Просмотр содержимого документа
«К?ру м?шесі. К?зді? ??рылысы мен ?ызметі »
Пәні биология
Сыныбы 8
Сабақ № 19
Сабақтың тақырыбы Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік оқушыларға көру мүшесінің құрылысы мен қызметін тереңірек түсіндіру
Дамытушылық оқушыларға көру мүшесінің қызметі мен маңызын түсіндіре отырып,
ой- өрісін дамыту
Тәрбиелік оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу
Сабақтың типі жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың әдісі баяндау,түсіндіру,сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі тірек – сызба,плакат
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Ұй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
ІV Сабақты бекіту
V Сабақты қорытындылау
VІ Бағалау
VІІ Үйге тапсырма беру
І Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
2.Оқушылардын назарын сабаққа аудару
ІІ Ұй тапсырмасын сұрау
1.Анализатор дегеніміз не?
2.Қандай сезім түрлерін білесіңдер?
3.Тітіркенуді қабылдау қалай іске асырылады ?
4.Бізді қоршаған дүние туралы ақпаратты қалай аламыз?
5.Анализатор қандай бөліктерден тұрады?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
Көрудің маңызы. Адам көру анализаторы аркылы Қоршаған дүниеден 90%-дан көп ақпарат алады. Көру арқылы дар жазуға, оқуға үйренеді. Қоршаған табиғаттағы, сәулет өнері, мүсін өнері, кескіндеме, балет, кинодағы әдемілікті көре білу тәрбиелі адамды ерекше көрсетеді.
Көздің кұрылысы. Көз косымша мүшелерді: қас, қабақ, кірпік, көз жасы бездері, жас өзекшесі, көзді қимылдататын бұлшық еттер, көз шарасын қорғайды. Адам көз алмасын жас сұйықтығымен ылғалдау үшін қабағын ашып- жабады
Көзбұршақ
Нұрлы қабық
Көздін қасан қабығы
Көзбұршақ байламдары
Көру жүйкесі Бұлшық еттер
Көздің құрылысы
Сөйтіп, оны жылытады жөне көз алмасына түске. ауа қоспасын тазартады. Көз жасы безі жас сұйықтығын. шығарады. Жас сұйықтығының артық мәлшері жас өзегі арқылы мұрын қуысына ағады Көз алмасының пішіні шар тәрізді, 2/3 белігі бас сүйектегі көз шарасымен коршалады да, көз алмасының солға, онға, жоғары жөне төмен қозғалысын камтамасызі ететін көз алмасын кимылдататын бұлшык ет арқылы көз шарасына бекінеді . Көз алмасы ақ қабық (склера), тамырлы және тор қабықтан тұрады
Жас безі
Үстіңгі ңабақ
Жас қабы
Жас өзегі
Мұрыннынң жас ағатын өзегі
Ақ қабықтың алдыңғы белігі мөлдір қасаң қабыққа жалғасады. Ол кеөді сыртынан қоршайды, оған көздің бұлшық еттер бекінеді. қабық жарықты өткізеді, Тамырлы қабықта кан тамырлары Қан тамырлары ақ қабық жағынан қара пигментпен жабылған. Сондықтан көз алмасының ішіне түскен жарықты өткізбейді.Тамырлы қабық көздің барлык қоректік заттармен және оттекен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабыктың алдыңғы жағы орталығында қарашық
орналасқан нұрлы(түсті) қабыққа жалғасады. Көздін түсі нұрлы қабық түсіне байланысты. Қарашық жарқыраған жарықтан тарылып, көз ішіне жарық ағынын шектейді, ал қараңғыда ұлғайып, шашыраған жарықты ұстайды. Бұл бейімделу (адаптация) деп аталады. қарашықтын арткы бөлігінде екі жағы дөнес_линза тәрізді көзбұршақ (хрусталик) орналасады. Көзбұршак кірпік бұлшық етіне бекінеді және оның жиырылуына байланысты пішінін өзгертіп отырады (кисықтығын өзгертеді). Егер алысқа қарасақ, оның қисыктығы азаяды да, алыстағы заттарды жақсы көреміз, ал жақын орналаскан заттар айкын болмайды. Жакын орналаскан заттарды көргенде керісінше болады. Көзбұршақ өз қисықтығын ұлғайтады. Көзбұршақтың мүндай өзгерісі аккомодация деп аталады. Көз алмасының артқы қабырғасында көздің тор қабығы (сетчатка) орналасады Көздің тор қабығында жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар (жарык пен түсті қабылдайтын рецепторлар) ж\е таяқшалар (қас қарайғандағы жарық рецепторлары) орналаскан. Көздің тор қабығында қарашыққа қарсы жиналған құтышалар сары дақ деп аталады. Ал көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жерді соқыр дақ дейді., жарық тітіркендіргіштерін қабылдамайды.Көздің ішкі бөліғі көздің пішінін сақтайтын мөлдір іркілдек затпен — шыны тәрізді денемен толтырылған.Көздін. тор қабығында басталған заттың түсі, пішіні, жарықтандыруының, оның бөлшектерінің анализі ми қыртысының көру аймағында аякталады
Көрудің бұзылуы.. Шыны тәрізді денедегі су азаяды да, көз алмасы қыскарады. Жарык сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығады - алысты көргіштік — кырақтылық (дальнозоркость) дамиды.
Көру анализаторының қызметі. Жарык көз алмасына қарашық аркылы түседі. Қарашык жарық сөулесін тоғыстау кызметін аткарады (фокустайды). Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды
Кезді қимылдататын бұлшық ет заттың кескіні көздің тор қабығына, сары даққа дәл түсетіндей етіп көз алмасын қозғайды.
Көздің тор кабырының фоторецепторларында көру жүйкесі арқылы миға — үлкен ми сыңарлары қыртысын көру аймағына берілетін жарықтың жүйке импульстеріне Жарық
түрленуі жүреді: сол козден оң жак көру бөлігіне, ал оі көзден — сол жақ көру бөлігіне, ярни айқасып беріледі.