Просмотр содержимого документа
«Біржасушалы ж?ндіктер ж?не оларды? тіршілік ?рекеттері.»
Сабақтың тақырыбы: Біржасушалы жәндіктер және олардың тіршілік әрекеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға біржасушалы жәндіктердің тіршілігі, ерекшеліктері
туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқышылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау
қабілетін, шығармашылық қабілетін және белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортадағы өсімдіктерді, жануарларды қорғауға, қарым-
қатынас құра білуге, этикалық, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сөздік - баяндау, сұрақ-жауап және тірек-сызбалармен жұмыс әдісі
Көрнекілік: Интерактивті тақта, суреттер, слайдтар және тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың жоспары:1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын тексеру
3. Жаңа сабақ
а) Біржасушалы жәндіктер
ә) Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері
б) Қарапайымдардың табиғаттағы орны
4. «Кім білгір?» сабақты бекіту
5. «Кім жылдам?» сабақты қортындылау.
6. Үйге тапсырма беру.
7. Бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Деңгейлік сұрақтар қою арқылы тексеру.
елді мекендерді, егістіктітің айналасын неліктен көгалдандырады?
жеміс ағаштарын қай кезде отырғызады, қандай түрлерін білесіңдер?
бұталардың түрлерін атап, егу тәсілдерін түсіндіріңдер.
жеміс ағаштарын күту үшін қандай жұмыстар жүргізіледі.
қоршаған ортаға ағаштардың тигізетін пайдасы?
егу үшін алынатын жеміс-жидек ағаштарының көшеттерінің мөлшері қандай болу керек?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
а) Біржасушалы жәндіктер. Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды. Шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі. Топырақта да кездесетін түрлері көп. 1665жылы алғаш рет Антони ван Левенук зерттеген. 70 мыңға жуық түрі бар
ә) Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері. Қоректенуі. Амёба - жалған аяқтарымен қоректі қоршап, орап алады. Одан соң қорек жасуша қабықшасы арқылы цитоплазмаға түседі. Оны цитоплазма қоршап алады. Сондықтан оны ас қорыту вакуолі дейді. Ас осы көпіршік сияқты қоршауда қорытылады. Нәрлі зат жасуша цитоплазмасына тарап тіршілік қажетіне жұмсалады. (2-сурет) Көбеюі. Амебалардың жыныссыз көбеюі екіге бөлінуі арқылы жүреді. Оның ядросы екіге бөлінеді. Бөлінгеннен пайда болған ядролар жасушаның екі жағына барып орналасады. Тек осыдан соң ғана жасуша бөліне бастайды. Амебада бөліну процесі көлденеңнен жүреді. (3-сурет). Циста. Судың температурасы төмендегенде немесе су қоймасы құрғап, кеуіп кеткен жағдайларда қарапайымдардың қозғалысы тоқтап, денелері жұмырланады. Сыртын қалың қабық қаптайды, сөйтіп тыныштық күйге көшеді. Қолайсыз жағдайларадан қорғайтын бұл қабықшаны циста деп атайды. Қолайлы жағдай туғанда жәндік цистадан шығып, тіршілігін жалғастырады. (4-сурет)
б) Қарапайымдардың табиғаттағы орны.
Басқа жануарларларға қорек болады
Су қоймаларын шірінді заттардан тазартады
Су тазалығының индикаторы ретінде қызмет атқарады
Газ жіне мұнай өндірісінде де өзіндік тигізетін әсері болады.
Зат айналымына қатысады
Топырақтың құрамының өзгеруіне де өз септігін тигізеді
Адамдар мен жануарларды түрлі аурулар тудырады
ІҮ. Сабақты бекіту. Оқушыларға жеке тапсырмалар беру арқылы сабақты бекіту.
1. Төмендегі берілген кестені толтырыңдар. Қарапайымдардың құрылысында бар оргонойдтардың тұсына бар болса «+», жоқ болса «-» белгісін қойыңдар.
Жасуша бөліктері оргонойдтар, тұрақсыз құрылымдар
Қарапайымдар
Амеба
Жасыл эвглен
Кірпікшелі кебісше
Домаланғы
Арцелла
Ядро
Талшық
Мембрана
Хлоропласттар
Кірпікшелер
Асқорыту вакуолі
Жиырылғыш вакуоль
Цитоплазма
Жасушалық ауыз
Жасушалық жұтқыншақ
2. Амеба мен кебісшенің жыныссыз жолмен көбеюіндегі бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсатығын жазыңыздар.
Амеба Кебісше
Ү. Қорытындылау. Сабақты деңгейлік сұрақтар қоя отырып қортындылау.
Кім жылдам?
Біржасушалы жәндіктер қандай жәндіктер?
Біржасушалы қарапйымдардың ғылымда ортақ қандай белгілері бар?
Біржасушалылар өайда тіршілік етеді?
Біржасушалылардың қандай түрлері бар?
Біржасушалылар қалай қозғалады?
Біржасушалы жәндіктедің қоректену тәсіліне қарай жасыл өсімдіктерден ерекшелігі неде?
Жасыл эвгленаның басқа қарапайымдардан айырмашылығы неде?