kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мон?олдарды? ?аза?стан жерін жаулап алуы. Мон?ол мемлекетіні? ??рылуы ж?не оны? ?аза? жеріне шап?ыншылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Топ:                                   1бух1

Уа?ыты:                             04.03.15 ж   са?.10.10-да   511-кабинет

П?н:                                   ?аза?стан тарихы

Та?ырып:                            Мон?олдарды?  ?аза?стан жерін жаулап алуы. 

                                           Мон?ол мемлекетіні? ??рылуы ж?не оны? ?аза? жеріне 

                                           шап?ыншылы?ы

Саба?ты? ма?саттары:                                    

Білімділік:                          Студенттерге  ?аза?станда Мон?ол империясыны?

                                           ?стемдік етуі, империяны? бас?ыншылы? саясаты

                                           мен оны? зардаптарыны? ?сері жайында толы?

                                           ма?л?мат беру. «Жаса?» за?дар жина?ы,  

                                           мо??олдарды?  ?аза?  даласына  ал?аш?ы жоры?тары,  

                                           ?аза?станды жаулауы, «Отырар апаты», ?лыстарды? 

                                           ??рылуы, мо??ол шап?ыншылы?ыны? салдары

                                           туралы  т?сінік беру.

Т?рбиелік:                          ?аза? тарихында?ы осы бір о?и?а ар?ылы

                                           студенттерді патриотты??а, елжандылы??а,

                                           саяси сауаттылы??а т?рбиелеу. Т?уелсіздікті

                                           ??рметпен    сезінуге  баулу. ?з еліні? ?ткен тарихына

                                           деген ??рметке,  ерлікке, бірлікке, ?ділдікке,

                                           азатты? жолында?ы к?рескерлікке т?рбиелеу

Дамытушылы?:                Студенттерді?  белсенді ойлау ?абілетін арттыру,

                                           ал?ан білімдерін ?ажетіне сай пайдалана білуге,

                                           ?з бетінше ?орытынды жасау?а да?дыландыру.

                                           ?зіндік ж?мыстарды ж?ргіздіру да?дысын жетілдіру,

                                           ой-?рістерін дамыту.

Саба?ты? т?рі:                 аралас саба?

Саба?ты? типі:                Жа?а білімді ме?герту            

Саба?ты? ?дісі:                   ?з бетімен ж?мыс, топпен ж?мыс

Білу керек:                      Шы??ысхан империясы, Шы??ысханны? «Жаса?»  за?ы,   

                                          мон?олдарды? ?аза?стан?а басып кіруі, Отырарды? к?йреуі   

                                          туралы

Орындай білу:                кесте толтыру, топпен ж?мыс жасай білу, ойын ашы? айту

П?н аралы? байланыс:  Д?ниеж?зі тарихы,  ?аза? ?дебиеті 

К?рнекілік ??ралдар:        к?рме, карта, о?улы?тар, суреттер

Техникалы? ??ралдар:   бейнепроектор, интерактивті та?та,    

                                           бейнес?ра?тар, бейне роликтер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мон?олдарды? ?аза?стан жерін жаулап алуы. Мон?ол мемлекетіні? ??рылуы ж?не оны? ?аза? жеріне шап?ыншылы?ы »

Атырау аграрлы – техникалық колледжі

Ашық сабақ жоспары


Топ: 1бух1

Уақыты: 04.03.15 ж сағ.10.10-да 511-кабинет

Пән: Қазақстан тарихы

Тақырып: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

Монғол мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне

шапқыншылығы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге Қазақстанда Монғол империясының

үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты

мен оның зардаптарының әсері жайында толық

мағлұмат беру. «Жасақ» заңдар жинағы,

моңғолдардың  қазақ  даласына  алғашқы жорықтары,

Қазақстанды жаулауы, «Отырар апаты», ұлыстардың

құрылуы, моңғол шапқыншылығының салдары

туралы  түсінік беру.

Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы

студенттерді патриоттыққа, елжандылыққа,

саяси сауаттылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздікті

құрметпен сезінуге баулу. Өз елінің өткен тарихына

деген құрметке,  ерлікке, бірлікке, әділдікке,

азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Студенттердің белсенді ойлау қабілетін арттыру,

алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге,

өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Өзіндік жұмыстарды жүргіздіру дағдысын жетілдіру,

ой-өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс

Білу керек: Шыңғысхан империясы, Шыңғысханның «Жасақ» заңы,

монғолдардың Қазақстанға басып кіруі, Отырардың күйреуі

туралы

Орындай білу: кесте толтыру, топпен жұмыс жасай білу, ойын ашық айту

Пән аралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті

Көрнекілік құралдар: көрме, карта, оқулықтар, суреттер

Техникалық құралдар: бейнепроектор, интерактивті тақта,

бейнесұрақтар, бейне роликтер

Сабақтың құрылымы:

І. Сабақты ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Қарақытай, найман, керейлердің этникалық құрамы, құрылысы

  1. Тайпалардың ішкі, сыртқы жағдайы, шаруашылығы

  2. Экономикалық сауда байланыстары


2.«Топтастыру» стратегиясы Қазақ жері


III. Жаңа сабақ

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Шыңғысхан империясының құрылуы және оның құрылысы

2. Шыңғысханның «Жасақ» заңы – оның тарихи маңызы

3. Монғолдардың Қазақстанға басып кіруі және Орта Азияға басып кіруі –

Отырардың күйреуі

4. Ұлыстардың құрылуы


Жаңа сабақты өту барысында қолданылатын әдістер:

  1. Видеоролик

  2. Ой қозғау

  3. Түртіп алу INSERT стратегиясы

Хронологиялық кесте

  1. Отырардың күйреуі атты бейне фильмнен үзінді тыңдатып, М.Шахановтың «Отырар опаты» өлеңінен үзінді оқылады.

  2. Кластер әдісі бойынша топтастыру. Шыңғыс хан.

  3. Топпен жұмыс. Шыңғыс ханның ұраны

  4. Сергіту сәті. Қара жорға

  5. Сәйкестендіру тест

III. Жаңа материалды бекіту.

1. Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа “+” таңбасын қою.

2. Сөзжұмбақ

3. Ыстық орындық

IV. Үй тапсырмасын беру

Шыңғысханға мінездеме жазу. Материал жинау

V. Студенттердің білімін бағалау.


Жүру барысы:


Сәлематсыздарма студенттер. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын алдымен сабақта кімдер жоқ екенін түгендеп алсақ.

Психологиялық треннинг. Студенттерге тақта алдында тұрған үш турлі көңіл-күйге байланысты смайликтерді таныстырып, оларға бүгінгі күннің сәтті өтуіне тілек білдіру. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл жерде өте көңілді смайликтер тұр, ол сіздерге тек өмірлеріңіздің әр күндерін бақытты, сәтті өтуге тілек білдіру үшін тұр. Күндеріңіз әрдайым жақсы, қызықты сәттерге толы болсын!

Және барлығы орындарынан тұрып, сабаққа дайын екендіктерін бір–бірлеріне алақан жылу арқылы қолдарынан ұстап хормен айтады.

Сен күлімде, студент күлімде!

Білімге жастар көптеп келуде,

Ойымыздың қаншалықты екенін,

Бақылаймыз бүгінгі пән төріңде

Кедергіге берілмейміз, тек алға деп өрлейміз !


Мұғалім: Жарайсыздар! Енді студенттер сіздерді мына әр түрлі конфеттермен топ-топқа бөліп алсам деймін. Бұл сіздердің топтаса отырып, жұмыс жасауларыңызға қолайлы болады. Мұнда 4 түрлі конфеттер бар. Бір түсті конфет алғандар бір топқа жиналады. Енді бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «АҚШ-Батыстағы жетекші ел» деп аталады.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. 1945–2009 жылдардағы АҚШ.

2. АҚШ–тың Батыс әлемінің жетекші мемлекетіне айналуы. Саяси лидерлері.

3. АҚШ–Қазақстан қатынастары.

IV. 1. Қызығушылықты ояту бұл стратегия - бойынша студенттерден Америка Құрама Штаттары деген атауды естігенде қандай ойлар келетінін сұрау. Әр студент шығып тақтаға ойларын айту.

Ой қозғау стратегиясы:




2. Өзіндік жұмысқа кезек берсек. Топтық тапсырма. Жаңа тақырып бойынша топтарға тапсырмалар бөлініп беріледі. Топтар тақырыпты алдымен жеке меңгереді. Белгілі уақыт өткен соң әрбір топта жұптық жұмыс басталады. Топтық жұмыстан соң елшілер басқа топтарға барады, топ мүшелері келген елшіге өздерінің меңгерген тақырыптарын толығымен түсіндіріп, сұрақтарына жауап береді. Елшілер барлық топтарды аралап болған соң, өз тобына оралып қай топтан нені үйреніп келгендерінің барлығын ретімен өз тобына түсіндіріп береді, сұрақтарына жауап береді.
Қазіргі кезде студенттердің өз бетінше бір тақырпқа материал жинап, ізденуге көптеген мүмкіндіктер бар. Осы орайда мен сіздерге өз бетіндік жұмыс ретінде АҚШ-Батыстағы жетекші ел деген тақырыпқа, ақпарат жинап әкелулеріңізді айтқан болатынмын. Себебі, қазіргі кезде студент жастардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын байыту бірінші орында тұрған басты міндет.






































1-студент

Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Америка Құрама Штаттары саяси-экономикалық дамуы жағынан капиталистік елдер арасында алдыңғы қатарлы елге айналды. АҚШ өзінің соғыстан кейінгі бұрыңғы бүкіл тарихында мұндай қуаттылыққа ешуақытта жетіп көрген емес. Өндірістің көбі бейбіт өмірге көшіріліп, жүмыс істей бастады.Бұл мемлекет 1948 жылы капиталистік елдерде өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің 54,6%-ын өндірсе, алтын қорының 53,3%-ы АҚШ-тың қолында болды.

1949 жылға дейін дүние жүзінде атом бомбасы бар жалғыз ел Америка болды. Сөйтіп АҚШ әлемнің қамқоршы, жетекші еліне айналды. Бұл дегеніміз, АҚШ-тың өз ықпалын басқа елдерге шексіз жүргізуге жол ашық екендігін көрсетті.

Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел–Америка Құрама Штаттары орналасқан. Ол Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі. Астанасы Вашингтон қаласы.

2-студент

1945жылы 12 сәуірде АҚШ президенті Франклин Рузвельт қайтыс болады. Оның орнына Гарри Трумэн келді. Оның ұстанған саясаты «әділетті бағыт» деп аталды. 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңын қабылданды. Осы заң бойынша кәсіподақтардың саяси науқандарды қаржыландырылуына, ынтымақтастық ереуілдерін және қарсылық жиындарын өткізуіне, коммунистердің кәсіподақтарда сайлап қойылатын қызметтерге орналасуына тыйым салынды. Заңға сәйкес кәсіподақтардың алдағы уақытта болатын ереуіл туралы қожайындар мен өкімет орындарына алдын-ала хабарлап отыруы міндеттелді. Үй мәсілесіне көңіл бөлді.

1944-1946 жылдар«Солдат биллі» деп аталған ардагерлерге жасалатын жеңілдіктер туралы заң, және өкімет орындарының жұмыссыздыққа қарсы қолданатын жұмысқа орналастыру туралы Заңы қабылданды.

Сыртқы саясатта «атомдық дипломатия» деген атау алды. Г.Трумэн мен мемлекеттік хатшы Дэвид Бирнс 1945-1946 жылдарда КСРО-мен қатынастарда өзара тұрақтылықты ұстауға тырысты. Мұны жақтамаған КСРО-ға қарсы қатал саясат ұстанған республикашылардың жетекшісі А Ванденбергтің сынына ұшырап жүрді. 20 қаңтар 1953 Гарри Трумэннің саясаты елді тығырыққа тіреді.


3-студент

1950жылы «Маккарэн-Вудтың заңы» қабылданды. Ал ресми түрде «Ішкі қауіпсіздік» туралы Заңы қабылданды.Бұл заң бойынша үкімет сенімсіз деп санаған барлық ұйымдар әділет министрлігінде «зиянкестік» деп тіркеуге алынуға тиіс болды. Тіркеуден бас тартса бес жыл түрмеге қамалып, 10 мың доллар айыппұл төлейтін жаза берілген. Жүздеген қоғамдық ұйымдар«зиянкестік» деп жарияланды. Арада екі жыл өткенде 1952 жылы американ конгресі ресми түрде «Иммиграция және азаматтық туралы Заң» деп аталатын «Маккарэн-Уолтер» Заңын қабылданды. Бұл заңға сәйкес АҚШ азаматтары байырғы америкалықтар және байырғы емес америкалықтар деп бөлінді. Байырғы емес америкалықтарға қарсы әр түрлі кемсіту шаралары қолданылды.

1950-1953 жж.Маккартизм кезі жаулап алды. Бұл саяси ағым сенаттың Америкаға қарсы қызметті тергеу жөніндегі көмекші комиссиясын басқарған сенатор Джозеф Маккартидің есімімен аталды. Маккарти соғыс аяқталғаннан кейін, коммунистерді қолдайтын адамдарды тіміскілеп іздей бастады. Елді үрей, қорқыныш биледі. Ғалымдар, кәсіподақ қайраткерлері, жазушылар мен әртістер Маккарти комиссиясына шақыртылып алынатын болды. Өкімет басына келген жаңа Эйзенхауэрдің келгеніне қарамастан, Маккарти «ұлт дұшпандарын» әшкерелеу қызметін жалғастыра берді. Алайда Маккарти Ақ уйде шпиондар отыр деп мәлімдегенде Дуайт Эйзенхауэрдің шыдамы таусылды. 1954 жылы президенттік үкіметтік комиссия құрып, ол Дж.Маккартиді конгреске жала жауып, оны құрметтемейді және мемлекеттік қаржыны тиісті орнына жұмасамайды, парақор деп айыптайды. 1957жылы Маккарти қайтыс болды.

 4-студент

1953жылы 20 қаңтарда билік басына Дуайт Эйзенхауэр келеді. Ол Корей соғысын тоқтатуға уәде береді. Уәдесіне тұрып, 1953 жылы Кореяда уақытша бітім жасалды. Эйзенхауэр шаруашылық, фермерлік мәселелерге көңіл бөлді. Нәсілшілдік проблемасы немесе афроамерикан нәсілшілділігінің мәселесі бұдан да күшті шиеленіскен жағдада еді. 1960 жылдары негр халқының 73,1%- ы қалаларда тұрды. Афроамерикалықтардың қалаларға көшуіне байланысты олардың өнеркәсіп саласындағы кемсітушіліктерге қарсы күресі басталды. Жағдай аса күрделі сипат ала бастаған соң Д.Эйзенхауэрдің әкімшілігі афроамерикалық халықтың жағдайын ескеруді ұйғарды. 1954 жылы АҚШ-тың Жоғары соты өңі қара және өңі ақ балаларды бөлек оқытуды жойды. 1955жылы Монтгомеридің (Алабама штаты Америка) 40мыңдық негр халқы транспорттағы бөлектенуге қарсы көтерілді. Негрлер автобустарда өздерінің ақ нәсілділер мен бірге орын алатындай болуын талап етті. Ақ нәсілділер автобустың алдыңғы қатарына, ал қаралар артқы орындарға отыратын болған. Кейде орын болмаса жаяу да жүрген. Ақ және қара нәсілділердің арасында ереуілдер күшейді. 1956 жылы АҚШ-тың Жоғары соты оның жойылатындығы жөнінде автобустардағы бөлектену АҚШ-тың Конституциясын бұзады деп есептеп, қаулылар қабылдайды. Алайда, оңтүстік штаттың өкіметтері оны орындаудан бас тартты. Д.Эйзенхауэр нәсілдік мәселені, аяғына дейін шеше алмады.

5-студент

1960 жылы 8 қарашада өткен сайлауда АҚШ-тың президенті болып, демократиялық партияның өкілі 43 жастағы Дж.Кеннеди сайланады. 1961жылы 20 қаңтарда Ақ Үйге келгенде Дж.Кеннеди: «Жаңа шептер, міне, осында»,-деген. Ол «Жаңа шептер» саясаты деп аталған бағдарламасын баяндап берді. Дж.Кеннеди экономика саласына, техника мәселесіне, көңіл бөліп, 1961 жылы жұмыссыздықтан зардап шегіп келе жатқан, аудандарды қайта құру туралы бағдарлама қабылдады. Ол жұмыссыздық мәселесін толық шеше алған жоқ. 1961 жылы ақпанда жүмыссыздар саны 5,7 млн.адам болса, 1964 жылы қыркүйекте олардың саны 3,7 млн. адамға жетті. Дж.Кеннедидің тікелей қатысуымен жалақы 3,2 %-ға артты. Зейнеткерлікке шығатын жас мөлшері 65-тен 62 жасқа қысқартылды. Дж.Кеннеди азаматтық құқықтар туралы Билль қабылдау керектігіне конгрестің көзін жеткізеді. Бұл Билль жұмысқа қабылдаған кезде және қоғамдық орындарда нәсілдік кемсітушілікке жол бермеуге тиіс болды. Дж. Кеннеди сыртқы саясатқа өзгерістер енгізді. «Жаппай өш алу» доктринасының орнына «ұтымды жауап беру» доктринасын ұсынды. Кариб дағдарысы Дж.Кеннеди тұсында өршіп, дүние ядролық апат шегінде тұрды. Дж.Кеннедидіңи саясаты Құрама Штаттардың өзінде мейлінше әр түрлі пікірлер туғызды. Әсіресе мұнай компанияларының өкілдері қатты наразы болды. Сайлау қарсаңы кезінде елді аралау сапары кезінде Дж.Кеннеди 1963 жылы 22 қарашада Техас Штатының Даллас қаласында өлтірілді. Бұл қылмыс ашылмаған күйінде қалды.

6-студент

Кеннеди опат болғаннан кейін орнына вице-президент Ллойд Джонсон 1964 жылы қарашада ол АҚШ президенті болып сайланады. Ақ Үйге келгеннен кейін ол «Ұлы қоғам» бағдарламасын жариялайды. Ол бағдарламада кешенді шаралар көзделді. Мысалы; аудандарға көмек кқрсету, сайлауға енгрлердің қатысуын қамтамасыз ету, қоғамдық жұмыстарға, тұрғын үй және қала құрылыстарына қаржы бөлу, мектептер, оқу орындары, емделу орталықтары т.б. Бірақ Джонсонның жүргізген саясатының әсері барлық осы шаралардың күшін кемітіп тастады. АҚШ Вьетнамдағы жағдайға белшесінен батты. Джонсонның саясатына наразылық күшейді.

7-студент

1968 жылы 5 қарашада президент сайлауында республикалық партияның өкілі Ричард Никсон жеңіске жетеді. 1969-1971жж елді экономикалық дағдарыс жайлады. Жұмыссыздық көбейіп, құнсыздану күшейді. 1971жылы Никсон «жаңа экономикалық саясатын» жариялады. Бұл баға мен жалақының орнығуына әкелуі керек еді. Жәрдемақы мөлшері көбейтілді. Сыртқы саясатта Никсон іссапармен 1972 жылы Мәскеуге келеді. Оның барысында екі ел қатынастарын айқындайтын, зымырандардан қорғану жүйесін шектеу туралы құжатқа қол қойды.

1973жылы Вьетнамдағы соғыстың аяқталғандығы Никсонның сыртқы саяси қызметіне үлкен табыс болды. Р.Никсон екінші рет президенттікке сайланды. Бірақ ол бұл мерзімде аяғына дейін бола алмады. Елде «Уотергейт ісіне» байланысты жанжал туды. Республикалық партия өкілдері Никсонды 1972 жылғы сайлау барысында, оның нұсқауы бойынша, демократиялық партияның «Уотергейт» қонақүйіндегі пәтерінде астыртын тыңдағыш құралдар орнатты деп айыптады. Р.Никсон қатысы жоқ екендігін айтты. Алайда 1974жылы қызметінен кетуге мәжбүр болады.

8-студент

Р.Никсонның орнын вице-президент Джеральд Форд басады. 1975 жылы тұрмыстық бағаның өсуіне байланысты, қартайғанда берілетін зейнетақыны көбейту туралы заңды күшіне енгізді. 1974жылы қарашада Владивостокта АҚШ президенті мен Кеңес басшысы Л.И. Брежневтің арасында кездесу өтті. Екі жақ бейбіт өмір сүру қағидаларын қуаттады.1975 жылы тамызда АҚШ 35 мемлекеттің Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне қатысып, соғыстан кейінгі шекаралардың бұзылмайтындығы туралы құжатқа қол қойды. Алайда, 1976 жылы президент сайлауы қарсаңында жоғары деңгейдегі парақорлықты әшкерелеу жайындағы жаңа хабарлар таратылды.


9-студент

Ақыр аяғында сайлауда демократиялық партияның өкілі Джеймс Картер 1977 жылы жеңіске жетті. Ақ Үйге Картер жұмыссыздық мәселесін қолға алды. Бірақ 1978 жылы ол ішкі проблема деп құнсыздануды атады. 1978 жылы әлеуметтік мұқтаждарға 100 млрд.долларға жуық қаржы бөлді. Денсаулық сақтау және Білім министрлігі құрылды. Энергетика саласына мән берді. 1977 жылы тамызда энергетика министрлігі құрылды. Алайда бұл мәселе дұрыс шешім таба аламады. 1977-1978жылдарда кеншілер мен теміржолшылардың ереуілдері шықты.

Дж.Картердің сыртқы саясаты құбылмалы сипатта болды. Ол, 1979жылы Венада стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы кеңес-американ шартына қол қойылғанын атауға болады. 1979жылы желтоқсанда АҚШ Батыс Еуропа елдерінің бірқатар елдерінде орташа қашықтықта қолданылатын американ зымырандарын орналастыру қажеттігіне ол мемлекеттердің көзін жеткізуге тырысып бақты. Алайда Иранда кепілдікке тұтқынға алынған америкалықтарды босатпақшы болған әрекет Картердің сыртқы саясатындағы үлкен қателігі болды.

10-студент

1980жылғы қарашада өткен сайлауда Рейган жеңіске жетеді. Рейганның өкімет басына келуімен елде жаңа консервативтік бағытқа бет бұрушылық байқалды. Республикашылдардың әлеуметтік-экономикалық саясаты «рейганомика» деп аталды. Оның саясаты-жеке меншік кәсіпкерлікті қолдау, федеральдық шығындарды азайту т.б. 3 млн. мектеп оқушылары тегін ертеңгі тамақтан қағылды. Жәрдемақылар азайтылды. Бұл саясат салық саясаты болды. Рейган қатал саясат жүргізе отырып, құнсыздануды азайта алды. Сөйтіп, екінші мерзімге 1984 жылы қайта сайланды. Елде бюджет тапшылығы адам айтқысыз жағдай туғызды. Мемлекеттік борыш 2трлн доллардан асып түсті. 1985 жылдың күзіне қарай АҚШ алғаш рет кредитор елден – борышқа белшесінен батқан елге айналды. Халықтың кедейленуі байқалды. 1985жылғы кедейленушілер саны 35 млн азамат болды. Сыртқы саясатта, ядролық қарусызданудың бастамасы жасалды.КСРО мен жақындасушылық басталды.

11-студент екі президентті де айтады

1988 жылғы сайлауда вице-президент Дж.Буш (улкен) келді. Өнеркәсіп өндірісін дамытуға, жаңа технологияларға бағыт алды. Буштың президенттігі тұсында уақытша жұмыс істейтіндер мен жұмыспен толық қамсыздандырылмаған жұмысшылар мен қызметшілер санының көбейгені байқалды.

Сыртқы саясатта Канадамен байланыс жасау кеңейе түсті. Жапониямен арадағы қатынастарға айрықша назар аударылды. Кеңес жетекшісі М.Горбачевпен арадағы байланыс жалғасты. 90-шы жылдары елде «жаңа дүниежүзілік тәртіп» орнату пайда болды.

1992жылғы сайлауда демократиялық партияның кандидаты Б.Клинтон жеңіске жетті. Ол әлеуметтік бағдарламаларға қаржы салымы құйылып, жұмыссыздықты едәуір азайтты. 20млн.жұмыс орны ашылды. Сыртқы саясатта, «Pax Americana» -америкалық дүниені сақтауға тырысты.

12-студент

2000жылы кезекті сайлауда республикашылдар жеңіске жетті. Республикашыл Дж.Буш (кіші) келді. Алайда 2011 жылғы 11 қыркүйектегі террористік әрекет халықаралық терроризмге қарсы күресті Дж.Буштың ең басты проблемасы деп жариялануына себеп болды. Буш «зұлымдық ошағы» деп жариялаған елдер түгелдей ос ұғымның шеңберіне жатқызылды. АҚШ терроризмге қарсы күресу мақсатында Ауғанстанға әскерін енгізіп, Иракта соғыс бастады. Бірақ Ирактан ондай қару-жарақты таба алмады. 2004жылы Дж.Буш екінші мерзімге қайта сайланды. Американ экономикасының кері кетуі, Иракқа қарсы шөлде екінші соғысты жүргізу, Саддам Хусейн өкіметін құлату кіші Буштың есімімен байланыстырылды. Буштың саясаты америкалықтардың наразылығын туғызды. 2006 жылы 7 қарашада өткізіліген конгресс сайлауы соған дәлел болды. Ол сайлауда демократтар жеңіске жетті.

1994 жылы ақпанда «демократиялық әріптестік туралы Хартияға» қол қойылуының АҚШ-Қазақстан қарым-қатынастары тарихындағы рөлі маңызды оқиға болды.

Қазақстан Республикасының Президенті АҚШ-тың саяси және іскер жоғары дәрежелі қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізген. 2006 жылы мамырда АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейнеидің Қазақстанға келген сапары және оның Президент Н.Ә.Назарбаевпен кездесуі осынң дәлелі. Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа қыркүйектегі сапары да АҚШ-Қазақстан ынтымақтастығын одан әрі дамытуға себеп болды.

13-студент

Барак Обама  (4 тамыз 1961 жыл) - 2008 жылы өткен Президенттік сайлауда Демократиялық партияның атынан кандидат атанып, сайлау қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Америка Құрама Штаттарының 44-інші сайланған президенті (2009 жылдың 20 қаңтарынан), Иллинойс штатынан сайланған сенатор.

Өткен жыл американдықтар тарихына бұрын-соңды болмаған елеулі жаңалығын алып келді. Кезінде алпауыт елдің ақ нәсілді жұртшылығы тарапынан жүздеген жылдар бойына қысым көріп, тіпті адам санатына қосылмай келген қара өңді ұлттар арасынан шыққан кіші Барак Хусейн Обама әлемнің нөмірі бірінші державасының президенті болып сайланды. 1961 жылдың тамыз айында дүние есігін ашқан кіші Барак Хусейн Обама Америка Құрама Штаттарының тарихындағы бесінші афроамерикандық сенатор атанды. Туған жері Гавай аралдарының орталығы – Гонолулу қаласы. Оның әкесі – үлкен Барак Хусейн Обама экономика саласын зерделеу мақсатымен Америкаға Кениядан келген. Атынан-ақ байқағанымыздай, үлкен Обама ислам дінін ұстанған. Гонолулу қаласында ол Стэнли Энн Данхэм есімді американ қызымен танысып, соған үйленеді. Болашақ президент екі жасқа толғанда, оның әкесі, яғни үлкен Обама әйелімен ажырасып, өзінің туған елі Кенияға кетіп қалады. 
Кіші Барак Обаманың алты жасында Энн Данхэм екінші мәрте күйеуге шығып, бұл жолы да индонезиялық мұсылман студентпен тағдыр қосты. Кейін Барак Лоло Соэторо дейтін сол өгей әкесі және анасымен бірге Индонезияға қоныс аударып, сонда төрт жыл балалық шағын өткізеді. Кейбір деректер бойынша, осы мұсылман мемлекетінде Барак Обама медреседе білім алған көрінеді. 
Америка Құрама Штаттарына қайтып келген соң, Гонолулу қаласындағы Пунахоу жекеменшік мектебін тәмамдаған Обаманың бұдан кейінгі өмірінде тасы өрге домалай берді. Мектептен кейін Лос-Анджелестегі Батыс колледжге түскен ол көп өтпей колумбиялық университетке ауысып, оны 1983 жылы бітіріп шықты. Осы кездерден бастап Барак Обама кәнігі саясаткер, әрі қоғам қайраткері ретінде ел көзіне түсе бастады.


3жоспар. Қазіргі Қазақстанмен қарым-қатынасы өзім айтам.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

  Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы  да осы Америкада құрылған.

Екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Франциско қаласында 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. 


АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

 АҚШ соңғы екі-үш жыл көлемінде, Қазақстанға айрықша назар аудара бастады.

Қазақстанға аймақтағы ең ірі американдық инвестиция құйылған, Қытаймен ұзақ шекарасы бар, мұнайдан басталатын мол табиғи қоры «Үлкен Орталық Азияны» құру жоспарын жеңілдетеді.


Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста Қазақстанның негізгі мақсаты – супердержаваны өзінің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін ең алдымен эконмикалық және диломатиялық әдіспен дәлелдеу, осы арқылы мәртебелі бонустар иелену.

 Қазақстан өзінің әлеуетін жүзеге асыру және әлемдік экономикаға кірігу үшін АҚШ мемлекетімен саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларында тең серіктестік қатынастарды белсенді дамытуға ұмтылды.

АҚШ-тың Қазақстанға үлкен назар аударуының бастысы қазақстан аумағында 1040 ядролық оқтұмсығы бар стационарлық тіректегі СС-18 атты 104 ракеталардың болуымен айқындалады. Олармен қоса ҚР аумағында 240 қанатты ядролық ТУ-95 атты 40 стратегиялық бомбылаушы орналасқанды.

  Қазақстан президенті Н.А.Назарбаевтың АҚШ мемлекетіне алғашқы ресми сапары 1992 ж. Мамырында болып өтті. Бұл сапар барысында кең көлемді екі жақты ынтымақтастықты дамытуға негіз қаланды.

АҚШ сондай-ақ қазақстандық экономиканың ең ірі инвесторы және негізгі сауда-саттық әріптестерінің бірі болып табылады. Қазақстан экономикасына салынған американ инвестицияларының жалпы көлемі 12 миллиард доллардан асып түсті, бұл барлық шетелдік инвестициялардың үштен бір бөлігіне жуығын құрайды. Американ компаниялары инвестициялармен бірге Қазақстанға жаңа білім, инновациялар мен технологиялар әкелді. Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымының көлемі 2005 жылы 2004 жылғымен салыстырғанда екі еседен астам артты, сөйтіп екі миллиардқа (1,87 млрд.долларға) жуықтады. 2005 жылы АҚШ Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі табысты дамудың моделі ретінде таныды. Вашингтон Қазақстанды өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздіктің шешуші факторы ретінде бағалайды. Бүгінгі күні қазақстан-американ қатынастары жаңа сапаға ие болып отыр. АҚШ Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі болашағы зор, стратегиялық әріптес деп біледі



3. Картаға саяхат. Студенттер орындарынан тұрып, лазермен немесе самолет пен картадан елдерді көрсетеді.







1-студент, АҚШ-тың қандай жерде орналасқанын көрсетеді. Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел – Америка Құрама Штаттары орналасқан. Батыс жарты шарындағы ірі ел.

Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.

Лазерді келесі студентке беріп,

2-ші студент, ол Астанасы Вашингтон қаласын көрсетеді.

3-ші студент, АҚШ-ры жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен

Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады.

Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады.

4-ші студент,

4. «Түртіп алу» INSERT стратегиясы

Хронологиялық кесте


Жылдар


Маңызды оқиғалар

1945 жыл 12 сәуір

Америка президенті Франклин Рузвельттің қайтыс болуы

және Гарри Трумэннің билік басына келуі

1944-1946 жылдар

«Солдат биллі» деп аталған ардагерлерге жасалатын жеңілдіктер туралы заң, және өкімет орындарының жұмыссыздыққа қарсы қолданатын жұмысқа орналастыру туралы Заңы қабылданды.

1947 жыл маусым

Тафт – Хартли Заңы қабылданды

1949 жыл қаңтар

Демократтар тұрғын үй салу туралы билль енгізді

1950жылы

«Маккарэн-Вудтың заңы» қабылданды

1952 жылы

«Иммиграция және азаматтық туралы Заң» деп аталатын «Маккарэн-Уолтер» Заңын қабылданды.

1950-1953 жылдар

Маккартизм кезі жаулап алды

 1953жыл 20 қаңтар

Гарри трумэннің саясаты елді тығырыққа тіреді

1957жылы


Маккарти қайтыс болды.

1953жылы 20 қаңтар

билік басына Дуайт Эйзенхауэр келеді.

1953 жылы

Кореяда уақытша бітім жасалды.

1960 жылдары

негр халқының 73,1%- ы қалаларда тұрды.

1954 жылы

АҚШ-тың Жоғары соты өңі қара және өңі ақ балаларды бөлек оқытуды жойды.

1955 жылы

Монтгомеридің 40мыңдық негр халқы транспорттағы бөлектенуге қарсы көтерілді.

1956 жылы

АҚШ-тың Жоғары соты оның жойылатындығы жөнінде автобустардағы бөлектену АҚШ-тың Конституциясын бұзады деп есептеп, қаулылар қабылдайды.

1960 жылы 8 қараша

сайлауда АҚШ-тың президенті болып, демократиялық партияның өкілі 43 жастағы Дж.Кеннеди сайланады.

1961жылы 20 қаңтар

Ақ Үйге келгенде Дж.Кеннеди: «Жаңа шептер, міне, осында»,-деп бағдарламасын бастады

1961 жылы ақпан

жүмыссыздар саны 5,7 млн.адам болса, 1964 жылы қыркүйекте олардың саны 3,7 млн. адамға жетті.

1963 жылы 22 қараша

Дж.Кеннеди Техас Штатының Даллас қаласында өлтірілді.

1964 жылы қараша

Ллойд Джонсон ол АҚШ президенті болып сайланады.

1968 жылы 5 қарашада

президент сайлауында республикалық партияның өкілі Ричард Никсон жеңіске жетеді.

1968 жылы 5 қарашада

президент сайлауында республикалық партияның өкілі Ричард Никсон жеңіске жетеді.

1969-1971жылдар

елді экономикалық дағдарыс жайлады. Жұмыссыздық көбейіп, құнсыздану күшейді.

1971жылы

Никсон «жаңа экономикалық саясатын» жариялады.

1973жылы

Вьетнамдағы соғыстың аяқталғандығы Никсонның сыртқы саяси қызметіне үлкен табыс болды.

1972 жылғы


Республикалық партия өкілдері Никсонды сайлау барысында, оның нұсқауы бойынша, демократиялық партияның «Уотергейт» қонақүйіндегі пәтерінде астыртын тыңдағыш құралдар орнатты деп айыптады.

1974жылы

Никсон қызметінен кетуге мәжбүр болады.

1974жылы 9 тамыз

Джеральд Форд келеді

1977 жылы


сайлауда демократиялық партияның өкілі Джеймс Картер келді

1980 жылғы қарашада

сайлауда Рейган жеңіске жетеді.

1985 жылдың күзіне қарай

АҚШ алғаш рет кредитор елден – борышқа белшесінен батқан елге айналды.

1985 жыл

кедейленушілер саны 35 млн азамат болды.

1988 жылғы

сайлауда вице-президент Дж.Буш (улкен) келді.

1992жылғы

демократиялық партияның кандидаты Б.Клинтон жеңіске жетті.

2000 жылы

кезекті сайлауда республикашылдар жеңіске жетті. Республикашыл Дж.Буш (кіші) келді.

2004жылы

Дж.Буш екінші мерзімге қайта сайланды.

1994 жылы ақпан


«демократиялық әріптестік туралы Хартияға» қол қойылуының АҚШ-Қазақстан қарым-қатынастары тарихындағы рөлі маңызды оқиға болды

2008 жылы

Барак Обама (4 тамыз 1961 жыл)


Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) деп аталады.

Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. АҚШ-тың шаруашылығы сан салалы, ең жетекші сала – машина жасау өнеркәсібі.

АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт  қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады.

Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген

АҚШ жері материктік екі бөліктен және аралдарынан тұрады.

Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, қаласы мен Колумбия округінен тұрады. Сондықтан Америка Құрама Штаттары деп аталады. 1959 жылы Гавай аралдары 50-ші штаты болып құрылады.

Астанасы – Вашингтон қаласы

Басқару формасы – Республикалық

Мемлекет басшысы – Президент

Өз Тәуелсіздігін 1776 жылы алды

Тәуелсіздік күні – 4 шілде

13 қызыл және ақ жолақтар ең алғаш құрылған штаттардың санын білдіреді.

Тудағы жұлдызшалар Тәуелсіздік күнінде пайда болды. Олар қазіргі штаттардың санын білдіреді.



5. Сергіту сәті. Видео ролик Америка туралы (алған әсерлерін сұрау)

Өздеріңіз көргендей бұл бейне баянда соғыс кездері, Американың шаруашылығы, экономикасы,машина жасау өнеркәсібі, 10 ірі әсем қалалары қамтылған.

Картадан бейнебаяндағы ірі қалаларды көрсету.

V. Мағынаны тану сатысы.

1. Блум таксаномиясы бойынша сіздерге жалпақ және жіңішке деп аталатын сұрақтар берем. Жәшік жасауым керек, цветной қағазға жалпақ және жіңішке сұрақтарымды жасырам. Студенттер келіп суырып алады.

Жалпақ сұрақтарға - жауап толық, әрі түсіндіре отырып жауап беру керек.

Жіңішке сұрақтарға - еске түсіруге арналған сұрақтар, бұнда жылдар.

Жалпақ сұрақтар:

1.АҚШ-тың туына сипаттама беріңіз? АҚШ туы 13 қызыл және ақ жолақтардан тұрады.Бұл жолақтар –ең алғаш құрылған штаттардың санын білдіреді. Ал, тудағы жұлдызшалар тәуелсіздік күнінде пайда болды. Олар қазіргі кездегі штаттарды білдіреді. Жұлдыз бар, штаттарға байланысты.

2. Канада мен АҚШ шекараларының аралығындағы Ұлы көлдер жүйесі орналасқан, оған қандай көлдер кіреді? Жоғары көл, Мичиган, Гурон, Онтарио, Эри.

3. Американың машина жасау компанияларын қандай компанияларын білесіз? Форд моторс, Форд Крайслер, Форд Дженерал моторс



4.Америка Құрама Штаттарының шаруашылықтары қандай, оларды атаңыз?

Ауыл шаруашылығы, машина жасау, металлургия, отын өнеркәсібі, химия өнеркәсібі,тоқыма, тігін, атом өнеркәсібі, авиация т.б

Жіңішке сұрақтар:

1. АҚШ тәуелсіздігін қай жылы алды? 1776 жылы

2. АҚШ –тың мемлекеттік тілі қандай тіл? ағылшын.

3. АҚШ – тағы автомобильдер шығарудың астанасы деп аталған қаланы ата? Детройт қаласы

4. Америка халқының саны жөнінен нешінші орында тұр? Ресей ,Қытай, кейінгі 4-ші орын алады.

Дұрыс жауапқа смайликтер берем.



2. Жұмбақтас кезеңі

Бұл ойында тарихи терминдер жасырылады. Мысал: Экранда 6 ұяшық жасырылады. Топтарға сұрақтар қойылады, дұрыс жауап берген студент экранға келіп қаламмен үстіне өшіргішпен өшіргенде дұрыс жауап шығады.

1. Бірнеше елдердің бірігуі қалай аталады? – Коалиция

2. Мемлекетті басқарушы адамды қалай атайды? – Президент

3. «Халық билігі» дегеніміз не? – Демократия

4. «Ақ, қара нәсілділердің транспортта бөлектенуі» қалай аталады? - Сегрегация

5. Мемлекетті, елді басқарушылардың атқаратын қызметі, ұстанатын саяси бағытын қалай атайды? – Реформа

6.Бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке көшіп-келу, қоныстанушылығын калай атайды? - Иммиграция



3.Тұлғаны тану.

АҚШ-тың президенттерінің фото суреттерін интерактивті тақтадан көрсетіледі.Ол тұлғаның кім екендігін табу.

4. Тікелей ашық радиоэфир.

Радио жүргізуші мұғалім.

5. Кесте толтыру. Экранда кесте тұрады, студенттер шығып жазады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді



Жаңа материалды бекіту.

1.Тест сұрақтары.

V. Студенттердің білімін бағалау.

VI. Үй тапсырмасын хабарлау және оқулықтар тізімі мен беттері.

АҚШ-тың ұлттық мерекелерін жазып келу

Негізгі оқулық: «Дүние жүзі тарихы» 10 кл, «Дүние жүзі тарихы» 11кл.

Қосымша: Интернет желісінен алынған ақпараттар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Кабылова Шынар Жолдасовна

Дата: 09.04.2015

Номер свидетельства: 199614


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства