Күні: | Биология | 34-сабақ | 8-сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Иммунитет. Иммунитет түрлері. ЖИТС (СПИД). ЖИТС-тің алдын алу. |
Сілтемелер: | МАН, әдістемелік нұсқау, биология журналы, биология оқулығы. |
Жалпы мақсаты: | Иммунитет және иммунитет түрлерін оқып-білу, ерекшеліктерін тану, ЖИТС-тің алдын алу. |
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | Оқушылар иммунитет және иммунитет түрлерімен танысады, ЖИТС-тің қауіпті ауру екендігін біледі, алдын алу жолдарын ұғынады. |
Оқыту әдістері: | Оқытудағы жаңа тәсілдер, диалогтік әдіс, интерактивті әдіс. | Түйінді идеялар: топтық жұмыстар, ойын әрекеттері сабақтың мақсатын арттырады. |
мерзімі | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушылардың іс-әрекеті: |
1 мин | Сергіту сәті «Би билейік» | Оқушылар музыка ырғағымен би қимылдарын жасайды. |
2 мин | Топқа бөлу: Оқушыларға 2 түсті ноталар таратылады. | Оқушылар 2 түрлі ноталардың түсіне қарай топқа бөлініп парталарға отырады. |
10 мин | Үй тапсырмасын сұрау: «Күннің көзін ашайық» әдісі бойынша сұрақтарға жауап алу: Агглютинация деген не? (эритроциттердің бірігіп қалуы) Донор дегеніміз кім? (өз еркімен қан беретін адам) Реципиент дегеніміз кім? (донордан қан алатын адам) Әмбебап донор дегеніміз кім? (қан тобы І адам) Резус-фактор деген не? (қан құрамындағы ерекше нәруыздық зат) Резус-факторды кім және неден анықтады? (1940 ж. К.Ландштейнер макака-резус маймылының қанынан) Оң және теріс резус деген не? Резусы оң қанды резусы теріс адамға құюға бола ма? Себебін түсіндіріңіз. Адамда неше қан тобы бар? Атаңыз. Сирек кездесетін қан тобы. (ІҮ топ, 6 %) | Топтар кезекпен сандарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді. Жауап берген топтарға смайликтер таратылады. Бағалау критерийлері бойынша топтар бағалау парақтарына бағаларын қояды. |
17 мин | Жаңа сабақ түсіндіру: «Елші» әдісі бойынша жаңа сабақ өту. Екі топқа екі тақырыпша беріледі: 1-топқа: Табиғи иммунитет және оның түрлері. 2-топқа: Жасанды иммунитет және ЖИТС (СПИД) | Әр топ өздеріне берілген тақырыпшаларға дайындалады. Әр топтан бір оқушы қалады. Қалған топ мүшелері айналып келесі топқа барады, әр топтан қалған оқушы берілген тапсырманы келген топқа түсіндіреді. |
10 мин | Қорытынды: 1-тапсырма: «Сәйкестендір» Оқушылар тапсырманы орындайды. 2-тапсырма: «Шығармашылық тапсырма» Топтар тақырып бойынша өз шығармашылықтарын көрсетеді. | Оқушылар «Сәйкестендір» тапсырмасын орындап, бағалау критерийлері бойынша бағаларын қояды. Шығармашылық тапсырманы орындап, ортаға салып айтады. Бір-біріне шапалақ соғады. |
1 мин | Үй тапсырмасын беру: Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарын құру. | |
1 мин | Бағалау: Топтар қорытынды бағаларымен таныстырады. | Оқушылар өз бағаларын айтады. |
3 мин | Кері байланыс «Октава» | Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін ноталарды бояу арқылы көрсетеді. |
| | |
Ресурстар | Стикерлер, плакат, маркерлер, бағалау парақтары, смайликтер, күннің көзі суреті, ноталар, 8-сынып «Биология» кітабы, интерактивті тақта, слайд. |