kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ядро, оны? ??рлысы ж?не ?ызыметі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ызылорда облысы, ?азалы ауданы,              Бекарыстан би ауылы,

                                           № 24 орта мектебіні? химия- биология п?ніні? м??алімі ?тебалы К?мшат Сады? ?ызы

Сынып: 9

К?ні:

П?ні: Биология

Та?ырыбы: Ядро, оны? ??рлысы ж?не ?ызыметі. Ядроны? жетекші  р?лі.

Саба?ты? ма?саты:

а) Білімділік: Ядро, оны? ??рлысы ж?не ?ызыметі,ядроны? жетекші  р?лі туралы т?сінік беру.

?) Дамытушылы?: О?ушыларды? іскерлігін, ойлау ?абілетін, ой-?рісін дамыту.

б) Т?рбиелік: Санитарлы?-гигиеналы? да?дысын ?алыптастыру, салауатты ?мір с?руге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Д?ст?рлі

Саба?ты? типі: Аралас

Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауат, іздену, талдау, шы?армашылы? ж?мыс.

Саба?ты? к?рнекілігі: интернет та?та, кесте, суреттер

Саба?ты? ??рылысы:

  1. Психологиялы? дайынды?:
  2. ?й тапсырмасын с?рау:

     А) С?ра?-жауап:

3. Саба?ты пысы?тау:

     А) Салыстырмалы кестені толтыр

     ?) С?здікпен ж?мыс:

4. Жа?а саба? (лекция, суреттермен т?сіндіру ):

5. Саба?ты пысы?тау:

     А) «И?»немесе «Жо?» ойыны:

     ?) Сандарды  с?йлетейік:

     Б)  Биологиялы? диктант:

 6. О?ушыларды? білімін ба?алау:

 7. ?йге тапсырма:

                    1.Психологиялы? дайынды?:

                            ?йымдастыру кезе?і:

Саба?ты? ма?сатын хабарланып, о?ушыларды? назарын саба??а аудару, биологиялы? білімге деген ?ызы?ушылы?ын ашу:

      1) Биология ?ылымы нені зерттейді ?

      2) Биологияны? ма?саты мен міндеттері ?андай?

      3)  Тірі организидерді? негізгі ?асиеттері?

                      2.?й тапсырмасын с?рау:

           «Жасуша ??рлымдары.» та?ырыбы бойынша:

   1.Заттарды? жасуша?а енуі ?алай ж?реді?

   2.Эндоплазмалы? торды? тегіс ж?не т?йіршікті мембранасыны? айырмашылы?ы неде?

   3. ?сімдік жасушасында пластидтер ?ай типтерге б?лінеді?

   4. Митохондриялар неге энергетикалы? станса деп аталады?

 

                                3. Саба?ты пысы?тау:

        А) Салыстырмалы кестені толтыры?дар:

 

Жасуша ?абы?шасы

    ??рлысы

    Ат?аратын ?ызметі

  1. Жануар
  2. ?сімдік

 

                    ?) С?здікпен ж?мыс:

Вакуль, пластидтер, цитоплазма, эндоплазмалы? тор, лизосомалар, рибосомалар, жасуша ?а??асы, жасушалы? орталы?,.

                     4.Жа?а саба?:

                          Ядроны? ??рылысы мен ?ызметі

1833 ж. Роберт Броун ?сімдік материалынан жасушалы? ядроны аш?ан. Ол микроскоп ар?ылы тоза? жіпшелеріні? ла алмасуы

  1.  
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ядро, оны? ??рлысы ж?не ?ызыметі.»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,

24 орта мектебінің химия- биология пәнінің мұғалімі Өтебалы Кәмшат Садық қызы

Сынып: 9

Күні:

Пәні: Биология

Тақырыбы: Ядро, оның құрлысы және қызыметі. Ядроның жетекші рөлі.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ядро, оның құрлысы және қызыметі,ядроның жетекші рөлі туралы түсінік беру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін , ой-өрісін дамыту.

б) Тәрбиелік: Санитарлық-гигиеналық дағдысын қалыптастыру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауат, іздену, талдау, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интернет тақта, кесте, суреттер

Сабақтың құрылысы:

  1. Психологиялық дайындық:

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

А) Сұрақ-жауап:

3. Сабақты пысықтау:

А) Салыстырмалы кестені толтыр

Ә) Сөздікпен жұмыс:

4. Жаңа сабақ (лекция, суреттермен түсіндіру ):

5. Сабақты пысықтау:

А) «Иә»немесе «Жоқ» ойыны:

Ә) Сандарды сөйлетейік:

Б) Биологиялық диктант:

6. Оқушылардың білімін бағалау:

7. Үйге тапсырма:

1.Психологиялық дайындық:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың мақсатын хабарланып, оқушылардың назарын сабаққа аудару, биологиялық білімге деген қызығушылығын ашу:

1) Биология ғылымы нені зерттейді ?

2) Биологияның мақсаты мен міндеттері қандай?

3) Тірі организидердің негізгі қасиеттері?

2.Үй тапсырмасын сұрау:

«Жасуша құрлымдары...» тақырыбы бойынша:

1.Заттардың жасушаға енуі қалай жүреді?

2.Эндоплазмалық тордың тегіс және түйіршікті мембранасының айырмашылығы неде?

3. Өсімдік жасушасында пластидтер қай типтерге бөлінеді?

4. Митохондриялар неге энергетикалық станса деп аталады?


3. Сабақты пысықтау:

А) Салыстырмалы кестені толтырыңдар:


Жасуша қабықшасы

Құрлысы

Атқаратын қызметі


  1. Жануар

  2. Өсімдік




Ә) Сөздікпен жұмыс:

Вакуль, пластидтер, цитоплазма, эндоплазмалық тор, лизосомалар, рибосомалар, жасуша қаңқасы, жасушалық орталық, ......


4.Жаңа сабақ:

Ядроның құрылысы мен қызметі

1833 ж. Роберт Броун өсімдік материалынан жасушалық ядроны ашқан. Ол микроскоп арқылы тозаң жіпшелерінің жасушаларын қарап, дөңгеленген формалы денешіктерді тапқан. Оны "nuclei" — ядро деп атаған. Ядро жасушаның ортасында орналасқан дөңгелек немесе сопақша формалы жасушаның ең ірі органоиді. Ядро үш бөліктен тұрады: ортасында орналасқан — ядрошықтан, ядроның сұйық бөлігі — нуклеоплазмадан және ядролық мембранадан.



Мембрана

Ядро екі мембранадан тұратын қабықшамен қоршалған. Сыртқы ядролық мембрана рибосомалармен қапталған, ішкі мембрана тегіс болады. Электронды микроскоп арқылы зерттеу ядролық мембрананың жасушалың мембрана жүйесінің бір бөлігі екендігін көрсетті. Сыртқы ядролық мембрананың өсінділері эндоплазмалық тордың өзектерімен (каналдарымен) байланысады да, біртұтас өзектер жүйесін құрайды. Ядроның тіршілік әрекетінде ядро мен цитоплазма арасындағы зат алмасу басты рөл аткарады. Ол негізгі екі жолмен жүзеге асады. Біріншіден, ядролық мембрананың көптеген саңылаулары болады. Осы саңылаулар арқылы ядро мен цитоплазма арасында молекула алмасуы жүреді. Ядро мен цитоплазма арасында зат алмасу белсенді түрде жүргенімен, ядро қабықшасы ядроның құрамын цитоплазмадан бөліп тұрады. Бұл өзін қоршап тұрған цитоплазмадан өзгеше, өзіндік ядроішілік ортаның болуын камтамасыз етеді.

Ядрошық

Ядродағы ядрошықтар саны 1—2, кейде 3—4 болатын дөңгелек, кейде сопақша денешіктер. Ядроға қарағанда ядрошық тығыз келеді. Ядрошық ядродан толық бөлінбеген және ядролық плазманың ішінде еркін козғалып жүреді. Ядрошық РНҚ синтезінің орталығы.

Хромосомалар

Соңғы профазадағы — митозметафазасындағы хромосома құрылымының сызбасы. 1 —хроматида; 2 — центромера; 3 — қысқа иық; 4 — ұзын иық.

Хромосома дегеніміз – ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Олар бірнеше бөліктерден тұрады: алғашқы бөлік және екінші реттік бөлік. Хромосоманың құрамында 40 ДНҚ, 40 гистон, 20 қышқыл нәруыз және аз мөлщерде РНҚ болады. ДНҚ организмге қажетті әр түрлі нәруызды синтездеуге ақпараттар береді. Гистон дегеніміз – хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз. Қышқыл нәруыз хромосоманың қозғалысына, ДНҚ мен РНҚ-ның синтезіне, организмдегі белгілерге жауап беретін нәруыздың қызметін атқарады. РНҚ ядро мен цитолазманың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Көп уақытқа дейін ғалымдар хромосомаларды жасушаның бөлінуінен кейін жойылып кетеді деген пікірде болды. Бірақ таңбалы атомдар әдісі арқылы олардың жасушадағы тұрақты құрылым екендігі дәлелденді. Әрбір хромосоманың мөлшері мен пішін тұрақты болады дедік. Ендеше, хромосоманы сыртынан қарағанда, екі буынның бар екенін аңғаруға болады. Бірінші буынды центромералы буын деп атайды. Бұл буынмен ахроматин жіпшелерінің бір ұшы байланысады. Центромераларының орналасуына байланысты хромосомалардың пішіндері өзгеріп отырады. Осыған қарамастан әрбір хромосомадағы центромералардың орны тұрақты болады.

Жануарлар мен өсімдіктер хромосомаларының диплоидты саны

Адам

46

Кептер

80

Шампанзе

48

Сазан (жерсей)

104

Асыранды ит

78

Тарақан

48

Қой

54

Қарағай

24

Бөлме шыбыны

12

Бұрыш

48

Ядроның атқаратын қызметі:

  1. Тұқым қуалау ақпаратын өзінде сақтап, оны бөлу процесінде келесі ұрпақ жасушаларына беру.

  2. Жасушаның барлық тіршілік әрекетін бақылау, басқару.


5. Сабақты пысықтау:

А) «Ия» немесе «Жоқ» ойыны

  1. Ядро дегеніміз- бұл жарғақшасыз органоид па?

  2. Ядро шырыны гель тәрізді сұйықтық па?

  3. Жасуша бөлінуі кезінде щентромерасы арқылы бөліну ұршығының жіпшесіне байланысты ма?

  4. Ядро қабықшасы бір қабатты мембранадан тұрады ма?

  5. Ядрошықта нәруыз биосинтезін қамтамасыз ететін рибосома бөліктері қалыптасады ма?

Ә) Сандарды сөйлетейік

1. 3-10 мкм

2. 1-2 мкм

3. 2n

4. 1n

5. 1-ден .... 3-5-ке

6. 46-ға, 23-ке

Б) Биологиялық диктант

1. Ядросыз жасушалар .... деп аталады.

2. ядролы жасушалар ..... деп аталады.

3. Бактериялар, көкжасыл балдырлар ..... жатады.

4. Саңырауқұлақтар, жануарлар және өсімдіктер .... жатады.

5. Барлық жасушаларда .... бар.

6. .... жасуша қабырғасы болмайды.

7. .... жасуша қабырғасы жасунықтан тұрады.

8. .... жасуша қабырғасы хитиннен тұрады.


6. Оқушылардың білімін бағалау:


Аты-жөні

Сабаққа қатысуы

Мағынаны аша білуі

Пікір айтуы

Ізденіс жұмысы

Шығармашылық іс-әрекеті

Қоры-тынды









7. Үйге тапсырма: «Ядро, оның құрлысы және қызыметі. Ядроның жетекші рөлі» тақырыбын оқу, А,В,С сұрақтарын қарау.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ядро, оны? ??рлысы ж?не ?ызыметі.

Автор: Отебалы Камшат Садыковна

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 295985


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства