Просмотр содержимого документа
«Малдарды, құстарды, тез бұзылатны өнімдерді тасымалдау, көліктердегі ветеринариялық бақылау.»
Теория сабақтың тақырыбы:
№2Начало формыКонец формы
Малдарды, құстарды, тез бұзылатны өнімдерді тасымалдау, көліктердегі ветеринариялық бақылау. I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1.Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері 2.2. Сойыс малдарын тасымалдау 2.3. Малды теміржолмен тасымалдау 2.4. Малды автокөлікпен тасымалдау 2.5. Тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе Tасымалдау - кез келген тасымалдау құралдарын (авто, темiр жол, әуе, су) пайдалану арқылы бiр пунктен екiншiсiне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң орнын ауыстырумен байланысты рәсiмдер кешенi. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары (мал айдау трассалары) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiм бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен анықтайды. Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру қағидаларына сәйкес берiлген ветеринариялық құжаттармен қоса жүредi. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берiлмейдi. II. Негізгі бөлім 2.1. Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері Жануарларды (құстарды, терісі бағалы аңдарды, хайуанаттар паркінің жануарларын, балықтар мен араларды қоса алғанда) тасымалдау мамандандырылған автокөлік құралдарымен, ал олар болмаған немесе жетіспеген кезде арнайы жабдықталған ернеулі автокөлік құралдармен жүзеге асырылады. Жануарлар мен құстарды өзі аударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілмейді. Автокөлік құралдарын жабдықтауға ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ернеулерді шанақтың еденінен - 2 м дейін және қойларды, ешкілерді және шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 м дейін биіктікті өсіру және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштарды орнатуды қамтиды. Жануарларды тасымалдау үшін қажетті жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтуші береді және автокөлік құралына орнатады. Автокөлік құралының шанағында алып жүрушінің болуы қажет кезде, жүк жөнелтуші жануарлардан қоршалған арнайы орын (ірі жануарларды тасымалдау кезінде - шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтайды. Жануарларды қолайсыз ауа-райы жағдайларында (қатты ыстық, күзгі және қысқы мезгіл) тасымалдау кезінде, оларды қорғау үшін жүк жөнелтушінің талап етуі бойынша автокөлік құралының шанағы жабық болуы тиіс жағдайларда, кенепті - тасымалдаушы, ал басқа қажетті материалдарды жүк жөнелтуші береді. Автокөлік құралы шанағының едені жарамды болуы тиіс, шанақта жануарларды жарақаттауы мүмкін бұрандардың, шегелердің және басқа заттардың шығып тұрған ұштары болмауы тиіс. Малды тасымалдау кезінде шанақтың еденіне сабаннан, қалыңдығы жануарлардың зәрін сіңіріп алуды қамтамасыз ететін төсеме салынады. Жол үстінде шанақтан төсемені лақтыруға рұқсат етілмейді. Ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдау өткізбейтін түбі бар торлармен жүргізіледі. Жүк жөнелтуші торларды автокөлік құралдарының шанағында, ауаның әрбір торда еркін айналуын қамтамасыз ететіндей етіп орналастырады. Ұсақ жануарлар мен құстар бар торлар тиелгеннен кейін жүк жөнелтуші оны мықтап бекітеді. Терісі бағалы аңдар, олардың түріне байланысты тасымалдауға металл торлы есігі бар металл немесе берік ағаш торлармен беріледі. Торлардың есіктерінде өз бетімен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын берік тиектері болады және құлыптармен жабылады. Автокөлік құралдарының қозғалысы оқыс жұлқусыз әрі аялдаусыз, жолдардың дөңес жерлері алдында қозғалыс жылдамдығы азайтылып, тасымалдау барысында жануарлардың орнықтылығын қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүзеге асырылады. Қозғалыстың әрбір сағатынан кейін автокөлік құралдарын 15-20 минутқа аялдатқан дұрыс. Жолда жануарлар қысқы кезеңде кемінде бір рет, жазғы кезеңде кемінде екі рет суарылады. Егер жануарларды автомобиль көлігімен тасымалдау ұзақтығы 12 сағаттан аз болса, онда бұл жағдайда, жолда қоректендіру жүргізілмеуі мүмкін. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы жолда жануарлардың аурудан, оларды автокөлік құралдарында дұрыс орналастырмаудан және бекітуден, сондай-ақ ауа температурасының жеке жануарлар мен құстарды тасымалдау шарттарына сәйкес келмеуі салдарынан болған шетінеуге байланысты шығыстарды өтемейді. Жануарларды тиеуге таза және дезинфекция жасалған автокөлік құралдары беріледі. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік құралдарының жарамдылығын және санитарлық өңдеудің сапасын мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары бақылайды. Барлық жануарларды тиеу алдында және тиеу кезінде, олар өздеріне тиесілі шаруашылықтың (базаның, ұйымның) ветеринарлық дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы тексереді. Жүк жөнелтуші түрі, жынысы және жасы бойынша біртекті жануарлар мен құстардың бір автокөлік құралға тиелуін жүргізеді. Бір автокөлік құралына түрі, жынысы және жасы әртүрлі жануарларды бөлек тиеу мүмкін емес кезде, оларды бір-бірінен сенімді қоршаулармен бөлу шартымен тасымалдауға рұқсат етіледі. Жүк жөнелтуші тиеу кезінде ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, өгіздерді және басқаларды) автокөлік құралдарында басымен кабинаға қарай орналастырады және берік байлайды. Ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің және басқа ұсақ жануарлардың төлін байлаусыз, бірақ барлық жануарлар автокөлік құралының шанағында жата алатындай етіп тасымалдауға рұқсат етіледі. Ауру жануарлар тасымалданбайды. Жылқылар тағасыз тасымалданады. 2.2. Сойыс малдарын тасымалдау Малды (құсты) тасығанда, еске алатын жағдай, біріншіден жергілікті малды жұқпалы ауруға шалдырмау, екіншіден тасылатын малды жол бойы жұқпалы аурулардан сақтау және темір жол бойын, оның жұмыскерлерін ауру жұғудан сақтық жасау.Тасуға дені сау және жұқпалы ауру жоқ шаруашылықтың малдары ғана жіберіледі. Тасуға арналған малдың (құстың) әр топтарына оларды дайындаған шаруашылықтан әдейі арналған малдәрігерлік куәлік беріледі. Онда малдың басы (саны), жүретін бағыты, мал дайындаған жердің аурудан тазалығы және әдейі арнальп жасалған малдәрігерлік домдау (обработка) жұмыстары көрсетіледі. Бұл берілген құжат 3 тәулікке дейін күшін сақтайды. Бұдан басқа, малды темір жолымен және автокөлікпен, одан қала берді алысқа жайып айдағанда, жолдық журнал беріледі. Тауарлы- тасу құжаты - ең маңызды құжат, оны үш дана қылып жасайды, бір данасы шаруашылықта қалдырылады да, қалған екеуі мөрленген конверттің ішінде аға жолсерікке беріледі, оның біреуі ет комбинатына арналынады. Бұл құжатта ірі малдар тобы бір бөлек, ұсақ малдар тобы бір бөлек болып көрсетіледі (тірі салмағы, жынысы, қоңдылығы, жасы). Малды тасуға дайындық жұмысы шаруашылықтың өзінен басталады. Малды топтап бөледі, мұнда ескеретіні; жынысы, жасы, қоңы және тірі салмағы. Топтау тәсілі мына жағдайлардан байланысты: вагонға және кемеге неше бас сыйады, топталған малды қалай орналастыру тиімді және тағы басқалар.Малды тасуға 7-10 күн қалғанда, тасу кезеңіндегі азықтандыруға көшіреді, яғни тасу уақытындағы берілетін азықтарды береді. Тәулігіне 2 рет азықтандырып су береді, бұл тасу кезеңіндегі азықтандыруға біртіндеп көшудің тәсілі. Ірі қара малдың бір басына шаққанда 2,7 м 2, шошқа және қойға 1,5 м 2 еденнің аумағы келуге тиіс. Малды темір және су жолымен, автокөлікпен тым алыс жолға тасығанда, шаруашылық оларды азықпен және төсеніш затпен қамтамасыз етеді (етуге тиіс). Азықтың құнары жақсы, көлемі сапарда болатын уақыт бойынша барлық малға жетуге тиіс. Жолда, малға шалғын шөп беруге болмайды, ол тез бүлінеді және малдың ішін жүргізеді. Қыста ауа райы -15° жөне одан төменде, сүрлеммен, төппен, сығындымен азықтандыруға болмайды. Төсеніш ретінде қолданылатын заттар: сабан, ағаштың ұнтағы .Малды (құсты) тасымалдау үшін, шаруашылық керегінше жауапты, дайындығы бар және малды азықтандыру, күту, сақтау жөнінен тәжірибелі адамдар бөледі. Шаруашылықтың бастықтары нұсқау сабақ жүргізеді. Тасу алдында стансаға жібергенше малдәрігері барлық малды қарап шығады. 2.3. Малды теміржолмен тасымалдау Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т.б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-70 градус) сумен жуады. Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінгең малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді. Малды түсіріп - артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда әкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады, 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген және арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді. 2.4. Малды автокөлікпен тасымалдау Бұл өте тиімді және экономикалық жағынанда арзандау тәсіл болып табылады, әсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сыйады. Бұдан басқа, әдейі шығарылған мал таситын автокөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға есептелген. Шанағында әдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, екі есік, сатыланған мал жүргізгіпшен, жарық шамы және қи жинағыш, биіктігі 1 м көлденең бөлгіш бар. Малды тасуға химиялық заттарды, улы және өте жаман иісті заттарды тасыған машиналарды қолдануға болмайды. Шанаққа малдың бір түрін, бір жынысты және бірдей жастағыларын артады. Мұндай жағдай болмайтын болса, онда малдарды бірімен-бірін көлденең тақтаймен бөледі. Бір шанақта сиыр мен өгізді, ересек мал мен жас малды артуға да болады. Жылқыны да ірі қара мал сияқты тасиды, дегенмен жылқының тағасын алып тастау керек. Шошқаларды машинаға артқанда, олар жата алатындай жағдайды еске алынады. Мегежін мен кестірілген қабанды және ересек шошқа мен жақсы дамыған жас шошқаны бірге қосып тасуға болады. Бекондық бағыттағы шошқа тұқымын тасығанда өте сақтық жөн, өйткені терісіне жара салмау керек. Осы себептен Данияда арту-түсіру тиегіпіі бар әдейі автокөлік жасалған және олар үшін жүген істелген, ондағы мақсат бірін-біріне тістетпеу, жараландырмау. Қой мен ешкіні жүк автокөлікпен жеке, ия болмаса тіркеме тіркеп тасиды. Шанаққа артқанда, қой-ешкі жата алатындай жағдай жасау керек. Егерде малды автоколона түрде тасыса, онда 2-3 жүк машинаға бір жолсерік тағайындалады. Асфальт жолмен жүргенде машинаның жылдамдығы 60 км. Ұсақ тас төселген жолмен -45 және топырақ жолмен 25-30 кмсағ, болу керек. Малдарды жақын жерден тасығанда, яғни жолсапары 6 сағаттан кем болса, оларды азықтандырмайды және суармайды. Ал жол сапары 6 сағаттан асатын болса, оларды дем алдырып, азықтандырады, суарады. 2.5. Тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау Жануарларды автокөлік құралымен қандай да бір жұқпалы дерт бойынша қолайсыз аумақтар арқылы тасымалдау кезінде, бағыттарды тиісті мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау органдары жергілікті атқарушы органдармен: :: ауданаралық және қала маңындағы тасымалдар кезінде - ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторымен; :: ауданаралық тасымалдар кезінде - облыстардың ветеринарлық-санитарлық органдарымен; :: облысаралық және халықаралық тасымалдар кезінде - ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Жануарларды жерден мамандандырылған автокөлік құралына тиеу үшін артқы трап есік пайдаланылады. Басында бірінші бөлікті тиеу жүргізіледі. Жануарларды қозғалыс бағыты бойынша бастарымен алға қарай орналастырады, шанақтың алдыңғы қабырғасындағы сақиналарға байлайды, осыдан кейін бірінші қоршау жабылады. Содан кейін екінші бөлік тиеледі және тағы сол сияқты. Жануарларды жерден мамандандырылған емес автокөлік құралдарына тиеу жиналмалы көпіршелер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жүк жөнелтуші шектегіш ағаштарды автокөлік құралдың шанағынан алдын ала алады, жануарларды кіргізеді және қозғалыс бағыты бойынша қояды, алдыңғы көлденең ағашқа қысқа байлайды, артқы ернеуді жабады және автокөлік құралдарға шектегіш ағаштарды орнатады. Жануарларды автокөлік құралдарына тиеу тәсілдерін, оларды орналастыруды, сондай-ақ жануарларды бір автокөлік құралмен тасымалдау нормаларын жүк жөнелтуші тасымалдау шарттарын, (автокөлік құралының үлгісін, жануарлардың түрі мен жасын, тасымалдау алыстығын, жыл мезгілін, жол төсемінің жай-күйін және тағы басқа), автокөлік құралының жүк көтергіштігі мен сыйымдылығын толығырақ пайдалануды және тасымалданатын жануарлар және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз етуді ескере отырып белгілейді. Автокөлік құралы бару пунктіне келісімен жануарлар дереу түсіріледі. Жануарларды түсіру тиеу кезінде қабылданған кері тәртіппен жүргізіледі. Жолда жануарлармен бірге жүру және күтім жасау үшін жүк жөнелтуші жануарларды тасымалдауға қабылдау, жолда жануарларға күтім жасау, суару, қоректендіру, жануарлардың бекітілуін, күзетілуін бақылау, жануарларды жүк алушыға тапсыру үшін алып баратын адамдарды бөледі. Автокөлік құралына тиелген жануарлар үшін жүк жөнелтуші бірге жүретін адамдардың үлкеніне қажетті құжаттарды (белгіленген нысандағы ветеринарлық куәлік, табын тексереді.