Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік
Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік
Сабақтың тақырыбы: Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жыныстық процесс. Жорғалап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін ифузориялар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік»
Сабақтың тақырыбы: Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жыныстық процесс. Жорғалап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін ифузориялар. Мақсаты:
Білімділік:Кірпікшелі кебісшенің тіршілік әрекеті ,көбеюі, маңызы туралы ұғым беру. Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік пен ізденімпаздығын дамыту. Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, өз бетінше іздене білетін тұлға ретінде тәрбиелеу. Әдісі: әңгіме,сұрақ –жауап,ойын Құрал жабдықтар:Біржасушалылардың суреттері, интерактивті тақта, таратпа материалдар т. б. Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақ түрі: дәстүрлі Сабақ барысы І Ұйымдастырукезеңі.
Оқушыларды түгендеп, оқулықтарын алдарына алғызып қою. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ауызша сұрақтар: Жасыл эвглена қайда тіршілік етеді? Жасыл эвгленаның ерекшелігі неде? Хроматофор қандай қызмет атқарады? Талшық қандай қызмет атқарады? ІІІ. Топпен жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөліп,мынадай проблемалық сұрақтарды қою:
І-топ
Жасыл эвгленаның құрылысын ата,
ІІ-топ
Жасыл эвгленаның өсімдіке ұқсас белгілері.
ІІІ-топ
Жасыл эвгленаның жануарға ұқсас белгілері.
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық Мына жәндіктің пішіні неге ұқсайды? Кебіске
Ү. Жаңа сабақ. Кірпікшелі кебісшенің пішіні кебіске ұқсайды. Дене тұрқы 0, 2 миллиметрдей, алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір болады. Дене пішіні тұрақты. Сыртында жалпы саны 2000 - 2500 - ге жуық ұсақ, қысқа кірпікшелер шығып тұрады. Кірпікшелі кебісше (инфузория - туфелька) жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюге кіші ядро қатысады. Ең алдымен кіші ядро бөлініп, дененің алдыңғы және артқы жағына ажырап орналасады. Одан соң үлкен ядро бөлінеді. Соңында жасуша ортасынан бунақталып, екіге ажырайды да, екі жас кебісше пайда болады. Пайда болған екі жас кірпікшелі кебісшенің әрқайсысында жетіспейтін органоидтары, яғни аузы, кірпікшелердің біраз бөлігі жиырылғыш вакуольдің біреуі және тағы басқалары жаңадан түзіледі. Кірпікшелі кебісше жынысты жолмен көбейгенде екі кірпікшелі кебісше ауыз саңылауы жағымен түйісіп, біраз жүреді. Осы кезеңде әр кебісшенің кіші ядросы екіге бөлініп, екі кіші ядро түзеді. Үлкен ядро еріп, жойылып кетеді. Бір кебісшенің жаңадан пайда болған кіші ядролар сыңары екіншісінің кіші ядросының сыңарымен қосылып, осы кебісше цитоплазмасында, ал қалған сыңарлары қосылған күйі екінші кебісшенің цитоплазмасында қалады. Екі кебісше осылай кіші ядроларын алмастырған соң айырылады. Әрқайсысының денесінде үлкен ядро қайта түзіледі. Ядроның жаңаруы кебісшенің тіршілігін жалғастыра түсуге мүмкіндік береді. Цитоплазмада жасуша дамуының әр түрлі кезеңдерінде белгілі бір қызмет атқаратын көптеген денешіктер (органоидтар) болады. Органоидтар – жасуша цитоплазмасының аса маңызды және тұрақты құрамдас бөлігі. ҮІ. Жаңа сабақты бекіту 1)Кебісшенің құрылысын әр оқушы өз бетінше қарастырып,негізгі ерекшеліктерді анықтайды.
2) Венн диаграммасын құру.
Эвглена мен кебісшенің құрылысын салыстыру венн диаграммасын құру. Сематикалық карта құру. ҮІІ. Бекіту. №1зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуы Мақсаты: Бір жасушалы жәндік – кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуын бақылау. Құрал - жабдықтар: ішінде кірпікшелі кебісшелер бар сынауық, сапты үлкейткіш әйнек, микроскоп, тамызғы, заттық жабын шынылар, мақта. Жұмыстың барысы: 1. Сынауықты алып, ішіндегі суды мұқият қараңдар. Кірпікшелі кебісшелер көріне ме? Көрінсе сынауықтың қай жағында олар көбірек? 2. Тамызғымен ішінде кебісшелер бар судан алып заттық шыныға бір тамшысын тамызыңдар да, үлкейткіш әйнектің үстелшесіне орналастырыңдар. Әйнекпен мұқият қарап, тамшыда қанша кебісше жүргенін, дене пішінін, қалай қозғалатынын, денесінің алдыңғы жағының артқы жағынан айырмашылығын анықтаңдар. 3. Заттық шыныдағы тамшыға 3 - 4 мақта талшығын салып, жабын шынымен жабыңдар. Микроскоптың үстелшесіне қойып, айнасымен жарық түсіріңдер. Кіші ұлғайтқышпен тамшыны зерделеңдер. Оқулықтағы суретті пайдаланып қандай органоидтарды көруге болатынын ойланып, соларды мұқият қарап іздеңдер. Нені көргендеріңді жазыңдар. 4. Заттық шыныдағы тамшыға мақта талшықтарын салғанда екі талшық арасында бір - екі кебісше жүрген жерді микроскоппен көретіндей етіп препаратты орналастырыңдар. Күштірек ұлғайтатын окуляр мен объективті қойып, бұрандалар арқылы анық көрінетін етіңдер. Қандай органоидтар қалай көрінді, қысқаша жазыңдар. 5. Көргендеріңнің суретін салып, әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңдер. Нәтижесі: Кірпікшелі кебісше