kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма??ыстауды? д?рілік ?сімдіктері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жер бізді? орта? ?йіміз" атты ?алалы? семинар ?йымдастырылды.Сонда мен ?з сыныбым мен "Ма??ыстауды? д?рілік ?сімдіктері" та?ырыбы мен семинар?а ?атысып,?з ?лкемізді? саны азайып бара жат?ан ?сімдіктерін ?ор?ау?а ша?ырдым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма??ыстауды? д?рілік ?сімдіктері.»

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Теңге ауылы

№14 орта мектеп

биология пәні мұғалімі

Жолдасбаева Зауре Конакбаевна




Сабақтың тақырыбы:Маңғыстаудың дәрілік өсімдіктері.

Сабақтың мақсаты:білімділік:дәрілік өсімдіктер олардың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін толықтыру;

дамытушылық:ойлау,есте сақтау,сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік: табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру; эстетикалық сезімдеріне баулу.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топтастыру

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа дайындау,қатынасты алу,топқа бөлу, топқа ат қою,топ басшысын сайлау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экология қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген.

1топ-Адыраспан

2топ-Жантақ

3топ-Киікоты

Ітур. «Танысу кабинеті» Әр топ өз өсімдіктеріне сипаттама беру арқылы постер қорғайды.


І топ «Адыраспан» тобы


улы өсімдік биіктігі 20-30см




гүлі ақ сасық иісті


жемісі домалақ

ІІ топ «Жантақ» тобы



гүлі қызыл

арамшөп





биіктігі 30-100см


тамыры тереңге кетеді


сабағы тікенді


ІІІ топ «Киікоты» тобы



гүлдері майда қызыл-күлгін

биіктігі 70см






сабақтары көпжылдық шөптесін

төрт қырлы


жапырақтары қарама-қарсы

орналасқан




ІІтур. «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде!»

Топ дәрігерлері өсімдіктердің емдік қасиеттерін айтады.

1топ «Адыраспан»тобының дәрігері

Адыраспанды жөтел, демікпе, несеп бұзылу, себебі белгісіз ісіктер, буын қабыну, асқазан, қызыл өңеш рагі қатерлы ауруларды емдеуге қолданылады.Халық медицинасында адыраспанды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді.Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді. Халық медицинасында адыраспанды ревматизм, қышыма, тері ауруларын булауға пайдаланады. Ал шөбінен жасалған қайнатындыны суық тигенде,безгек, жүйке жүйесінің әлсіреуіне пайдаланады. Шөбін жағып үйді, қойманы зарасыздандырады. Ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді. Қара не қызылбұрышқа қосып, теріге қотырға жағады.

2топ «Жантақ» тобының дәрігері

Жантақ— дәрілік өсімдік, оның қабығында қант, илік заттар, эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. Жантақтан алынған дәріні қуыққа тас байланғанда, өт, несеп жолдары қабынғанда ішеді. Оның тұнбасынан геморройға қарсы ванна жасайды. Гүлінен ара бал жинайды.Мамандардың айтуынша, оның құрамында флавоноид, сапонин заттары, қант, илік заттар (суда еритін құрамы жөнінен алуан түрлі және күрделі саналатын органикалық заттар тобы), С, К дәрумендері, каротин, ур­сула қышқылы, алкалоидтер, эфир майы, бояғыш заттар және шайыр болады. Медицинада шөптің жер бетіне шығатын бөлігі пайдаланылады. Кейде жемісі мен тамыры да қол­данылады. Шөп құрғатылып, ұнтақ күйдегі дәрілік препарат жа­салады. Ол зәр айдайды және қызуды басады, сонымен бірге құрғақ жөтелге қарсы ем болады.Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.


3топ «Киікоты» тобының дәрігері


Киікотының қайнатындысымен асқазан мен ішек және кеңірдек ауруларын, ақ жатыр ауруын емдейді. Бірақ киікотын екіқабат әйелге пайдалануға болмайды. Ас қорыту жүйелерінің жиырылуы, созылу қасиеті перистальтикасы бұзылғанда пайдаланады. Киікоты тұнбасын жөтелге, етеккірді реттеуге де пайдаланады. Тұнба тәбет ашады. Қақырық түсіреді. Хош иісті ванна, компресс жасауға да болады. Киікотының ас қорыту және қолқа бездерінің жұмысын жақсартатын қасиеттері де бар. Киікотынан дайындалған тұнбамен ревматизм, құрысуды, жалпы қан тамырының соғысын көтереді. Киікотынан жасалған дәрі майды дененің салданған мүшесіне, іш желденгенде қарын сыртына жағып сылайды.

Киікотынан дайындалған тұнбамен ревматизм, құрысуды, жалпы қан тамырының соғысын көтереді. Киікотынан жасалған дәрі майды дененің салданған мүшесіне, іш желденгенде қарын сыртына жағып сылайды.


ІІІ тур.«Емші қоржыны»

Әр топ өз өсімдіктерінің жинау тәсілдерімен таныстырады.

І топ «Адыраспан» тобы


Адыраспанның бұтақтары,жапырағы,гүлі және тұқымы дәрі.Оны күзде жинап,кептіріп пайдаланады.Тұқымы піскенде жиналады.Құрамында гармалин және гармин алколоидтері,ал гүлі мен бұтағында пеганип алколоидтар бар.


ІІ топ «Жантақ» тобы


Медицинада жантақтың жерүсті бөлігі пайдаланады.Кейде жемісі мен тамыры да қолданылады.Шөп құрғатылып,ұнтақ күйдегі дәрілік препарат жасалады.Гүлдеген кезде оны жинап шай ретінде асқазан ауруларына пайдаланады.Мамандардың айтуынша құрамында қант,илік заттар,

К,С дәрумендер каротин қышқылы,алколоидтер,эфир майы,бояғыш заттар және шайыр болады.


ІІІ топ «Киікоты» тобы


Мамыр айынан тамыз айына дейін гүлдейді.Оның жерүсті бөлігін гүлдеген кезде жинап алады.Құрамында илік заттар,эфир майлары,аскорбин қышқылы, пигменттер бар.


ІVтур.«Олжа» ойыны


  1. Маңғыстауда өсетін қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?

  2. Маңғыстаудың Қызыл кітапқа енген өсімдіктерін атаң?

  3. Ксерофит өсімдіктер қандай өсімдіктер?

  4. Шөлейт өсімдіктердің тамыр жүйесі қандай қасиетке ие?

  5. Олжа

6. Эфемерлер деген не?

7. Маңғыстау облысында қандай қорық бар?

8. Сортаң жерлер өсімдіктерінің-галофиттердің қандай ерекшелігі бар?

9. Қандай өсімдіктерді суккулент өсімдіктер дейді?


V тур.«Ойтолғау»


І топ «Адыраспан» тобы

Егер де мен табиғатты қорғау министрі болсам ...


ІІ топ «Жантақ» тобы

Егер де табиғатқа тіл бітсе ...


ІІІ топ «Киікоты» тобы

«Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту...





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ма??ыстауды? д?рілік ?сімдіктері.

Автор: Жолдасбаева Зауре Конакбаевна

Дата: 26.09.2016

Номер свидетельства: 345942


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства