О?ушыларды ас ?орыту м?шелеріні? ??рылысымен таныстыру. Оларды? ат?аратын ?ызметі жайлы ке? а?парат беру ж?не тама?тануды? гигиенасы жайлы білімін кеіейту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«М?шелерде асты? ?орытылуы»
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Дүкен ауылы,
Дүкен негізгі мектебінің
биология және химия пәндерінің мұғалімі
Жұбаназар Серімжан Мінайдарұлы
Cабақтытың тақырыбы: Мүшелерде астың қорытылуы
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды ас қорыту мүшелерінің құрылысымен, қызметімен таныстыру, қоректік затардың қорытылу туралы түсініктер беру. Олардың білім деңгейін жетілдіру
Дамытушылық:Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту Оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойын жеткізе білуге, дұрыс тамақтанудың маңызын біле отырып, өзінің тамақтану тәртібіне сын көзбен қарауға үйрету, ауыз қуысының гигиеналық талабы, тіс күтіміне көңіл бөлуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: проблемалық.
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, тірек-сызба, Сызба, «Ас қорыту мүшелері», Үлестірме материалдар. «Тістің құрылысы» сурет сызбасы.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістемелері, логикалық тапсырмалар, іскерлік ойындар
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту ІІІ. «Ой қозғау»
ІV. Топтастыру стратегиясы:
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
VI. Сәйкестендіру
VII. Тест
VIII. Бекіту сұрақтары
IX. Қорытынды.
X. Үйге тапсырма беру
XI. Бағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайтын құрал.
2.Тыныс орталықтары орналасқан жүйке жүйесі бөлімі.
3.Құрамында 400 зиянды зат бар, адам организміне зиян келтіретін зат.
4.Темекі тартқан кезде ол мүшенің құрылысы мен қызметін бұзады.
5.Атмосфераның басты ластаушылары
ІІІ. «Ой қозғау»
1.Ас қорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай?
2.Тамақ өнімдері дегеніміз не?
3.Қоректік заттар дегніміз не?
4.Ас қорыту дегеніміз не?
5.Адам ағзазы үшін тамақтың маңызы қандай?
6.Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері мен қызметі қандай?
ІV. Топтастыру стратегиясы:
І топ
Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер қандай заттар?
Нәруыз қандай азық-түлікте болады және адам ағзасы күніне қанша мөлшерде нәруыз қажет етеді?
ІІ топ
Көмірсулар қандай азық-түлікте болады? Күнделікті өмірде көмірсуға тәуліктік қажетсіну мөлшері?
Май қандай азық-түлікте болады? Күніне ағзаға қанша май қажет?
ІІІ топ
Организмнің негізгі құрылыс материалы -
Күнделікті өмірде көбірек қолданылатын минералды зат.
V. Ауыз қуысындағы астың қорытылуы. Ауыз қуысы — төменгі жағынан — бұлшық етпен, алдыңғы жағынан — тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды. Үстіңгі жағы қатты және жұмсақ таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы жағында қалтарыстарға айналады. Тандай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар. Ауыз қуысында үш жұп сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Адам тәулігіне 1 литрге бөледі
Ас қорыту жолы
Ауыз қуысы:тіл,тіс
Жұтқыншақ
Өңеш
Қарын
Ұлтабар
Аш ішек
Тоқ ішек
Тік ішек
Сілекей безінің қызметін И.П. Павлов итке тәжірибе жасау аркылы зерттеп, аныктады.
И.П. Павлов иттің бір сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығарып тігіп, оған сілекей жинайтын шыны түтік орнатты. Итті тамактандырғанда, сілекей ауыздын ішінде бөлінбей, сілекей жинайтын шыны түтікке болінеді. Сөйтіп, жиналған сілекейдің құрамы зерттелді. Ауыз қуысында коректік заттар тіл және сілекейдің катысуымен, тіс аркылы шайналып, сілекей құрамындағы ферменттер әсерінен қорытыла бастайды. Егер нанды көбірек шайнасақ, тәтті дөмі сезіледі. көмірсулардың сілекейдегі ферменттер әсерінен ыдырауына байланысты. Ас ауыз қуысынан жұткыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң қарынға түседі. Жұтқыншақ тыныс алу жолдарымен қатысады. Асты жұтқанда, бұл жолдар жабылады. Қарында ас 3-10 сағат аралығында, қарын сөлінің әсерінен корытылады. Онда, ең алдымен, нәруыз қорытылып, ыдырайды. Қарын сөлінде нәруызды қорытатын, ферментті белсендіретін тұз қышқылы бар.
Асқазан- ас қорыту жолының көлемді ұлғаюы.Сыйымдылығы 3 л, ұзындығы 25-30 см,ені 14 см.
Нәруызды ыдырататын пепсин ферменті үшін қышқылдан басқа қарындағы қызу 38—39°С-ка тең болуы. Сондықтан тамақтану гигиенасын сақтамаса, астың қорытылуы өзгеріп, қарынның қыжылдау сезіледі. Қарында ас қорытудың өзгеруі үнемі ыстық немесе өте салкын және құрғак тағамдарды жиі ішуден болады. Қарындағы астың корытылуын зерттеу үшін И.П. Павлов иттің қарнының түбін кесіп, одан кішкентай қарынша жасады. Ішкі шырышты қабыкшасы бүтін калпында сақталғандықтан, ас үлкен карында корытылған кезде кіші карыншшада ("Павлов карыншасы") сөл (астын сапасына байланысты) мөлдір таза қалпында иттің денесіне жабыстырылған шыны түтікке тамшылап ағады.
Шала қорытылған қоймалжын ас ботқасы ас қорыту жүйесінің келесі белімі — аш ішекке біртіндеп, өткізеді. Аш ішектің үзындығы — 5—6 м. Оның басты бөлімі — ұлтабар ұшы немесе он екі елі ішек деп аталады. Ұлтабар ұшының ұындығы 12 еліге тең.
Бауырдан бөлінетін өт — сарғыш жасыл түсті. Өттің әсерімен май ұсак тамшыларға ыдырап, тез корытылады. Бауыр — ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауырда өттен басқа организмнің тіршілігі үшін қажетті көп зат түзіледі. Бауыр мүшелердің тіршілігінен пайда болған организмдегі улы заттарды залалсыздандырып отырады. Сондықтан бауырды "организм лабораториясы" деп те атайды. Зат алмасудын бұзылуынан өт қабында түрлі тастар, кұм пайда болып, өттің түтікшеден ағуына кедергі жасайды .
Ұйкы безі мөлдір түсті сөл бөледі. Ұйқы безінің сөлі сілтілі орта болғандықтан, онын құрамындағы майды, нәруызды, көмірсуларды қорытатын ферменттердін әсер етуіне қолайлы жағдай туады. Ұлтабар ұшында астың негізгі қорытылуы аякталады. Қоймалжың ас ботқасы аш ішектің келесі бөліміне өтеді де, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектің бойында толып жатқан түтікше бездерден бөлінетін сөлдің әсерінен болады. Ішек сөлі қоректік заттарды — нәруызды, майларды, көмірсуларды ерігіш күйге айналдырады. Астыц сіңуі. Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүртіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа тамырлары орналасады. Бүртіктердің аш ішектегі асты сіңіріп (сорып) алатын көлемі 4—5 ма-ден 400—500 м2-ге дейін болады. Аш ішектегі қорытылған қоректік заттардың ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға өтіп, майдың ерітінділері негізінен лимфаға сіңеді. Астың тоқ ішекте қорытылуы. Аш ішекте қорытылмаған заттар ток ішекке өтіп, жиналады. Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы қан тамырлары арқылы қанға өтеді. Сөйтіп, қорытылмаған қалдық заттар тығыздалып, тік ішекке түседі. Одан соң нәжіс болып организмнен сыртқа шығарылады. Тоқ ішектегі су қанға сіңіріледі. Ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді.
Күніне төрт мезгіл тамақтанған жөн. Күніне төрт рет тамақтанатын асты былай мөлшерлеген дұрыс: ертенгі ас — 25%, түскі ас — 50%, сәскелік ас — 10%, кешкі ас — 15%..
Есітеріңде болсын!
Тамақты өте кеш ішу және құрғақ тағамдарды жиі пайдалану асқазанның ауруы пайда болады. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Асты ішуден бұрын қолды мұкият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көруге, сөйлесуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Ac ішкеннен кейін ауызды сумен шайып, тістерді астың қалдығынан тазартып отыру керек.
Ac кенеулі және әр түрлі болуы керек. Тамақтану мерзімі ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.
.
Бауыр мен ұйқы безінің құрылысы
Бауыр-ең ірі без.
Салмағы шамамен 1500 гр,қызыл қоңыр түсті.
Бауыр –күрделі түтікшелі без,оның секреті -өт..
Ұйқы безі –асқазанның астыңғы жағында орналасқан,салмағы 70-80 гр, ұзындығы 20 см.
Тәулігіне 2 л сөл бөліп шығарады. Оны панкреат сөлі деп атайды.
Ал құйрық бөлігінен инсулин гормоны бөлінеді.
Сәйкестендіру
Өңеш а) қорытылмаған заттар өтеді.
Соқырішек ә) астың сіңуі өтеді
Ұлтабар б) ең үлкен без
Аш ішек в) құрт тәрізді өсінді
Тоқ ішек г) жұтқыншақтан кейін орналасқан мүше
Бауыр д) аш ішектің жуан бөлімі
Постер қорғау:
І топ Ас қорыту мүшелерінің орналасу реті, қызметі
ІІ топ Ас қорыту бездері
ІІІ топ Асқазан, аш ішек, тоқ ішек құрылысы
ІІІ. Тест.
1. Адамда асқорыту жолының ұзындығы:
а) 3-5м; ә) 8-10 м; б) 15-18 м.
2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
а) жұмсақ таңдайда; ә) ұрттың сілемейлі қабығында; б) тілде.
3. Асқорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
а) ауыз қуысында; ә) жұтқыншақта; б) өңеште.
4. Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасқан?
Асқазан-ішек аурулары. Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, консервілерді, улы са
Ауыз қуысында астың өзгеруі. Ауыз қуысына түскен тағам шайналып ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Асқазанда астың қорытылуы. Ересек адамдардың асқазанының сыйымдылығы 1,5–2 литр. Асқазанның пішіні мен мөлшері астың түсуіне байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Ұсақ бездерден бөлінетін қарын сөлінің құрамында су, тұз қышқылы, ферменттер және т.б. заттар болады.
Ішекте астың қорытылуы және сіңуі. Асқазанда жартылай қорытылған ас алдымен ұлтабарға түседі. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының және ұйқы безінің өзегі ашылады. Бауырдан келетін өттің әсерінен майлы тағамдар ыдырай бастайды. Ұлтабарда негізінен барлық тағамдық заттар қорытылады. Нәруыздар – амин қышқылдарына, крахмал – қантқа, майлар – май қышқылдары мен глицеринге дейін ыдырайды.
Астың сіңуі. Аш ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте ұсақ тұйық өскіндер – бүрлер болатыны сендерге таныс. Бүрлердің сырты бір қабатты эпителий жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы әбден қорытылған амин қышқылдары мен қант (глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май қышқылдары лимфа тамырларына өтеді де, тері астындағы шел қабатқа жиналады. Амин қышқылдары мен қант бауырға барып, қайта өзгерістерге ұшырап, бүкіл денеге таралады.
Тоқ ішекте астың қорытылуы. Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері күрделі көмірсу – жасунықты (клетчатканы) ыдыратуға қабілетті. Бактериялар «К» және «В12» витаминдерін синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат – нәжіске айналады. Тік ішектің төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшықеттер бар. Осы бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады.