kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"М?дени ?сімдіктерді? шы??ан орталы?тары" саба? жоспары 6 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 6     П?ні:   Биология      

Саба?ты? та?ырыбы: М?дени ?сімдіктерді? шы??ан орталы?тары.

Саба?ты? ма?саты:.

1.Білімділік: М?дени ?сімдіктерді? шы??ан орталы?тарымен толы??анды таныстыру.

2.Дамытушылы?:  Биология ?ылымыны? бас?а ?ылымдармен байланысы

3. Т?рбиелілігі:       Таби?атты ?ор?ау?а аялау?а т?рбиелеу   

Саба?ты? к?рнекілігі: Сурет,  слайд

Саба?ты? т?рі:        Жа?а саба?, практикалы? ж?мыс.

Саба? ?ту ?дісі:           ??гімелеу,  с?ра?-жауап.

Саба?ты? барысы:

I  ?йымдастыру кезе?і (1 мин):     С?лемдесу, т?гендеу.

II ?й тапсырмасы(10 мн):      ?сімдіктер ?леміні? дамуы. 

   С?ра?-жауап?

  1. Д?рілік ?сімдіктерге ?андай ?сімдіктер жатады?
  2. Алтын тамыр ?сімдігіне сипаттама бері?із.
  3. Несеп айдайтын ж?не ?уы?ты? ?абынуын басатын д?ріні ата?ыз?
  4. Адамны? ісіп кеткен буындарына, сыр?ырап ауыратын т?старына жа?ып, сыр?атын жазатын ?сімдік?
  5. ??рамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобында?ы д?румендер болатын ?сімдік?
  6. ?аза?станда осы ?сімдікті? 7 т?рі Алтай, Тарба?атай, Іле ж?не Жетісу (Жо??ар) Алатауында ?седі?
  7. Аск?к ?сімдігіне сипаттама бері?із.
  8. Осы ?сімдікті? жапыра?ында ментол бар?
  9. Ас?азан, ішек жолдары, бауыр, ?айнатпасын к?йікке пайдаланатын ?сімдік?
  10. ?гейш?пке сипаттама бері?із.

III  Жа?а саба?ты т?сіндіру(10 мин):

Осы заман?ы адам м?дени ?сімдіктерсіз ?мір с?ре алма?ан болар еді. М?дени ?сімдіктер адамды е? ?ажетті заттармен ?амтамасыз етеді. М?дени ?сімдіктер – асты?, к?кініс, жеміс-жидек, мата то?у?а ?ажетті шикізат. М?дени ?сімдіктері ?ант, май, мал азы?ы да болмас еді. ?й жи?азы, ?а?аз, д?рі, ?й ішін с?ндейтін ?р т?рлі заттардан ?зге де ?ажеттіліктерді тек м?дени ?сімдіктерден аламыз.

   Ал?аш?ы адамдар тек жабайы ?сімдіктерді? т??ымы, жемісі, пиязшы?ы ж?не бас?а б?ліктерін пайдаланды. ?сімдіктерді ?олда ?сіру ?дісін ме?гере алма?анды?тан, таби?атты? бергенін ?ана місе т?тты. Сонды?тан б?л кезе? жинаушы кезе? деп аталады. Адамзат тарихында?ы б?л кезе? сан ?асырлар?а созылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"М?дени ?сімдіктерді? шы??ан орталы?тары" саба? жоспары 6 сынып »

Сыныбы: 6 Пәні: Биология


Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары.


Сабақтың мақсаты:.

1.Білімділік: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарымен толыққанды таныстыру.

2.Дамытушылық: Биология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, слайд

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, практикалық жұмыс.

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы(10 мн): Өсімдіктер әлемінің дамуы.


Сұрақ-жауап???

  1. Дәрілік өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

  2. Алтын тамыр өсімдігіне сипаттама беріңіз....

  3. Несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәріні атаңыз?

  4. Адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазатын өсімдік?

  5. Құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер болатын өсімдік?

  6. Қазақстанда осы өсімдіктің 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі?

  7. Аскөк өсімдігіне сипаттама беріңіз....

  8. Осы өсімдіктің жапырағында ментол бар?

  9. Асқазан, ішек жолдары, бауыр, қайнатпасын күйікке пайдаланатын өсімдік?

  10. Өгейшөпке сипаттама беріңіз...

III Жаңа сабақты түсіндіру(10 мин):

Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер – астық, көкініс, жеміс-жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Мәдени өсімдіктері қант, май, мал азығы да болмас еді. Үй жиһазы, қағаз, дәрі, үй ішін сәндейтін әр түрлі заттардан өзге де қажеттіліктерді тек мәдени өсімдіктерден аламыз.

Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі, пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталады. Адамзат тарихындағы бұл кезең сан ғасырларға созылды.

Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымнан өсіру жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптап, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дарақтарының жиынтығын іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған түрін қолтұқым дейді. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым – селекция деп аталады ( латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).

Мәдени өсімдіктердің сан алуандығын және шығу орталығын орыс ғалымы Н.И.Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н.И.Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.

Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым – Кәрім Мыңбаев. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссертациясын Ленинградта академик Н.И.Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. К.Мыңбаевтың армандаған іс-жоспарларының бірқатары кейін жүзеге асты. Сөйтіп, Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды.

Өсімдік шаруашылғының өнімін алуда мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор. Бұл – ауылшаруашылығы негізгі салаларының бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді дақылдар,майлы дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар: шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті, жаңғақ жемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі. Мәдени өсімдіктер жергілікті халықты – азық-түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын – малазықпен, адамзатқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етіледі.


Қорытынды:

Мәдени өсімдіктер мен олардың іріктемелерін адамзат қаншама жылдар табиғаттың бергенін жинақтап, жинаушы кезеңді бастан өткізді. Өсімдіктерден – іріктеме, жануарлардан қолтұқым шығарумен шұғылданады. Әйгілі ғалым Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеді. Ғалым – селекционер Кәрім Мыңбаев Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетті.


ІҮ. Бекіту кезеңі (20мин): № 2 практикалықалық жұмысы



Ү. Бағалау кезеңі (2 мин):


ҮІ. Үй тапсырмасы (2 мин):







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"М?дени ?сімдіктерді? шы??ан орталы?тары" саба? жоспары 6 сынып

Автор: Саменова Жанерке Жаналыккызы

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211187


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства