Просмотр содержимого документа
«Дауа телеемханасы»
Пән: Биология
Мұғалімі: Т. Құрманғазиева
Тақырыбы: Адам ағзасына тұмау вирусының әсері.
Мақсаты: Оқушыларға тұмау вирусының адам ағзасына әсері туралы, жеке бас тазалығын сақтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруды меңгерту. Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керектігін және адам денсаулығының қымбаттығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру
Жүру барысы: «Дауа» телеемханасы
Түрі: Пікірсайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, медициналық құралдар, жеміс жидектер т.б.
Мұғалім сөзі: Армысыздар,бүгінгі «Дауа» телеемханасына бізбен бірге шолу жасауға келіп отырған ұстаздар мен оқушы қауым !
Бүгінгі шолуда сіздерге ұсынылатын тақырып «Адам ағзасына тұмау вирусының әсері» туралы кеңес беруге ауылдық емхана дәрігері мен мектеп медбикесі қонаққа келіп отыр.
Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» атты өлеңімен бастағымыз келіп отыр.
Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам
Алдымен менмін
Сонан соң – сенсің жаралған
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың
Аяқ пен қолың –
Барлығы менен нәр алған.
Келеді сенің кей кейде мені мұз еткің
Бәріне көндім
Қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.
Жалындым саған жақыны бол деп баршаның
Жан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым.
Өткіздім сені қаншама қауіп қатерден
Ал, енді маған демалыс берші шаршадым.
Қақың жоқ сенің дем алмауға да, соқпауға.
Қарсы барамыз оттарға, әрі оқтарға
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!
Кез – келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі-дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал, біздің болшақтағы бақытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Бүгінгі телеемханамызға келіп отырған ауылдық емхана дәрігері мен мектеп дәрігерін ортаға шақырамыз.
Ауылдық емхана дәрігері – Мұханбеталиева Перизат
Мектеп медбикесі – Жексенбаева Майрагүл
Сізерге қойылатын
1-сұрақ:«Тұмау» вирусы жайла қандай кеңес берер едіңіздер.
«Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар.
Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек.
Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн.
2-сұрақ: Тұмаудың алдын алу пайдаланатын антибиотиктер туралы айтып өтсеңіздер.
Табиғаттың ең қымбат жемісі- адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені-
өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына дейін денсаулығы зор болып , адам атына кір келтірмей өту абзал.
3-сұрақ: Тұмау қандай жағдайда тез көбейеді.
Адам денсаулығы – өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ
4-сұрақ: Тұмау болғанда масканың көмегі қандай?
5-сұрақ: Тұмаудан сақтанудың негізгі белгілері?
6-сұрақ: Тамақтану гигиенасы туралы айтарыңыз
Ғибратты сөздер қаперіңде жүрсін
Халел Досмухамедов - ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар ұлы. «Оқушының саулығын сактау», «Адамның тән тірлігі» атты еңбектеріндегі әр мүшенің гигиенасын сактау үшін айткан өсиеттері өз алдына бір төбе:
I. «Құлағың сау болсын десең... - кұлағыңның құрылысы мен кызметін біл; кұлағыңа ұрғызба, айкайлатпа, шыңғыртпа, өзің де орында; құлағыңа еш уакытта еш нөрсе тықпа; кұлағыңның ішін, сыртын таза ұста...»
II. «Мұрның сау болсын десең... - мұрныңды әрдайым таза үста; аузыңның тамақ жеп,сөйлеу үшін, мұрныңның тыныс алу, иіскеу үшін жаралғанын ұмытпа!»
ІІІ. «Тынысың сау болсын десең... - дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын; үйдің ішінде еденге, қабырғаға, мұрын орамалға қақырма, түкірме; киім, төсегіңді үйде қақпа; гулеген желден (сквозняк) сактан!»
ІҮ. «Көзің сау болсын десең... - ымыртта, ала-колеңкеде, жарык нашар түскенде жазба, оқыма, үй жүмысын жасама; жазғанда қою сиямен анык көрінетін сызықтың үстінен жаз; бөгде адамның сүлгісімен, бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе
Пайдалы кеңестер
Жүрек – қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдардың құрамында алма, апельсин, лимон сынды жемістер бар. Мысалы алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдің көбеюіне қажет болса. Апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақсартады.
Цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып,серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін
Қорытынды:
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл. Үшеуімен бақытты болады өмір ,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең , салауатты өмір салтын ұстан.
Салауаттық – саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.
Өркенниеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық- бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау орта мектебі