Оқушыларды түгендеу, оқулықтары мен дәптерлерінің болуын тексеру.
ІІ Жаңа сабақ
Тақырып: §27.Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы (жаңа оқулық - )
Оқушылар маркермен жазып шығады
Білемін
Білгім келеді?
Білдім
Бұлшық еттер адам ағзасында болады
Бұлшық еттер жануарлар да кездеседі
Бұлшық еттер адамда жақсы дамыған
Бұлшық еттер қаңқаға бекиді
Бұлшық еттер типі, құрылысы мен маңызы
Бұлшық ет жасушасы туралы алған білімдеріне тоқтала отырып, олай болса:
Бұлшық еттер құрылысы
Біріңғай салалы бұлшық ет
Көлденең жолақты қаңқа (қаңқа)
Көлденең жолақты жүрек (миокард)
Көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қабырғасын құрайды.Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады.Адам еркінен тыс жүзеге асырылады.Олар арқылы қозу баяу.
Бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады.Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысты бұлшық еттер жиырылады.Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан бұлшық ет түзілген.Бұлшық еттер сіңірге айналатын дәнекер ұлпасымен жабылған.Олар сіңір арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны қозғалысқа келтіреді.Бұлшық еттерде көптеген қантамырлар болады.
Балалар, бұлшық еттер адам ағзасында қаңқаның қандай бөлімдерінде орналасады?Мысалы, адам қаңқасы, соның қай бөлімінде бұлшық еттер орналасқан?
Оқушылар,Мойын,иық т.б.деп жауап береді.
Бұлшық еттердің негізгі топтары.
бас және мойын
дене
аяқ- қол
мимикалық
шайнау
Қабырғааралық бұлшық еттер
Көкет (диафрагма
трапеция тәрізді б.е.
Дельта- қолды қозғалысқа келтіреді.Бицепс(екі басты бұлшық ет)шынтақты бүгеді,трицепс(үш басты б.е.) қолды жазады
Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, дене және аяқ- қол бұлшық еттері деп бөлінеді.
1.Бас бұлшық еттеріне: мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады.Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасқан.Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді.
Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс- мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері.Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.Мойын бұлшық еттері басты тепе- теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай- ақ жұтуға қатысады.
2.Дене бұлшық еттері. Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі.Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді.
Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасқан.
3.Аяқ-қол бұлшық еттері. Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды қозғалысқа келтіреді.Бицепс(екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет) қолды жазады.
Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді.Бұл ең ұзын бұлшық ет.Санның алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті- тізе буынын жазатын бұлшық ет орналасады.Ол сонымен қатар санды жамбас- сан буынында бүгуге қатысады.
Видеоролик
ІІІ Бұлшық еттердің маңызы (моноблоктан көрсету)
IV Білдім... (кестені толтыру) Тірек сөзбен жұмыс (оқушыларға беріледі)
V Қорытынды. Раскраска ойыны (суреттегі бұлшық ет типтерін бояп, көрсету)