kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері " тақырыбында 9 сыныпқа арналған биология пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қысқа мерзімді жоспар мұғалімдерге арналған. "Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдер" тақырыбында құрастырылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері " тақырыбында 9 сыныпқа арналған биология пәнінен сабақ жоспары»

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта). Инсулин өндірісі.»

Бөлім:

9.3E Микробиология және биотехнология

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта). Инсулин өндірісі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.3.1 - инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау

9.4.3.2 - биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Инсулинді өндіру мысалында биотехнолгиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттауды біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Диазотрофтар дегеніміз не? Олар қаншаға бөлінеді?


2. Биотехнологияда саңырауқұлақтарды не үшін пайдаланады?


3. Биотехнология ұғымына анықтама беріңдер.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Инсулин өндіруді сипаттайды.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады

1. Қойдың гендік модификациясын түсіндіреді.

2.Малдың өсімталдығын арттыруға жауапты биотехнологияны қолдануды сипаттайды.

Дискриптор:

Жалпы балл-3

1. Тапсырмаларды орындайды.


ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


Талдау және синтез айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Барлық цианкобактериалардың қандай ерекшеліктері бар? Жалпы сипаттама береді. Олардың биотехнологияда қандай рөл атқаратынын сипаттайды.

2. Ашытқының қандай түрі биотехнологияда ең бірінші қолданылғанына мысалдар келтіреді. Себебін түсіндіреді.


3. Спирулина экономикалық тұрғыда тиімді дақыл деп есептейсіңдерме? Жауаптарын негіздейді.

Дискриптор:

Жалпы балл-3

1. Берілген тапсырмаға жауап береді.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Зарлықанова Әсел Тұрсынқызы

Дата: 22.04.2022

Номер свидетельства: 605453


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства