kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ботаника – ?сімдіктер туралы ?ылым. ?сімдіктерді? таби?атта?ы ж?не адам ?міріндегі ма?ызы. ?аза?станда ке? тарал?ан ?сімдіктер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? №1

П?н: биология                                                                                                      К?ні:

Сыныбы: 6

Та?ырыбы:.  Ботаника – ?сімдіктер туралы ?ылым. ?сімдіктерді? таби?атта?ы ж?не адам ?міріндегі ма?ызы. ?аза?станда ке? тарал?ан ?сімдіктер.

Білімділігі: ?сідіктер д?ниесіне ?андай а?залар жатады, бас?а д?ние а?заларынан айырмашылы?тарын неде екенін ?йрету.

Дамытушылы?ы: ?здігінен іздену, ?осымша материалды пайдалану, ?сімдікке  ба?ылау ж?ргізе білу да?дыларын дамыту.

Т?рбиелілігі: ?орша?ан орта?а деген сезімін ?алыптастыру, таби?атты с?юге,  аялау?а т?рбиелеу, ?сімдіктерді ажырата білу.

Саба?ты? т?рі: ізденіс, кіріктірілген саба?

Саба?ты? ?дісі:  ой-?рбіту, проблемалы? ситуация, баяндау.

Саба?ты? к?рнекілігі: ?сімдіктерді? суреттері, кеппе ш?птер, жемістер топтамасы, ж?мба?тар.

ме?герту

Технологиясы: Ж.А. ?араевты? «?ш ?лшемді ?дістемелік ж?йе» (??Ж)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ботаника – ?сімдіктер туралы ?ылым. ?сімдіктерді? таби?атта?ы ж?не адам ?міріндегі ма?ызы. ?аза?станда ке? тарал?ан ?сімдіктер. »

Сабақ №1

Пән: биология Күні:

Сыныбы: 6

Тақырыбы: . Ботаника – өсімдіктер туралы ғылым. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстанда кең таралған өсімдіктер.

Білімділігі: Өсідіктер дүниесіне қандай ағзалар жатады, басқа дүние ағзаларынан айырмашылықтарын неде екенін үйрету.

Дамытушылығы: Өздігінен іздену, қосымша материалды пайдалану, өсімдікке  бақылау жүргізе білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген сезімін қалыптастыру, табиғатты сүюге,  аялауға тәрбиелеу, өсімдіктерді ажырата білу.

Сабақтың түрі: ізденіс, кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі:  ой-өрбіту, проблемалық ситуация, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: өсімдіктердің суреттері, кеппе шөптер, жемістер топтамасы, жұмбақтар.

меңгерту

Технологиясы: Ж.А. Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» (ҮӘЖ)


Сабақтың барысы:

I-кезең.


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.

Көпір тапсырмалары:

  1. Қандай өсімдіктерді бір жылдық дейміз?

  2. Мәдени өсімдіктер дегеніміз не?

  3. Гүлді өсімдіктер дегеніміз не?

  4. Паразит өсімдіктер дегеніміз не?

  5. Ағаш, бұта дегеніміз не?

II-кезең

Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту

  1. Өзіңнің тұратын жеріндегі кеңінен тараған өсімдік түрлерін жаз.

  2. Табиғатта және адам өмірінде өсімдіктердің қандай маңызы бар екенін дәптерге жаз.

  3. Үйінде және сыныптарында қандай өсімдік түрін ектің?

Терминологиялық дәптермен жұмыс

Ботаника (гр. botn — шөп, өсімдік) — өсімдіктер туралы ғылымдар жиынтығы, биологияның бір саласы; өсімдіктер туралы ғылым. Ботаника жеке өсімдіктер мен олардың бірлестігінің өзара және қоршаған ортамен байланысын, жер бетіне таралуын, шығу тегі мен эволюциясын, салалану заңдылығын (жіктелімін) зерттейді.

Флора – жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдіктердің барлығын айтады..

Сергіту сәті.

Ал,балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып,бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.


Өсімдіктер дүниесіне автотрофты жолмен қоректенетін, споралармен, тұқыммен және вегетативті жолмен көбейетін эукариотты ағзалар жатады.

Басқа дүние ағзаларынан айырмашылықтары:

  • Фотосинтезге қабілетті

  • Жасушаларының сырты целлюлозадан тұратын қабықшамен қапталған, осыған байланысты белсенді қозғала алмайды.

  • Қор заты ретінде крахмал жиналады

  • Өсімдіктер үздіксіз өседі.


Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

  1. Жасыл өсімдіктер организмдердің басым көпшілігінің тыныс алуы үшін қажет атмосфералық ауаны оттегімен қамтамасыз етеді.

  2. Жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеті процесінде бейорганикалық заттар мен судан органикалық заттардың кең көлемдегі массасы құрылады, ал олар сол өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың қорегі ретінде пайдаланылады.

  3. Жасыл өсімдіктердің органикалық заттарында күн энергиясы жинақталады, соның есебінде жер бетінде тіршілік( өмір) дамиды, және ол дәл сол кезде адам өндірісте пайдаланатын энергетикалық ресурстарының негізі болып табылады.

  4. Өсімдіктер адамға қажетті қоректік заттың көп мөлшерін береді. Олар өнеркәсіптің әр түрлі салалары(химия, қағаз, тамақ, медицина т.б.) үшін шикізат және қорек көзі болады.

Өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше

топқа бөлуге болады.

Топырак, өсімдіктері — бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ

кұнарлылығын көтеруде маңызды роль аткарады.
Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі және 3 км тереңдікте болады.
Жер беті есімдіктерінің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау — басты міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші кезі. Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез — күрделі биологиялык процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті — хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осынын, нәтижесінде мол органикалық косылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялык байланыстар энергиясына айналдырады.
Бүл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара-пар.
Шамамен алғанда кұрылықтьң өсімдіктер қабаты жыл сайын 20—30 млрд т. көміртегін пайдаланады.
300 жылдың ішінде өсімдіктер жұтатын көміртегі мөлшері атмосферада және суларда болатын көміртегіне тен. Жер шарының өсімдіктері жыл сайын фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т органикалық заттар құрады. Олардын 122 млрд тоннасы құрлық өсімдіктері үлесіне, 55 млрд тоннасы – мұхиттағы өсімдіктер үлесіне тиеді. 

Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан.

Қазақстанда кең таралған өсімдіктер. Қазақстан аумағы 18,6 млн. га, яғни республика жерінің 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 – 5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400 – 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның ішінде 540 – 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 – 170 эндемик түрлер бар. Олардың ішінде, шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша); май қарағайлы, самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар.

ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей. 5балл = «3»

Сәйкестігін тап.

Қант қызылшасы

Крахмал және спирт алынады

картоп

Май алынады

күнбағыс

Мата жасалынады

мақта

қант алынады



II-деңгей «Білімінді сыңа» кестесін толтыру.


(5+4балл)= 9балл= «4»

Ботаника ғылымы нені зерттейді?

Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Қазақстанда кең таралған өсімдіктер.
















III-деңгей
(5+4+3) =12балл= «5»

Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер? Олардың қайсысын қандай жағдайда қолданып көрдіңдер? Қандай пайдасы болды?

Сабақты бекіту. Жұмбақтарды шешейік:

1. Бек тұрған, белін буып тек тұрған (Баубидай)

2. Бауыздасаң қан орнына су ағар (Қарбыз)

3. Көк лағым көгенде тұрып семірген. (Қарбыз)

4. Пішіні бар домалақ, көміп қойдым  сығалап,

Бес ай уақыт өткенде, қаптап алдым құмалақ. (Картоп)

Қорытынды: Сонымен балалар бүгін біз «Ботаника – өсімдіктер туралы ғылым. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстанда кең таралған өсімдіктер.» тақырыбын өттік.  Осы тақырып барысында біз білмейтін көптеген мағлұматтар алдық. Табиғатта өсімдіктердің  түрлері өте көп, олар саналуан,  бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.

Оқушы білімін бағалау
Үйге тапсырма: «Өсімдіктер әлемінде» тақырыбында буклет жасау. 10 мақал-мәтел жазып келу, терминдерді жаттау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Макратова Динара Манарбековна

Дата: 03.06.2015

Номер свидетельства: 217353


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства