Саба?ты? та?ырыбы: К?пжасушалы жасыл балдырлар. Спирогира – жібі бір ?атар?а орналасып, ?зын жасушалардан ??рал?ан к?пжасушалы балдыр. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма т?різді орналас?ан. Атауы осы ?асиетіне негізделген. Ол ?сімді ж?не жынысты жолмен к?бейеді. ?сімді к?бею спирогира жіпшесі бірнеше б?лшекке немесе жеке жасушаларыны? б?лінуі ар?ылы ж?реді. ?р б?лшегіні? жасушасынан ?айтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты к?бею жіптеріндегі екі жасушасыны? цитоплазмасыны? ?осылуы ар?ылы ж?реді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"К?пжасушалы жасыл балдырлар" »
Сабақтың тақырыбы: Көпжасушалы жасыл балдырлар.
Сабақтың мақсаты: балдырлар, олардың әртүрлілігі. Көпжасушалы жасыл балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру
Міндеттері:
1.Білімділік:көпжасушалы жасыл балдырлар және олардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру
2.Тәрбиелік:көп жасушалы жасыл балдырлардың адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып, оларды тиімді пайдалануға баулу.
3.Дамытушылық:Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау.
Сабақ түрі: жаңа білімді хабарлау және қалыптастыру (әңгіме-сұхбат, зертханалық-өзіндік жұмыс).
Әдістемелік шешім: әлемді шарлау стратегиясы.
Көрнекіліктер: тақта, маркер,суреттер,үлестірмелер,тірек-сызбалар, микросокоп, тірі балдырлар мен олардың микропрепараттары, жабындық, заттық шыны, пинцет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Балдырлар туралы білімдерін топтау әдісін пайдаланып,тексеру.
Теңіз,өзен,көл Бір,көп жасушалы
Хроматофор
Бір,көп ядролы Таллом
Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып,венн диаграмасын сызу.
Хламидомонада Хлорелла
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:
Спирогира – жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан. Атауы осы қасиетіне негізделген. Ол өсімді және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке немесе жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушасының цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінеді. Су түбіндегі қайыр – балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады, төсемікке бекініп өседі. Спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді. Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар түзіледі. Олар қозғалып, төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасушалар түзе бастайды. Біртіндеп улотрикс жіпшесі пайда болады. Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді. Зооспоралардан кіші екі талшықты гаметалар түзеді. Олар екі-екіден қосылып, зигота пайда болады.
Түрлі түсті қағаз, қатты қағаз, файл, жіптер көмегімен жасалған балдырдың спора, зооспора, зоогамета мен зиготаның түзілу жолдарын түсіндіру. (Жынысты, жыныссыз көбею)
Зертханалық жұмыс №4. «Біржасушалы және көпжасушалы балдырларды көріп, зерттеу. Қыналардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу».
Оқушылар оқулықтағы жұмыс барысына қарап, балдырлардың түрін анықтап, қыналардың құрылысымен танысады. (59 бетте). Нәтижесін дәптерге қорытындылайды.