Просмотр содержимого документа
«Экология ж?не денсаулы? »
ТАҚЫРЫБЫ
Т
Экология және денсаулық
Өткізген: Халиуллина Айнагул Аманжоловна
биология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: экология және денсаулық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қоршаған ортаны қорғауды, өз денсаулықтарын сақтауды насихаттау, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, танымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылық жұмыс жасауға, мәдениетті деңгейде ойын сауатты жеткізе білуге, болашақта білікті, саналы маман иесі болуға тәрбиелеу.
Технология: Ақпараттық
Сабақтың әдісі: Жобалау, пікір, ауызша, жазбаша, сұрақ– жауап
Пән аралық байланыс: физика, география, биология, медицина
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
А)Сәлемдесу
Ә)Қажетті құрал-жабдықтарды түгендету
Кіріспе. М.В.Ломоносовтың екі жарым жүзжылдық бұрын айтқаны қазір, дәл уақытында, нақты айтылған: «Химия адамзат ісінде кең қолданылады»
Сендер әрине, күнделікті бұқаралық ақпараттарда берілетін түрлі химиялық «қорқыныштары»: қышқыл жаңбарлар және техногендік химиялық күйлеулер, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мегополистердегі тұмандар, озон тесігі, жылыжай эффектісі мен т.б. – бұл химияны білмей және заттардың қасиеттері мен реакциялардың ерекшеліктерін ескермей, тоқтамастан пайданы қуалаудан туындайтындығын бүгінгі сабақта сендер біршама мәліметтермен дәлелдей отырып түсіндірерсіңдер деп ойлаймын.
Қоршаған дүниеге сақтай қарау, жақынға сүйіспеншілік және экономист те, заңгер де, инженер де, басқа кәсіп мамандары білуі тиіс қарапайым химимялық білім – міне химия мен химия өнеркісібінің жетістіктерін сауатты және тиімді пайдаланудың шарты.
ІІ.
Қатысушылар үш топқа бөлінеді
1. Мұнайшылар
2. Экологтар
3. Сараптаушылар
Үш топ өз тақырыптары бойынша жобаларын қорғайды.
1. Мұнай басқа қонған бақ па, сор ма? (7 мин)
2. Қазақстанның экологиялық жағдайы (7 мин)
3. Өз элементтеріңді тамағыңмен бірге жұт (7 мин)
ІІ. Қазақстанның жер қойнауларындағы шикізат көздері, мұнай мен газ қорлары және дүниежүзі мен аймақтық нарықтағы полимер өнімдеріне күннен-күнге өсіп келе жатқан сұраныс көлемдері осыған дәлел болмақ.
Олай болса, бірінші сөз кезегін «Мұнайшылар» тобына берейік
ІІІ. Мұңлы неге табиғат-Анамыз,
Қазір біздің уланған ба санамыз?
“Балаңа арнап бақ өсір”- деген сөзді,
Тереңінен ойлап айтқан бабамыз.
Аралға да жан ашымай қарадық,
Сарқылмайтын байлыққа оны санадық.
Талай елді асыраған ежелден,
Аралдың да бар байлығын тонадық.
дей келе сөз кезегін қазіргі басты мәселелердің бірі қоршаған ортаның ластануы және оларды шешу жолдарында мағлұматтарымен таныстыратын «Экологтарға» береміз.
Денсаулық әрбір адамның бақыты, демек қоғамның болашағы - әрбір адамның денсаулығына байланысты. Ендігі сөз кезегін қызықты мәліметтерімен арамызға келіп отырған «Сараптаушылар» тобына берейік.
IV. Қорытынды.
Ой толғаныс «Негізгі идеяны суреттеу»
Қорытынды сөз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында жарқын көрініс тапқандай, Қазақстан өркениетті дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін техниканы, шикізатты терең өңдеу технологиясын, нанотехнологияны іске асыру керектігін түсіндік.
Кімде-кім болашақ ересек өмірін химиямен, биологиямен, ауыл шаруашылығымен, технологиялық мамандармен байланыстыруға ұйғарса – заттардың құрылысымен, химиялық реакцияның жүру заңдылықтарымен, электрохимия негіздерімен, органикалық заттардың бай дүниесі мен біздің ғылымның маңызды тарауларын жан жақты қарастыру арқылы толық және тереңірек таныстыру тұр.
Сендерге өздеріңнің болашақ оқу мен өмірдегі жетістіктеріңе байланысты болатын жалғыз дұрыс таңдау жасауларыңа тілектеспіз.