ІІІ.Жаңа материалды меңгерту. | Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta),қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae),криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta),сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta). Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Жасушасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды.Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. | Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta),қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae),криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta),сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta). Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Жасушасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды.Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты | Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім | Оқулық ,маркер ,стикер,А3 формат |