kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есту анализаторы және вестибуляр аппараты. Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Анатомия пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Есту анализаторы және оның жас ерекшелігі. Интеграциялық сабақ екі тілде жүргізіледі. Джигсо әдісі бойынша сабақ түсінідіріледі. Студенттер кластер құрастырып, оны үш тілде қорғайды. Кері байланыс "Бағдарашм" әдісі бойынша жүзеге асырылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есту анализаторы және вестибуляр аппараты. Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы"»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Колледж: КазГТК

Күні: Мұғалімдердің аты-жөні: Омарова Ш.К.

Топ: НО-21 Ескендирова Ж.Ж.


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Есту анализаторы және вестибуляр аппараты. Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасының ережелерін сипаттау. Анализатордың жас ерекшелік физиологиясың білу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық студенттер: Есту мүшесінің құрылысы мен естудің маңызы біледі.

Студенттердің көбісі: Есту гигиенасының ережелерін сипаттайды. Анализатордың жас ерекшеліктерің біледі.

Кейбір студенттер: Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасын сипаттай отырып, дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттейді


Бағалау критерийі:

Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін

анықтайды

Есту гигиенасының ережелерін көрсетеді

Анализатордың жас ерекшеліктерің біледі

Тілдік мақсаттар:

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдерді 3 тілде білу:

Сыртқы құлақ, құлақ қалқаны, есту түтігі, дабыл жарғағы, Евстахий түтігі, Ортаңғы құлақ, Есту сүйектері, Құлақ құрылысы, ішкі құлақ

Құндылықтарға баулу:

Адамгершілік, бір-бірінің пікірін тыңдау,студент пен мұғалім арасындағы оңтайлы қарым-қатынас,ынтымақтастық орта, өмір бойы білім алу;

Пәнаралық байланыс:

Медицина, ағылшын тілі, биология, физика

Алдыңғы білім:

Анализаторлар жұмысы. Көз құрылысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу.

Позитив (видео)

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Топқа бөлу «Мозаика» әдісі

Студенттерді 3 топқа бөлеміз

І-топ. Есту мүшесінің маңызы

ІІ-топ. Есту мүшесінің қызметі, гигиенасы.

III-топ. Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі

Үй тапсырмасын тексеру:

Сәйкестігін анықтау тесті және ағылшын тілінде атау (1 топқа)

1.Қарашықтың артқы бөлігінде А.Су

екі жағы дөңес линза тәрізді В.Құтыша

денешік- С.Таяқшалар

2.Көзбұршақ қисықтығының Д.Көзбұршақ

ұлғаюы- Е.Аккомодация

3.Шыны тәрізді денеде болады-

4.Жарық пен түсті қабылдайтын рецептор-

5.Қараңғыда жарықты қабылдайтын рецептор-

Жауаптары: 1-Д, 2-Е, 3-А, 4-В, 5-С

«Қатені тап және ағылшын тілінде ата» (2 топқа)

Құлақ (көз) — оптикалық жүйе. Адам көзінің пішіні алмұрт (алма) тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан төрт (үш) қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе қызыл (ақ) қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қарашық (қасаң) қабықша деп аталады.

«Суреттер сөйлейді» әдісі (3 топқа)

Көз құрылысының атауларын жаз – 3 тілде ата (көздің суреті)

Көзге арналған жаттығу

Отырып жасалады.

Көзді 3-5 секундқа қатты жұмып,содан кейін 3-5 секундқа ашады.6-8 рет қайталайды.

Отырып жасалады.

Көзді 3-5 секундқа қатты жұмып,содан кейін 3-5 секундқа ашады.6-8 рет қайталайды.


Дереккөз

дер, ресурстар

Сабақтың ортасы






Миға шабуыл:

2 студент ағылшын тілінде «ЛОР дәрігерінде» деген көрініс қояды. Сол көрініс бойынша топ қандай тақырып екенін анықтау керек.

Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.
Құрылысы: есту мүшесі – құлақ

Бүгінгі тақырыбымыз «Есту анализаторы және вестибуляр аппараты. Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы»

Олай болса төрт топқа тапсырма үлестіріп беремін. Сол бойынша топта дайындаламыз. Ойымызды постерге түсіреміз және топ бойынша қорғаймыз.

Джигсо әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру

І-топ. Есту мүшесінің маңызы

ІІ-топ. Есту мүшесінің қызметі. Есту гигиенасы.

ІІІ-топ. Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі



1)Есту анализаторларының маңызы. Адам есту мүшесі арқылы қоршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

Құрылысы: есту мүшесі – құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.

Сыртқы ---------------------- Ортаңғы -------------- Ішкі

Құлақ қалқаны ----------- Балғашық ------------- Сүйекті, шытырман

Есту жолы ------------------ Төс -------------------- Жарғақты шытырман

-------------------------------- Үзеңгі

Ортаңғы құлақтағы дыбыс сүйекшелері:

а) балғашық; ә) төс; б) үзеңгі

2. Есту мүшесінің қызметі.

  Сыртқы құлақ  құлақ  қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны  ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

2.   Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады.Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған..Құлақ жұтқыншақпен Евстахий түтігімен байлынысады.

3.   Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені  шытырман (лабиринт) деп атайды. Иірімнің ұзындығы 2,5 айналым. Мұндағышытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады.

3. Есту мүшесінің қызметі.

Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын қабылдап, есту жолына бағыттайды. Есту жолының бойымен дыбыс толқындары дабыл жарғағына жетіп, оны механикалық тербеліске келтіреді. Есту сүйекшелерінің жүйесі (балғашық – төстік – үзеңгі) арқылы тербеліс жарғақты шытырманның сопақша кіреберісі арқылы ішкі құлаққа беріледі, себебі оған үзеңгі тіреледі. Бұлтербелістер есту иірімдегі сұйықтықты қозғалтып, түкшелерді тербетеді. Оы кезде рецепторлар жасушаларының түкшелері жамылғы мембранасына жанасады.

Рецепторларда қозу пайда болып, есту жүйесі арқылы есту анализаторларының орталық бөлігіне – самай бөлігіне, үлкен ми сыңарларының есту аймағына беріледі. Осы жерде дыбыстың әртүрлі сипаты: оның үні, ырғағы, күші, жіңішкелігі, мағынасы танылады.



3). Есту мүшесінің гигиенасы. Есту мүшесі бас сүйектің самай сүйегіне терең орналасқан. Сөйтсе де, оны зиянды әсерлерден және инфекция енуден сақтау керек.

Есту жолының түбінде құлақ бөлетін бездер бар. Құлақтың жабысқақтығы сыртқы құлақтын түсетін шаң мен микробтарды жабыстыру және ұстау ұшін керек. Жиналған құлақ бөлініп, құлақтың жуған кезде сыртқа шығарылады. Салдар-салақ адамның құлағынада құлақ жиыналып, тығын түзілуі мүмкін. Ол естудің нашарлауына апарып соғады. Құлақтың әртүрлі үшкір затпен (сіріңке, түйреуіш,т.б.) алуға болмайды. Бұдан дабыл жарғағы зақымданып, есту нашарлауы мүмкін.

Есту мүшесі дұрыс жұмыс істеу үшін алдымен тазалық сақтау керек. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей керең болып қалуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауық-ауық тазалап тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін.

3.Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі және гигиенасы

Дыбыс толқыңдары дабыл жарғағы мен дыбыс сүйектерінен өтіп, сопақша тесіктің жарғағы арқылы перилимфа сұйығын шайқайды. Перилимфаның шайқалу жиілігіне байланысты негізгі мембрананың белгілі бір дәнекер талшықтары қозғалады. Жоғары дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің түбінде орналасқан дәнекер талшықтар, ал төмен дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің жоғары жағындағы фиброздық талшықтар қозғалады. Дыбыс неғүрлым күшті болса, перилимфаның және фиброзды талшықтардың қозғалысының амплитудасы соғұрлым биік болады, яғни жабын мембранаға тиген талшықтар көбірек иіледі. Дыбыс тембрі негізгі дыбысқа қосылатын қосымша дыбыстардың әсерінен қозғалатын фиброз талшықтарының мөлшеріне байланысты. Сонымен, корти мүшесі дыбыс жиілігін, оның күшін және тербелістерін сезеді.

Ересек адамның құлағы 16 герцтен 20 мың герцке дейінгі дыбыс ырғақтарын қабылдайды, әсіресе 1000 герцтен — 3000 герц жиілігіңдегі дыбысты жақсы қабылдайды.

Қалыпты жағдайда ересек адам 5м қашықтан сыбырлаған дауысты естісе, есту қабілеті қанағаттанарлық деп есептеледі. Есту қабілетін аудиометр деп аталатын аспаппен анықтайды.

Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішіңде ересек адамның құлағымен теңеседі.

2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында ақ ересек адамның құлағымен теңеседі.

Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарын нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту талдағышының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтар жетіледі.

Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс талдағышының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс талдағышындай, бірақ есту қабілеті анағүрлым жоғары болады. Ми қыртысының таңдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.

 

Студенттер оқып болғасын бір спикер басқа топқа барып түсіндіреді. Сосын олар кластер құрастырып қорғайды.

Қызықты видеобейне




Сабақтың аяқталуы

Бекіту

«Синквейн»

Софиданс ритмикалық қозғалыстар.

Сабақтың соңы



Кері байланыс: «Бағдаршам әдісі»

Смайл саны бойынша бағалау

  • Үй жұмысы: 3 тарау,

  • 70 - 73 бет

Б.Қалкенова «Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және гигиена».«Фолиант» баспасы, Астана 2015 ж







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Омарова Шынар Кадырбаевна

Дата: 24.12.2019

Номер свидетельства: 533455


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства