Сынып: 7 Күні: Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Насекомдардың көптүрлілігі және ерекшеліктері. Мекен ету ортасы
Насекомдардың ішкі және сыртқы құрылысы
№ 4 зертханалық жұмыс
«Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы»
Насекомдардың негізгі отрядтары.
Насекомдардың дамуы (тура, шала, түрленіп)
Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
№ 5 зертханалық жұмыс
«Бау-бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеу» (демонстрация)
Сабақтың жалпы мақсаты:
Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Сабақтың типі: дәстүрлі емес ( модульдік)
Қолданылатын көрнекіліктер: АКТ, презентация, тірек- сызба
Сабақтың жоспары:
Бөлімі | Сабақ реті | Сабақтың мазмұны мен түрі | Сағат саны |
Кіріспе | 1-сабақ | 1. Кіріспе бөлім 2. Тірек -сызбаларымен тақырыпты түсіндіру 3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс 4. Қорытындылау | 1 сағат |
Сөйлесу бөлімі | 2-сабақ | № 4 зертханалық жұмыс «Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы» | 1 сағат |
3-cабақ | Өзіндік жұмыс «Біліміңді сына» Деңгейлік тапсырмалар (сұрақ-жауап түрінде) | 1 сағат |
4-сабақ | 1. «Қарлы кесек» ойыны 2.«Жүйелеуге кім жүйрік?» Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны № 5 зертханалық жұмыс «Бау-бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеу» (демонстрация) 3. Қорытынды бөлімге дайындық | 1 сағат |
Қорытынды | 1-сабақ | №1 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ: «Омыртқасыздар типі» -
Бағалау | 1 сағат |
Кіріспе бөлім
Бунақденелілер класы( 35 отряд,
700 000 /млн./ жуық түрлері бар)
Туақанатсыздар Қанаттылар
Бунақденелілердің ауыз мүшесінің құрылысы
Шыбын Сүзіп жалаушы
Қоңыздар Кеміруші
Балара Кеміріп-жалаушы
Маса Шаншып-сорушы
Көбелек Түтік тәрізді
Қанаттылар отряды:
турақанаттылар – шегіртке, шекшек, бұзаубас
қатқылқанаттылар – қоңыздар
қабыршаққанаттылар – көбелектер
қосқанаттылар – маса, құмыты, шіркей, шыбын
жарғаққанаттылар – құмырсқа, балара, шаншар
теңқанаттылар – бітелер.
Бекіту. Тақырып соңындағы деңгейлік тапсырмалар.
Үйге тапсырма: Кіріспе бөлімі бойынша берілетін тапсырмалар §оқу. Термин сөздерді жаттап келу
Бағалау.
2-сабақ
№ 4 зертханалық жұмыс «Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы»
Мақсаты:бунақденелілердің ішіндегі бөлме шыбының сыртқы құрылысын анықтау
Көрнекіліктер: бөлме шыбынының құрылысының суреті
Жұмыс барысы.
1. Бунақденелілер неліктен буынаяқтылар типіне жатқызылған?
2. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
3. Бунақденелілер қалай көбейеді?
4. Бунақденелілердің табиғатта рөлі қандай?
Қорытынды. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4-сабақ
1-тапсырма. «Қарлы кесек » оқыта үйрету ойыны
Бұл кезеңде сынып оқушылары топтасып жұмыс жасайды
Оқушыларды ойынның жоспары, мақсатымен таныстыру (әр топ мүшелеріне бірнеше сұрақ қойылады).
І - топ.
1.Көкқасқа шегіртке неге өте қауіпті зиянкес жәндік болып саналады?
2. Толық түрленіп даму дегеніміз не?
3. Имаго -дегеніміз не?
4. Бунақденелерді зерттейтін ғылым саласы?
5. Бунақденелердің табиғаттағы маңызы?
ІІ - топ.
1. Бунақденелердің зияны
2.Бунақденелердің тыныс алу мүшесі
3.Шала түрленіп даму дегеніміз не?
4. Бунақденелілердің зәршығару мүшесі
5.Бунақденелілердің ми бөліктері
2-тапсырма. Сандық диктант 1 – “ иә”
0- “ жоқ”
1. Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады
2. Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ
3. Демтүтік арқылы тыныс алады
4. Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.
5. Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.
6. Имаго-дернәсілдің бір түрі.
7. Инелік толық түрленіп дамиды.
8. Қанқыз –зиянды жәндік.
9. Жаяушегірткелер -қанатсыз дернәсілдер
10. Энтомология –бунақденелілерді зерттейді
Диктант жауаптары:
1-1, 2-0, 3-1, 4-0, 5-1, 6-0, 7-0, 8-0, 9-1, 10-1
3-тапсырма. «Жүйелеуге кім жүйрік?»
Бунақденелілер систематикасын құру. Алдымен бунақденелілер систематикасын құрмас бұрын өткенді еске түсіре отырып, мына сұрақтарға жауап береміз.
1. Патшалық нешеге бөлінеді? Бунақденелілер қандай патшалыққа жатады?
2. Бунақденелілер қандай типке біріктіріледі?
3. Буынаяқтылар класы нешеге бөлінеді?
4. Бунақденелілер неше класс тармағына бөлінеді?
5. Бунақденелілер қандай белгілеріне қарай отрядқа бөлінеді?
6. Ұқсас түрлер неге біріктіріледі?
7. Жүйелеудегі ең кіші өлшем бірлікті ата.
Мына бунақденелілерді жүйелейміз: бал ара, зауза қоңызы
Патшалық: жануарлар
Типі: буынаяқтылар
Класы: бунақденелілер
Класс тармағы: қанаттылар
Отряды: жарғаққанаттылар
Туысы: аралар
Түрі: бал арасы
Патшалық: жануарлар
Типі: буынаяқтылар
Класы: бунақденелілер
Класс тармағы: қанаттылар
Отряды: қатқылқанаттылар
Туысы: қоңыздар
Түрі: зауза қоңыз
№5 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Бау-бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеу» (демонстрация)
Мақсаты. Бақшаға зиянын келтіретін баунақденелілерді зерттеу
Құрал-жабдықтар: Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасы
Жұмыс барысы.
1. Бунақденелілер қалай көбейеді?
2. Бунақденелілердің сыртқы құрылысын қарап, дене бөлімдерін тап. Оларды суретке жаз.
3. Қарастырылған буынаяқты жәндіктердің 3 класының өкілдерін салыстыра отырып, кестені толтыр.
Класс | Дене бөлімдері | Аяқтарының саны | Зәр шығару жүйесі | Қан тарату жүйесі | Көзі |
Шаянтәрізділер | Баскөкірек пен құрсақ | - | Бездер арқылы | Ашық | Көру мүшесі дамыған |
Өрмекшітәрізділер | Баскөкірек пен құрсақ | 8 аяқ | Сатанбез және мальпигий тамырлары | Ашық | Көздері қарапайым |
Бунақденелілер | Бас, көкірек, құрсақ | 6 аяқ | Малпигий түтікшелері | Ашық | Жай және күрделі құрылысты көздер |
Қорытынды жаса: қандай белгілеріне байланысты бұл жәндіктер бір типке біріктірілген: __________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Үйге тапсырма § Оқып келу. №1 бақылау жұмысына дайындалып келу.
Бағалау.
Үлестірме парақшалар беру.
Отряд | Өкілдері | Қанаттарына сипаттама | Ауыз аппараттарының типі | Даму типі |
Турақанаттылар | Азиаттық шегіртке, шекшек, бұзаубас | Жұп. Бірінші жұбы-жарғақ қанат, тура қанаттың астына орналасады. Көлденең жүйкелі қанат. | Кеміруші | Толық емес |
Теңқанаттылар | Бітелер, қалқаншалылар | Бірдей жүйкелеген қанаттары жұп. Көп жағдайда бірінші жұбы дамыған. | Тұмсығымен шаншып сорушы | Толық емес |
Шалақатқыл- қанаттылар немесе кандалалар | Су кандаласы, төсек кандаласы | Жұп. Бірінші жұбы қысқарған немесе мүлде жоқ, екіншісіне қарағанда тығызырақ | Шаншып сорушы | Толық емес |
Қатқыл- Қанаттылар немесе қоңыздар | Колорад қоңызы, қиқоңыз, қанқыз | Жұп. Қан түсті, қатты да қатқыл. Екінші жұбы жарғақты. | Кеміргіш | Толық жетілу |
Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер | Орамжапырақ,ақшыл ақкөбелек, тұт көбелегі, қаракүйе | Жұп. Қанаты қабыршақты, жүйкеленуі торлы. | Көбінесе кеміруге бейімделген | Толық айналым: жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ |
Қосқанатталар | Маса, шіркей, көкбас, сона, бөгелек | Бірінші жұп торлы жүйкелеген, жарғақты қанат. | Шаншып сорушы немесе жалаушы | Толық түрленіп даму |
Жарғаққанаттылар | Бал арасы, астық қиғы, шаншар | Екі жұп жарғакты, мөлдір торлы жүйкелі | Кеміруші, жалап кеміруші | Толық түрленіп даму, құрт тәрізді дернәсіл |