kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ан айналым ж?йесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар:

Ашы? ж?не т?йы? ?ан айналым ж?йесін;

?р т?рлі ?антамыр ж?йелері бар жануарларды?  мысалын келтіре алады;

?ан айналым ж?йесіні? ма?ызын к?рсете алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ан айналым ж?йесі»

Бөлім:

Тасымалдау

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Адамова А.А.

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:


Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Жануарлар қантамырлар жүйесінің түрлерін сипаттау;

Жануарлар үшін қантамырлар жүйесінің маңыздылығын түсіндіру.


Оқыту мақсаттары

Оқушылар:

  • Ашық және тұйық қан айналым жүйесін;

  • Әр түрлі қантамыр жүйелері бар жануарлардың мысалын келтіре алады;

  • Қан айналым жүйесінің маңызын көрсете алады


Жетістік критерийлері


Тілдік мақсаттар


Ашық қанайналым жүйесі, тұйық қанайналым жүйесі, қан айналым,қантамырлар жүйесі, бір қанайналым шеңбері, екі қанайналым шеңбері. Ашық қан айналым жүйесі ... жануарларға тән;

Тұйық қан айналым жүйесі ... жануарларға тән;

Қантамырлар жүйесі .... қызметін атқарады


Құндылықтарды дағдыландыру

Оқушыларға топ ішінде қаншалықты жақсы жұмыс істегендері туралы ойлануды ұсынуға болады. Жұмысты орындауда барлық топ жұмыс істеді ме әлде біреуі жауапты болды ма?

Пәнаралық байланыс

Ағзаға қан арқылы көптеген қоректік заттар тасымалданады, мысалы оттегі, көміртегі және т.б. Осы тасымалданатын заттарды химия пәнімен байланыстырамыз.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану, интернет ресурстарын барынша қолдану, ақпаратты талдауда сыни тұрғыдан ойлауды дамытады

Алдыңғы білім



Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысында орындалу тиіс іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

0-10 мин



Ұжымдық ортаны құру

Таппайтын тағат,
Тығулы сағат. (Жүрек)
Сыртқа шығар жолы тұйық,
Түсі шымқай қызыл сұйық. (Қан)

Миға шабуыл: Проблемалық сұрақты шешу үшін ізденіс ортасын тудыру. Топпен жұмыс (Қосымша 1)

Төмендегі тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.

Тұжырымдар

Дұрыс

Бұрыс

Барлық жануарларда тамырлардан тұратын қан айналым жүйесі бар.

+


Сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы.

+


Сүтқоректілердің қан айналу жүйесінің орталық органы – жүрек.

+


Қан айналым жүйесінің екі типі бар: ашық және тұйық.

+


Тұйық қан айналым жүйесі тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады

+



Жаңа тақырыпқа шығу

Сабақтың мақсатын анықтау

Қосымша 1




Сабақтың ортасы

10- 15 мин







































































15-25 мин




Мұғалімнің қысқаша баяндауы.

Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.

Қан айналым жүйесінің қызметі:

 тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);

 терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);

 қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);

 гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау.

Қан тамырлары:

  • қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға — артерияларға,

  • қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға — веналарға және

  • оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.

Жүрек - Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан

Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия ұантамырларына жеткізіледі. Қан артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды

Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады.Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.Кіші қанайналым шеңбері — жүректің оң жақ қарыншасынан басталып — өкпеге қан тартады — жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді


Оқушылар интернетпен жұмыс істей отырып топпен презентация құрастырады.

1 топ – ашық қан айналым жүйесі

2 топ – бір қанайналым шеңбері

3 топ – екі қан айналым шеңбері



Сабақтың соңы

25-35 мин

Оқушылар презентацияларын қорғайды. Оқушылар топтардың жұмыстарын «бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.

ЖК

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия: «Бағдаршам»


Қосымша ақпарат

Дифференциациалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дифференциациалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дифференциациалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеттілігі жоғары оқушылар қабілеттілігі төменірек оқушыларға топта кеңесші ретінде көмек көрсете алады. Қабілеттілігі жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар қарастырылған.

Оқушыларға жеке сұрақтар қою мүмкіндігі бар, мысалы: патшалық деңгейінде тірі ағзалардың негізгі белгілерін тізіп айтыңыз. Систематика ғылым ретінде снықтама беріңіз? Оның қызметі қандай? Негізгі таксономиялық категорияларды айтыңыз, әрбір патшалықтың бір өкіліне систематикалық карта құрыңыз

Сабақ үстінде оқушылардың жұмыстарын таңдалған критерийлер бойынша бағалауға болады.

АКТ – оқушылар PowerPoint программасымен жұмыс істейді.

Құндылықтар – оқушыларға топта қаншалықты жақсы жұмыс істегендігі туралы ойлануға ұсыныс білдіруге болады. Топтың барлық мүшелері жұмыс атқарды ма?

Рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным мәнінде жүзеге асты ма? мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. С қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ан айналым ж?йесі

Автор: Адамова Айсулу Амангельдиновна

Дата: 09.06.2016

Номер свидетельства: 333690


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства