kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?о?и?аз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  ?о?и?аз

                         ?о?и?аздар - дене бітімі ерекше, т?мсы?ы имек, сирек кездесетін ??стар ?о?и?азт?різділер сабы ж?не ?о?и?аздылар т??ымдасыны? жал?ыз туысы. ?ызыл ?анат деп те аталады. ?ор?алжын ?оры?ында?ы Те?із к?лінде ?ана ?ялап, ж?мырт?алайды. Ол басын су?а батырып, т?бін ?опарып, суда?ы ж?ндіктерді аузына толтырып с?зіп алып ?оректенеді. ?я жасау?а да су т?біндегі т?нбаны пайдаланады. ?шып бара жат?ан ?о?и?азды? ?анаттары лапылдап жан?ан отты? жалынына ??сас бол?анды?тан оларды кей халы?тар “от немесе жалын ??с” деп те атайды.
  Олар ??рлы?тарды? жылы жерлерінде тіршілік етеді.Африка (Кения,Тунисті? о?т?стігі мен Марокка,Мавританияны? солт?стік к?лдерінде), О?т?стік ж?не Шы?ыс Азия (Ау?анстан мен ?ндістан), О?т?стік (Анд тауы) пен Орталы? Америка (Чили), Еуропа (франция мен Испания) елдеріндегі кішігірім су ?оймаларына,?зен арналары мен т?зды ?рі таяз к?лдерге топ болып ?оныстанады.Сулы айма?тар?а келіп ?оныстан?анда оларды? саны маиллионнан да астам т?седі екен.?о?и?аздарды? осы к?рінісі таби?атты? ?айталанбас туындысындай ?сер ?алдырады.Соны?тан да м?ндай ?семдікті к?руге адамдар ?рдайым ?ызы?ушылы? танытады. ?о?и?аз топтанып тіршілік етеді. Т?мсы?ы орта т?сынан бірден т?мен ?арап иіледі де ?о?иып т?ратынды?тан “?о?и?аз” деп атал?ан. Мойныны? пішіні латынны? “S” ?рпі т?різді.Кей халы?тар оларды “фламинго”- (латынны? flamma- “жалын” с?зі) я?ни, “от  немесе жалын ??с” деп атайды. Жіліншігі сира?ынан 3 еседей ?зын. Сауса?тарыны? арасы терілі ж?зу жар?а?ымен байланыс?ан. Негізінен тропиктік ж?не субтропиктік айма?тарда тіршілік етеді. 4 т??ымдас?а бірігетін 3 туысы, 6 т?рі бар.

К?дімгі ?о?и?аз немесе ?ыз?ылт ?о?и?аз

                  К?дімгі ?о?и?аз немесе ?ыз?ылт ?о?и?аз  — ?о?и?аз отрядына жататын ??с. Т?сі а?, с?л а?шыл – ?ыз?ылт, ?шар ?анатыны? ?шы ?ара, т?мсы?ы ?зын, т?мен ?арай иіліп біткен. Биіктігі 1,5 метрге жетеді. Салма?ы 1,9-дан 4,4 кг-?а дейін, ?анатын жай?анда 160-170 см-ге жетеді, бір ?анатыны? ?алыпты жа?дайда?ы ?зынды?ы 39 см, ??йры?ы 14 см. Мекиені онша биік емес (биіктігі 1,1 м, ?анатыны? ?зынды?ы 150 см). ?йірімен ?оныстанады (50-ден 25 мы? ж?п?а дейін). ?ялары конус т?різді, т?нба саздан немесе ??мнан салады. 1-2 ж?мырт?аны, мекиені мен ?оразы 1 айдай кезектесіп басады.

Джеймс ?о?и?азы

      Джеймс ?о?и?азы –О?т?стік Американы? Анд тауларыны? ?стіртінде,  Перуде, Боливияда, Чилиде, Аргентинада  мекендейді.?о?и?азды? б?л т?рі Анд ?о?и?аздарыны? туысы, біра? олардан кішілеу болады (90 см) шамасында Джеймс ?о?и?азды? ??йры?ы ашы? ?о?ыр т?сті, мойынында ашы? ?ызыл т?сі сар?ыш, ар?асы да сондай, ?анаттарында азда?ан ?ара ?ауырсындары болады.К?зіні? айналасы ашы? ?ызыл, ая?ы кірпішті? т?сіндей, т?мсы?ы ашы? сары т?сті, т?мсы?ыны? ?шы ?ара болады.Балапандары с?р?ылт т?сі болады.Джеймс ?о?и?азы о?т?стік ?о?и?аздар?а ??сас болады, біра? Чили ?о?и?азыны? т?сі с?р?ылт, Анд ?о?и?азыны? ?ара т?сі к?бірек, ая?тары сары болады.Джеймс ?о?и?азы жойылып кеткен деп есептелген, біра? оларды? ?ялары Боливияны? Колорода к?лінде табыл?ан, 1960 жылы оларды? саны 7000, ал ?азір 20 000 деп есептеледі.Олар СИТЕС конвенциясына тіркелген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?о?и?аз »

Қоқиқаз Оразбаев Ақниет ,

М.Орынбасаров атындағы орта

мектептің 7-сынып оқушысы,

жетекшісі:Бұхарбаев Ермұханбет Бүркітұлы

Тақырыбы: Қоқиқаз


Қоқиқаздар - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар Қоқиқазтәрізділер сабы және қоқиқаздылар тұқымдасының жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.
Олар құрлықтардың жылы жерлерінде тіршілік етеді.Африка (Кения,Тунистің оңтүстігі мен Марокка,Мавританияның солтүстік көлдерінде), Оңтүстік және Шығыс Азия (Ауғанстан мен Үндістан), Оңтүстік (Анд тауы) пен Орталық Америка (Чили), Еуропа (франция мен Испания) елдеріндегі кішігірім су қоймаларына,өзен арналары мен тұзды әрі таяз көлдерге топ болып қоныстанады.Сулы аймақтарға келіп қоныстанғанда олардың саны маиллионнан да астам түседі екен.Қоқиқаздардың осы көрінісі табиғаттың қайталанбас туындысындай әсер қалдырады.Сонықтан да мұндай әсемдікті көруге адамдар әрдайым қызығушылық танытады. Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді. Тұмсығы орта тұсынан бірден төмен қарап иіледі де қоқиып тұратындықтан “қоқиқаз” деп аталған. Мойнының пішіні латынның “S” әрпі тәрізді.Кей халықтар оларды “фламинго”- (латынның flamma- “жалын” сөзі) яғни, “от немесе жалын құс” деп атайды. Жіліншігі сирағынан 3 еседей ұзын. Саусақтарының арасы терілі жүзу жарғағымен байланысқан. Негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда тіршілік етеді. 4 тұқымдасқа бірігетін 3 туысы, 6 түрі бар.

Кәдімгі қоқиқаз немесе қызғылт қоқиқаз

Кәдімгі қоқиқаз немесе қызғылт қоқиқаз  — қоқиқаз отрядына жататын құс. Түсі ақ, сәл ақшыл – қызғылт, ұшар қанатының ұшы қара, тұмсығы ұзын, төмен қарай иіліп біткен. Биіктігі 1,5 метрге жетеді. Салмағы 1,9-дан 4,4 кг-ға дейін, қанатын жайғанда 160-170 см-ге жетеді, бір қанатының қалыпты жағдайдағы ұзындығы 39 см, құйрығы 14 см. Мекиені онша биік емес (биіктігі 1,1 м, қанатының ұзындығы 150 см). Үйірімен қоныстанады (50-ден 25 мың жұпқа дейін). Ұялары конус тәрізді, тұнба саздан немесе құмнан салады. 1-2 жұмыртқаны, мекиені мен қоразы 1 айдай кезектесіп басады.

Джеймс қоқиқазы

Джеймс қоқиқазы –Оңтүстік Американың Анд тауларының үстіртінде, Перуде, Боливияда, Чилиде, Аргентинада мекендейді.Қоқиқаздың бұл түрі Анд қоқиқаздарының туысы, бірақ олардан кішілеу болады (90 см) шамасында Джеймс қоқиқаздың құйрығы ашық қоңыр түсті, мойынында ашық қызыл түсі сарғыш, арқасы да сондай, қанаттарында аздаған қара қауырсындары болады.Көзінің айналасы ашық қызыл, аяғы кірпіштің түсіндей, тұмсығы ашық сары түсті, тұмсығының ұшы қара болады.Балапандары сұрғылт түсі болады.Джеймс қоқиқазы оңтүстік қоқиқаздарға ұқсас болады, бірақ Чили қоқиқазының түсі сұрғылт, Анд қоқиқазының қара түсі көбірек, аяқтары сары болады.Джеймс қоқиқазы жойылып кеткен деп есептелген, бірақ олардың ұялары Боливияның Колорода көлінде табылған, 1960 жылы олардың саны 7000, ал қазір 20 000 деп есептеледі.Олар СИТЕС конвенциясына тіркелген.

Чилилік қоқиқаз

Чилилік қоқиқаз – түрі тропикалық субтропикалық ұзындықтағы Оңтүстік Америкадағы Анд тауында тіршілік етеді.Бойы орташа 130 см, аяғының ұзындығы 50 см шамасында , ол қызғыш қоқиқаздың туысы.Мойыны ұзын, иілгіш, аяғы қызыл түсті.Ол қаздардың қиқулағындай дыбыс шығарады.Чили қоқиқазы уақ шаяндармен, су өсімдікпен біржасушалылармен қоректенеді.Олар ұрпағын көбіне аралдың жағасындағы тайыз жерлерге салады.Олар бір жұмыртқаны судың лайлы жеріне салып, жұмыртқаны 1 ай бойы басады, балапан шыққаннан кейін түсі сұрғылт болады.10 жетіден кейін олар өз тамағын өздері табады, бір жарым-екі жылдан кейін толық жетіледі.Қоқиқаз жылына жұмыртқа салмайды.

Анд қоқиқаз

Анд қоқиқаз-таулы аудандарда Оңтүстік Перу,Болвия,Солтүстік-батыс Аргентинада тіршілік етеді.Ұзындығы 110-120 см. Бұл түрі Джеймс қоқиқазының туысы, өлшемі кішкентайлау.Анд қоқиқаз кішкентай шаяндармен судағы жәндіктермен қоректенеді.Түсі ақшыл-қызғылт түсті қара дақ болады.Аяқтары сары түсті болады.Оның тұмсығы сарғыш, Джеймс қоқиқазына ұқсас, ал тұмсығының ұшы үлкен қара болады.Олар көлдің жағасына ұя салады, онда натриі, күкіртті сутегі көп болуы керек.Олар барлық қоқиқаз секілді, батпақты жерлерге бір жұмыртқа салады.Анд қоқиқазының саны 60 000 болады.

Біздің елімізде қоқиқаз бар ма?

Біздің елімізде де қоқиқаздар кездеседі.Теңіз, Шалқартеңіз көлдері мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, Асаубұлақ, Қоқай,Есей,Қорғалжын,Сұлтангелді су айдындарына қонып,жұптарын жазбай тіршілік етеді.Олар жерімізге наурыз-сәуір айларында ұшып келіп,қазан-қараша айында Иран,Ауғанстан,Пәкістан аумағына қоныс аударады.Саны жылдан-жылға кеміп бара жатқан құстарды сақтап қалу мақсатында Қорғалжын қорығы ұйымдастырылып,оларды атуға мүлдем тиым салынды.Сонымен қатар,Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.

Өсуі

Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған. Ересектері ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған 1-2 тәрбиеші қоқиқаздардың мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруды адамдарды таң қалдырмай қоймайды.Қоқиқаздар 3 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Жұптарын жазбай таяз су жағалауына сазбалшықтан, құмнан және су өсімдіктерінің қалдықтарын араластырып ұя салады. Ұясының беткі жағы жалпақ, түбі конусқа ұқсас сүйірлеу әрі су бетінен 15–20 сантиметрдей шығып тұрады. Ұясына бір, кейде екі жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені кезектесіп басады. 30–32 күннен кейін балапандары ұядан ұшады. Балапандары тез өседі, жақсы жүзіп, сүңги де алады.

Қоқиқаздың түсі неге қызғылт ?

Қоқиқаздар тумысынан қызғылт болып туылмайтынын сендер білесіңдер ме? Иә,олар келе құлпыра түседі.Қоқиқаздардың қызғылт түске енуін ғалымдар көп уақыттан бері күн сәулесінің әсерінен деп топшылап келді.Бірақ,бұл болжам теріс болып шықты.Шын мәнінде қоқиқаздың қызғылт түске боялуының сыры оның қоректенуіне байланысты екен.Олар құрамында каратиноид кездесетін көкшіл-жасыл теңіз балдырларымен,қызыл шаяндармен қоректенеді де,қорытылу барысында құйымшақ безі арқылы қоқиқаз қызғылт түске енеді.Мұндай без барлық суда тіршілік ететін құстарда кездеседі.Дегенмен, қоқиқаздағы бұл без тек оның қауырсындарын майлайтын маймен ғана қамтамасыз етпей,оны түрлендіруге де әсерін тигізеді.

Бір аяқта тұруының сыры неде?

Осы кезге дейін қоқиқаздың бір аяқтап тұруы ғалымдар арасында түрлі тартыстарға себеп болған еді.Зерттеушілердің бірі оның сырын құстың аяқтарының шаршауын басу үшін дағдыланған тәсіл деп айтса, екінші бірі бұл- жыртқыштардан тез құтылуға сақадай-сай тұруы деп болжаған.Бірақ қоқиқаздар бір аяқпен тұрса да,екі аяқпен тұрса да аспанға бірдей көтерілетіні анықталған.Зерттеулер нәтижесінде қоқиқаздардың тек ағынды суда ғана бір аяқпен тұратындығы белгілі болған.Осы көрініске куә болған ғалымдар мынадай қорытынды шығарған:үнемі суық күйде ағатын суда өзінің бойына суықты өткізбеу үшін қоқиқаз бір аяққа сүйеніп тұрады және бір аяқпен тұру қоқиқазға ешқандай ыңғайсыздық та тудырмайды екен.

  • Қоқиқаздардың қоректенгенінің өзі қызық.Олар бірінші тұнық суды ұзын аяқтарымен лайлайды.Одан кейін тұмсықтарын,тіпті басын да суға батырып,түбі қопарып,судағы жәндіктерді ауызына толтырып сүзіп алып қоректенеді.Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.

  • Ересектері ұшып кеткенде қоқаздардың баласына 1-2 тәрбиеші қоқиқаздар қалады.Олар мыңдаған балапандарды жүзуге апарып,ұясына қайтадан аман-есен қайтаратындығы адамдарды бүгінгі күнге дейін таңдандырумен келеді.

  • Қоқиқаздардың көзі миынан үлкен болады екен.

  • Қоқиқаздар өздерін әсемдегенді жақсы көреді.Сұлулану үшін күніне көп уақыт бөліп,тұмсығының көмегімен қауырсындарын түзулеумен айналысады.

  • Қоқиқаздар ең ежелгі құстардың бірі.Олардың сырт пішіндері арадан 45-50 миллион жыл өтсе де өзгермей сақталыпты.


Қоқиқаз

Құсты көрдік біз бір күн

Қорғалжында биыл жаз.

Қанаттары қызғылтым,

Мойыны неткен ұзын қаз?!


Сирағы да ұзын қаз,

Саны сондай аз дейді.

Оны ел кейде қызыл қаз,

Кейде қоқиқаз дейді. Серікбай Оспанұлы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?о?и?аз

Автор: Абжатырова Светлана ?аттар?ызы

Дата: 26.10.2015

Номер свидетельства: 243970


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства