kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Интеллектуалды сайыс «Кім тап?ыр?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды? биология п?нінен ал?ан білімдерін жина?тап, ?орытындылау. О?ушылар?а ?рт?рлі с?ра?тар беру ар?ылы биология п?ні бойынша білімдерін, шы?армашылы? ?абілетін, д?ниетанымды?ын дамыту. О?ушыларды шапша?ды??а, тез ойланып ж?не ?з ойын толы? ?рі еркін жеткізу білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Интеллектуалды сайыс «Кім тап?ыр?»»

Интеллектуалды сайыс «Кім тапқыр?»
Мақсаты:
1. Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорытындылау.
2. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар беру арқылы биология пәні бойынша білімдерін, шығармашылық қабілетін, дүниетанымдығын дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізу білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қызықты сұрақтар салынған конверттер
Сабақтың жүру барысы:
Сайысқа қатысатын оқушылар мен әділқазы алқасымен таныстыру.
Сайыс шарттары:
І. Бәйге
ІІ. Жазба диктант

ІІІ. Ізденген жетер мұратқа
IV. Шешендік

V. Кім жылдам?

Топпен танысып, ұрандарын хабарлау. Қазылар алқасымен таныстыру.

І Бәйге. Топтағы оқушыларға жалпы биология бойынша сұрақ қойылады. Білген топ белгі беріп жауап бере береді. Әр сұрақтың дұрыс жауабына бір ұпайдан қосылады.

Ботаника бөлімі бойынша
1. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген: Роберт Гук
2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: Балдыр
3. Біржасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада
4. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К. А. Тимирязев
5. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы
6. Пішіні малдың тұяғына ұқсас: Діңқұлақ
7. Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық: Наурызым қорығы
8. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді: 1981 жылы
9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым: Ботаника
10. 1920 - 1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: Ж. Күдерин
Зоология бөлімі бойынша
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология
2. Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек
3. Денесінің түсі тез өзгерете алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: Құбылғы
4. Африка түйеқұсының саусағы: Екеу
5. 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: Көнеқұс
6. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын: Көкет (диафрагма)
7. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер Түрпі
8. Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі Келес
9. Қосарлы тыныс алатын жануарлар. Құстар.
10. Құрттар - топырақтан, шыбындар - шіріген еттен пайда болады деп есептеген ғалым. т Аристотель.
Цитология бөлімі бойынша
1. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді: Қабықша
2. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат: Цитоплазма
3. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро
4. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид
5. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді: Митохондрия
6. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді: Лизосома
7. Жасушадағы көпіршік, түтікше тәрізді органоид: Гольджи жиынтығы
8. Плаастидтер болады: Өсімдіктерде
9. Жасушадағы органикалық қосылыстар: Нәруыздар, май
10. Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны: 20
Анатомия бойынша
1. Адам денесіндегі буындар саны: 230.
2. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без: Гипофиз
3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы
4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: Амнезия
5. Қанның құрамына жасушалар кіреді: Лейкоциттер
6. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм
7. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек: 30 - 35см
8. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: 27 секунд
9. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар: Гормондар
10. Арқа омыртқаларының саны: 12
Биологиялық ғалымдар
1. 1870 - 1880 жылы ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді: Луи Пастер
2. Микробиологияның дамуына жол ашқан: Л. Пастер
3. 1892 жылы темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашты: Д. И. Ивановский
4. «Вирус» терминін 1899 жылы ғылымға енгізді: М. В. Бейерник
5. Биосфера туралы ілімнің негізін салған ғалым В. И. Вернадский
6. Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды Т. Морган
7. Ядролық сынақ өткізуге мораторий жариялаған тұлға. Н. Назарбаев.
8. Эволюциялық ілімнің негізін салған ғалым Ч. Дарвин
9. «Зоология философиясы»атты еңбек жазған ғалым Ж. Б. Ламарк
10. «Невада – Семей» қозғалысын басқарған. О. Сүлейменов.
ІІ. Оқушылар топ ішінен кезектесіп,термин сөздерге арналған жазба диктантты жазу.Ережесі осы берілген терминдерді қатесіз, жылдам жазу. Қай топ жылдам, әрі қатесіз жазғаны бойынша бағалау.
1. Микробиология
2. Ихтиология
3. Микология
4. Биология
5. Генетика
6. Диетология
7. Орнитология
8. Урология
9. Биология
10. Физиология
11. Экология
12. Гельминтология

ІІІ. Іздеген жетер мұратқа.

1.XVI ғасырдың бас кезінде Педро Де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп атапты. Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда таруына III Петрдің еңбеі зор. Қандай көкініс туралы айтылған? (Картоп)
2.Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті, өте жеңіл. Одан түрлі ыдыс – аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын бұйымдар жасалынады. Әсіресе, оның басқа металдармен қоспасы өте құнды. Мұндай қоспалар әрі берік, әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтарды, ғарыш кемелерін жасауға кеңінен қолданылады. Ол таза күйінде ХІХ ғасырдың басында өндіріле бастады. Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті. Біразға дейін мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат, сирек кездесетін зат ретінде қолданылған. Бұл жерде қай металға сипаттама беріп тұр? (Алюминий)

IV. Шешендік өнер

  1. Гүл - адам өмірінің сәні.

  2. Темекі - денсаулық дұшпаны.

  3. Қымыз - шипалы сусын.

  4. Пияз- ауруға қарсы мың да бір ем.

V. Кім жылдам?

Қ, й, б, г, е, о, ұ, д, л, і, р, н. т, і, н, и.
Б, л. ж, а, к, а, н. а, д, а, й, а, р, һ.

А, қ, с, а, б, қ, а. ж, л, н, ы, а.
Қ, ш, з, ы, л, а, ы. ж, л, о, р, б, а, с, ы.
Т, р, п, і, ү. к, қ, ө, ұ, к, т, н, а.
Қ, р, ы, а, қ, ы, б, т, а, қ. с, р, а, ы, ш, а, н, я.
Қ, р, а, т, а, қ, а. к, с, е, т, р, е, к.
М, й, і, з, е т, б, с, қ, а, б, а.
Қ, з, ы, м, а, қ, ы. к, у, н, г, е, у, р
Жауаптары
• Қойбүлдірген тиін
• Баклажан айдаһар
• Асқабақ жылан
• Қызылша жолбарыс
• Түріп көкқұтан
• Қырыққабат сарышаян
• Қарақат кесіртке
• Мейіз тасбақа
• Қызамық кенгуру

Қорытынды.

Бүгін біздер оқушылардың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық.Балалардың барлығы, «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» деп Абай атамыз жырлағандай балаларымыз ақылдылығымен, жүректілігімен, қайраттылығымен алға озып шыққан топты анықтайық. Балалар сендерге өмірде тек қана сәттілік тілеймін.Топ бір – біріне жылы лебіздерін айтып, аяқтайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Интеллектуалды сайыс «Кім тап?ыр?»

Автор: Абзалбекова Сандугаш Кумисбековна

Дата: 28.12.2015

Номер свидетельства: 270935


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства