Білімділік: а?заны? ішкі орта м?шелерін еске т?сіре отырып, ?анайналым ж?йесі м?шелерімен танысу, оны? ішінде ж?рек, ?антамырлар, ?лкен ж?не кіші ?анайналым ше?берлерімен ж?не оларды? ?ызметтерімен танысу.
Т?рбиелік: ?здігінен ізденімпазды?, білімділік, е?бекс?йгіштік, адамгершілік да?дыларын т?рбиелей отырып, салауатты ?мір салтын ?стану, ?з ойын айта отырып, ?згені де ты?дай білуге, ал?ан білімін ?мірге ?олдана білуге т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«?анайналым ж?йесі »
Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар, үлкен және кіші қанайналым шеңберлерімен және олардың қызметтерімен танысу.
Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың өтілу әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, СТО.
Сабақ жоспары:
І. Қызығушылықты ояту.
«Иммундық жүйе мүшелері» топтастыру.
«Жылдам және дұрыс» сұрақ-жауап.
ІІ. Мағынаны тану.
Жаңа сабақ схемасы.
«Түсті шаршылар» топтық жұмысы.
Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ. Ой толғаныс.
Сұрақтар.
Суреттермен жұмыс.
Бағалау.
Үй тапсырмасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
1. Топтастыру.
Алдымен топтық жұмыс ретінде оқушылар қағазда орындайды, соңынан тақтаға шығып қателерін тексереді.
«Жылдам және дұрыс»
1 топ сұрақтары.
1. ішкі ортаға не жатады: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа
2. қанның мөлшері қанша: 4,5-5 л
3. қан пластинкасы қалай аталады: тромбоцит
4. гемоглобин не: қанның қызыл пигменті
5. эритроциттің диаметрі: 7,5 мкм
6. плазма нәруызы қаншаға бөлінеді: 3
7. оксигемоглабин деген не: оттекті гемоглобин
8. фагозитоз қандай процесс: бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту
9. лейкоцит қызметін ашқан ғалым: Мечников
10. протромбин не: фибриногеннің фибринге айналуы
11. лимфа латынша: таза су, ылғал
12. ұлпа сұйықтығы мөлшері: 14-20л
13. лимфоциттер не: лимфадағы лейкоцит
14. қан сарысуы деген не: қан ұйығының сұйықтығы
15. кемік май қайда түзіледі: қабырға, омыртқа, сүйек ұштарында
16. ЖИТС жіктелуі:
17. зиянды микробтардан шығатын улы зат: қарсыген
18.иммунитет деген не: ағзаның бөгде затқа қарсы тұру қабілеті
19. донор: қан беруші
20. қан топтары: 1,2,3,4 топ
2 топ:
1. АИВ: адам иммунитет тапшылығы вирусы
2. қанның түссіз жасушалары: лейкоцит
3. қанды қабылдайтын адам: реципиент
4. егу арқылы қабылданатын иммунитет: жасанды
5. қан ұйымайтын ауру: гемофилия
6. қан ұю ұзақтығы: 4-5 мин
7. қанның қызыл пигемнті: гемоглобин
8. қан ұюына қатысатын жасуша: тромбоцит
9. бөгде бөлшектерді сіңіру процесі: фагоцитоз
10. тұқымқуалайтын иммунитет: табиғи
11. газды тасымалдайтын қан жасушасы: эритроцит
12. фагоцитозды ашқан ғалым: Мечников
13. қан жасушаларының пайыздық мөлшері: 45
14. қан құрамы: қан жасушасы, қан плазмасы
15. тромбоцит: қан пластинкасы
16. 100 мл қанда гемоглобин мөлшері: 15г
17. қанды қанша уақыт сақтайды: 30 күн
18. қан ұюына қандай элемент қатысады: кальций тұзы