kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Cыныптан тыс шара: «?здік биологтер»

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Б?л сыныптан тыс іс-шара 6-8 сынып о?ушыларына арналып жасал?ан. О?ы?ан материалдары бойынша ??растырылды.

 Ма?саты: ой - ?рісін, белсенділік ?абілетін, танымдылы? ?ызы?ушылы?ын арттыру, логикалы? c?ра?тар?а д?рыс жауап беруге да?дыландыру

Міндеттері:

  • о?ушыларды? тілдік ?орын дамыту, жарыстыру ар?ылы а??арымпазды? ?асиеттерін арттыру, ой - ?рісін ке?ейту
  • тап?ырлы??а, е?бекс?йгіштікке, ?йымшылды? пен шапша?ды??а,таби?атты аялап, о?ан жа?ашырлы? таныту?а т?рбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Cыныптан тыс шара: «?здік биологтер» »

Қарағанды облысы Абай ауданы «Ақбастау ЖББОМ» КММ




Адам ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмары іздеген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң, істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Ақжан әл-Машани

















сыныптан тыс шара:

«Үздік биологтер»

Дайындаған:Бидахметова Жанаргуль Жумагазиновна


Мекен-жайы: Қарағанды облысы

Абай ауданы

Ақбастау селолық округі

«Ақбастау ЖББОМ» КММ

Жұмыс телефоны:8- 7213231-146

Үй телефоны: 8- 7213231-172

Ұялы телефон: 8-705-108-53-51

2015ж.

Сабақтың тақырыбы: «Үздік биологтер»

/ Сайыс сабақ/

Мақсаты:

Оқушылардың ақыл-ойының дамуына, оқушылар арасында бәсекелестікті туғызып, ол өз кезегінде оқушылар арасында алған білімдерін, жадында сақтау мен ойлау қабілеттерін, тіл шеберлігін, білімге деген құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын, ұжымшылдығын және т.б. қасиеттерін дамытады, жетілдіреді, шыңдайды.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған слайдттар

«Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар».

Ж. Баласағұн.


Жүргізуші:

 Армысыздар, қадірменді асыл халқым,

Арта берсін абырой, атақ даңқың.

Ұстаздар аман ба екен, құрбы-құрдас

Сыныптас бірге оқып болған сырлас.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі « Үздік биологтер» сайысына қош келдіңіздер


Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер. (әділ қазылар алқасын сайланады)

Сайыс сабақтың жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Менен-сұрақ, сізден-жауап (топ басшылар сайысысы)

  3. Білімді минуты (биологиялық диктант)

  4. Орнын тап

  5. Биологиялық эстафета

  6. Ойлан тап


Жүргізуші:

Түседі бүгін білім жарысына,

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.

Талапкердің талабы таудай екен,

Аямас тиіп кетсең намысыңа.


Дей келе сайысымыздың 1-бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік. Әр қайсысы өздерін таныстырып шығады.

Келесі бөлімі «Менен-сұрақ, сізден-жауап». Әр топ басшысы ортаға шығып, 1 минутта сұраққа жылдам әрі тез және дұрыс жауап беруі керек.

1-топ «Қыран» тобының сұрақтары.


  1. Жасуша құрылысын ,құрамын зерттейді (цитология)

  2. Адамның омыртқасы неше жерден иіледі (4)

  3. Энергия көзі (липидтер)

  4. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)

  5. Ұрықтан дамитын тамыр (негізгі тамыр)

  6. Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)

  7. Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)

  8.  Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа (Түзуші)

  9. Ересек адамда неше тіс болады (32)

  10. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық, аналық)




2-топ «Сұңқар» тобының сұрақтары


  1. «Жасуша» терминін ашқан ғалым (Р.Гук)

  2. Мидың ортша салмағы (1300-1400)

  3. Нуклеин қышқылдарын ата

  4. Негізгі тамыр өте жақсы жетілген тамыр жүйесі (Кіндік тамыр жүйесі)

  5. Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын)

  6. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)

  7. Ұша алмайтын құс (Пингвин)

  8. Тері ауруларын зерттейтін ғылым (Дерматолог)

  9. Заттың түсіңн ажырата алмайтын ауру (Дальтонизм)

  10.  Қан беруші адам (Донор)

 



«Білім минуты» кезеңі. Бұл кезеңде екі топқа екі түрлі биологиялық диктант берілді.


Биологиялық диктант

  1. Ең ірі сілекей безі - ... .Тамақты дұрыс пайдалану ғылымы ... деп аталады. ... – 5 – 6 см болады.Ұзындығы 11 – 13 см , асқорыту және тыныс алу жолдары қиылысатын мүше - ... деп аталады.Асқорыту мүшесі ... басталады.Тіс ... , мойыны, түбірі болады.Ең ірі сілекей безі ... деп аталады.Ең үлкен асқорыту безі - ... .


  1. Организмнің ішкі ортасы деп ... айтады.Жүректің үшінші , ең ішкі қабаты ... деп аталады.Қан организмдегі ... жатады. Қанды және оның құрамын, қызметін зерттейтін ғылымды ... , ал қан ауруларын емдейтін дәрігерді ... деп атайды.Жүрек кеуде қуысының ... орналасады.Жүректің өзінің сыртқы қабаты , өте жұқа қабаты ... деп аталады.




Ұлылардың ұрпағымыз кешегі

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.

«Қөрермендер көзайымы» сайысына қатысып,

Жұмбақтарды кәне кім шешеді? -дей отырып келесі «Көрермендер көзайымы» кезеңіне келейік.Топтар дайын болғанша көрермендерге жұмбақ жасырады.

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

  1. Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)



  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)



  1. Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу,  немесе тасбақа)



  1. Еркін самғап ұшсын деп,
    Мәпелейміз,баптаймыз.
    Бейбітшілік құсы,- деп,
    Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)



  1. Қанаты бар ұшпайды,
    Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)





Келесі «Орнын тап» кезеңінің тапсырмасына назар аударайық.

Бес өсімдіктің өсетін ортасы берілген, өсімдіктің аты талағанда оқушы тез сол орынға тұруы тиіс.Әр топтан екі оқушыдан шығады.

Орталар: су, дала, таулы жер, батпақты жер, орман





«Биологиялық эстафета» кезеңінде бірінші топ бір өсімдіктің атын атаса, екінші топ соңғы әріпке қарап сол әріптен басталатын өсімдік атын айту керек. Мысалы: Раушан—наурызгүл--лапыз---зығыр т.б.

«Ойлан тап» сайысы екі топқа жәшік әкелінеді. Ішінде не барын табулары керек.

1-топқа

Еуропада Америка ашылғаннан кейін мәдени өсімдік ретінде өсірілген.Еуропаға 1553 ж. испандықтар әкелген.Еурапаның барлық елдеріне таралған, бірақ алғашқыда әуестік көптеген елдері егін шықпай аштыққа ұшыраған кезде, тағамдық өнім ретінде назар аударған.Ресейге Еуропадан 1 петр әкелген өсімдік. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде миллиондаған адамдар негізгі тағамдық азық ретінде пайланған.( картоп)



2-топқа

Петр Голландияда саяхатта жүргенде әсем күймесінің терезесінен алыстан алтындай жарқындай жарқыраған ашық гүлі бар, өте биік өсімдікті көреді.Айдаушысына тоқта деп бұйрық берген патша өзін қошемметтеп жүрген адамнан: бұл қандай өсімдік дегенде, ол бұл өсімдіктің мұхиттың арғы жағынан Мексикадан әкелінгендігін баяндап береді. Алғашқы кезде әсемдік үшін кейіннен ХҮІІІ ғасырда жаппай таралады. Кейіннен адамдар мұның әсемдігінен басқа қасиеттерін іздеуге кірісіп, уақыт пен адамның ақыл-ойы бұған жауап тапты. Бұл қандай өсімдік? ( күнбағыс)



Сайыс соңында әділқазылар алқасы сөз алып, жеңімпаз топты жариялайды.





Бидахметова Жанаргуль Жумагазиновна

Абай ауданы Ақбастау селосы «Ақбастау ЖББОМ»КММ

биология пәні мұғалімі





Жұмыстың атауы:

«Үздік биологтер»

Жұмыстың түрі: сыныптан тыс іс-шара

Аннотация



Бұл сыныптан тыс іс-шара 6-8 сынып оқушыларына арналып жасалған. Оқыған материалдары бойынша құрастырылды.

Мақсаты: ой - өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық cұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру



Міндеттері:

  • оқушылардың тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, ой - өрісін кеңейту

  • тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа,табиғатты аялап, оған жаңашырлық танытуға тәрбиелеу




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Cыныптан тыс шара: «?здік биологтер»

Автор: Бидахметова Жанаргуль Жумагазиевна

Дата: 18.02.2015

Номер свидетельства: 175368


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства