kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қосжақтаулы және басаяқты ұлулар § 23. Айқұлақ және сынашаұлу. Басаяқты ұлулар класы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ 7 сыныпқа арналған. 7 модуль аясында құрылған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қосжақтаулы және басаяқты ұлулар § 23. Айқұлақ және сынашаұлу. Басаяқты ұлулар класы.»

БҚО. Орал қаласы.

М.Маматетоа атындағы №27 физика – математика бағытындағы мектеп – лицейі

Биология пәнінің мұғалімі: Қажмұратова Мөлдір Мұратқалиқызы

Сабақ құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте.


Апта

апта

Күні


Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Қосжақтаулы және басаяқты ұлулар

§ 23. Айқұлақ және сынашаұлу. Басаяқты ұлулар класы.

Жалпы мақсаты

Қосжақтаулы және басаяқты ұлулар класы туралы білімдерін тереңдете отырып, олардың биологиялық маңызын біледі.  Қосжақтаулы және басаяқты ұлулар класы туралы түсініктерін тереңдетеді. Айқұлақ пен сынашаұлудың мекен орны мен құрылыс ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдау жасап, сипаттайды. Зертханалық жұмыс жасай отырып ұлу бақалшағаның пішінін, оның сыртқы және ішкі қабаттарының құрылысын қараап зерттеу жүргізеді.

Күтілетін нәтижелер

- Берілген қосымша тапсырмаларды топта талдай отырып, айқұлақ пен снашаұлуға жалпы сипаттама бере алады, табиғаттағы маңыздылығына көз жеткізеді;

- сұрақтар қоя біледі, өз ойларын еркін жеткізе алады, сөз байлығы артады;

- құрттардың пайдалы және зиянды түрлерін біліп, пайда-зиянын ажырата алады.

Сабақ түрі

Жаңа материалды меңгерту.

Модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, Дарынды және талантты баланы оқыту

Керекті жабдықтар

Тірек сызба, сөзжұмбақ, суреттер, слайдтар, видероликтер.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

І. Ұйымдастыру:

Амандасады,түгендейді;

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады; назарларын сабаққа аударады. Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады. Қазір таңдаған жемістеріңізге сай топталып тұруларыңызды сұраймын.

«Өзіңді тереңірек тани біл!» атты сергіту жасату арқылы

сыныпты 4 топқа бөледі.

1 топ – «Жүзімдер»

2 топ – «Құлпынайлар»

3 топ – « Шиелер»

4 топ – «Шабдалылар»

Себет беру арқылы топтың көсбасшысы сайланады.

Үй тапсырмасының өлшемдері:

1. Тақырыптан ауытқымау

2. Жауаптарының нақты дәлді болуы

3. Топтық ережені бұзбау

4. Ойларын ашық жеткізу.

5. Уақытты тиімді пайдалану.

Үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен білімді еске түсіру.

1 тапсырма. Сұрақ – жауап.

1. Ұлулар типі неше класқа жіктеледі және қандай?

2. Ұлулар қай жерлерде тіршілік етеді?

3. Ұлулардың қанша түрі бар?

4. Ұлулардың қантарату жүйесінің буылтық құрттардан айырмашылығы неде?

5 .Ұлуларда жаңадан пайда болған қандай мүшелер жүйесі бар?

  • Ұлулар қалай тыныс алады?

  • Былқылдақденелілер қалай қозғалады?

2 тапсырма. Сәйкестігін тап

1. Ұлулар -

Бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан, бақалшақ қалдығынан тұрады.

2. Ұлулар типін бұрын

Былқылдақденелілер деп атаған.

3. Дене құрылысы

Д енесі жұмсақ, үш қабатты, екі жақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер.

4. Ұлулар бірнеше кластарға жіктеледі. Олар

Мұхитта, теңізде, тұщы су қоймаларда, өзендерде, тұзды суда, құрлықта мекендейді.

5. Ұлулар

Бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар.

3 тапсырма. «Биологиялық диктант»

  1. Ұлулар типінде ...... астам түрі бар деп есептеледі. (130 мыңнан)

  2. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат ...... түзіледі. (шапанша)

  3. Көпжасушалы жәндіктерде бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без ........ ұлуларда пайда болған. (бауыр)

  4. Жұмыртқадан дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі. Дамудың бұл жолы - ......... деп аталады. (түрленіп даму)

  5. Ұлулардың ......... жүйесі бір немесе екі .......және ......... құралады. (бөліп шығару, бүйректен, несепағар түтіктен)

  6. Өкпе арқылы тыныс алып, құрлықта мекендейтін ұлулардың бірі - .......(жүзімұлуы).

  7. Үлкен тоспаұлудың ..... дененің әрбір үлескесінде орналасқан бес жұп жүйке түйіндерінен тұрады.

Амандасады, кезекші оқушы жауап береді. 4 түрлі жеміс – жидектерді таңдайды. 4 топқа бөлінеді.






Көсбасшы топтың жұмысын бағалап отырады.


Оқушылар қол көтеру арқылы жауап береді.

Тұсаукесер

–Жұмбақ.

Аяғы бар, басы жоқ,

Тұлғасы бар, қарны тоқ.

Екі жақтау қорғаны,

Ол болмаса сорлады. (Айқұлақ)

-«Айқұлақтың тіршілік мекені» «Айқұлақтың көбеюі» туралы бейнеролик көрсетіледі.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Негізгі бөлім

Негізгі бөлімнің өлшемдері:

  1. Сауаттылық

  2. Нақты жауап

  3. Қосымша ізденуі.

  4. Сұрақтың дұрыс қойылуы

-Термин сөздер

  • Конхиолин-органикалық заттан тұратын бақалшақтың сыртқы қабаты.

  • Конхиология- ұлулардың бақалшағын зерттейтін ғылым.

  • Лигамент-екі жақтауды арқа жағынан байланыстырады.

  • Глохидий- қосжақтаулы ұлулардың дернәсілі

  • Детрит- су өсімдіктері мен жануарларының қалдығы

  • Биссус- Төсемікке бекінетін нәруызды берік жіп.


Төрт топқа ресурстар беріледі.

1-топ Қосжақтаулы ұлуларға жалпы сипаттама

2-топ Айқұлақ ұлуының мекен ортасы, дене құрылысы, асқорыту, тынысал жүйелері

3-топ Қанайналым, зәр шығару, көбеюі.

4-топ Сынашаұлу, асұлуы, айдаршақ ұлуына салыстырмалы сипаттамасы, маңызы.



– Өз беттерімен мәтінді оқып танысуға 5 мин, негізгі ойларын плакат бетіне түсіруге 7 мин, қорғауға 8 минут уақыт беріледі.


Әр топ өз тапсырмалары бойынша жұмыстанады.

- танымдық қызметі қалыптасады;

- жартылай ізденіс әдісін меңгереді;

- ойлау қабілеті артады;

- зерттеу әдісін меңгереді;

- оқулықтағы сурет, сызбаларды, кестелерді пайдалануды үйренеді;

- оқиғаны түсініп, айтып беруді үйренеді;

- жаңа білім алады, алған білімнің тобықтай түйінін таба алады.

Оқушыларға тақырыптық суреттер, ресурстар беріледі. Жеке оқиды, топтық талқылауға салады, ойланады, ізденеді, өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, мағынасын түсінуге ынталанады.

Қорытынды

Кім жылдам? (5 мин) Тест

1.Денесі қатпар - шапаншамен қапталған жануар

А) өсімдіктер Б) жыландар В) ұлулар

2.Айқұлақта қандай мүшелер болмайды:

А)аяқ Б) бас,тіл В)бақалшақ

3.Айқұлақтың тіршілік мекені:

А) мұхитта, теңізде Б) топырақта В) таулы аймақта

4. Қозғалу мүшесі:

А) жалғанаяқтары арқылы Б) аяқтары В) кірпікшелері

5.Тыныс алуы :

А) өкпе Б) желбезек В) бүкіл денесімен


Мына кестені толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қояды.


Қорытындылау.

Қосжақтаулы ұлулар туралы топтастыру.


Әр оқушы өзіндік білімін тексеру үшін орындайды.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Қосжақтаулы және басаяқты ұлулар § 23. Айқұлақ және сынашаұлу. Басаяқты ұлулар класы.

Автор: Кажмуратова Мулдир Мураткалиевна

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 384066


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства