Сабақтың мақсаты : Қанның кұрамы, ағзаның ішкі ортасы туралы ұғым қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі : суреттер , сандар тізімі
Сабақтың әдісі : түсіндіру , сұқбаттасу
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Үйге тапсырма беру
V. Бағалау
І . Оқушылармен амандасу , түгендеу . Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ . Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1. Қан құрамында қандай заттар бар?
2. Қан қандай қызметтер атқарады?
3. Қан қалай ұйиды?
ІІІ. Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірмен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданған,
Жан-жануар, адамға күш береді пәрменімен .
Қанды және оның құрамын зерттейтін ғылым - гемотология деп аталады. Қан туралы ауруларды емдейтін дәрігер гемотолог деп аталады. Қанның ұюы – қанда болатын ерігіш фибриноген нәруызын ерімейтін фибринге айналдыратын күрделі үрдіс. Жарақаттанған жерден аққан қан 4 – 5 минутта ұйиды. Ұйыған кезде фибрин талшықтары мен қан жасушаларынан түзілген тромб қан тамырларын бітеп қалады. Қан ағуы тоқталады.
Адам қанының құрамында қанның ұюын болдырмайтын қарсы денелер болады. Қан ұю үшін қан сарысуында кальций тұзы болуы керек. Егер қанда кальций тұзы болмаса , қан ұйымайды. Адамда сирек болса да қан ұйымайтын ауру кездеседі , оны «гемофилия» дейді. Гемофилия тұқым қуалайтын ауру.
Тромбоциттер (грекше – тромбос – қанұйық , цитос - жасуша) – қан пластинкасы. Тромбоциттер – сүйек кемігіндегі ірі жасушалардың ыдырауынан түзіледі. Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2 – 5 мкм , түссіз , домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм 3 – де 250 – 400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Қантамырлар зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып , қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қантамырлардың зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7 – 10 тәулік.
Ой қозғау Биологиялық диктант.
Организмнің ішкі ортасы деп ... айтады. Қан организмдегі ... ұлпаға жатады. Қан жасушаларына .., .... , ... жатады. Эритроциттің қызметі ... тасымалдау. Қан жасушалары ... жасалады. Көп нүктенің орнына қоятын сөздер: сүйек кемігінде, дәнекер. лейкоцит, эритроцит, тромбоцит,қан, лимфа,жасуша сұйықтығы, О2 .