kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дене сымбатыны? б?зылуы мен жалпа?табандылы? ?алыптасуды? алдын алу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сымбат б?зылуынан са?тау.
?азтабанды? сыр?аты жиі кездеседі. Таза топыра??а жала?ая? т?р?анда т?скен табан суреті т?йілген ж?мыры?ты? сырт?ы ?ырыны? топыра?та ?алдыратын ізі сия?ты, табан ортасы жерге тимейтіндей к?мбезді болуы керек. Егер табан ізі толы? т?ссе, ол жалпа?табандылы? белгісі. Табан к?мбезі аз болса ?за? жаяу ж?ргенде табан жарылып сыздап ауырады. Егер жалпа?табан адам жоры?та?ы сарбаз болса ол ?атардан шы?ып ?алу?а м?жб?р болады. Сонды?тан ?скер ?атарына ша?ырылатын жаста?ы жігіттер ?азтабан болса оларды сарбаз бола алмайды. ?азтабан болмау ?шін арнайы жатты?уларды орындап, к?п ?абатты ?йде баспалда?та ая? ?шымен ж?ріп, денені табан к?шімен к?тере жо?арылау ?ажет. Есінде са?тайтын 5 - ережені ?мытпа. Б?кір, шал?а?, ?исы? м?сінді аны?тауды да ?йренген ж?не ?зі?ді - ?зі? жиі тексеріп отыр?ан ж?н.
Сымбат – ?алыпты жа?дайда ж?не ж?мыс кезінде адамны? к?нделікті ?детпен ?з денесін ?стай білуі.
   Б?зылу сатысы.
К?жірейген ар?а. Омырт?аны? кеуде жа?ында?ы жо?ар?ы б?лігі к?бірек ?исайып кетеді. Иы?тары ?усырылып, ар?асы к?жірейіп, ?арны шартиып салбырап т?рады.
Е?кіш дене. Адамны? бойында ?те жиі кездесетін мін. М?ндай жа?дайда жалпы кеуде с?йегіні? ?исайып кеткендігі бай?алады. ?детте, е?кіш адамны? жауырыны томпайып, т?сі ішке ?абысып, иы? пен бас ал?а е?кейеді, ?арны ?ампиып т?рады. Е?кіш адам бойын тік ?стап к?п ж?ре алмайды, себебі б?лай ж?ргенде тез шаршап ?алады.
?ай?ы бел. Дене ??рылысыны? б?зылуы. Денені? м?ндай кемістігінде мойын, кеуде, бел біріншіден — омырт?аларды? анатомиялы? ?исы?ты?ы ай?ын болып т?рады. Денені? б?л кемістігіні? себептері, омырт?аны? б?гіліп - жазылып т?ратын б?лшы? еттеріні? д?рыс жетілмеуі ж?не мешел ауруыны? белгісі. Екіншіден, адамны? жамбасы сырт?а шы?ып т?рады.
Сколиоз - омырт?аны? бір б?йірге ?арай ?исаюы (туа ж?не ж?ре пайда болады)
Лордоз - омырт?а ба?анасыны? ал?а ?арай майысып, ?исаюымен сипатталады
Б?кірлік, кифоз — омырт?а ба?анасыны? (?детте кеуде б?ліміні?) д??естеніп ?исаюы.
Пайда болу себебі                                                                                                                                                Д?рыс отырмаудан, ж?руден
Ішкі м?шелерді? ауруынан
Салма?ты бір жа??а т?сіруден
?немі ж?ма? т?секке жатудан
?оз?алысты? аз болуына
Алдын алу
o Д?рыс бір?алыпты отыру?а да?дылану
o Емдік массаждар ?абылдау
o Салма?ты омырт?а жотасына бірдей т?сіру
o Ауыр ж?кті бір ?олмен к?термеу
o Т?зу ж?ру
o Иы?ты? бір де?гейде болуы
o Тазалы?ты са?тау
o Д?рыс тама?тану
o Шыны?у
o К??ілді ж?ру
o С?нді киіну
Жалпа?табандылы?- адам табанында?ы ойысты? т?гелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.
Б?зылу сатысы
1, 2, 3 д?режелі жалпа?табандылы?
Пайда болу себебі 
o ?немі биік ?кшелі ая? - киім кию
o Тар ая? - киім кию
o Аз ?оз?алыс
o Арты? салма?
Алдын алу 
Ая? - киімді та?дап кию
Жала? ая? ж?ру
Арнайы массаждар ?абылдау
Шыны?у
Гиподинамия - аз ?оз?алу, жеткiлiксiз ?имыл белсендiлiгi.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дене сымбатыны? б?зылуы мен жалпа?табандылы? ?алыптасуды? алдын алу" »

№8 орта мектебі













Ашық сабақ

Тақырыбы: Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу.

















Биология пәнінің мұғалімі: Тлегенова А.К.











2014 - 2015 оқу жылы

Сабақтың мақсаты: білімділік: Сымбаттың бұзылуы, омыртқа жотасының қисаюы, жалпақтабандылық туралы түсінік беру
дамытушылық: Сымбаттың бұзылуы, жалпақтабандылықтың себебін анықтау. Өз ойларын жеткізе білу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін шыңдау
тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, ақпараттық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, ақпарат беру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайын слайдтар.
Сабақтың құрылымы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. "Ер дәулеті - еңбек" бөлімі - үй тапсырмасын сұрау. 3. "Білгенге маржан" - жаңа сабақ. 4. "Бәрін білгім келеді" - бекіту. 5. "Қозғалыс, ол - өмір" - қорытындылау. 6. "Бейнет түбі - зейнет" - бағалау. 7. Үйге тапсырма.  1. Сабақты ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:1.Слайдтағы тірек-сызбаларды пайдалану арқылы жауап беру.
1. Бұлшық ет деген не?
2. Бұлшық еттердің маңызы қандай?
3. Бұлшық ет құрамына қарай
• көлденең жолақты(қаңқада )
• бірыңғай салалы (ішкі мүшелерде)
• жүрек бұлшық еті (жүректе)
4. Бұлшық ет сыртқы пішініне қарай
• қысқа және жуан (омыртқа жотасы)
• ұзын және жіңішке (аяқ - қол)
• жалпақ (тұлға)
5. Бұлшық еттің негізгі топтары (мойын, бас, тұлға, аяқ - қол)
6. Бұлшық еттің қызметі. 2.Фронтальды сұрақтар "Миға шабуыл". 1.Бұлшық еттің қажуы неге байланысты? 2. "Шыныға білмеген, тыныға да білмейді" - деп неліктен айтылған? 3.Екі оқушы шығып, 5 кг гантельді біреуі көтеріп, ал екіншісі - көтеріп, түсіріп тұрады. ( 35 сек ішінде қай оқушының қолы тез шаршайды? ) Нәтижені бағалау: 1-інші тез шаршайды, ал 2-інші тез шаршамайды. Себебі: 1 жүкті көтеріп тұрғанда екі БЕ бір мезгілде жұмыс істейді ( қолды көтеретін және түсіретін) сондықтан БЕ шаршайды, ал жүкті көтеріп түсіргенде БЕ кезектесіп жұмыс істейді. 3."- Ғажайып фактілер". 1. Біз күлгенде 17 бұлшық ет қимылға келеді. 2. Біз ренжігенде 40-тан астам бұлшық ет қимылға келеді. 3. Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейін мөлшерді құрайды 4. Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады. 5. Ең үлкен бұлшық ет – бөксе бұлшық еттері, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады 6. Ең кіші бұлшық ет – құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі «1» санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық еті

3. Жаңа сабақты түсіндіру. Жоспары:
1. Анықтау (сымбат, жалпақтабандылық)
2. Бұзылу сатысы (сымбат, жалпақтабандылық)
3. Пайда болу себептері (сымбат, жалпақтабандылық)
4. Алдын алу (сымбат, жалпақтабандылық)

Жаттығулар комплексін көрсету, жасау.
Сымбатты мүсін қалыптастыру жаттығулары.
Адамның дене мүсінінің көрікті, сымбатының сұлу болуы оның өз денсаулығына қалай қарайтындығын көрсетеді. Дүниеге келгеннен бастап қимыл ширақтығы мен қозғалыс мөлшерінің жеткілікті болуы оның қаңқасын және кеуде мен құрсақтағы ағзаларын тік қалыпта ұстап тұратын омыртқа жотасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Дұрыс қалыптасқан омыртқа жотасында «S»- әрпі тәрізді 4 - иін болады. Екі қапталдан, адамның қырынан қарағанда мойын омыртқалары ілгері, кеуде омыртқалары кейін, бел омыртқалары ілгері және сегізкөз тұсы кейін иілген болады. Жарға арқамен жабысып тұрғанда мойын және бел сыртынан алақан еркін өтуге тиісті. Ал омыртқа жотасына артынан арқа жағынан қарағанда ол тіп - тік және екі иық, яғни омыртқа жотасының екі жағында жауырын дәл қарама - қарсы биіктікте тең орналасуға тиісті. Омыртқа ілгері не кейін қисайса бүкір, еңкіш, шалқақ дене мүсіні қалыптасады немесе бір иық екіншісінен биік болып, жауырын қисық орналасады. Мұндай жағдайларға әкелетін себеп - шарттар: дене салмағының артық болуы, семіздік, күн сәулесіне аз қыздырыну, яғни «Д» дәруменінің аз болуынан сүйектің қисаюы (мешел - рахит ауруы), жалпақтабандылық, парта не орындықта отырғанда қисық немесе басты қисайтып отыру не жату, жиі ауыр зат көтеру, портфельді ылғи бір қолға ұстау, тамақты бір жаққа жатып ішу, ыңғайсыз әсіресе биік өкшелі аяқ киім кию т. с. с.
Қисайған омыртқа жотасы бұлшықеттердің бірінің көбірек дамып, екіншісінің қызметсіз қалып семуіне әсер етеді. Қисайған жақта қан айналысы азайып, жүйке талшықтары қысылып денсаулық бұзылады. Сымбаттылықты қалыптастыруда мойын және омыртқа жоталарына арналған жаттығуларды жеңілінен бастап аптасына үш рет орындау қажет.

Сымбат бұзылуынан сақтау.
Қазтабандық сырқаты жиі кездеседі. Таза топыраққа жалаңаяқ тұрғанда түскен табан суреті түйілген жұмырықтың сыртқы қырының топырақта қалдыратын ізі сияқты, табан ортасы жерге тимейтіндей күмбезді болуы керек. Егер табан ізі толық түссе, ол жалпақтабандылық белгісі. Табан күмбезі аз болса ұзақ жаяу жүргенде табан жарылып сыздап ауырады. Егер жалпақтабан адам жорықтағы сарбаз болса ол қатардан шығып қалуға мәжбүр болады. Сондықтан әскер қатарына шақырылатын жастағы жігіттер қазтабан болса оларды сарбаз бола алмайды. Қазтабан болмау үшін арнайы жаттығуларды орындап, көп қабатты үйде баспалдақта аяқ ұшымен жүріп, денені табан күшімен көтере жоғарылау қажет. Есінде сақтайтын 5 - ережені ұмытпа. Бүкір, шалқақ, қисық мүсінді анықтауды да үйренген және өзіңді - өзің жиі тексеріп отырған жөн.
Сымбат – қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі.
Бұзылу сатысы.
Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.
Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.
Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел біріншіден — омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, омыртқаның бүгіліп - жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.
Сколиоз - омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (туа және жүре пайда болады)
Лордоз - омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады
Бүкірлік, кифоз — омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы.
Пайда болу себебі Дұрыс отырмаудан, жүруден
Ішкі мүшелердің ауруынан
Салмақты бір жаққа түсіруден
Үнемі жұмақ төсекке жатудан
Қозғалыстың аз болуына
Алдын алу
o Дұрыс бірқалыпты отыруға дағдылану
o Емдік массаждар қабылдау
o Салмақты омыртқа жотасына бірдей түсіру
o Ауыр жүкті бір қолмен көтермеу
o Түзу жүру
o Иықтың бір деңгейде болуы
o Тазалықты сақтау
o Дұрыс тамақтану
o Шынығу
o Көңілді жүру
o Сәнді киіну
Жалпақтабандылық- адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.
Бұзылу сатысы
1, 2, 3 дәрежелі жалпақтабандылық
Пайда болу себебі 
o Үнемі биік өкшелі аяқ - киім кию
o Тар аяқ - киім кию
o Аз қозғалыс
o Артық салмақ
Алдын алу 
Аяқ - киімді таңдап кию
Жалаң аяқ жүру
Арнайы массаждар қабылдау
Шынығу
Гиподинамия - аз қозғалу, жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.

Түсініп, есте сақта!
сымбат
жалпақтабандылық
сколиоз
лордоз
кифоз
гиподинамия
Қозғалыс, ол - өмір! (жаттығу жасау) 4.Жаңа тақырыпты бекіту. - Ойланып, жауап бер
1. Ардақ үнемі шелекті оң жағымен көтеріп су тасиды. Ол қандай аурумен ауыруы мүмкін? Ойыңды дәлелде.
2. Адамның жүрісі дене сымбатымен де байланысты деген дұрыс па? Ойыңды дәлелде.
3. Жанар сабаққа анасының биік өкшелі аяқ киімін киіп келді. Біраз уақыттан кейін аяғы ауырып, жүруден қалды. Неге деп ойлайсың?
1. Сымбаттылық туралы, мүсін сұлулығы туралы қандай мақал - мәтел, теңеу білесіңдер?
2. Сұлу қыздарды неге теңейді (аққуға)?
3. Сымбатты жігіттерді неге теңейді (ақ қайың, бәйтерек, қайыс)?
4. Өлең жолдарын білесің бе?
5.«Ел болам десең бесігіңді түзе» мақалын қалай түсінесіңдер?



- Сөздікпен жұмыс
Сколиоз – омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы
Кифоз – омыртқаның артқа қарай иілуі ( арқа, сегізкөз )
Лордоз – омыртқаның алға қарай иілуі ( мойын, бел )
Гиподинамия – қимыл аздығы

Зертханалық жұмыс№9. Тақырыбы: Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау. - Биологиялық шынжыр. 3334206522251247600303513 - Қорытынды тест.

ТЕСТ

  1. Адам қаңқасы қанша сүйектен тұрады?

А) 160 б) 206 в) 250

2. Омыртқа жотасы қанша омыртқадан тұрады?

А) 40-45 б) 25-30 в) 33-34

3. Омыртқа жотасы неше бөліктен тұрады?

А) 6 б) 8 в) 5

4. Садақ сүйек қай жерде орналасқан?

А) аяқта б) қолда в) мойын омыртқада

5. Жалпақ үшбұрышты сүйек қалай аталады?

А) бұғана б) жауырын в) қабырға

6. Сүйектің қозғалмалы байланысы қалай аталады?

А) буын б) омыртқа в) тобық

7. Шүйде (қарақұс) бөлігі қай жерде орналасқан?

А) тұлға сүйегінде б) бас сүйекте

в) төс сүйегінде

8. Сүйектің құрамында қанша % органикалық заттар бар?

А) 20 % б) 30 % в) 10 %

9. Адамның қаңқасы неше жасқа дейін өседі?

А) 22-25 жас б) 15-20 жас в) 30-35 жас

10. Сүйекті зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) эндокринология б) ортопедия

в) орнитология

Қорытындылау."

Әр адам өз денсаулығына аса мұқияттылықпен қарағаны дұрыс.Адамзаттың данасы Аристотельдің "жанды дене қозғалмаса өледі" деген қағидасын әрқайсысымыз күнделікті тіршілігіміздің бағдарламасы деп түсінуіміз керек.
Дене тәрбиесімен айналысу, түрлі жаттығулар жасау адам организміне ерекше әсер етеді. Дене тәрбиесімен дұрыс айналысу жаттығуларды тәлімгердің немесе дәрігердің тағайындауымен жасау ғана адамның дамуын дұрыс жолға қойып денсаулығын жақсартады. Ал тәлімгердің және дәрігердің бақылауынсыз, қалай болса солай орындалатын дене жаттығулары адам организміне зиянды әсер етеді.


Үйге тапсырма: Дене сымбатының бұзылуы және жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу ( қосымша )126-127 беттегі тірек-сызбалармен, сұрақтармен жұмыс...






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Дене сымбатыны? б?зылуы мен жалпа?табандылы? ?алыптасуды? алдын алу"

Автор: Тлегенова Айгерим Косайдаровна

Дата: 11.04.2015

Номер свидетельства: 200172


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства