??старды? ертедегі жор?алаушылардан пайда болуы. Археоптерикс
??старды? ертедегі жор?алаушылардан пайда болуы. Археоптерикс
7-сынып?а арнал?ан биология п?нінен саба? жоспарыМа?саты: ??старды? пайда болуы тарихы туралы таныстыру ж?не зерттеу.Ертедегі жор?алаушылардан пайда бол?аны туралы ж?не археоптерикс туралы т?сінік ?алыптастыру.Талдау,пікірталас ?йымдастыру ж?не м?тінді тал?ылау ?абілеттерін дамыту.Бір-біріні? пікірін ты?дау?а,топпен бірлесіп ж?мыс жасау?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«??старды? ертедегі жор?алаушылардан пайда болуы. Археоптерикс»
Биология. 7-сынып. 07.04.16ж
Сабақтың тақырыбы:Құстардың ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Археоптерикс
Мақсаты: Құстардың пайда болуы тарихы туралы таныстыру және зерттеу.Ертедегі жорғалаушылардан пайда болғаны туралы және археоптерикс туралы түсінік қалыптастыру.Талдау,пікірталас ұйымдастыру және мәтінді талқылау қабілеттерін дамыту.Бір-бірінің пікірін тыңдауға,топпен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында оқушыларды топқа бөлу.Түлі-тсті қағаздарды таңдау және түстер бойынша бөлінеді.Қолдарындағы қағаздарда жазылған сөздерден тілек құрастыру тапсырылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Серпілген сауал» әдіс арқылы сұралады.
1.Құстарды зерттейтін ғылым? (орнитология)
2.Құстарды денсі қандай бөлімдерден тұрады?(бас,мойын, тұлға)
3.Қазақстанда құстардың қанша түрі мекендейді? (500-ден астам)
6.Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі қалай аталады?(қаламша)
7.Мүйізді өзегі қалай аталады?(сояуы)
8.Ұсақ шашақ тәрізді түзілістер-(пәрі)
9.Құстар ұшқан кезде қандай құбылыс жүреді?(қосарлы тынысалу)
10.Өңештің кеңейген жерін қалай атайды? (жемсау)
11.Қораздың жыныс мүшелері нешеу?(екеу)
12.Тауық жұмыртқаснан неше тәуліктен соң балапан шығады?(21 тәуліктен соң)
13.Қызылшақа балапандар қандай болады?(әлсіз, соқыр, қауырсыны жетілмеген)
14. ширақ балапандар қандай болады? ( жұмыртқадан шыға сала, тіршілік әрекетіне көшеді)
15.Иіс сезу мүшесі қалай дамыған?(өте нашар дамыған)
16.Құстар қалай ұрықтанады? (іштей ұрықтанады)
Нұрқатқа тапсырма: Құс жұмыртқасының құрылысын талдап, тәжірибе жүзінде көрсету.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Кілттік сөздер:
1.Ежелгі құстар
2.Жорғалаущылар
3.Археоптерикс
4.Еуропа
5.Жұмыртқа
6.Көнеқұс
7.Протоавис
8.Жылықанды
9.Алғашқы қанаттылар
10.Қаңқа қалдықтары
Жаңа сабақтың тақырыбы:«Құстардың ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Археоптерикс»
Жорғалаушылар мен құстардың арғы тегінің бір екендігі дәлелденген. Олардың ұрықтарының дамуы да бір-біріне өте ұқсас. Еуропада бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен арзеоптерикстердің («алғашқы қанаттылар») тастағы таңбалары табылған. Олардың дене тұрқы сауысқандай юолып, ағашқа өрмелеп тіршілік еткен.Археоптерикстердің жорғалаушыларға да және құстарға да ұқсас белгілері болған.1980 жылға дейін құстардың арғы тегі археоптерикстер деген пікірлер қалыптасыпты.Ал, 1980 жылдан кейін дүниежүзінің көптеген аймақтарынан құстарға ұқсас жануарлардың қаңқа қалдықтары табылып, олардың дене құрылысында құстарға ұқсас белгілердің көп екендігі анықталды және ондай жануарлар археоптерикстерден 75 млн жыл бұрын тіршілік еткен.Олар протоавистер («ежелгі құстар») деп аталды.Олардың төссүйегінде қыры болған. Сондықтан қазіргі кезде құстардың арғы тегі протоавистер 225 млн жыл бұрын болды деп есептеледі.
ІҮ.Бекіту.
1-тапсырма
Венн диаграммасы тапсырма:
Құстар Жорғалаушылар
2-тапсырма
Құс жұмыртқасының құрылысын талда!
3-тапсырма
Құстарды неліктен жылы қандылар деп атайды?
Құстардың денесінде қандай бездер бар, ол қандай қызымет атқарады?
Құс терісінің қосалқы бөлімдерін атаңдар.
Құс қаңқасында өзіне тән қандай белгілер бар?
Құстың безді қарыны қандай қызымет атқарады?
Құстың етті қарынының құрылыс ерекшелігі неде және ол қандай қызымет атқарады?
Құстардың қандай белгілері жорғалаушыларға ұқсас?
Құстарда қосарлы тынысалу деге не?
Құстардың дыбыс шығаруы қандай мүшеге байланысты?
Құс жұмыртқасындағы нәруыз қандай қызымет атқарады?
4-тапсырма
Кестені толтыр.
Қаңқаның бөлімдері
Құрылыс ерекшеліктері
5-тапсырма.
Сәйкестендіру кестесі:
1.Қосарлы тынысалу тұмсығы
2.Жақсүйектері тұтас мүйізді тақшалармен қапталған ұшқан кезде өкпеде ауа
құрамындағы оттегіне қан екі
рет қанығады.
3.Өңештің кеңейген бөлігі әкқабық
4.Тұрақты дене температурасы археоптерикс
5.Алғашқы қанаттылар жемсау
6.Жұмыртқаның сыртқы қабығы +41,+43
6-тапсырма.Суретте қандай процесс жүріп жатыр.
Рефлексия
Нені білемін
Нені үйрендім
Не үйренгім келеді
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, ертедегі құстар туралы хабарлама жазып келу.