Сабақта қолданылатын материалдар: | Power Point cлайдтары, бейнематериал зәрдің түзілуі (1 мин 30 сек), бүйрек аурулары (2 мин 30 сек), интербелсенді тақта, стикер, постер, стикер, маркер, үлестірмелі материал |
ІІІ Қолдану 10 мин | «Мәтін бөліктері» әдісі арқылы мәтінді игеру. «Кіріспе» - Зәрдің құрамы, зәрдің түзілуі «Негізгі ой» - Бірінші және екінші реттік түзілу, бүйрек жұмысына ішімдіктің әсері. «Қорытынды» - Бүйрек аурулары, бүйрек гигиенасы «Толықтыру» - толықтырады. Постер құру және қорғау. Сергіту сәті «Шырша» биі (48 сек) | 1 топ – тақырып кіріспесін, 2 топ - тақырыптағы негізгі ойды, 3 топ – қорытынды жасайды, 4 топ – барлық топтың айтылымдарын толықтырады. | Галереяда ой шарлау әдісі бойынша ұнаған топтың постеріне тілегі немесе ұсынысын білдіреді. |
V Жинақтау 3 мин | «Рөлдік ойын» әдісі. Әр топ басшысы «Сенім», «Өкіл», «Таңдау», «Бәрі» рөлдері сөздері жазылған карточканы таңдайды. Дәрігер ретінде берілген несептің жалпы сараптамасы бойынша тексерілушіге диагноз қойып, ұсыныс айту арқылы тапсырманы орындайды. Сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендіреді. | «Сенім» рөлі түссе, мұғалім бұл топқа сенім білдіреді, дайындаған тапсырмасын сұрамайды. «Өкіл» рөлі түссе, онда топ мүшелері ортадан өздерінің көзқарастарын білдіретін өкіл сайлайды. Ол өз тобының көзқарасын білдіріп, сұраққа жауап береді. «Таңдау» рөлі түссе, мұғалім топ ішінен кімге сұрақ қоятынын өзі таңдайды. Ал «Бәрі» рөлі түссе, топ оқушыларының бәрі жауап береді. «ТАҢДАУ» тобының сұрағы Несептің жалпы сараптамасы: Калий – 0,15 Глюкоза – 0 Несепнәр – 0,03 Қанның талдауында несепнәр мөлшері 20 есе көп. Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады? «БӘРІ» тобының сұрақтары: 1.Несептің жалпы сараптамасы: Калий – 0,15 Натрий – 0,35 Глюкоза – 0,05 Амин қышқылы – 0,06 Күніне 0,5-0,6 л зәр шығарады. Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады? 2.Несептің жалпы сараптамасы: Калий – 0,15 Натрий – 0,35 Несепнәр – 2,0 Күніне 2,5-3,5 л зәр шығарады. Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады? 3. Несептің жалпы сараптамасы: Калий – 0,15 Натрий – 0,35 Несепнәр – 2,0 Зәр қышқылы – 0,05 Күніне 1,5-1,6 л зәр шығарады. Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады? 4. Несептің жалпы сараптамасы: Калий – 0,15 Натрий – 0,35 Несепнәр – 2,0 Күніне 3,5-3,6 л зәр шығарады. Жұлынның сегізкөз бөлімінің қызметі бұзылған. Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады? 5. Несептің жалпы сараптамасы: Кальций фосфаты – 0,7 Калий – 0,3 Натрий – 0,2 Зәр қышқылы – 0,2 Күніне 1-1,2 л зәр шығарады. Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады? | Егерде «өкіл» мен «таңдау» бойынша алынған оқушылар қандай баға алса, топ мүшелері де сондай баға алады. «Бәрі» рөлі түссе, топ оқушылары жеке бағаланады. |