kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект открытого урока на тему "Асты? т??ымдастар. Ба?алы азы?ты? ?сімдіктер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саттары:1.  Асты? т??ымдастарды? тіршілік формаларымен, т?рлерімен танысу;

2. Асты? т??ымдастарыны?  бас?а ?сімдіктерден ерекшелігін аны?тау;

3. Асты? т??ымдастарыны? ( м?дени, жабайы, д?рілік, та?амды? т?рлеріні?) халы? шаурашылы?ында?ы ма?ызын біліп, тере? ж?йелі білім алу;

К?тілетін  н?тиже:. Асты? т??ымдастарын,  г?лі мен жемісіні? ??рылысында?ы ерекшеліктер, тіршілік формаларын, жабайы ?сетін, м?дени, д?рілік, ма?ызы халы? шаруашылы?ыны? ?сімдіктеріні? ма?ызын  т?сінеді, ме?гереді, ?мірмен  ?штастыру, тере? ж?не ж?йелі білім алады.

Модульдері: АКТ (а?паратты? коммуникативтік технология), СТО (сын т?р?ысынан ойлау), ОЖЕ (о?ушыларды? жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты ж?не дарынды о?ушылармен ж?мыс). ОБжК (о?ытуды бас?ару ж?не к?шбасшылы?), О?БжОБ (о?ыту ?шін  бас?ару ж?не о?ытуды ба?алау), ДО (диалогты? о?ыту)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект открытого урока на тему "Асты? т??ымдастар. Ба?алы азы?ты? ?сімдіктер"»

Ашық сабақ

Күні: 14.03.2016ж

Пән:Биология

Пән мұғалімі: Ибраева Ф.М

Сынып: 6 "ә" сынып

Сабақтың тақырыбы: Астық тұқымдастар. -бағалы азықтық өсімдіктер

Мақсаттары:1. Астық тұқымдастардың тіршілік формаларымен, түрлерімен танысу;

2. Астық тұқымдастарының басқа өсімдіктерден ерекшелігін анықтау;

3. Астық тұқымдастарының ( мәдени, жабайы, дәрілік, тағамдық түрлерінің) халық шаурашылығындағы маңызын біліп, терең жүйелі білім алу;

Күтілетін нәтиже:. Астық тұқымдастарын, гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формаларын, жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызы халық шаруашылығының өсімдіктерінің маңызын түсінеді, меңгереді, өмірмен ұштастыру, терең және жүйелі білім алады.

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер: Графикалық диктант, Бес жолды өлең, Эссе

Сабақ барысы:

1.Оргмомент. Амандасу, оқушының сабаққа дайындықтарын анықтып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

II Тренинг өткізу Барлық оқушылар шаттық шеңберге шығады. Тренинг аты: Сіз білмейсіз деп аталады

Тұқымдастар бойынша топқа бөлу( алқа, раушан, лалагүл тұқымдастары) бойынша үш топқа бөліну.

1.Сіз білмейсіз баклажан ............ тұқымдасына жатады.
2. Сіз білмейсіз алқа тұқымдастарының екінші атауы ....................... деп аталады.
3. Сіз білмейсіз қара меңдуана мен сасық меңдуана өте ..... өсімдіктер.және т.б.

III топқа бөлу. Оқушылар тұқымдас бойынша үш топқа бөлінеді 1) раушангүлтұқымдастар 2)Алқатұқымдастар 3)Лалагүл тұқмысдастар

IV. Үй тапсырмасын сұрау "Мені табыңыз " деп аталады (Әр топқа екі сұрақтан қойылады)

1.Менің жабайы түрім кездеспейді. Жерорта теңіз елдерінде, Орта Азияда қолда өсіретін 19 түрі бар. Ал Қазақстанда 4 түрі өсіріледі. Менің тұқымшаларымнан май алынады. Барлық мүшерімді пайдаға асырады. Тіпті бояда өндіреді. Мен кіммін?(Жауабы:Күрделігүлділер тұқымдасы, Мақсыр)

II топ

Менің ғаламшарда 1 300 –ге жуық түрім өседі. Ал Қазақстанда 57 түрім кездеседі. Тамырым –тамырсабақ, шашақ гүлшоғырым, қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтарым болады. Гүл серігінде 6 күлтежапырақша, аталығым 6 аналағым 1. Қазақстанның Қызыл кітабына сирек кезесетін 14 түрім кездеседі. Мені табыңыз? (Лалагүл тұқымдасы)

III топ

Дүние жүзінде- 650, Қазақстанда 110 түрім өседі. Гүлдерім ұсақ жай шатыршагүлге жинақталған. Жемісім –қауашақ Тұқымдарым жел, құмырсқа, жануарлар арқылы таралады. Пиязшығымда және жапырағымда сүтті шырыным болады.

Мені тап?( Даражарнақтылар класы

Пияз тұқымдастары )

I топ (2 сұрағы)

Менің пиязшығым тілшелерден құралады.Сабағымның биіктігі 1 м-ге дейін жетеді. Сабағым жалпақ, қатар жүйкелі. Пиязшығымның құрамында 20- 27% полисахорид, нәруыз 7-28% мг С витаминім болады. Фитонцид деп аталатын ерекше ұшпа затым болады. Мен кіммін?( Пияз тұқымдасына жататын Сарымсақ)

II топ

Қазақстанда кездесетін көпжылдық шөптекті өсімдікпін. Ғылыми атауым – германдық құртқашаш.Гүлсерігім 6 күлтеден құралып, дұрыс орналасқан. Олардың үшеуі тік, үшеуі салбырап тұрады. Жемісім –үш ұялы үлкен қауашақ . Ал қане мені табыңыздар

Жауабы:Құртқашаш

III топ

Тамырсабақты өсімдікпін. Көлбеу жатып, өрмелеп өсетін тамырсабағымның буынаралықтары ұзарып тармақталған.Гүлдерімде шірнелік болмайды. Түкті аралар, баларалар, шыбындар тозаңдандырады. Жемісім – қызылсары –қызыл түсті домалақ жидек. Мені тап(Інжугүл тұқымдасы )

V Жаңа сабақ таныстырылымы (Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға сын тұрғысынан сұрақ қойылады

Біздердің күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген нан өнімдері, тары ,жарма олар қандай өсімдік түрінен алынады? Әр топтан бір -бір оқушы өз ойын жинақтап сұраққа жауап береді.

Оқушыларға жаңа ақпарат беріледі

Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар- даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер. Олардың 10 000-ға жуық түрлері кедеседі. Қазақстанда астық тұқымдастарының 418 түрі өсіріледі. Астық тұқымдастардың басым көпшілігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктер да астық тұқымдасына жатқызылады.Бұлардың сабағын сабансабақ деп аталады. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармап, қынап түзеді.

VI. Топтық тапсырма

I топ

1. Астық тұқымдастарға жалпы сипаттама беру (дүние жүзі бойынша қанша түрі, қазақстанда қанша түрі кездесетінін)
2. Сабағы қалай аталады, жапырағындағы ерекшеліктері қандай, гүліндегі ерекшелік қандай осыған сипаттама беру
II топ
1.Екпе күріштің құрылысымен таныстыру
2.Ыбырай Жақаевтың ерлігі туралы айту
III топ
1.Бидайға сипаттама беру (тамыр жүйесі туралы, гүлшоғыры) және тарыға сипаттама беру
2. Құмай өсімдігінің ерекшелігіне тоқталу.
 VII. Бекіту тапсырмалары: (әр топтқа әр түрлі тапсырмалар беріледі)

I топқа Графикалық диктант

II топқа Бес жолды өлең

III топқа Эссе берілді. Уақыты: 3 минут

VIII. Сабақты қорытындылау

Тест тапсырмасын орындау

1. Астық тұқымдастардың тамыр жүйесі

А) кіндік Б) шашақ В) қосалқы

2. Бидай жемісі

А) түйнек Б) дәнек В) жеміс

3. Сұлының гүлшоғыры

А) сыпыртқы гүл Б) масақтәрізді В) шашақ

4. Екпе күріштің биіктігі

А) 30- 50 см Б) 50 – 150 см В) 90 см

5. Күріштің өсімді мерзімі

А) 365 күн Б) 100 күн В) 90 – 165 күн

6. Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын қалай атайды

А) сабан Б) тамыр В) сабансабақ

7. Күріштің гүлшоғыры

А) сыпыртқы гүл Б) собық В) шашақ

8. Бидай тамыр жүйесі

А) шашақ Б) кіндік В) қосалқы

9. Астық тұқымдас өсімдік құмайдың отаны

А) Үндістан Б) Африка В) Қытай

10. Тары өсімдігінің гүлшоғыры

А) масақ тәрізді сыпыртқы гүл Б) сыпыртқы гүл В) собық

IX. Бағалау

X. Кері байланыс жасау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Конспект открытого урока на тему "Асты? т??ымдастар. Ба?алы азы?ты? ?сімдіктер"

Автор: Ибраева Фарида Музапбаровна

Дата: 19.06.2016

Номер свидетельства: 335292


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства