Сұрақтардың жауабын жұппен, топта талқылайды, жауап береді
І топқа
1. Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты осылай аталған болатын. Олар қайсысына жақынырақ: құрлыққа ма, суға ма?
(Аяғының, терісінің, тыныс алу мүшелерінің құрылысы қосмекенділердің суда да, құрлықта да тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Бірақ көбею үшін міндетті түрде су қоймалар керек. Қосмекенділер кездесетін құрлықта да ылғал болу керек. Сондықтан да қосмекенділер суға жақынырақ болады.)
ІІ топқа
2. Бақаның терісі ылғалды, сілемейлі қабықшамен қапталған. Бақа терісінің ылғалды болуының маңызы неде?
(Өйткені бақа терісімен тыныс алады. Бақа денесіндегі сілемейлі қабықша судың булануын тежеп, ылғалды ұстап тұрады.)
ІІІ топқа
3. Бақалар ұзақ уақыт судың түбінде бола алады. Неліктен олар тұншықпайды?
(Терісімен тыныс алудың нәтижесінде)
ІІІ. Өткен сабақты бекіту
Венн диаграммасы
Балықтар мен қосмекенділерді салыстыруды ұсынады.
Жауаптарын топ ішінде талқылап алып, алдарындағы арнайы берілген параққа жазады. 3 топ кестенің 3 бөлігін толтырып, тақтаға жабыстырады.
Балықтардың ерекшелігі
Қосмекенділер мен балықтардың ұқсастығы
Қосмекенділердің ерекшелігі
-суда ғана тіршілік етеді;
-денесінің сырты қабыршақпен қапталған;
-желбезек арқылы тыныс алады;
-мишығы жақсы дамыған;
-жүрегі 2 қуысты;
-қан айналымы 1 шеңберлі;
-қарыншада көктамыр қаны болады;
-омыртқалы жануар;
-салқын қанды;
-денесінің бөлімдері
-ішкі қаңқа бар;
-миы 5 бөліктен тұрады;
-көбеюі мен дамуы суда өтеді;
-суда да құрлықта да тіршілік етеді;
-денесінің сырты ылғалды терімен қапталған;
-өкпе, тері арқылы тыныс алады;
-мишығы нашар дамыған;
-жүрегі 3 қуысты;
-қан айналымы 2 шеңберлі;
-қарыншада аралас қан болады;
ІҮ. Жаңа сабақ. Оқушыларға мәтін жазылған парақша таратылады. Оқушыларға оқып дайындалуға уақыт беріліп, мәтіннің ішінен бақаның ғылымдағы, адам өміріндегі, табиғаттағы маңыздылықтарын жекелеп топтастыра жазуға тапсырма беріледі.
Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Бақаның терісінде ерекше зат табылған. Ол терідегі ашық жараның тез жазылуына сонымен қатар теріге енген бөгде заттардың, бактерияның, микробтардың жойылуына əсер еткен.
Панамалық бақаның терісінен цетекитоксин сұйықтығы табылды ол артериалдық қан қысымының түсуіне көмектеседі.Эксперименттік тəжірибелер бақаларға көптеп жасалынған. Тағы бір тəжірибеде бақаның уының 1-2 мг мөлшерін сау адамға енгізгенде ол адамда жүрек айнып, қан қысымының жоғарылауы байқалған.
Бақаның уы зияны мен қоса уының аз мөлшері пайдалы да болып келеді. Тыныс алуды қалыпқа келтіреді, жəне жүрек жұмысынын жақсартады. Сəуле ауруына да пайдасы зор.Жануарлар ағзасындағы бактерияларды өлтіріп, олардың өмірін ұзартады.
Бақаны Плинияда, Диогенада тағам ретінде де, диеталық күйде де қолданады. Олардың етін тағам ретінде де əсіресе қолын пайдаланады. Олардың құнарлығы тауық етінен кейін екінші орында болып табылған. Ол өте жеңіл əрі өте сіңімді тағам ретінде қолданады. Бұлардың мейрамханадағы бағасы сиыр еті мен балықтан 3-4 есе қымбат. Барлық зат улы да пайдалыда бола алады, тек мөлшер ғана одан дəрі де у да жасай алады.. Уақыт өте келе енді бақаның уының пайдасын ғалымдар тексере бастады жəне оны медицинада ерекше түрде қолдана бастады. Белфастың Королевтік университетінле ғалымдар бақаның терісінен ақуызды тапты ол инсультқа, диабетке, ісік ауруына пайдалы.
Ақуыз тау бақасынан табылған. Ол ағзадағы өсіп келе жатқан ісікті қайтарады жəне қан қысымымен ауырған адамға пайдалы. Оны арнайы шөппен қосып, жыланның терісімен бақадан алынған ақуызды қабылдау арқылы 12 адамның ісігін 50 % ға қайтарған. Француздық дəрігер Амбрауз Паре 1575 жылы уланған адамға ол бақаның еті мен Тулзуда өсетін шалфей өсімдігін қайнатып беретін болған
Қытайда бақаның уынан жалалған дəрі «мапин» жапондық дəріханаларда 1951 жылы сатылымға рұқсат алған. Ол түрлі ауруларға ем ретінде Шығыс елдерінде көптеп қолданады. 1965 жылы жапондық ғалымдар водянканы емдеуге бақаның уын қолданған. Ол үшін бақаны қайнатып, сорпасын ішкізген. Ғалымдар бақаның уынан 100 жаңа антибиотиктарды тапты. Ұлыбритания жəне американдық ғалымдар бақаның аналығынан жаңа молекуланы тапты. Ол бастағы ісік ауруына пайдалы. Ол бастағы ісікті ішіне кіріп өлтіреді. Осындай молекулалар түрлі онкологиялық аурулардың алдын алуда.
Өртелген бақаның күлін қанды тоқтатуға пайдалануға болады. Сыздауық шыққанда бақаның терісін алып танып қойған сол кезле іріңді сорып алатын болған. Бақа уын сонымен қоса онкологияда қолданады. Туберкулезді емдеу үшін бақаны арнайы өлтіріп оның денесімен жыланның уын араластырып адамға ішкізеді.
Тараздағы дəріханаларда буын ауруларына қолданатын дəрі бар. Жақпа майы аты «жаби камень» деп аталады.
Зерттеушілер 100 жаңа антибиотик алды, олар клиникалық сынаққа əзір жаңа антибактериялды дəрі алдағы 5 жылда қолданысқа еңбек. Бақаның емдік қасиеті өте зор. Болашақта медицина саласына осы емдеу жолын қоссақ, еліміздегі түрлі қатерлі дерттерді емдеуге мүмкіндігіміз бар. Тек соған сене білуміз қажет.
Сонымен қатар бақалардың басым көпшілігі безгек масасын құртады. Ежелде ауыл тұрғандары су жағасына шыққан бақаның терісіне қарап, ауа райын болжайтын болған. Егер бақаның терісі өте ылғалды болса, жаз жауын – шашынды болады деп тұжырымдап отырған.
Табиғатта кеңінен таралған құйрықсыз қосмекенділер бау-бақша, егістікке зиян келтіретін, жағымсыз иісті, түнде тіршілік ететін бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. 1 шөп бақасы көктем-жазда 1260 бунақденелілерді дернәсілімен жояды;
Ал агу құрбақасы плантацияға әдейі зиянкестерді жою үшін жіберіледі. Сонымен қатар, қоректік тізбекке қатысады; (оны жанат, күзен, камшат, борсық және кейбір құстар мен балықтар жейді)
Оқушылар топтастырып қорғап шығады.
Қорытындылау
Не білдік?
Лабораторияда қандай қосмекенділерге тәжірибе жасалады?