kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Буыная?тылар типіні? жалпы сипаттамасы. Шаянт?різділер класы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:Білімділік: Буыная?тылар типі ж?не шаянт?різділер класы туралы білімдерін дамыту, оларды? тіршілік ?рекеттерін, таралуыны? ерекшеліктері,таби?атта ж?не адам ?мірінде алатын орны туралы білім ?алыптастыру.

Дамытушылы?: Буылты? ??рттар ерекшеліктерімен салыстыра отырып о?ушыларды? жа?а білімді игеру,салыстыра білу,с?йлеу шеберлігін, ?з ойын ?орытындылай, сараптай білу, ?ойыл?ан с?ра??а на?ты жауап беру да?дыларын дамыту.

Т?рбиелік:О?ушыларды ?орша?ан ортаны, таби?атты аялау?а,мейірімділікке,инабаттылы??а,білгендерін к??ілге то?ып, іс-?рекетінде пайдалана білуге,таби?ат?а ?ам?ор бола білуге баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Буыная?тылар типіні? жалпы сипаттамасы. Шаянт?різділер класы.»

Қостанай облысы,

Амангелді ауданы

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі







Биология пәнінен сабақ жоспары



биология пәнінің мұғалімі

Кабылдина Нургуль Козыновна

7 А сынып



2014-2015 оқу жылы




Қабылдина Нургуль Козыновна

биология пәнінің мұғалімі

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі

Қостанай облысы, Амангелді ауданы


Тақырыбы: Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы.

Шаянтәрізділер класы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Буынаяқтылар типі және шаянтәрізділер класы туралы білімдерін дамыту, олардың тіршілік әрекеттерін, таралуының ерекшеліктері,табиғатта және адам өмірінде алатын орны туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Буылтық құрттар ерекшеліктерімен салыстыра отырып оқушылардың жаңа білімді игеру,салыстыра білу,сөйлеу шеберлігін, өз ойын қорытындылай, сараптай білу, қойылған сұраққа нақты жауап беру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты аялауға,мейірімділікке,инабаттылыққа,білгендерін көңілге тоқып, іс-әрекетінде пайдалана білуге,табиғатқа қамқор бола білуге баулу.

Сабақтың құрылымы:

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұхбаттау, жеке жұмыс, топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу, сұрақ-жауап, тесттік жұмыс.

Оқыту технологиясы: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау, АКТ-ны пайдалану.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық, тест тапсырма қағаздары, тірек-сызба нұсқаулар, шаян қаңқасы флипчарт (плакаттар), маркерлер, бағалау парағы.

Күтілетін нәтиже: Буынаяқтылар типінің ерекшелігін,жүйелеуін

Шаянтәрізділер класының жалпы сипаттамасын.

Буынаяқтылардың табиғатта алатын орны

Алған білімдерін табиғатта пайдалана білу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару.

Сынып оқушыларын фигуралар арқылы 3 топқа бөлу.

Оқушылар топ атын және топтық жұмыс ережесі құрады.

Топтың ережесі. Ойды қайталамау, сөзді бөлмеу, топта бірін-бірі тыңдау,

Сыйлау, сыпайы сөйлеу

Тренинг ойнату «Көршілер».

Көршілерді, көршілерді итеруге болады.

Көршілерді, көршілерді қытықтауға болады.

Көршілерді, көршілерді шымшуға да болады.

Көршілерді, көршілерді құшақтауға болады.

Сабақ жоспары:

І кезең. Білу.

ІІ кезең. Түсіну. Жаңа сабақты меңгеру.

ІІІ кезең. Қолдану.

IV кезең. Синтез

V кезең. Жинақтау.

VІ Үйге тапсырма беру.

VІІ. Рефлексия.

VІІІ. Бағалау кезеңі.

І кезең. Білу. 3 ұпай.

1-тапсырма. Үй жұмысын тексеру (диалог)

1. Ұлуларда жаңадан пайда болған қандай мүшелер жүйесі бар?

2. Ұлулар типінің кластары

3. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

4.Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат

5. Ұлулардың асқорту жүйесіндегі ерекше без қалай аталады

6. Ұлулардың қантарату жүйесі

7. Ұлулар қалай тыныс алады

8. Ұлулар қалай қозғалады

Тест сұрақтары: 1. Бауыраяқты ұлуды атаңдар:

а) айқұлақ б) кальмар в) тоспаұлу

2.Басаяқты ұлулардың өкілі:

а) кальмар б) айқұлақ в) жүзім ұлуы

3. Тоспа ұлуы қалай қозғалып тіршілік етеді:

а) суда тез жылжып, тіршілік етеді

б) дененің бауыр жағында орналасқан бұлшықетті аяғы арқылы жорғалап жылжиды

в)денесінің сыртындағы сақиналы бұлшықеттермен қозғалады

4. Денесінде бақалшақ қалдығы сақталған былқылдақденелі:

а) жалаңаш шырыш б) кальмар в) айқұлақ

5. Басаяқты ұлулардың қанының түсі:

а) көгілдір ә) қызыл б) түссіз в) жасыл

ІІ кезең. Түсіну. 2-тапсырма. Ойлан, тап!

1.Бұлардың аяқтары буын арқылы жақсы қимылдайтын бірнеше бунақтардан құралатындықтан қалай аталады?

3-тапсырма. Қазір 211- беттегі мәтінмен жұмыс ./10 мин уақыт беріледі/. Топтар өздеріне берген тақырыптарды постерде қорғайды.

1-топ.Буынаяқтылар типіне сипаттама

 2-топ.Шаянтәрізділер класының ерекшелігі, сыртқы құрылысы

 3-топ. Шаяндардың ішкі құрлысы

ІІІ кезең. Қолдану. 5 мин. 3 ұпай. 1-тапсырма Сәйкестігін тап!

Өзен шаяны Кейбір құрттардың дамуына аралық ие болып қызмет атқарады

Циклоптар Су жануарларының өлекселерін жеп, табиғатта санитарлық рөл атқарады

Шаяндардың маңызы Баскөкірек және құрсақтан құралады

ІV . Синтез .Шаянтәріздестер мен ұлулардың белгілерін ажыратыңдар

1.Зәршығару жүйесі –жасыл бездер 2. Зәршығару жүйесі - бүйрек

3.Жүретін жұмсақ аяғы бар 4. Қозғалыс мүшесі: 4 жұп аяқ

5.Тыныс алу мүшесі-желбезек 6. Тыныс алу мүшесі: өкпе

7.Денесі: бас, тұлға, аяқ 8.Денесі: баскөкірек, құрсақ

9.Құйрық жүзбеқанаттары бар. 10.Көздері: қарапайым құрылысты

11.Көздері: күрделі көз, бірнеше көзшелерден құралған

12.Омар, дафния, циклоп 13.Тоспаұлу, бақұлу, жүзім ұлуы

Сызықтық диктант (иә, жоқ)

1.Өзен шаянының алдыңғы 1 жұп аяқтары қысқышқа айналған. .

2.Өзен шаянының денесі 3 бөлімнен тұрады.

3.Өзен шаянының қан айналым жүйесі тұйық.

4.Шаяндар желбезектері арқылы тыныс алады.

5.Денесінің сырты қатты хитинді сауытпен қапталған.

6.Шаян денесін соза және жиыра алады.

7.Өзен шаяны гермафродит.

8.Шаянның қарны 2 бөлімді: күйіс қарын, сүзгілі қарын.

9.Шаянның зәр шығару мүшесі: 2 бүйрек.

10.Өзен шаяны- күрделі көзді жәндік.

Жауаптары :1-ия 2-жоқ,3-жоқ 4 ия 5-ия 6-жоқ 7 жоқ 8 ия, 9жоқ 10ия

VI кезең. Жинақтау. «Тест алу» 1. Жүрегінің пішіні:

а) бесбұрышты 6) төртбұрышты

2. Зәр шығару мүшесі:

а) бүйрек б) жасылбез

3.Буынаяқтылар типі неше класқа бөлінеді: а) 2 б) 3 в) 4

4 Денесінің сыртқы жабыны: а) хитин б) сірқабық

5. Шаянтәрізділердің неше түрі кздеседі:а) 30-40 мың б) 20-30 мың

6. Қантарату жүйесі ?а) тұйық б)ашық Жауаптары: 1 а.2 б 3 б.4 а.5а.6 б.

VІІ. Рефлекция.Бүгінгі сабақта саған қалай болды: жеңіл; - орташа; -қиын.Берілген материалды қалай меңгердің: - толық меңгердім; - аздап меңгердім; - мүлдем меңгерген жоқпын.

VІІІ .Бағалау кезеңі: (әр топтың бақылаушы оқушысы әр кезең бойынша өз тобындағы оқушыға ұпайларын қойып топтың ортақ қорытынды ұпайын шығарып бағасын қояды).

1-6- “2”, 7-13 ұпай – «3» , 14-19 ұпай– «4», 20-22 ұпай – «5»

ІХ.Үйге тапсырма: § 46 оқу, 211-212 бет 118-сурет салу Шаянтәріздестердің маңызы туралы қосымша материал дайындап келу


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Буыная?тылар типіні? жалпы сипаттамасы. Шаянт?різділер класы.

Автор: ?абылдина Нургуль Козыновна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274153


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства