деп аталады?

Жауабы: Атлант мұхитының солтүстік батысында өмір сүретін, көлденеңінен 2.28, ал қармалауыштарының ұзындығы 36.5 метрге жететіндіктен ең үлкен жәндік ретінде қарастырылады.

  1. Не себепті медузалар мен маржан көпаяқтыларын жыртқыш жәндіктер деп атайды?

Жауабы: себебі теңіз суларымен мұхиттарындағы ұсақ жәндіктер-мен қоректенеді.

  1. Ішекқуыстыларында аузының айналасында қармалауыштары орналасқан?

Жауабы: өйткені ауызының айналасындағы қармалауыштары арқылы жемтігін аулауға және жауынан қорғауға қажет.

  1. Неге полиптер секілді медузаларда бір затқа бекінетін табаны болмайды?

Жауабы: себебі аузы мен қармалауыштары арқылы суда еркін жүзе алатындықтан табаны болмайды.

  1. Мына кестеде көрсетілген ішекқуыстыларды салыстыр


Медузалар

Ортақ белгілер

Көпаяқты маржандар

Отырықшы тіршілік етеді.

Бекінетін табан болмайды.

Дыбыс шығарады, теңіз дауылын байқауға болады.

Ішекқуыстылар типі

Екі қабат:

энтодерма, эктодерма.

Мекен ортасы бірдей:

теңізде, мұхитта

Қармалауыштары бар

Қоректері бір, ұсақ жәндіктер

Суда еркін жүзеді

Табан болады

Қаңқаларынан әк түзіліп, үйінді пайда болады, одан риф, шеңберлі жартас атолл түзеді


13.Мына сөздіктерге мағынасын түсіндіріңдер.

Полип – маржан, яғни грекше көп және аяқ сөзінің қосындысы, көпаяқты маржан.

Регенерация –жойылған, зақымданған мүшелер мен ұлпаларды қалпына келтіру.

Планула – жалпақ жұмыртқа дернәсілі

Риф – қаңқалар үйіндісінен құралған жартас

Атолл – шеңберлі жартас

Ауреллия – құлақты медуза атауы

Теориясы «Жинақтау»

(қорытынды шығар, сызба, сөзжұмбақ құрастыр сияқты тапсырмалар болу керек)

ІІІ – деңгей

(9 балл + 3 балл= 2 балл)

12.

Гидраның ішкі және сыртқы құрылысын анықтап, атқаратын қызметтеріне тоқталып шық.






  1. Сезімтал жасуша

  2. Атпа жасушалары

  3. Тері – бұлшықет жасушасы

  4. Аралық жасуша

  5. Жүйке жасуша

  6. Асқорыту бұлшықет жасушасы

  7. Ядро безді жасуша





13.

1



2





3






4






5







6






7






8







9








  1. Гидраның дене пішіні сақталған орта.

  2. Гидраның қорғануға, қорегін аулауға қолданатын жасушалардың аты

  3. Ең алғашқы көпжасушалы ағзалар

  4. Гидра денесінің затқа бекінетін атауы

  5. Гидраның алғаш туысқа жатқызған ғалым

  6. Ішекқуыстылардың пішіні қолшатырға ұқсайтын өкілі

  7. Ішекқуыстылардың теңіздерде арал түзетін орны

  8. Маржан полиптерінің ішінде жеке тіршілік ететін өкілі

  9. Гидраны ең алғаш тауып сипаттаған ғалым


Жауаптары:

  1. Су 4. Табан 7. Маржан

  2. Атпа 5. Линней 8. Актиния

  3. Гидра 6. Медуза 9. Трамбле

Практика «Бағалау»

(Сен қалай ойлайсың?

Не істер едің?)

Қазіргі кезде теңіздер мен мұхиттарды адамдар өз шаруашылығына пайдалана отырып, зиян келтіруде. Міне, осының салдарынан теңіз жануарлары зардап шегіп, қырылуда. Сен қалай ойлайсың, өз ойыңды толықтыр, қандай үлес қосар едің? Сен көмекші ретінде не істер едің?

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________



Шалқар қаласы

Ақтөбе облысы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ытуды? ?ш?лшемді ?дістемелік ж?йесі

Автор: Досмуханова Майра Куандыковна

Дата: 03.04.2015

Номер свидетельства: 196279


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства