kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему "Ту?ан жерім, т??ырым ?аза?стан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 1. «?аза?стан» та?ырыбы бойынша о?ушыларды? білімдерін толы?тыру, тияна?тау, д?ниетанымдарын ке?ейту;

                    2. О?ушыларды? ой – ?рісін, ойлау ?абілеттерін, та?ырып бойынша с?здік ?орларын дамыту, сойлеу тілдерін жетілдіру. 

                   3. Отанын с?юге, р?міздерді, Ата за?ымызды ??рметтеуге т?рбиелеу, досты?ты к?шейту,ынтыма?тасты??а баулу,ту?ан елге с?йіспеншілігін арттыру, болаша?та Отанымыз ?аза?станды ?ркендетуге білімді жас ?рпа?тар т?рбиелеу,?аза?станны? болаша?ына деген сенім ж?не елу елді? ?атарына ?мтылу?а т?рбиелеу,патриотты? сезімдерін ояту.

Т?рі: Ашы? т?рбие са?аты

?діс – т?сілдері: ??гімелеу, с?ра? – жауап, ойын

П?наралы? байланыс: ?дебиет, география, тарих

К?рнекі ??ралдары: карта, слайд, р?міздер,Елбасыны? портреті, ?аза?станны? ?сем ?алалары,астананы? к?рінісі, алтын санды?.

                           Барысы:

М??АЛІМ:

  1. ?йымдастыру кезе?і
  • С?леметсіздер ме? ??рметті ?стаздар мен о?ушылар!

Ашы? т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер!

?аза?стан дейтін мені? бар елім,

Жатыр алып жарты д?ние ?лемін! – ?асым Аманжолов а?ын жырла?андай,  ашы? т?рбие са?атымызды? та?ырыбы « Ту?ан жерім, т??ырым – ?аза?стан!»

Хор: « ?н?ран Мені? ?аза?станым»

Бізді? туып ?скен жеріміз – ?аза?стан Республикасы! Сан ?асырлар бойы ата – бабаларымыз жерін жаудан ?ор?ап, б?гінгі ?рпа?, бізге жеткізді. (картамен ж?мыс).

         1 ж?ргізуші:Еліміз 1991 жылы 16 желто?санда ?зіні? т?уелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Б?гінде ?аза?стан елі д?ние ж?зіндегі к?птеген елдермен досты? ?арым-?атынас орнат?ан ?лемге танымал елге айналды.  

       2ж?ргізуші: ?аза?станны? т???ыш рет ?з Ата за?ы ?абылданды. Т?уелсіздік туы, к?к байра?ы желбіреп, ас?а?та?ан ?н?раны шыр?алуда ?аза?станны? жа?а Астанасы к?ннен к?нге жа?арып г?лденуде. Егеменді т?уелсіз ?аза?станды б?кіл ?лем таныды. Ой ?оз?ау.

1 ж?ргізуші:

  1. 1991 жылы 1 желто?санда республика ж?ртшылы?ы Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты Республикамызды? Президенті етіп сайлады.

2 ж?ргізуші:

  1. 1991 жылы 16 желто?санында ?аза?стан Республикасы Жо?ар?ы сессиясы « Т?уелсіздік демократиялы? ж?не ???ылы? мемлекет » деп жариялады.

1 ж?ргізуші:

  1. 4 маусымында Президент ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік жалауы, елта?басы, ?н?раны туралы за?дар?а ?ол ?ойды.

2 ж?ргізуші:

  1. 1993 жылы 12 – ?арашада т?л те?геміз д?ниеге келді.

1 ж?ргізуші:

1995 жылды? 28- ?а?тарында т?уелсіз ?аза?стан Республикасыны? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект урока на тему "Ту?ан жерім, т??ырым ?аза?стан"»

Мақсаты: 1. «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту;

2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сойлеу тілдерін жетілдіру.

3. Отанын сүюге, рәміздерді, Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу, достықты күшейту,ынтымақтастыққа баулу,туған елге сүйіспеншілігін арттыру, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу,Қазақстанның болашағына деген сенім және елу елдің қатарына ұмтылуға тәрбиелеу,патриоттық сезімдерін ояту.

Түрі: Ашық тәрбие сағаты

Әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, тарих

Көрнекі құралдары: карта, слайд, рәміздер,Елбасының портреті, Қазақстанның әсем қалалары,астананың көрінісі, алтын сандық.

Барысы:

МҰҒАЛІМ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін! – Қасым Аманжолов ақын жырлағандай , ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы « Туған жерім, тұғырым – Қазақстан!»

Хор: « Әнұран Менің Қазақстаным»

Біздің туып өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы! Сан ғасырлар бойы ата – бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. (картамен жұмыс).

1 жүргізуші:Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды.

2жүргізуші: Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Ой қозғау.

1 жүргізуші:

  1. 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

2 жүргізуші:

  1. 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы « Тәуелсіздік демократиялық және құқылық мемлекет » деп жариялады.

1 жүргізуші:

  1. 4 маусымында Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы , елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.

2 жүргізуші:

  1. 1993 жылы 12 – қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

1 жүргізуші:

  1. 1995 жылдың 28- қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.

1 оқушы:

Уа дариға, кең өлкем, дарқан далам,

Айдарына серпілемін, шаттанам,

Көк аспанда қыран құсы самғаған,

Елдігім.нің нышанына тамсанам!!

Биік таумын белестерді бағындырған,

Өзенмін мен шексіз жерді бойлап тұрған

Қанша дерлік байлығыңа теңелсем де,

Отаным деп, қазағым деп ұран салам!

2 оқушы:

Не көрмедің қайран жұртым, қазағым,

Өткердің де сан жылдардың азабын..

Елің міне еркіндікке қол созды,

Жастарыма тәлім болды сабағың.

Тәуелсіздік тұғырында жыр салам,

Байтақ елім кең пейілсің, мақтанам!

Бейбіт өмір татулықтың нысаны,

Туған жерім,шарықтай бер, Қазақстан!!



1 жүргізуші: Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.

2 жүргізуші: Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.

Ән «Көк тудың желбірегені» Бекзатхан

1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылғы 20- қаңтардағы жарлығына сай жыл сайын 22- қыркүйек « Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп аталады. « Тіл – тіршілік жүрегі» дейміз.Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

2 жүргізуші:Тіл туралы заң 1997 жылы 22- маусымда қабылданды.

Ана тіліміз – мемлекеттік тіл. Ресми тілі- орыс тілі.

Үш тұғырлы тілі – ағылшын тілі. Туған тілді жете білу – әрбір адамның, азаматтың борышы мен парызы.

1 оқушы.

Ана тілі – туған тілім , бас тілім,

Сен арқылы дүние танып, талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім,

Сен өмірде таусылмайтын асылым.



Ана тілім, сенен биік шың бар ма,

Сен арқылы жарып кірем шыңдарға.

Сенсіз маған әуен қайда, жыр қайда,

Мен шалқимын құдіретің тұрғанда.

2 оқушы.

Язык отцов, язык тысячелетий

Ты временем, как глина обожжен

В тебе - удар меча и посвист плети,

Мужская гордость и горячность жен.

Тебя по жилам к нам перенесло

И ты звучишь, переполняя тело

Ударом сердца, колоколом души





3 оқушы.

Oh, friend unseen, unborn, unknown,

Student of sweet English tongue,

Read out my words at night alone:.

I was a poet, I was young

Since I can never see your face,

And never shake you by the hand,

I send my soul through time and space

To greet you. You will understand.

1 жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, және тағы басқа 130 астам ұлт өкілдері тұрады. Олар тату – тәтті , бірлікте өмір сүріп жатырмыз.

2 жүргізуші:Би « Өзбек биін» тамашалаймыз.

1 жүргізуші:

Қазақстан тарихында төрт астана болды.

Орынбор ( 1920-1925)

Қызылорда (1925 - 1929)

Алматы (1929-1997)

Астана ( 10 маусым 1998 ж)

Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар, Алматы

Астана

Қарағанды

Шымкент

Көкшетау

Қостанай

Ақтау

Павлодар

Ақтөбе

Тараз

Қызылорда

Өскемен

Семей

Талдықорған

Бұлар әдемі қалалары.

2 жүргізуші: Астана – Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы – Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматы Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын бүкіл ел біледі. ( Астана қаласының әсем , көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп әңгімеленеді ).

1 оқушы.

Самал жел ескен,

Жастарым өскен,

Бақытым сенсің, Астана.

Асқарым болар,

Ырысым толар,

Айналдым сенен, Астана.

2 оқушы. Мен – Қазақстанмын!

Болшаққа сәлемін жолдайтұғын,

Қырандай қос қанатын қомдайтұғын.

Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,

Тұғырын саф алтыннан сомдайтұғын.

Мен – Қазақстанмын. Бабалар намысымын,

Байтақ елмін игілік, табысы мың!

2030 – мәресі әйгілейтін

Азияның айбарлы барысымын!

3 оқушы:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста :

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
( Мұқағали Мақатаев)

ІІІ. Қорытындылау
Ақ сандығым ашылды, 
Ішінен сұрақ шашылды.(оқушыларға жоғарыда айтылған 
материалдар бойынша сұрақтар қойылады). 
1.Қазақстан қандай мемлекет? 
2.Елбасы кім? 
3.Қазақстанның астанасы қай қала? 
4.Астана қандай қала? 
5.Мемлекеттік тіл қай тіл? 
6.Мемлекеттік рәміздерді ата. 
7.Тудың авторы кім? 
8.Елтаңбада не бейнеленген? 
9.Конституция күні қашан? 
10.Қазақстанның бұрынғы астаналарын атаңдар. 
11.Әнұранның әнін жазған кім? 
12.Сөзін жазған авторлар кімдер? 

13.Астана Қазақстанның нешінші астанасы?

14.Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала?

15. Қазақстан Республикамызда 14 облыс, 90-ға жуық қала, 150- ден астам аудан бар. Облыс орталықтарын атап шық.

16.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн.

17.Қазақстанның ұлттық ақшасы , ол қашан айналымға енді?

18. Отан туралы қандай тақпақ білесің?

( Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол,жас қаланы

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады)
Мұғалім:

Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Корсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары – осының бәрі Алтай мен Атырау , Арқа мен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленип, жасанып – жасарып жатыр.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан - әр адам үшін оттан да ыстық. Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық.Ер жетіп 
еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Құрметті ұстаздар , оқушылар, қонақтар, сіздерді алда келе жаткан 1 желтоқсан – Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын.Аспанымыз ашық, еліміз тыныш заман болсын.
(оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді). 
1 жүргізуші:Б- білімімді арнайтын 
2 жүргізуші:О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгергн 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 
Ән «Қазақ елі».




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
конспект урока на тему "Ту?ан жерім, т??ырым ?аза?стан"

Автор: Машрапина Аида

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 318952


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства