kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Г?лдін ??рылысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология - тіршілік туралы ?ылым. Ол тірі организмдерді? ??рылысын,?ызметін, ?сіп дамуын ж?не сырт?ы ортамен ?арым ?атынасын зерттейді. ?азіргі биологияны тірі таби?атты ж?не оны? ??рамдас б?ліктерін зерттейтін ?ылымдарды? жиынты?ы деп атау?а болады.Ботаника ?сімдіктер мен жануарларды? ??рылысын, даму ерекшеліктерін, сырт?ы ортамен ?арым- ?атынасын зерттейті? ?ылым. 6 сынып о?ушыларына жа?а технология ?дістерін пайдаланып ашы? саба? ?ттім. Саба?ты топ?а б?лу ар?ылы ?ткізілді.?р топ ?з тапсырмаларын тез орындау?а тырысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Г?лдін ??рылысы»

Тақырыбы: §22. Гүлдің құрылысы 
Сабақтың мақсаты: гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап түсініктеме беру. 
Сабақтың міндеттері: 
Білімділігі – гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру; 
Тәрбиелілігі – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,табиғатты қорғаға тәлім тәрбие беру. 
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту. 
Сабақтың типі: аралас 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Жаңа сабақ 
Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері 
Гүлдің құрылысы. 
Ассосациялық карта: балалар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі? 
Хош иіс Әдемілік Сыйлық 

Көбею мүшесі Қысқарған өркен Әр түрлі түстер 
Гүл құрылысы көрсетілген макет және нағыз гүлді көрсете отырып оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру. 
Гүл-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар ,бұтақтанбайтын,түрі өзгерген,қысқарған өркен.Гүл-бүршіктің өсу нүктесінен дамиды. 


1- 4- 
2- 5- 
3- 6- 

Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра) 
Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері. 
Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады. Меңдуана, қоңыраугүлде тостағанша бір-бірімен тұтасып, жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады. 
Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.остағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады (көкнәрда). 

Тостағанша+күлте=гүсерік 

Аталық—гүлдің көбеюге қатысатың бөлімі.Әрбір аталық –аталық жіііпшесіненжәне тозаңқаптан тұрады. 

Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады (38-сурет). Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады. 
Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктері болады. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар. 
Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді (39-сурет). 
Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады. 
Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т. б. 
Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әрбір аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жемісжапырақшаларынан түзіледі. 

Дұрысгүл мен бұрысгүл . Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе – дұрысгүл (алма, итмұрын, мақта және т. б.). Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл (соя, үрмебұршақ, сәлбен және т. б.). 
ІІІ-қорыту.Биологиялық диктант жазу. 
1.Гүлдің барлық бөлімдері------------- бекінеді.2.Гүл сағағынын кенейген жері-------.3.Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақша ----------- деп атайды.4.Егер гүлде ------ немесе ------ болмаса ол жай гүлсерікті деп аталады. 5. Қос гүлсерікті гүлде ---- мен ------болады. 6.Тостағанша жапырақша ----- қызметін атқарады. 7. Күлте жапырақшаның жііңішкерген жерінде-----болады. 


ІV. Бекіту 
Оқулық мәтініндегі суреттерді пайдалана отырып, гүлдің көбею мүшелеріне тірек-сызбаны құрастыру үшін әр топқа тапсырма беріледі. 
1-топқа – Аталықтың құрылысы 
2-топқа – Аналықтың құрылысы 
3-топқа – Гүлдің құрылысы 
№12-зертханалық жұмыс. 
Тақырыбы: Гүл құрылысын талдау. 
Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу. 
Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине. 
Жұмыстың барысы: 
1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару. 
2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу. 
3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату. 
4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу. 
Нәтижесі: 1) Гүлдің құрылысын жаз: 

1.____________________________________________ 
2.____________________________________________ 
3.____________________________________________ 
4.____________________________________________ 
5.____________________________________________ 

2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық). 
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. 
2. Тозаң ұясы бар. 
3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. 
4. Үлпекке айналған бөлігі. 
5. Жәндіктер қоректенеді. 
6. Шірне бөлетін бөлігі. 
7. Жабысқақ сұйықтық бөледі. 
8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі. 
9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. 
10. Хош иіс шығаратын бөлігі. 
11. Мойны бар. 
3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл? 

Қорытынды:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үй тапсырмасы. §22 оқып, гүл бөліктерін түрлі қағаздан әзірлеп, қатты қағазға жапсырып әкелу.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Г?лдін ??рылысы

Автор: Асылова Кулиза Ногаевна

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 291670


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства