kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ру м?шесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Саламатова ?алам?ас Назар?али?ызы 1992 ж 18 мамырда А?т?бе облысы,Бай?анин ауданывы Абай савхозында д?ниеге келдім. 1999 жылы Ке?ес Ода?ыны? Батыры ?.Жазы?оав атында?ы орта мектепке 1 сынып?а ?абылданып, 2010 жылы 11 сыныпты ая?тадым.2010 ж А?т?бе мемлекеттік педагогикалы? институтына т?сіп,2014 жылы ?.Ж?банов атында?ы А?т?бе ??ірлік мемлекеттік университетін ая?тадым. 2014 жылдан бастап ?аражар орта мектебінде биология п?нінен м??алім ?ызметін ат?арамын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?ру м?шесі.»

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:_____________С. Қисықова

Күні: 03.11.2015ж Сыныбы: 8 Пәні: Биология

Cабақтың тақырыбы: Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары. Көру орталығы. Сығырлық және қырақтылық, олардың алдын алу. Көру гигиенасы. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Мақсаты: Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары. Көру орталығымен таныстыру

Міндеттері:

Білімділік:Оқушыларға көздің қосымша мүшелерін, қосымша мүшелердің атқаратын қызметін, жарыққа сезімтал рецепторлар, торлы қабықтағы сары дақ, соқыр дақ ұғымдарын, көрудің бұзылу себептері туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық:оқушылардың білім сапасын көтеру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру, білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету.

Тәрбиелілік: оқушыларды ізденімпаздыққа, нақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз денсаулықтарын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері:сұрақ – жауап, түсіндірмелі, тірек-сызба, тест

Сабақтың көрнекілігі:көздің құрылысы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушарды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту


2. Үй тапсырмасын тексеру

«Көпір тапсырмалары» сұрақ-жауап.

Адамда қанша сезім мүшелері болады?

Рецепторлар орналасуы бойынша неше топқа бөлінеді?

Анализатор дегеніміз не?

Анализатор қандай бөліктерден тұрады?

Сәйкестігін анықтаңдар.

.1. Рецептор А) импульсті жұмыс мүшесіне беру

2. Сезімтал жүйкелер Ә) тітіркенуді қабылдау

3. Үлкен ми сыңарлары Б) рецепторлардан қозуды орталық

қыртысының аймақтары жүйке жүйесіне беру

В) сезімтал нейрондардан қимыл –

қозғалыс нейрондарына қозуды тасымалдау

Г) ерекше сезім қалыптастыру


Дұрыс жауабы: 1 – Ә, 2 – Б, 2 – В, 2 – Г, 3 — А





3.Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға көз туралы не білеміз? Оның адам үшін маңызы неде?деп оқушылардың пікірін тыңдаймын. Үй тапсырмасымен жаңа тақырып арасында байланыс орнау үшін биология 8 сынып электронды оқулығын пайдаланып, сезім мүшелері оның ішінде көз тақырыбын тыңдап, әрі қарай жаңа тақырыпты жалғастыру.

Көз – адамның көру мүшесі. Ол арқылы адам сыртқы ортадан ақпарат қабылдайды. Сыртқы ортадан қабылданатын ақпараттың 80 – 90 % — ы көру мүшесі арқылы жүзеге асады.Көз арқылы адам өзін қоршаған заттарды, әр түрлі денелерді, олардың пішінін, түрін, түсін, қимылын, құрылысын қабылдайды.

Көздің бұзылуы, ауру түрлері:

Алыстан көргіштік- ҚЫРАҚТЫЛЫҚ.


Алыстан көрмеушілік — СЫҒЫРЛЫҚ.


Нұрлы қабықшасының бұзылуы — ГЛОУКОМА


Көз бұршағының бұлыңғырлауы — КАТАРАКТА.


Суық тиюі – КОНЪЮКТИВИТ


Алыстан көрмеудің даму себептері және емі

Алыстан көрмеушілік (миопия) — алыста тұрған заттарды дұрыс көрмеу. Көз дәрігерлері миопияны әлсіз (3,0 диоптрийге дейін), орташа (3,25 диоптрийге дейін) және жоғары дәрежелі (6 диоптрийден жоғары) деп бөледі. Жоғары дәрежелі миопия 15-30 диоптрийге дейін жетуі мүмкін.

Алыстан көрмейтін адамдар алысқа арналған көзілдірікті қажет етеді, ал көпшілігіне тіпті жақыннан керуге арналған көзілдірік керек. Алайда көзілдірік көздің жітілігін үнемі жоғары деңгейде түзете бермейді, бұл ауру көз қабығындагы дистрофиялық және басқа өзгерістерге байланысты.

Көз жітілігінің нашарлауы туа бітуі, уақыт өте пайда болуы мүмкін, кейде бара-бара үдей береді. Ол кез-келген жаста анықталып жатады. Сырқат, әдетте, жасөспірім шақта күшейіп, 18-40 жас аралығында тұрақталады. Оның тұқым қуалауы да мүмкін.

Миопияның дамуына көзге шамадан артық салмақ түсіру де әсер етеді. Оларға жұмыс үстеліне дұрыс жарық түспеу, оқығанда және жазғанда дұрыс отырмау, теледидарды көп көру мен компьютерді жиі пайдалану жатады.

Миопия белгілері байқалған бойда оны түзету амалдарын жасау керек. Әйтпесе ауру асқына береді. Тіпті амблиопия (жалқау көз синдромы), қитарлық секілді күрделі дерттерге соқтыруы мүмкін. Егер жақын тұрған затқа қарауға арналған көзілдірік не жанаспалы линза дұрыс таңдалмаса, көз бұлшық еттеріне шамадан тыс салмақ түсіп, алыстан көрмеушілік үдей түседі. Сондықтан көздің көруі нашарлаған бойда білгір офтальмологқа қаралып, көзілдірік не линза кию керек.

Алдын алу жолдары.Көздің жітілігін сақтау үшін төмендегі ережелерді есте ұстаған жөн:

• Еңбек тәртібі мен жағдайын оңтайландыру, демалу, дұрыс тамақтану, жарықтың түсуін реттеу, көз дәрігеріне жиі қаралып тұру;

• Көзді қысып қарауға болмайды, бұл сырқатты асқындыра түседі;

• Окыган кезде ортак жарыктан өзге кітапқа түсіп тұратын жарық та қажет. Теледидарды да қараңғы бөлмеде қарауға болмайды.

Көз жітілігін сақтауға көзге арналған жаттығулар пайдалы:

1-жаттығу. Көзді қатты жұмып, қайта босатыңыз, бірақ қабақты ашпаңыз. Одан соң көзді 10 рет жиі-жиі жыпылықтатыңыз. Енді қабақты қатты таңғалғандай жоғары көтеріңіз, одан соң қабақты түйіңіз. Бұны да 10 рет қайталайсыз.

2-жаттығу. Саусақ ұштары қызғанша алақандарыңызды қатты ысқылаңыз. Көз ұясы шетіндегі самайды саусақ ұштарымен айналдыра ұқалаңыз. Және де оң қол саусақтары сағат тілінің бағыты бойынша, сол жақ қолдың сауқастары сағат тіліне қарсы бағытта қозғалуы тиіс.

3-жаттығу. Терезе алдына тұрып, алыстағы бір затқа караңыз, одан кейін көзді мұрын ұшына бағыттаңыз, сосын қайтадан алыстағы затқа қараңыз. Бірнеше рет қайталаңыз.

4-жаттығу. Көзді жұма отырып көзді баяу айналдырыңыз. Алдымен бір бағытка бес рет толық айналдырыңыз, одан соң екінші жаққа қарай айналдырыңыз. 30 секунд бойы орындаңыз.

5-жаттығу. Қабақты жауып, оларды саусақ ұшымен 30 секунд уқалаңыз.

Миопияның консервативті емі кешенді түрде жүргізіледі. Бұл үшін әр түрлі оталар, дәрі-дәрмектер қолданылады. Миопиясы бар адамдар ақуызы, дәрумендері мен микроэлементтері мол теңдестірілген тамақ тұтынуы тиіс. Сонымен қатар офтальмолог дәрігер таңдап берген көзілдіріктің немесе жанаспалы линзаның көмегімен көздің жітілігін дұрыс реттеу маңызды. Кемінде жарты жылда бір рет офтольмологиялық нақтамалау жасау — көздің ұзына бойғы өлшемін ультрадыбыспен өлшеу керек. Көз дәрігерінің нұсқауымен жүзу, жаға аумағын уқалау, контрастылы себіл, т.б. шараларды орындау да пайдалы. Нұрлы қабықтағы бояу жасушаларының әсерінен адамның көздері алуан түрлі болады.

Халел Досмұхамедовтың қағидасы.

Көзің сау болсын десең:

Ымыртта, ала-көлеңкеде, нашар жарықта оқыма, жазба, жұмыс жасама.

Күндіз жұмыс жасағанда ,жарық (терезе) сол жақтан болсын.

Жұмыс уақытында көзің талса,жұмысыңды тоқтатып, көзің дем алғанша терезеге қара.

Еш уақытта көзіңді уқалама,тазалап жумай тұрып қолыңды көзіңе тигізбе.

Көзің ауырса,не көруің кемісе дәрігерге көрін.

Бөтен кісінің бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе. Өзіңнің бет орамалың болсын!

Әрқашанда тазалықты сақтап жүр.

Оқулықпен жұмыс: №5 Зертханалық жұмыс.











4.Жаңа сабақты бекіту

Оқушыларға тест сұрақтарын қою арқылы жаңа сабақты бекітемін.

1.Сезім мүшесіне жатады?

А) ауыз Б) тіс В) көз Г) қол

2.Көз алмасының құрамды бөліміне не жатады?

А) қас Б) кірпік В) нұрлы қабық Г) Жас

3.Көздің қосымша мүшесін ата.

А) нұрлы қабық Б) торлы қабық В) кірпік Г) ақ қабық

4. Көз дәрігері кім?

А) стомотолог Б) педиатр В) окулист Г) кардиолог

5. Көру аймағы мидың қай бөлімінде орналасқан?

А) ми қыртысында Б) үлкен ми сыңарларының маңдай бөлімінде В) шүйдеде

Г) самай бөлімінде

Барлық сұрақтардың В жауаптары дұрыс

5. Бағалау

6.Үйге тапсырма беру

Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметін мазмұндау. Көз аурулары жөнінде мағлұмат жинап келу.

























Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:_____________С. Қисықова

Күні: : 02.11.2015ж Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Cабақтың тақырыбы:Буылтық құрттардың көптүрлілігі. Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Ұлпалар және мүшелер туралы түсінік. Қозғалуы

Мақсаты:Буылтық құрттардың көптүрлілігімен таныстыру

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері, қозғалуы жөнінде мағлұмат беру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, дамыта отырып, байқампаздыққа, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру

Тәрбиелілік: Оқушыларды сүліктің халықтық медицинада емдік мақсатта пайдасы жайында айта отырып, табиғаттағы жәндіктерді қорғауға баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: әңгіме-дәріс, тірек-сызба

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, адасқан әріптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушарды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту

2.Жаңа сабақ

1. Буылттық құрттар – денесі шұбалыңқы, үш қабаттан тұратын көпжасушалы жәндіктер. Олардың денесі буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар, екі жақты симетриялы болып келеді. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған. Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері теңіздерде, тұщы суларда, құрлықты мекендейді.


Буылттық құрттардың кластары

1.Сирекқылтанды құрттар класы – шұбалшаң, сүлік

2.Көпқылтанды құрттар класы – нереида, құмқазар


1. Қозғалыс кезінде тірек болып, сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады;Буылтық құрттарда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған. Соңғы қуыс — целом деп аталады. Целом аралық қабаттан пайда болған. Құрттар денесіндегі соңғы қуыстың қызметі:


2. Ішектің және дене қабырғасының өз алдына жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды;


3. Ішкі мүшелердің және дененің мөлшері жағынан едәуір ұлғаюына көмектеседі;


4. Қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдерімен газды тасымалдайды.


5. Зат алмасудың соңғы өнімдері мен сұйықтықтың артық мөлшері жинақталатын орын бола алады;


6. Ағзадағы қысымды реттеуге қатысады.


Шұбалшаң –топырағы құнарлы, ылғалды жерде тіршілік етеді, қазған інінен түнде шығады.денесі,жұмыр,созылыңқы,бірнеше буылтықтан тұрады. Қызғылт түсті шұбалшаң денесі үнем қолға ұстағанда ылғалданып,сілемейленіп тұрады. Шырышты денесі арқылы топырақта оңай қозғалады. Сыртқы сілемейлі қабықша астында сақиналы бұлшықет орналасып, денесін жуандатуға, жіңішкертуге әсер етеді. Ал оның астындағы бірыңғай салалы бұлшықеттер құрт денесін қысқартып, ұзартады. Құрт сакинал,бірыңғай салалы бұлшықетпен жиырылып-созылуы арқылы қозғалады.Тері бұлшықеттерінің астында әр буылтық сайын пердемен бөлінген қуыс болады. Қуыстағы сұйықтықта ішкі мүшелер орналасады.

Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі – айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құрт денесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын бойлай орналасады. Оны параподия дейді. «Параподия » сөзі «аяққа ұқсас» деген ұғымды білдіреді.


Параподия дегеніміз – ұшында бір буда қылтандары бар денеден бұлтиып шыққан өсінді.


Буылтық құрттардың көбею

Денесінде кірпікшелері бар дернәсіл пайда болады. Ол трохофора деп атайды. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әректі ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Қылтандары да жоқ. Жұмыртқасын пілләге салады. Тура дамиды – ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.


2. Зертханалық жұмыс оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, теориялық білімін практикамен ұштасу мақсатында жүргізіледі.

2 зертханалық жұмыс

Тақырыбы:Шұбалшаңның сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркенуге қайтаратын жауабын бақылау.

3.Жаңа сабақты бекіту


Төмендегі берілген әріптердің орындарын алмастыру арқылы биологиялық терминдік сөздер құрастыру керек.

Р Е О Ф О Р А Т Ы Қ

Е И Х С І Т Я Л С Ү

Н Д О Ц Е Л И Ы У Л

П А Р А Н О Д У Я І

Т Б А К М П


Жауаптары:1. Нереида 2. Параподия 3. Трохофора 4. Целом 5. Сүлік 6. Буылтық

4. Бағалау

5.Үйге тапсырма беру

Буылтық құрттардың көптүрлілігі. Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы құрылысы. Қозғалуын мазмұндау
































































































10



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
К?ру м?шесі.

Автор: Саламатова ?алам?ас Назар?али?ызы

Дата: 05.11.2015

Номер свидетельства: 248461


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства