Просмотр содержимого документа
«Г?лшо?ырлар, биологиялы? ма?ызы »
Тақырыбы: §24. Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің генеративті мүшесі – гүл, оның құрам бөліктерін, құрылысын еске түсіре отырып «гүлшоғырлар» деген сөздің мағынасын және оның түрлерін жеке-жеке көрсету. Гүлшоғырлардың биологиялық маңызын мысал кетіре отырып оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік – гүлшоғырлар, биологялық маңызы туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық – өздігінен іздену, қосымша материалдарды пайдалану дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі: Т.Ғалиевтің «Жүйелі оқыту әдісінің» элементтері
Сабақтың көрнекілігі: «Гүлшоғырлар» электронды көрсетілім, гүлшоғырлардың кеппе шөптері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Біздің сабағымыз 4 бағытта жүргізілмек:
1. Ой қозғау ( нені білеміз?)
2. Іздену ( нені білгіміз келеді?)
3. Ой қорыту ( нені білдік?)
4. Ой дамыту ( танымдық ойындар)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Ой қозғау (нені білеміз?)
1. Гүл дегеніміз не?
2. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар.
3. Гүлсерігі деп қандай бөліктерін айтады және олар қалай бөлінеді?
4. Қос жынысты деп қандай гүлдерді айтады?
5. Дара жынысты гүлдердің ерекшелігі неде? Неліктен тек аталық гүл немесе аналық гүл дейді?
6. Бір үйлі, екі үйлі өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығын мысалмен түсіндіріңдер.
7. Гүл формуласы қалай белгіленеді?
8. Жыныссыз гүлдердің ерекшелігі неде? Мысал келтіріңдер.
9. Қызғалдақ гүлінің формуласын жаз.
10. Асбұршақ гүлінің формуласын жаз.
11. Алабота гүлінің формуласын жаз.
12. Картоп гүлінің формуласын жаз.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Іздену (нені білгіміз келеді?)
Гүлшоғыр деп – гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын айтады.
Сабағы негізі жай гүлшоғырлар
күрделі түзеді
тарамдалған жанама сабақшалары болады
гүлшоғырда гүлдер саны 2-ден бірнеше 100-ге жетеді.
Жай гүл шашақ қарақат
шоғырлар қырыққабат
мойыл
мия
қараған
жай масақ жол желкен
собық жүгері
калла
жай шатыр пияз
адамтамыр
наурызшешек
ақшұнақ
шоғырбас беде
себет күнбағыс
бақбақ
өгейшөп
гүлкекіре
Күрделі гүлшоғырлар
күрделі шашақ жүзім
гүлшетен
тамыр
күріш
күрделі масақ бидай
бидайық
қарабидай
сырға қайың
терек
тал
көктерек
күрделі шатыр сәбіз
балдырған
аскөк
Гүл мен гүлшоғырлардың маңызы
мәдени гүлзарларда өсіреді реңі
пішіні
аңқыған хош иісі үшін
медицинада қолданылады түймедағы
жөке
қырмызыгүл т.б. шипалық
қасиеттері үшін
парфюмерияда хош иістері үшін
бал алады, дәмін кіргізеді жөке
қарамық гүл шірнелері
татымды дәм жасалады қалампыр
банан
бунақденелілерді еліктіреді тозаңдану үшін
Ой қорыту (нені білдік?)
шашақ
жай
масақ
собық
күрделі
шоғыр
жай
шоғыр
күрделі
шашақ
себет
күрделі
масақ
1. жүгері
2. жолжелкен
3. тары
4. наурызшешек
5. бидай
6. мия
7. балдырған
8. өгейшөп
9. күнбағыс
10. қараған
11. пияз
12. гүлшетен
13. сәбіз
14. гүлкекіре
15. қарабидай
№13-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Жай және күрделі гүлшоғырлармен танысу.
Мақсаты: жай және күрделі гүлшоғырларын салыстырып зерттеу.
«Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды. Энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Гүл адамды эстетикалық ляззатқа бөледі. Қазақ халқы қызды гүлге теңеген. Жақсылықта гүл силау-үлкен құрметтің белгісі.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Жайнар кезім келді деп...
( Т. Молдағалиев.)
Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,
Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.
Сәні деп өмірімнің, көңілімнің,
Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.
(Оразақын Асқар)
Сауалнама
Сендер қандай түсті гүлді ұнатасындар?
Қызыл – белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызу қанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.
Қызғылт – жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды болып келеді. Олар жарқын, айрықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.
Сары – жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күй тез өзгергіш, оптимист адам.
Алқызыл – нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттар мен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасиеттері де тән.
Ақ – шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқынқандықты, араздықты ұнатпайтын ақтілекті жандар.
ІV. Бекіту.
Сонымен балалар бүгінгі біз гүлшоғырлары мен олардың биологиялық маңызы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.