kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект интегрированного урока на тему "Есту м?шесі ж?не есту анализаторы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Адам а?засыны? сезім м?шелеріні? ішіндегі есту м?шесіне т?сінік бере отырып, ал?ан білімдерін тияна?тау ж?не жалпыадамзатты? ??ндылы?тармен байланыстыру ар?ылы та?ырыпты? мазм?нын ме?герту.

Балаларды? ой - ?рісін, т?сініктерін мейірімділік пен с?йіспеншілік ар?ылы д?рыс жеткізе білуге ?алыптастыра отырып д?рыс ?рекет жасау ??ндылы?ыны? да?дысын дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект интегрированного урока на тему "Есту м?шесі ж?не есту анализаторы"»


«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

биология сабағының жоспары


Мектеп: «№45 бейімделген орта мектебі» КММ Мерзімі: 18.11.15

Мұғалім: Сагатбекова А.К, Бапаева Д.Д Сынып: 8«А» Оқушы саны: 24

Тақырыбы: Есту мүшесі және есту анализаторы.

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: кешірімділік, мейірімділік, сүйіспеншілік,


Сабақтың мақсаты:

  1. Адам ағзасының сезім мүшелерінің ішіндегі есту мүшесіне түсінік бере отырып, алған білімдерін тиянақтау және жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыру арқылы тақырыптың мазмұнын меңгерту.


  1. Балалардың ой - өрісін, түсініктерін мейірімділік пен сүйіспеншілік арқылы дұрыс жеткізе білуге қалыптастыра отырып дұрыс әрекет жасау құндылығының дағдысын дамыту.


3. Тәні, жаны таза, дені сау ұрпақты тәрбиелеу.


Ресурстар:(оқулық, Электронды оқулық, құлаққап, слайд, бейнежазбалар, музыка)




Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?


  • Сынып оқушыларын түгендеу.

  • Оқушылар түрлі-түсті құлаққап арқылы кездейсоқ топқа бөлінеді.

  • «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық)

  • Сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 25 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.(топ бойынша жүргізіледі)


1-топ Көрудің маңызы мен бұзылуы туралы ой толғау

2-топ Көздің құрылысы туралы жобаны қорғау

3-топ Көзді зақымданудан сақтау ережелерін құрастыру


Үй тапсырмасын қорытындылау

Әйгілі Елена Келлер қалыпты көретін адамға мынадай кеңес берген: “Көздеріңді пайдаланыңдар! Әрбір күнді ертең соқыр болып қалатындай өткізіп, өмір сүріңдер. Сонда сендер ешқашан көрмеген ғажайып әлемді көре бастайсыңдар”.



  1. Жаңа сабақ

Дәйексөз

«Неғұрлым керең болсаң,

Соғұрлым жақсы естисің»

О.Бөкей

Cұрақтар:

- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

-Керең адам жақсы естуі мүмкін бе?

Мұғалім сыйы: Притча: «Игрок в гольф и больной ребенок»

Состоялся турнир по гольфу. Победитель получил огромный денежный приз. Счастливый мужчина собирался возвращаться домой. Но недалеко от клуба к нему подошла женщина, которая попросила у него хоть немного выигранных денег. Она выглядела такой несчастной, что мужчина остановился и выслушал весь её рассказ. Оказалось, что её сын очень болен. Ему требуется сложная и дорогостоящая операция, а у неё совсем нет денег. Спортсмена тронула до глубины души её история и он отдал всё своё денежное вознаграждение на лечение мальчика.
Через несколько дней он вернулся в свой гольф-клуб. И рассказал своим друзьям о встрече с несчастной женщиной.
— О, как нам жаль! — заговорили они в один голос. — Ты тоже попался на уловки этой обманщицы. Она всё выдумала, чтобы завладеть твоими деньгами. К сожалению, она неоднократно уже так поступала. Прости, нам очень не приятно тебе это сообщать. Но мы твои друзья.
— Так никакого больного ребёнка нет? — переспросил чемпион.
— Нет!
— Слава Богу! Это самая хорошая новость за всю последнюю неделю!- заулыбался мужчина.

Қорытынды сөз:

Яғни балалар өздерің байқағандай адамға айтылған кейбір жағымсыз сөздер оның көңіл күйіне әсер етіп, басқа адамға қатысты сенімсіздік сезімдерінің туындауына себеп болады, денсаулығына да зиянын тигізуі мүмкін. Ал шындықтың қаншалықты ащы екендігін ести тұра мұның жақсы жақтарын көре білу, керісінше адамның көңіл күйіне жағымды әсер етуі мүмкін.Сондықтан әрбір айтылған сөздерді сүйіспеншілікпен қабылдап кешірімділікпен қарау арқылы, тек жақсы, пайдалы жақтарын сезіне білген дұрыс. Мұны біз О.Бөкей ағамыздың айтқан сөздерінен байқаймыз.

Тыныштық сәтімен байланыстыра отырып, жаңа сабақты хабарлау.

Электронды оқулықпен бейнекөрініс 1мин

Мұғалім:

  • Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз есту мүшесі құлақ жайлы.
    Олай болса құлақ - есту мүшесі. Ол барлық дыбысты, естиді. Шапалақ дыбысын естіген кезде адам дыбыс шыққан жаққа басын бұрып, дыбысты қабылдайды. Құлақ дыбыстарды қабылдап, миға жеткізіп тұратын сезім мүшесі құлақты. Қандай дыбыс түрлерін білесіңдер?
    - Құстар, үй жануарлары, өлі табиғат құбылыстарының дыбыстары.
    - Құстардың дыбысын ата.
    - Үй жануарларының дыбысы.
    - Өлі табиғат (жел, боран, нөсер, дүрсіл шу,)

Дәптерге күнді тақырыпты жазу.

Топ бойынша тапсырма (Ішкі нтеграция)


1топ:

« Құлақтың сыртқы----------- бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң – тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей------------ қызмет атқарады. Дегенмен, құлақта-------------, адам естімей------------- болып қалуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауық – ауық ---------тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты,--------- пайдалануға болмайды. Есту мүшесіне-------- өте зиян. --------адам дыбысты естігенімен, қай жақтан шыққанын ---------алмайды ».

Мұғалім:

Сонымен балалар егер біз жағымды әуен, жағымды сөздер, жағымсыз дыбыстар көбірек естуге тырысатын болсақ мұндай жайттар біздің ішкі жан дүниемізге әсер етеді екен, ойлау деңгейіміз жақсарып, көңіл күйімізді көтереді.

2топ .Семантикалық карта

Құлақ бөлімдері

Сыртқы

құлақ

Ортаңғы

құлақ

Ішкі құлақ

Шытырман



+

Құлақ қалқаны

+



Үзеңгі


+


Ұлулы дене



+

Төстік


+


Дыбыс жолы

+



Балғашық


+


Кіреберіс бөлім



+

Сырғалық

+





3 топ: «Адасқан құлақ бөлімдерін» өз орындарына дұрыс орналастыру.


Жасаған жұмыстары бойынша тапсырманы талқылау.



Видио (қорытындылау имплонтация)

Адамзаттың ойына келіп қолымен жасалған зиянды әрекеттерінің әсерінен экологияның бұзылуы арқылы адамдардың өз денсаулықтарына қайшы келетін жағымсыз затарды жасап, оларды қабылдауы, дүниеге келген сәбилердің мүгедек болуына әкеліп отырған жағдайлар бар екендігін көріп отырмыз. Сондықтан да адамдардың ең алдымен адамгершілік жағынан саралап әрекет еткені дұрыс болар....



Беккіту:

№6 зертханалық жұмыс

«Құлаққаппен тәжірибе»

Бір бала ортаға келіп құлағына құлаққап киген соң қатты әуен ойнатылады. Үш топтан үш бала құлаққаппен отырған балағажағымды тілектер айтады.
Соңында құлаққап киген бала өз естігенін айтады. Мұғалім қорытынды шығарады.



Үй тапсырмасы: §21 Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі. («Сөз атасы – құлақ», ақпа құлақ, жарғақ құлақ, саққұлақ, ұзынқұлақ т.б.)




Сабақтың қорытынды сәті:

Бағалау: Балалар бүгінгі сабаққа қатысқындырыңы мен өте ризамын. Сондықтан сабақтың басында алған ұпайларыңы қосымша тағы бес ұпай қосып бергім келеді. Сабаққа белсенділікпен қатысқындырың үшін көп рахмет.



4-5 мин





















































































10мин





1мин









3 мин











































































1 мин





1мин
















5-7 мин жұмыс жасағанға









































































3 мин қорғауға




1 мин видио талқылау



2 -3 мин мұғалім қорытындысы














3-4 мин














1 мин






3мин


















7



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Конспект интегрированного урока на тему "Есту м?шесі ж?не есту анализаторы"

Автор: Бапаева Динара Даулеттаровна

Дата: 13.09.2016

Номер свидетельства: 343565


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства