kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?орша?ан ортаны? ?азіргі экологиялы? жа?дайлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?орша?ан ортаны? ?азіргі экологиялы? жа?дайлары.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Студенттерді  ?азіргі кездегі экологиялы? проблемалар олармен к?рес жолдары туралы т?сініктерін ?алыптастыру. Гидросфера, литосфера, атмосфера, биосфера арасында?ы ?зара байланыс ж?не оларды?  экологиялы? жа?дайлары. Экологиялы? жа?дайларды т?мендететін факторларды к?рсету ар?ылы ?зекті проблемаларды  шешу жолдарын аны?тау.

Т?рбиелік:  Экологиялы? проблемаларды? таби?ат?а адам ?міріне кері ?серін т?сіндіру. Тазалы??а, ??ыптылы??а т?рбиелеу ж?не таби?ат?а деген с?йіспеншілігін арттыру.

Дамытушылы?:  ?з бетімен ж?мыс т?рлері (презентация, постер ?ор?ау) ар?ылы                                   шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту

Саба?ты? т?рі: Д?ст?рлі емес саба?.

О?ыту пішімі: Дербес т?л?амен ж?не ?жыммен ж?мыс

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, топпен ж?мыс, кестелерді ж?не суреттерді                                        ?олдану, бейнефильмдер пайдалана отырып к?рсету.

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, электронды о?улы?тан ?зінді, интернет ресурс, экологиялы? суреттер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?орша?ан ортаны? ?азіргі экологиялы? жа?дайлары »

Темірбаева Нұржамал Жанайқызы

Шымкент қаласы. №2 колледж. Химия және биология пәндерінің оқытушысы



Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерді қазіргі кездегі экологиялық проблемалар олармен күрес жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Гидросфера, литосфера, атмосфера, биосфера арасындағы өзара байланыс және олардың экологиялық жағдайлары. Экологиялық жағдайларды төмендететін факторларды көрсету арқылы өзекті проблемаларды шешу жолдарын анықтау.

Тәрбиелік: Экологиялық проблемалардың табиғатқа адам өміріне кері әсерін түсіндіру. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс түрлері (презентация, постер қорғау) арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.

Оқыту пішімі: Дербес тұлғамен және ұжыммен жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, кестелерді және суреттерді қолдану, бейнефильмдер пайдалана отырып көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулықтан үзінді, интернет ресурс, экологиялық суреттер.

Пән аралық байланыс: география, физика6 информатика

Құрал жабдықтар: ActivInspile интераактивті тақта, дербес компьютер



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-студенттермен сәлемдесу

-студенттерді тізім бойынша түгелдеу

-студенттерді психологиялық дайындау

-студенттерді екі топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Экологиялық апат дегеніміз не?

  2. Қазақстанда экологиялық апаттың қандай түрлері жиі кездеседі?

  3. Дүниежүзіндегі ірі экологиялық апат аймақтарын ата? Оларға қысқаша

сипаттама беріңдер?

  1. Төтенше жағдайларға қандай апаттар жатады және олар не себептен болады?





ІІІ. Жаңа сабақтың баяндау.

Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайлары.

  1. Қоршаған ортаны ластандырғыш заттар.

Ортаның сапасын төмендетіп жіберетін заттарды ластандырғыштар дейміз.

1. Орта сапасын төмендеткіш заттар



Жылу энергиясы шу радиация химиялық заттар өндіріс қалдықтары



2. Ластағыш заттар

( агрегаттық күйіне қарай)



Газ күйінде сұйық күйінде қатты күйінде

Иіс газы шайынды сулар күл

Көмір қышқыл газы метанол қоқыстар

Күкірт газы этанол

Бензол



3. Ластандырғыштардың улылық деңгейі

І класс – өте қауіпті: сынап, гексохлоран, бензоперин, диоксиндер.

Хром қосылыстары, адам организміне қатерлі ісік, жүйке ауруларын туғызады.


ІІ класс – қауіптілігі жоғары: күкіртті сутек, бензол, азот оксиді, мыс қосылыстары, қатерлі ісік, улану, экзема, жүйке жүйесінің тежелуін туғызады.


ІІІ класс – орташа қауіпті: сірке қышқылы, этанол, фенол, қорғасын диоксиді, альдегидтер. Организмнің кейбір мүшелерін ауруға шалдықтырады.



ІV класс – қауіптілігі шамалы: аммиак, иіс газы, көмірқышқыл газы, мырыш хлориді, алюминий, марганец.Бұл көп мөлшерде болғанда организмге қауіпті.





4. Ластандырғыштарды тіршілік ортасына тигізетін әсеріне қарай


Механикалық химиялық физикалық биологиялық

организмді тіршілік жасушаларға еніп, олар организмде а)биотикалық,

ортасын ығыстырады, олардың қызметін биохимиялық б) микробиологиялық тежейді тежейді реакцияларға қатысады.


  1. Атмосфера ластағыштар


Табиғи - адамға тәуелсіз жүреді. антропогендік – тікелей адамның іс – әрекетімен жүреді.



  1. Атмосфераның ластануы


Газдалу тозаңдану


Атмосфераға газ тәрізді атмосфераға ұсақ десперсиялық сұйықтар

заттардың түсуі. және қатты заттардың көп түгінен болды



  1. Тозаңдалу атмосферағада тұмшалану түзеді


Улы тұмша ылғалды тұмша мұзды тұмша фотохимиялық тұмша




  1. Гидросфераның ластануы


Өнеркәсіп автокөлік кен өндіру көмір өндіру құрлыс қала ауылшаруашылық




  1. Литосфералық ластағыштар:


Табиғи антропогендік

Құйын, дауыл, пестицидтер, гербицидтер т.б. улы химикаттар

су, көшкіндер қолдану, қышқылды жаңбыр.



Ластану деп қандайда бірортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:

1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адаммен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;

2) қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялықзаттар).

Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, текқана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, малшаруашылығыда ластаушылар көзі болып табылады.

Ластаушы заттар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін  ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау—ластаушы зат түрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:

-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;

-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;

-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;

-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;

-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);

-радиоактавті заттар;

Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи  апаттардан, атап айтқанда жер сілкінісі, өрт жөне т.б. орын алса, оны табиғи деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.

Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандайда организмнің экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді.

Осылайша, ауаның, сумен топырақтың құрамында бар кез келген зат алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.), антропогендіде (қоғамның іс—әрекетінің нәтижесі) текті бола алады.

Ортаныңластануы–күрделі, көп түрлі үрдіс. Өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.

Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынаша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:

– адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;

– адамдардың іс– әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен үлес қосады.

Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:

1)   Биологиялық—кездейсоқ, не адамзат іс-әрекеті нәтижесінде ластануы;

2)Механикалық—қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің
нәтижесінде ластануы:

3)Химиялық—қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ
жылдар бойы қалыптасқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;

4) Физикалық ластану—бұл бес түрге бөлінеді:

а) Өнеркөсіп және жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы
арысында коршаған орта температурасының бұзылуы, мұны жылулық деп атайды.

ә) Жарықтық – жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік және жануарлар дүниесінің тіршілік ету жағдайының өзгеріске ұшырауы;

б) Шу, дабыл нәтижесінде;

в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;

г)  Радиоактивті ластану.

5) Микробиологиялық ластану—адамның  тіршілік етуі барысында, антропогенді жүйелерде немесе ортада әртүрлі ауру тарататын зиянкес организмдердің көбеюі.

Қоршаған ортаның ластануы—кез келген экологиялық жүйеге, оған тән емес сипаттағы жанды-жансыз компоненттердің қосылуы немесе құрылысының өзгеруі нөтижесінде, экожүйенің—зат, энергия алмасуы бұзылып, өнімділігінің төмендеуі.

Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:

1. Биологиялық ластану – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдер мен ластануды сондай–ақ бактериологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;

2. Физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық жәнет.б.);

3. Химиялық (биосфераның химиялық заттар мен ластануы.)

Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады. Біріншілік ластануға–биосферадағы табиғи және антропогенді процестер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластану–қоршаған ортадағы физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы газдардың әртүрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады.

Кеңістік тұрғыдан бүкіл әлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларды бөледі.

Қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық ауаның, жер бетімен жер асты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% —ауамен, ал 10% —су мен бірге түседі.








V. Сабақты қорытындылау.

Сабақты ІІ-топқа тапсырма беру арқылы қорытындылау.


1 топ 2 топ

тапсырма. тапсырма.

Ластағыш заттарды мысалға ала Қазіргі экологиялық жағдайларды негізге ала

отырып презентация дайындау. отырып, постер қорғау.

Зиянды заттар адам организміне өздерің тұратын мемлекеттегі экологиялық

қандай жолдармен келеді. Сызба проблемалар туралы не айта аласындар?

нұсқа ретінде көрсетіңдер. Мәліметтер жинақтаңдар.



VI. Бағалау

Топ спикері қарсылас топтағы студенттерді бағалайды



VІІ Үй тапсырмасын беру. «Туған еліміздің қазіргі экологиялық жағдайларына» эссе жазып келу.

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?орша?ан ортаны? ?азіргі экологиялы? жа?дайлары

Автор: Темірбаева Н?ржамал Жанай?ызы

Дата: 14.08.2015

Номер свидетельства: 225268


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства