kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ми. Ми б?лімдері, оларды? ??рылысы мен ?ызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Ми. Ми б?лімдері, оларды? ??рылысы мен ?ызметі

Саба?ты? ма?саттары:

1. Білімділік: Миды? адам а?засында?ы ма?ызы ж?не мишы?ты? ??рылысы мен ?ызметі туралы о?ушыларда т?сінік ?алыптастыру

2. Дамытушылы?: О?ушыларды? талдау, салыстыру, ?орытындылау, шы?армашылы?пен ойлау ?абілеттерін дамыту; О?ушыларды? білік-да?ыларын, ойлау ?абілеттерін дамыту;

3. Т?рбиелік: О?ушыларды? бойына адамгершілік ??ндылы?тарын ояту, салауатты ?мір с?руге баулу.

Саба? типі: Аралас.

О?ыту ?дісі: С?ра?-жауап, проблемалы? т?сіндіру

Саба?ты? ?дістемелік жабды?талынуы: плакаттар, интерактивты та?та, сызба-н?с?алар.

І. ?йымдастыру кезе?і.

І. Сыныпты т?гендеу.

- С?леметсіздер ме, балалар. Б?гінгі саба?ымыз?а ?ош келді?іздер. Б?гінгі к??іл к?йлері?із ?алай.

- ?ткен саба?та біз ?андай та?ырыпты о?ып-?йрендік.

- Ж?йке ж?йесі туралы не білесі?дер.

- ?йге ж?йке ж?йесіні? ?ай б?лімімен танысу берілді.

- Б?гінгі саба?ымызды? ма?саты не деп ойлайсыздар.

- Б?гінгі саба?ымызды жа?сы ме?геру ?шін ?андай ?діс-т?сілдерді ?олдан?анымыз д?рыс ?алай ойлайсыздар.

- Сіздер саба?ты ?андай жа?дайда жа?сы ??асыздар мені ты?да?анда ма, жо? ?лде ?здері?із о?ы?анда ма, не ж?ппен тал?ылап о?ы?анда ма.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ми. Ми б?лімдері, оларды? ??рылысы мен ?ызметі »

Сыныбы: 8 "А", 8 "Ә"


Сабақтың тақырыбы: Ми. Ми бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Мидың адам ағзасындағы маңызы және мишықтың құрылысы мен қызметі туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру

2. Дамытушылық: Оқушылардың талдау, салыстыру, қорытындылау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту; Оқушылардың білік-дағыларын, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарын ояту, салауатты өмір сүруге баулу.

Сабақ типі: Аралас.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: плакаттар, интерактивты тақта, сызба-нұсқалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

І. Сыныпты түгендеу.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай?

  • Өткен сабақта біз қандай тақырыпты оқып-үйрендік?

  • Жүйке жүйесі туралы не білесіңдер?

  • Үйге жүйке жүйесінің қай бөлімімен танысу берілді?

  • Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыздар?

  • Бүгінгі сабағымызды жақсы меңгеру үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз дұрыс қалай ойлайсыздар?

  • Сіздер сабақты қандай жағдайда жақсы ұғасыздар мені тыңдағанда ма, жоқ әлде өздеріңіз оқығанда ма, не жұппен талқылап оқығанда ма?


ІІ. Үй тасырмасын тексеру.

І. Қызығушылықты ояту

Өтілген материалға шолу;

Ауызша сұрақтар: ( жұппен талқылау, сосын жауап беру)

  • Жүйке жүйесінің маңызы неде?

  • Жүйке жүйесі қандай бөлімдерден түрады, ерекшелігі неде?

  • Орталық жүйке жүйесінің қызметі неде?

  • Шеткі жүйке жүйесінің ерекшелігі не?

  • Вегетативті жүйке жүйесінің ерекшілігіне мысал келтіре отырып, жауап беріңіздер?

  • Жұлынның қызметі қалай жүзеге асады?

  • Қандай рефлекс доғасы жұлын арқылы өтеді?

  • Жұлын зақымданса қандай өзгерістер пайда болады?

Критерий: ой толық, өз мысалымен дәлелдей алуы, ойдың қайталанбауы

Тест сұрақтары

1. Нейрон денесіне жақын орналасқан, қысұа өсіндісі

а)Дендрит в) Аксон с) нейроглия

2. Жасуша серіктері -

А)Нейронның қысқа өскіні В)Нейрон денесі

С)Нейронды қоршап орналасқан жасушалар

3.Шеткі жүйке жүйесінің бөлімі:

А) Ми В) Жүйкелер, жүйке түйінділері С) Үлкен ми сыңары

4.Жүйке арқылы тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беруі:

А) Рефлекс B)Қозғалмау C)Қозу

5. .Нейрондардан құралған ұлпа

А) Дәнекер B)Бұлшықет C)Жүйке

6. Жұлынның атқаратын қызметі

А) рефлекстік және өткізгіштік В) өткізгіштік, қозу С) Өткізу, кері бету

7. Ақ зат майлы қабықпен - .... қапталған ұзын өсінділер

А) лиелин В)миелин С) көбелек

8. Жұлын неше сегменттен тұрады?

А)23 В)16 С) 31

9. Қандай да бір мүшенің немесе жүйенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының шоғыры не деп аталады?

А) жүйке орталығы В) жасуша орталығы С) жұлын орталығы

10. Ең қарапайым рефлекс –

А) бел рефлексі В) тізе рефлексі С) бүгу рефлексі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

С

В

А

С

А

В

С

А

В

Бағалау критерилері:

10-9 – «5»; 8-7 – «4»; 6-4 – «3»; 3-0 – «2».

Жаңа сабақ. Оқушылар «Ми» туралы білгендерін ортаға салады, БББ кестесін толтыру

ІІІ Ой қозғау. (кесте толтырылады)

Білемін

Білгім келеді

Білдім




IV. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ми сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми жәнеүлкен ми сыңарлары. Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді. Сопақша ми мен ми көпірі жұлынның жалғасы болып табылады. Олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. Сопақша ми мен ми көпірінің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады. Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядроболады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады. Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Ортаңғы ми. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Сопақша ми, ми көпірі және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бас сүйек — ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.

V. Бекіту:

Ми бөлімдерінің қызметі (Ұжымдық жұмыс)

Ми бөліктері

Атқаратын қызметі

Сопақша ми


Көпір


Ортаңғы ми


Аралық ми


Мишық


Танымдық тапсырма: (өз ойларын айту, пікір алмасу. Ұсыныс айту)

  • Скрипкашының мишығында ісік пайда болды. Ол бұрынғыша ойнай ала ма?

Қорытынды: (Кері байланыс орнату)

  • Бүгін біз қандай тақырыпты өттік?

  • Жүйке жүйесінің бөлімдері туралы не білдік?

  • Қандай әдіс-тәсілдер арқылы бүгінгі сабақты есте сақтап, түсіндіңіз?

  • Тақырыпты меңгеруде қандай қиындықтарға кездестіңіздер?


Бағалау;

Үй тапсырмасы:

§15 параграф мәтінін оқып-білу, сұрақтарға жауап беріп, тест құрастыру.

Терминдерге анықтама жазу, жаттау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ми. Ми б?лімдері, оларды? ??рылысы мен ?ызметі

Автор: Рахимжанова Хадиша Мусаипкызы

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174814


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства